Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері

1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8

1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20

2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары

2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38

2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82

Вложенные файлы: 1 файл

САЛУ.docx

— 178.68 Кб (Скачать файл)

 Мектеп  жасына дейінгі балалардың сөздік  қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 

- балалардың  сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді  меңгерту;

- үйренген  сөздерін тиянақтап, анықтап,  әрі байытып отыру басты міндет  саналады.

Тіл дамыту сабақтары баланың өткен сабақта  алған білімімен байланыстырыла жүргізіледі. Мысалы  сәбилерді өз бөлмесімен таныстырған соң, бөлмеде  не бар? деген  тақырыпта әңгімелеседі. Әңгімелесудегі мақсат-баланың көргенін, естігенін естеріне түсір, күнделікті пайдаланылатын бұйымдардың атына  байланысты сөздерді меңгерту. Сабақта  затты көрсетіп, атын сұрау, өздеріне айтқызу әдістері қолданылады. Тәрбиеші столды көрсетіп, мынау не?. Не үшін керек? деген тәріздес сұрқтар қояды. Балалар жауап береді. Балалардың сөздік қорын молайту жұмысы сабақ  үстінде, сабақтан тыс ойын, серуен кезінде де жүргізіледі. Мысалы заттың түр-түсін білдіру керек болса, балаларға ойланып орындайтын жаттығулар беріп, бір түстің басқа затқа  тән екенін түсіндіру қажет.

Мектеп  жасына дейінгі балаларда тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: тілді іс - тәжіриебеде  қолдануы, психикалық процестерді қайта құруға септігін тигізетін ойлау құралы. Баланың сөз қоры мектеп жасына дейінгі  кезеңде үш есе ұлғаяды. Баланың  сөздік қоры: есімдердің, етістіктердің, зат есімдердің, сын және сан есімдердің әсерінен молаяды. Бірте - бірте  ана тілінің морфологиялық жүйесі құрмалас сөйлемдерді меңгере бастайды. Осының бәрін бойына сіңірген бала жаңа сөздерді оңай құрайды. Олардың  мағынасын  өзгерте алады.

Мектеп  жасына дейінгі кезең баланың  тілдік нормаларын,тілдік көріністерін аңғартуға бейімделген кезең. Бұл  кезде бала сөздің мағыналық жағы мен дыбыстық жағына көп көңіл  аударады. Бес жасында сөздердің  қалай пайда болатынын түсіне бастайды да, түбірлес сөздерді іріктейді.

Белгілі-бір  сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс  атауы баланың фонемалық есту қабілетін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балада дауысты,дауыссыз жуан және жіңішке дыбыстар жайлы алғашқы  түсінік болуы қажет. Соның арқасында  бала сөздің дыбыстық жүйесіне талдау жасай алады. Төрт жасар бала сөздің алдыңғы және соңғы дыбыстарын ажыратады. Ал бес-алты жасар бала сөздерге күрделірек талдау жасауы керек. Бала сауатын ашу  үшін ауызша сөз құрамын білу керек. Ол ауызша айтылған сөйлемнің құрамында  қанша сөз бар екенін талдайды да ұзақ уақыт бойы сөйлемдерді ауызша құруға тырысады.

Даярлық тобында алдында  меңгертілген білім-білік дағдыларын қайталату, үйренген сөздермен сөйлем құрату, әңгімелеп айтуға үйрету жұмыстарын әрі қарай жалғастыру, сөздік қорын  байыту жалғастырылады..

Ересек балалар тобында (5-6 жас) бұрынғы  топтарда үйренгендері кеңейтіле жүргізіліп, ауызша сөйлеу тілінде грамматикалық категорияларды (сөздерді септеп, жіктеп, тәуелдеп) байланыстырып, әңгіме құрастыруға, оқылған шығарма  бойынша үйренген жаңа сөздерді қолдана  білуге, т.б. шығармашылық тапсырмалар  орындауға үйренеді. Сонымен қатар  бұл топта сауат ашуға қатысты  дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы ұғымдар  меңгертіледі. Басталған сөйлемді аяқтау, тірек сөздермен сөйлем құрастыру, сөйлемді сөзге, сөзді дыбысқа талдау, дыбыстан буын, буыннан сөз құрап  айту тәсілдерін тәжірибелік ойын-жаттығулар орындату арқылы меңгеретін болады.

