Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
1.2.
Мектепке дейінгі даярлық
Егеменді
еліміздің талабына сай мемлекеттік
тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға
сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ
тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие
мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда
олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып
сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра
сөйлеуге, сөздік қорының молаюына
баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын
кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын
жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын
орны ерекше. Балабақшада балаларды
дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала
қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен
теңестіру арқылы жүзеге асыруға
болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды
қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып,
ойлау қабілетін ұштауға
Балабақшадағы
тәрбиелеу-оқыту жұмысында
Баланың
сөздік қорын байыту, нақтылау үшін,
күнделікті өмірде орынды пайдалана
білуі үшін жаңа сөздің мәнін, мағынасын
жете түсіндіріп, белсенді сөздік қорын
арттыру қажет. Қоршаған заттармен
құбылыстардың барлығы сөз
«Ана
тілін үйрену- сөздерді жаттау, олардың
жүйесін, өзгеру заңдарын білу
ғана емес, тіл үйренумен бірге
бала тілдің санасыз көп
Адамның тілі мен ойлауы тығыз байланысты. Бұл байланыстың мәні мынада: адамдардың бүкіл танымдық әрекеті, қарым-қатынасы олардың бірлескен практикалық қызметі негізінде жетіледі, дамиды, қалыптасады.
Ғалым В.П.Рожин: «Тіл дегеніміз - адам санасының тікелей шындығы десек, тіл арқылы адам ойы материялық сезіммен қабылданатын формаға екінші түседі, осының арқасында адамдардың ойлары хабарланып, бір адамнан екінші адамға жетізіле алады. Тл адам баласының бүкіл материалдық және рухани мәдениетінің дамуымен бірге жетіліп отырады»,- деп, филоофиялық тұрғыда тұжырым жасайды.
Тіл тек түсінікті мазмұнды басқа адамдарға хабарлаудың құралы ғана емес, сонымен бірге адамдарға, олардың ойлар мен сезімдеріне, демек, олардың мінез-құлқына және материалдық шындықтың өзіне ықпал жасаудың қуатты құралы болып табылады. Сөздің адам өміріндегі орасан зор рөлі халық даналығында, яғн тіисті мақал-мәтелдерде көрініс тапқан: «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Көз жетпеген жерге сөз өтеді», «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез», «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар», т.б.
Сонымен тіл ойды жүзеге асырудың барынша нағыз, өмірлік формасы болып табылады. Тілдің шындықты нақ сол қалпында танып-білуге және адамдардың өзара түсінісуіне бөгет жасамайтыны былай тұрсын, қайта ол, керісінше, осындай танып-білуі мен түсінісудің күшті құралы болып қызмет етеді. Адамзат мәдениетінің бүкіл тархы мынаны дэлелдейді: табиғатта болып жататаны сан алуан заттар, қасиеттер, процестер туралы, бір сөзбен айтқанда адамның ішкі және сыртқы дүниесінің құбылыстары туралы ойдаудың ең нәзік деген белгілері тілде өзінің дұрыс, нақты бейнесін табады. Тіл дегеніміз – тәжірибе мен білімді жинақтап таратудың аса маңызды әдісі, күрес пен қоғам дамуының айбынды құралы. Ойлау өзінің заңдары мен формалары жағынан жалпы адамзаттық болса, ал тіл өзінің лексикасы мен грамматикалық құрылымы жағынан ұлттық, халықтық нәрсе болып табылады.
Халық «Өнер алды - қызыл тіл» десе, ХV ғасырда өмір сүрген белгілі қазақ жырауы Бұхар Қалқаманұлы бұл мақалдың даналығын әбден түсінген адам. Ол сөз өнерінің қиындығын да, құрметтілігін де, терең сезіне отырып: «Ел бастау қиын емес, қонатын көл табылса, Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылса, Шаршы топтан сөз бастаудан қиындық көргенім жоқ» деген екен. Ол сөз өнерінің жер бетіндегі өнер атаулының ішіндегі күрделісі екенін алға тартады.
