Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
Сауықтама екі тарау болады: Бірінші ермектеме. Екінші зауықтама.
Бірінші: Ермектеме (ермек сөз).
Ермектеме деп ермеу үшін сөйленетін сөздер айтылады. Мәселен, «ертегі, ертегісімек, аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, басқатырғыш сияқты сөздер», – деп анықтама береді.
Ал, Н.Төреқұлов
дидактикалық шағын жанрларға мақал-мәтел,
жұмбақ пен жаңылтпашты жатқызады.
«Жаңылтпаш халықтық поэтикалық шығармалардағы
фольклордың шағын жанрына
Жоғарыдағы айтылған ой-пікірлерге қарағанда жаңылтпаштардың негізінен балаларға ғана тән мұра екендігін дәлелдейді.
«Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі – жаңылтпаш. Жаңылтпаш балаларға жастайынан ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді», - деп тұжырымдайды ғалым С.Ұзақбаева.
Фольклор – халық өмірінің белгілі бір кезеңдерінде пайда болмай қоймайтын, барлық халықтарға тән табиғи құбылыс. Дегенмен, әрбір халықтың өзіндік даму ерекшеліктеріне байланысты фольклордың бір халықтарда ерте бір халықтарда кеш пайда болуы, біреулерінде ерте жазба тарихқа жол беруі, біреулерінде ұзақ уақыт тарих ауызша баяндаудың негізгі түрі ретінде сақталуы мүмкін.
Қазақ ауыз
әдебиетінде жаңылтпаш аз зерттелген
жанр. Баспасөз беттерінде, оқулықтарда
басылған кейбір мақалаларды, әдебиет
тарихында жарияланған бірлі-
Оның себебі дидактикалық ұсақ жанрларға мән берілмей келді, олардың көлемдері шағын болғанымен мазмұндары бай, тілдері көркем байырғы жанрлар екені жете ескерілмеді. Қазақ фольклорының басқа түрлеріне қарағанда бұл жанрдың, әсіресе жаңылтпаштың аз жиналғандығы, жиналғандары кезінде реттеліп, жарияланбағаны зерттеуді қиындатты.
Сонымен фольклорист-ғалымдардың ауыз әдебиеті жөніндегі еңбектеріне шолу жасай келе, халықтық мұраның жас ұрпаққа үйретері мен үлгі етері мол асыл қазына екендігін айқын көреміз.
Қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының негізгі көзі қазақ халық ауыз әдебиетінің түп-төркінінде, яғни, бесік жырында, санамақ, жаңылтпашта, өтірік өлеңде, т.б. жанрларда жатыр.
Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сөйлеуге баулитын құрал болуға тиісті. Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, тілі қызықты да қарапайым болуы шарт.
Жұмбақ
– бейнелігімен, қысқалығымен, ойнақылығымен
ерекшеленетін белгілі бір
Жұмбақ
– көркем поэтикалық туынды болғандықтан,
ол баланың ой-өрісі мен арман-
Жаңылтпаштар тек танытқыштық, тәрбиелік мәні жоғары, үміт-тілекке толы жыр мәтіні ғана емес, онда ұғымды, тілді ұштаудың онан әрі қарай әсер күшке ие етіп тұратын сазды әуен де бар. Бұл да баланың өсіп-жетілуіне әсерін тигізеді. Балаларға арналған ауыз әдебиетінің түрлері, әсіресе, жаңылтпаштардың да мазмұны тереңдеп, алуан түрлі болып дамып отырады.
Балаларға арналған мұндай жаңылтпаштар олардың тілінің ширығып, тез бекуіне, әрбір әріпті дұрыс айтуына, ой-өрісінің кеңеюіне, бірте-бірте онда айтылған заттар мен құбылыстарды тануына, тіл үйреніп, оның мағынасын парықтауына, мінез-құлқының және эстетикалық талғамының қалыптасуына өлшеусіз әсер етеді.
Жаңылтпаш – қазақ халық
Жаңылтпаштың
жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны
айырықша. Бүгінгі таңда жаңылтпаш
төңірегінде өрбіген ой-
Халықтық шығармалар ішінде
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға
айту арқылы баланың тілі
Ғасырлар
бойы халықтың көкейінде
Шығармалардағы осындай көркем ойды ашып көрсетуде мұғалім түрліше әдіс-тәсілдерді қолданады.
«Әдіс» грек сөзінен алынған (теіһосіоз) ақиқатқа, шындыққа жету жолы деген ұғымды білдіреді. Сөздікте әдіске «дүниенің қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын, практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объект жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі» деп анықтама берілген. Әдістемеде оқыту әдістері оқыту мен оқушылардың жұмыс істеу, оқу-тәрбие мақсаты мен міндеттеріне жету тәсілдері ретінде қарастырылады.