Белгілі тақырып төңірегінде  жаңа сөздерді меңгертуде жаңадан бағдарлап  отырған заттар мен табиғат өзгерістері, жан-жануарлар тіршілігі, ұлттық құрал-жабдық, ыдыс-аяқ, киім-кешек, олардың қалай  аталатыны, қайда, неден жасалатыны, кімдер жасайтыны, тұрмысқа қажеттілігі, пішіні, түр-түсі, сапасы, айрықша белгілері  туралы ұғымдары жетілдіріледі. Таным  қабілеттілігін арттыру, заттың атын атап айтуға, заттарды, жан-жануарларды, табиғат  өсімдіктерін салыстыра білуге жаттықтыру, түрлі мамандыққа байланысты сөздерді меңгерту (тігінші, сауыншы, малшы, шопан), сөздік қорларын сан жағынан молайту  және оның сапалық жағына да назар  аударту қарастырылады.

Сондай-ақ көп мағыналы және қарама-қарсы мағынаны (антоним) білдіретін, мағынасын жуық (синоним) сөздерді түсіндіру, ауызша сөйлем, құратуда оларды орынды пайдала білуге үйрету, тәжірибелік  жаттығулар орындату арқылы тиянақтап  отырылады.

Әдеби шығармалар тыңдату, әңгімелеу  кезінде өздеріне ұнаған көркем, бейнелі  сөздерді тауып айтуға (тәрбиешінің  басқаруымен) жаттықтырылады. Ол сөздерді әңгімелесу кезінде қолдана білуге үйретіледі. Мысалы: «әдемі айна көл», «ботаның көзіндей», «ақ сақалды  денелі», «түтілген түбіттей», «мамықтай», «садақтай мойны иілген» тәрізді сөздерді аңғарып, әңгіме, ертегі, өлең-тақпақтарды тәрбиеші қайталап оқығанда  тыңдап отырып, әңгіме, өлең жолынан тауып айтуға үйрету. «Әдемі сөзді кім ойлап табады?» деген ойын-жаттығулар арқылы саналы меңгертіп отыру, тәжірибеде қолдана білуін бақылау көзделеді.

Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айта білу машықтарын тиянақтау: р-л, б-в, п-ф, ж-з,с-з,ш-щ-ч дыбыстарының айтылу ерекшелігін байқап, бір-бірінен  ажыратып, айта білуге үйрету, үн ырғағын, дауыс әуенін реттей білуге баулу; фонетикалық  естуін жетілдіріледі.

Әңгімелеу кездерінде жалаң, жайылма сөйлемдерді қолдана  білуге үйрету, сөздік қорындағы жиі  қолданылатын сөздерді әр түрлі грамматикалық  формада (септеп, жіктеп, жекеше, көпше) түрлендіріп айта білуін жетілдіру, сөйлеу кезінде грамматикалық кемшілікктерді байқап, сөзді дұрыс, таза, мәнерлі  еті айтуға төселту жалғастырылады.

Түрлі мамандыққа, жұмыс  түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы, мұғалім) айта білу,  жаңа сөздердің  мәнісін өздігінен түсіне білу дағдысын дамытылады.

Тілімізде жаңа орныға бастаған – Елтаңба, көгілдір түсті ел туы, Әнұран, ұшақ т.б. сөздерді түсіндіру, дұрыс  айтуға үйрету; жалпы ұғым беретін  қала: қала, ауыл, мал, үй, киім, ыдыс, адам, ағаш, өзен, көл, жеміс-жидек, көкөніс  т.б. сөздерді қалай түсінгендерін  анықтап, қайталап отыру, сөздік қорындағы  сөздерді әр түрлі грамматикалық  формада (септеп, жіктеп, тәуелдеп, жекеше, көпше түрде) қолдана білуге үйретуді әрі қарай тереңдете жалғастыру;  дербес логикалық жаттығулар орындату іске асады.