Қазақстандағы табиғат
құбылыстарын түсіндіруде стихиялық материал
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин өзінің ағарту және қоғам мәселелеріне арналған шығармаларында дүниеге философиялық көзқарасын жүйелей білді. Оған дәлел: «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғат құбылыстарын өзінше тамашалау ғана суреттелмейді, сонымен бірге оның адам санасына тыс және тәуелсіз екндігі сезіледі. Бұдан ұлы ағартушының дүние туралы философиялық көзқарасы көрінеді.
Табиғатқа саналы қарым-қатынас адам дүниетанымының құрамды бөлігі болуы үшін табиғаттың ерекше құндылығын ұғынуға мүмкіндік туғызатын адамның дүниетанымдық көзқарасы болуға тиіс. Демек, дүниетаным қоғамдық сананың формасы объективті даму заңдылықтарға сүйеніп, әлемді ғылыми тұрғыдан түсіну деңгейіне көтерілу дүниетанымға үлкен ықпал етеді. Сонымен адам - табиғат - қоғам біртұтас дүние. Тұтас дүниені дұрыс қабылдау танымға байланысты. Таныс адам санасын дамытудың негізі және олар арқылы адам қоршаған дүниені, табиғатты игеруді үйренеді. Таным арқылы адам баласы білмегенін біліп, толық емес білімді толықтырады. Танымның нәтижесінде заттар мен құбылыстардың басты белгілері жайында бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Баланың таным түйсігіне қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындырып, оның сүлулығын, тазалығын сақтауды үйрету, табиғатпен сырласа білу қабілеттерін дамытуды мектепке дейінгі кезеңнен бастап қолға алғанды жөн деп санаймыз.
Дүниені танып-білу нәтижелері «дүниетаным» ұғымында бейнеленеді. Бұл - жеке адам үшін өзінің қоғамдағы орны жайлы ұғымдардың жиынтығы, сана-сезім қалпы, дүниені біртұтас ретінде түсіну нәтижесі. Бұл ретте қазақтың ұлы ақыны Абай дүниетанымының қалыптасуы, оның қазақ, шығыс, батыс мәдениетімен байланыстылығы туралы айтпай кете алмаймыз, өйткені, Абай дүниетанымы - түбірінен жаңа дүниетаным. Абай өз шығармаларында табиғатты көркем де әсерлі, оған жан бітіре суреттейді. Табиғаттың белгілі бір сәтіне, көрінісіне, құбылысына немесе жылдың әр мезгілін суреттеп өлең жазған алғашқы ақындардың бірі. Мысалы, осы тақырыптағы туындылардың бірі- «Жазғытұры» өлеңін алсақ, көктемнің жазға ұласар шағындағы қазақ жерінің табиғаты мен елінің тіршілігіндегі көркем де көңілді өзгерістер мен құбылыстарды ғажайып суретті тілмен жеткізеді.
Сондай-ақ, ақынның «Жаз өлеңінде табиғаттың осы мезгіліне тән толықсыған сұлулығы, бай ауылдың көркем қонысқа көшіп қонғандағы көңілді көрініске толы салтанатымен үндесе, үйлесе жырланады. Өлеңде құлпырған көріністер мен шалқыған көңіл-күйі, қызуы да әсем іс-қимылдар, адам әрекеттері аса дәлдікпен берілген. Ақын табиғат құбылыстары, ондағы өзгерістердің аданың іс-әрекетіне, писхологиясына, тұрмыс-тірілігіне әсерін ұтымды бере отырып, табиғат пен адам арасындағы байланыстылықты алдыңғы шетке шығарады.
Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушылардың бірі Шәкәрім дүниенің түп негізі деп төрт нәрсені - от, су, топырақ, ауаны атай отырып, грек философтарының бұл жөніндегі пікірлерімен таныс екеніне тоқталады. Осыдан үш жүз жыл бұрын айтылған Демокрит пікірін қолдай отырып, Ш.Құдайбердіүлы «Үш анық» атты трактатында нақты бес дәлелді келтіреді. Оның бесінші дәлелі - әр түрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы, басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты тіпті бір-біріне ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл нәрсе қалай болса, солай кезі келгендіктен, себебіне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді.
Ш.Қүдайбердіұлы жаратылыс, философия тақырыбында, табиғат (жер, ай, күн, жан-жануар, өсімдік) лирикасында да ғылыми негізге сүйенеді, белгілі құбылыстың заңды ерекшеліктеріне мән беріп отырады. Ол - табиғат қүбылыстарының адам өмірндегі орны, оған жеке тұлғаның қарым-қатынасын шынайы суреттеген адамдардың бірі. Осы суреттеулерге қаншама тіл шеберлігі қажет. Ал тілмен көркемдеуге мүмкіндік туғызып отырған оның табиғатты сезіне білуі, көргенін ой елегінен өткізіп қабылдауы.
Философтар Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов: «Табиғатты барлық жағынан зерттеулерге, оны игеруге мүмкіндік ашылды. Алайда табиғаттың ішкі және сыртқы даму белестері, оған тән ішкі қайшылықтар, олардың қалай өрістеп, қоғамның пайда болу және дамуына қалай ықпал ететіні, тағы басқа сұрақтар анықталмай қалды. Жұмбақ сырлы табиғаттануды зерттеген ғылымы адамды да түсінуге жол ашты» деп орынды бағалайды.
Табиғат пен руханият арасындағы қарым-қатынас мәселесін, Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариевалар да ғылыми тұрғыдан терең зерттеді. Олар «табиғатты біз түсіндіреміз, сипаттаймыз, ал рухани өмірді ұғынамыз. Табиғат құбылыстары - қайталанбалы нәрсе, сондықтан да оларды тәжірибе жүзінде бақылауға болады. Ал рухани ұғым объектілері, мысалы, тарихи өмірде жалғыз рет қана орын алады, бірегей, сондықтан да ешбір тәжірибе жүзінде бастапқы қалпында қайталанбайды» деп рухани және материалды болмыстардың аражігін ашып көрсетеді. Табиғат пен руханият арасындағы қарым-қатынас айналадағы дүние арқылы рухани білімді дамыту мәселелері адам өміріндегі тіл, оның орны жайындағы пайымдауларға келіп тіреледі. Өйткені тіл адам санасындағы ойдың көрінісі ретінде сыртқа шығып, үнемі жетілу үстінде болады. Ал мектепке дейінгі топтардаоқушыларның сөйлеуінің дамуы ең әуелі өз ана сөйлеуінде қоршаған ортамен танысу барысында, ғылым өзіне таныс емес құбылыстардың жұмбағын ересектер көмегімен ашуға ұмтылуы кезінде жүзеге асатыны белгілі.
Д.Кішібеков: «Тіл дербестенген және объектендірілген рухани болмыстардың бірлігі болып табылады. Тіл мен сананың, тіл мен ойдың байланыс күдіксіз. Тіл арқылы сана қызметнің сыртқы, объективтенген нәтижелері, үшінші түріндегі процестері көрініс алады. Бұған қоса тілдің әріптері (дыбыстары) сөздері, сөйлемдері, оның құрылымдары, ережелері, мұның бәрі нақты шындық. Сондай-ақ олар - жекеленген кісілердің санасынан, адам ұрпақтарынан да оқшауланған шындық» деп дәлелдей отырып, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тарихы бай халықтың тілі де бай, материалдық және рухани мәліметі жоғары. Ана сөйлеуін бала ананың сүтімен, оның үнімен үйренеді, бойна сіңіреді. Тілмен бірге баланың санасы оянады. Адамның рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізіледі. Басқа тілдерді адам жүре келе үйренеді. Бірақ ана сөйлеуін ұлттық қасиетпен шатастыруға болмайтындығын философиялық тұрғыдан тұжырымдаған бала ана тілдің нәзіктігін танып білсе, соғұрлым ана сөйлеуіндегі сөздер ерекшелігін қабылдауы да нәзік бола түседі, соғүрлым оның ақылы басқа халықтардың сөйлеуін игеруге даярланады. Баланың сөйлеуінің дамуы оның сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал жасайды деп пайымдаймыз.