Я.А.Коменский «... міндет қойып, соны жүзеге асыратын құралдарын сайлап алмай, сол құралдар арқылы қандай тәртіппен мақсатқа жететінін белгілеп алмай табысқа жету қиын» дейді. [3.38] А.Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы» деген мақаласында: «әдіс турасындағы басқалардың пікірлерін қорытып қысқасын айтқанда, әр әдіс өз орнында жақсы деген пікір болып шығады. Әдіс - кезекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген пікірі шығармашылық іс-әрекетте арнайы әдіс-тәсілдер таңдап алуға міндеттейді.
Оқу белгілі іс-әрекеттерден құралады. Олар оқытылатын адамның педагогикалық іс-әрекеттер өрісінде қандай жағдайда болатынына, яғни педагогикалық жағдайда оның қандай функция атқаратынына байланысты. Мұның өзі мынадай функциялар болуы мүмкін:
1) сырттан берілетін хабарды енжар қабылдау мен игеру;
2) хабарды өздігінен белсене іздеу, табу және пайдалану;
3) хабарды сырттан
Бұл оқыту іс-әрекетінің әрқайсысына оқушының әрекетін басқару әдістері, оқытудың өз концепциясы мен әдістері тән. Мәселен, дайын білім мен біліктерді беру үйретудің оқытудың концепсиясында белгіленеді. Оған хабарлау, түсіндіру, алдына қою, көрсету әдістері тән. Өздігінен табиғи үйрену үйретудің ынталандыру секілді концепциясында бейнеленеді. Оған тән әдістер: проблемалар мен міндеттер қою, талқылау мен дискуссия, бірлесіп жоспарлау т.б.
Осы әдістердің ішіндегі проблемалық міндеттерді шешуде оқушылар жаңа білімді белсенді түрде меңгеретін болады. Проблемалық ізденіс әдіс көбінесе шығармашылық, оқу-танымдық және еңбек қызметінің дағдысын дамыту мақсатын қояды, білімді неғүрлым байыптап, әрі өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік жасайды, оқушы бойында іске шығармашылық тұрғыдан қарау, дербес әрекеттену, белсенділік, сапалық сияқты белгілерін дамытады.
Ол үшін оқу материалының мазмұны көрнекті педагог Ю.К.Бабанский атап көрсеткендей:
а) ғылыми түсініктерді, заңдарды, теорияларды қалыптастыруға бағыттала, яғни теориялық сипат басым болып, құбылыстар арасындағы себеп-салдар мен басқа да байланыстарды айқындап отырса;
ә) принципті тұрғыдан жаңа болмай, бұрын оқығандардың логикалық жалғасы ретінде көрінсе, оқушылар осының негізінде өз бетімен жаңа білім іздей алатындай болса;
б) оқушылардың өздігінен іздену және ыңғайлы болса, яғни осы мазмұнды негізінде қалыптасқан проблемалық жағдайлар оқушылардың таным мүмкіндіктерінің «таяудағы даму аймағына» лайық келсе шығармашылық сипат алады.
Ізденіс әдістері репродуктивтік оқытуға қарағанда тақырыпты оқып үйренуге едәуір көп уақыт жұмсауды талап етеді. Практикалық білік пен дағдыны, әсіресе еңбек сипатындағы дағдысын (мұнда көрсету мен еліктеудің мәні зор) қалыптастыру кезінде; оқу материалының мүлдем жаңа тарауларын оқыту кезінде, яғни оқушылардың өз бетімен ізденуіне қажетті білім негізі жоқ кезде ізденіс әдістерін қолданудың тиімділігі аз болады, өйткені өздігінен іздену оқушылардың көп бөлігіне қиын тиеді. Тым қарапайым, хабарламалары сипаттағы сабақ материалдарын оқып-үйрену кезінде де ізденіс әдістерін қолдану орынсыз із, себебі мұндай жағдайда болмашы әсер кезінде проблемалық жағдайлар туғызу үшін уақыт жұмсаудың ешбір мәні жоқ. Сондықтан, егер өтілетін материалдардың күрделілігі орташа дәрежеде болса, оқушылардың белгілі құбылыстардың пайда болу мен мәні туралы, олардың арасында болатын байланыстар жайында болжам айта алатындай жеткілікі білім болса, онда оқытудың проблемалық ізденіс әдісін тандаған дұрыс, әлбетте оқытуда оқушылардың өз бетімен, шығармашылық жұмыс жасауында проблемалық әдстердің қолданылуына жасалған осындай шектеулердің орнын толтырудың алуан түрлі жолдары болады. Солардың бірі - оқытудың ізденіс және репродуктивтік әдістерін үйлестіру.
Педагогика ғылымының бүгінгі даму нәтижелері репродкутивтік жұмыстарға көшіріп жазу, берілген дайын үлгі бойынша жұмыс жасау, мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру т.б. жататынын дәлелдейді.
Оқытудың проблемалық ізденіс әдістері қолданылатын жұмыстарға оқушылардың өздігінен шығарма, реферат жазуы, көрнекі құралдар жасауы, конструкциялық жұмыстар орындауы т.б. жатады.
Біз балалармен сөздік жұмысын
жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай
білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі
және пішінін ажырата білуге,
өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі
құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін
дамыта отырып, белсенді түрде
тілдік қарым-қатынас жасай