Ауызша сөйлескен кезде  сөзді дұрыс, анық, таза, мәнерлі  айтуға үйрету. Өнер шеберлерінің үнтаспаға  жазылған сөздері, кешкі ертегі сияқты хабарларды тыңдату. Әдеби үйірмелер  ұйымдастыру арқылы балалардың дара қабілеттілігін жетілдіру. Өз беттерімен әрекет жасай білуге, шығармашылыққа үйрету.

Қазақ тіліне тән, түбір сөз  тудыратын жұрнақтарды (шы, ші) қолдана  білуге, сөз тудыру тәсілдеріне үйрету. Тірек сөздер беріп, сөйлем құрату. Түбір сөзден сөз тудыру үшін ойын-жаттығулар орындату (қой, шөп, мал, комбайн т.б.).

Айтылуы киын дыбыстарды дұрыс  айтуға үйрету. Дауыс, үн ырғағын келістіре, мәнерлі сөйлеге төселдіріп отыру.

Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Оқылған ертегі, әңгімелерді, сюжетті  суреттер мазмұнын өздігінен әңгімелей  білуге, көрген кинолары, естіген-білгені  туралы басқалардың көмегінсіз әңгімелеп  беру. Тәрбиеші нұсқаған немесе өз қалаған  тақырыпта әңгіме құрап айту. Әңгімелегенде  оқуға кейіпкерлерінің көңіл-күйі, іс-әрекет ерекшелігін келістіре, ерекше екпін мен салтанатты үн-ырғағымен  айтуын жетілдіріп отыру. Белгілі бір  оқиға туралы әңгімелеп беру.

  Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениетті қалыптастыруда суретке қарап әңгіме құрастыру, өлеңді дауыс ырғағына келтіріп жаттап алу, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтелдердің маңызы зор.

  1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары

 

    1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі

 

 

Мектепке дейінгі даярлық  топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың шарттарының бірі - қазақ балалар фольклоры арқылы мектепке дейінгі даярлық топтары бойынша бағдарлама мазмұнын талдау болып табылады.

Анықтау эксперименті барысында Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамыту бағдарламасының міндеттері мен мақсаттары айқындалды. Ол үшін көркемдік құрылымда көрініс алған жанрларды қарастыра отырып, бағдарламада көрсетілген әлпештеу-мәпелеу өлең-әндерінің бесік жыры, мәпелеу, күлдіргілер, әзіл-оспақтар жанрларын зертеу жұмысымыздың өзегі етіп алуды жөн көрдік.

Әлпештеу  әндерінің аясына енетін жанрларға  жеке-жеке топталатын болсақ.

а) Бесік жыры - балалардың өмірінде ерекше орын алады. Бесік жыры баланы бесікке салғаннан бастап айтыла бастайды. Бала бесікке қырқынан шыққан соң салынады. Бесікті қазақтар аса құрмет тұтқан. Құрмет тұтқаны соншалықты тіпті "Туған жер - алтын бесік", "Ел іші- алтын бесік",  "Өз елім-алтын бесік, жат елдің - түбі тесік" деп туған жерді, ел ішін алтын бесікке теңеген. Анасы айтқан бесік жырын бала өмір бойы есте сақтайды. Психологтар мен ғалым - дәрігерлер баяу үнмен орындалатын бесік жыры әуезінің баланың көңіл-күйіне жағымды әсер беретінін растайды. Музыканың осы қасиетін білетін біздің ата-бабамыз, оны нәрестені алдандырғанда, ұйықтатқанда пайдаланған. Бесік жыры - ана, Отан деген ұғымдармен бір қатарда көрініс алады. Бесік жырының сөздері қолма-қол ойдан шығарылып отырған. Онда ананың балаға деген мейірімі, сүйіспеншілігі, махаббаты:

 

Мойнымдағы  тұмарым,

Тарқамайтын құмарым,

Тағдыр берген алсын деп,

Ақ бесікке  салсын деп,

Мойнымдағы  маржаным,

- Қорадағы мал-жаным,

Бесігіңе  жата ғой,-

Тәтті ұйқыға бата ғой,

 

Көзімнің  ағы қарасы,-

Жүрегімнің  панасы.

Уайым, қайғы ойлатпас

Көңілімнің  санасы.