Ана сөйлеуінің тәрбиелік мәні, оның таусылмас қазына, мұра екені С.Торайғыровтың мына бір өлеңінен көруге болады:
Сүйемін туған тілді, ана сөйлеуін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Қүлағыма сіңірген таныс үнін.
Бесік тәрбиесінен басталатын ана тілі сәбидің рухани жан азығы, ой-өрісін дамытып, өмір тіршілігін танып-білу құралы екенін көреміз.
Ж.Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келіп: «Ана сөйлеуін жақсы меңгермей тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басына кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазынасы, мол халықтың тілі» деп, оның қоғамдық рөлін, талай ғасырдың жемісі екенін, оны саналы да ертең меңгеру қажеттігін ескертеді. Ғалымдардың тіл туралы мұндай психологиялық ой-пікірлері - бала тәрбиесінде басшылыққа алатын қағида.
Оқушылардың сөйлеуінің дамуын қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды, ойлайды. Сол ақылы танып-біліп, баяндай білетіндігін психолог-ғалымдар Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, Е.Суфиев ғылыми тұрғыда тұжырымдаған.
Т.Тәжібаев өз пайымдауында: «Кіші мектеп жасындағы бала дүниедегі заттар мен құбылыстардың шын мазмұны мен қарым-қатынасын да толық аша алмайды. Заттардың мазмұны мен ішкі байланыстарын дұрыс аша алмағандықтан, бала заттардың сыртқы көрінісі мен құбылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды» десе, Қ.Жарықбаев: Кіші мектеп жасындағы балалар түрлі нәрселерді ұстап, байқап, сипап қарайды, олардың формасын, үлкен-кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікте орналасуын жақсы аңғара алатын болады» деп көрсетті. Бұл сыртқы дүниені танудағы алғашқы қадам сезім мүшелерін түйсігі, қоршаған дүниедегі құбылыстардың қасиеттерін бейнелеу арқылы тани білетіндігін көрсетті.
Көркем шығарма - өмір мектебі. Көркем туындыда халықтың тарихи жүріп өткен жолдары, өмір белестері, елдік-ерлік дәстүрлері, тұрмыс-салты, өзіндік тіл, дін жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым түсінігі көрініс табады. Көркем шығарманы оқу арқылы оқушының дүниетанымы артады, жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Халық ауыз әдебиетін тәрбиеде қолданудың мақсаты – баланы жақсы мінез-құлықтан, жақсы қасиеттерден үлгі алуға үйрету, тәрбиелеу, жаман мінез-құлықтан, жаман қасиеттерден жиіркендіру, жиіркенуге баулу, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Егер бұл мақсат орындалса, көркем шығарма өз қызметін атқарды деп есептеледі. Осы нәтижеге жеткізе білген тәрбиеші еңбегінің ақталғаны. Ал тәрбие балада өзгермей сақталады деп ойлауға болмайтыны белгілі. Алайда, ертегідегі торға түскен торғайды аяп бала жылайды, жазықсыз жәбірмен күшікті аяйды, әдемі тотыға қызығады, адамды дәудің жеңбеуін тілейді, түлкінің алдауына түскен ешкі үшін өкінеді, әділетсіздік көрген адам үшін бала қынжылады, осы сияқты балада көркем шығарма әсерінен қалыптасқан адами сезімдер із-түссіз жойылмайды. Өйткені олар балабақшадан дамытылады. Олай болса, көркем шығарманың тәрбиелік мәні күшті екені даусыз. Бірақ көркем шығарманың қызметі мұнымен бітпейді.