Айналайын,шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Маңдайдағы  құндызым,

Аспандағы жұлдызым

Әлди, әлди,балам-ай

Айналсын  сенен анаң-ай,

Әлдилеп сені сүйгенде

Анаңның көңілі болар жәй,-

 

деп алуан  түрлі теңеулерге үйлестіріле сипатталады.

 

Жиі қайталанатын әуезді айналымдар мен сөздер (әлди-әлди) баланы тез арада ұйықтататын болған. Ересектер баланы “балапаным”, “ботам”, “қозым”, “құлыншағым”, “торайым” және т.б. сөздермен еркелеткен. Бесік жыры аналардың өз сезімдері мен көңіл-күйін көрсету мақсатында ғана туындап қойған жоқ, ол баланы мерзімінде ұйықтату, әсем ән ырғағымен тәтті ұйқыға бөлеу, ұйқы арқылы күн ұзақ сергек ұстау мақсатында туындаған. Өйткені бала өмірінің алғашқы айларындағы ұйқы тыныштығы – тез өсу мен дамудың басты шарты. Бесік жыры арқылы бала қоршаған ортаны танып білетіндей, ақыл-ойды дамытатындай алғашқы сөздік қорын меңгереді.

Бесік жырында ананың балаға деген сүйіспеншілігі, оның тағдырына деген жауапкершілігі, бала болашағы туралы терең ой толғанысы көрсетіледі, адал, мейірімді, ақылды азамат болуға, өз халқының лайықты қорғаны, батыры ең бастысы - бала кім болсын, мейлі шебер, мейлі малшы болсын адам болып қалуға деген үлкен үміті, арман тілегі айтылады. Оны:

 

                                                     Құрығыңды майырып

Түнде жылқы  қайырып,

Жаудан  жылқы айырып,

Жігіт болар  ма екенсің?

Айыр  қалпақ киісіп,

Ақырып  жауға тиісіп,

Батыр болар  ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста  болар ма екенсің?

деген өлең-шумағынан  байқауға болады.

Өкінішке  орай, күн озған сайын бесік  жыры ұмытылып барады, жастар жағы оны  тіпті пайдаланбайды десе артық  болмайды.

Бұл әрине  заңды процесс. Өйткені мемлекетіміздегі бұқара халықтың өмірі түп тамырымен  өзгерді. Бұрын аналардың ойы  баласына, еріне қамқорлық жасау  болса, қазіргі заман әйелдері ер адамдармен бірдей қоғамдық өмірге араласады, оларға бесік жырының ішкі сыры таңсық болып қалды. Эстетикалық сезімді көркем әдебиет, радио, кино, телевидение, театрлар тәрбиелей бастайды, ал бесік поэзиясының көркемдік кұндылығына аса мән берілмейді. Бесік жыры қазіргі әдеби - музыкалық шығармалармен бәсекелестікке түсе алмады. Мектептегі білім, медицинадағы ағарту  ісі, мектепке дейінгі тәрбие жүйесі аналар мен балалардың өзара қатынасына өзгеріс әкелді, халықтың педагогикалық көзқарасы да өзгерді. Баланы әлдилеу, әлпештеу, уату өмірдің талабына қарай біраз өзгеріске түссе, тербету - қажетсіз, зиянды деп есептелетін болды. Яғни бесік жыры тұрмыстық қажеттілікте колданылмады. Әйткенменде бесік жырының  тәрбиелік мәнін жоққа шығаруға болмайды. Оны керісінше, баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда, әсіресе мейірімділікке, инабатталыққа, ибадаттылыққа және т.б. төрбиелеуде негізге алу керек. Зерттеу проблемасына айналдыру керек.

ә) Мәпелеу-әлдилеу  әндері - халық педагогикасының дені сау, өмірді сүйетін, қызығушылығы мол адамды тәрбиелеу заңдылығына байланысты баланың сергек кезіндегі қуанышты көңіл-күйін қолдап отыру үшін кажет.

Оны баланың  денесін "өс-өс", "үлкен жігіт бол", "әдемі бол" деп, сылап-сипау барысында, жоғары-төмен көтеріп тастауда, тізеге қойып секіртуде, суға шомылдыру мен беті-қолын жуындыру барысында орындаған.

Өс-өс, балам, өсе бер,

Батыр бол - балуан білекті,

Информация о работе Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері