Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері

1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8

1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20

2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары

2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38

2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82

Вложенные файлы: 1 файл

САЛУ.docx

— 178.68 Кб (Скачать файл)

Оған Алдар көсе, Жиренше Шешен, Қоркыт, Асан Қайғы туралы аңыз- әңгімелері  дәлел болады.   Халық  осы аңыз-әңгімелерді бала  тәрбиесінде ұғымды пайдаланған.  Мәселен,  Қорқыт күйлерінін  құдіретті  күші, әуезді, мұңды   әуенін   баланың   жан   дүниесіне   жеткізу   арқылы   халық, біріншіден, Қорқыт күйлерінің өміршеңдігін, көрсетсе, екіншіден, оның күй өзімен толғаған даналық ақыл-өсиетін бала зердесіне құя білген. Бір сөзбен айтқанда, аңыздың да, ертегінің де  әрбір сөзінде,  әрбір бейнесінде халықтың рухы, шығармашылық күші көрініс алған. Бала халықтың осы мәдени байлағын танып білу арқылы өзінің халқын жүрегімен сүйе білуге үйренген. Сөйтіп аңыз-ертегілер ақыл-ойды, адамгершілік асыл қасиеттерді, эстетикалық талғамды, нәзік сезімді тәрбиелеудің қажетті құралы болды. Олар балалардың қиялына қанат бітіріп, ойлау қабілетін, тілін дамытты, шешендікке, тапқырлыққа баулыды, олардың  бойында әлеуметтік, моральдық-эстетикалық және  музыкалық-эстетикалық түсініктерді қалыптастырды.

Эпостың жырлар - ғасырлар бойы ұлт болып қалыптасқан қазақ өзінің әрбір кезеңдерде   басынан   кешірген   тарихи   оқиғаларымен   тығыз байланыста туындап отырған ірі шығармаларының бірі. Қазақ   эпостарында туған   елге,   Отанға   деген   сүйіспеншілік,   рулар арасындағы қарым-қатынастар, ата-баба дәстүріне аялы көзқарас, ата-анаға, сүйген  жарға  құрмет, адамгершілік,     батылдық,     кішіге     қамқорлық, мейірімділік, еңбексүйгіштік және т.б. жырланады. Эпос - батырлар жырына ("Ер Тарғын", "Қамбар батыр", Қобыланды батыр” “Алпамыс  батыр"  және т.б.) және лиро-эпосқа,  яғни  әлеуметтік-тұрмыстық жырларға ("Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Айман-Шолпан" және т.б.) бөлінеді. Батырлар жырында - батырлардың ерліктері,моральдық-этикалық       касиеттерді,       адами-эстетикалық       көзқарастарды баяндалса, лиро-эпостарда халықтың күнделікті тұрмыс-қарекеті, жастардың бір-біріне  деген   сүйіспеншілігі,   ұлттық   әдет-ғұрыптар   мен   дәстүрлердің өзіндік ерекшелігі, табиғаттың сұлу көріністері және т.б. жырланады. Халық    эпосы    мазмұнының    балалар    мен жастардың    эстетикалық талғамының қалыптасуына әсері мол болды. Олай дейтініміз, халық эпостық жырларды, соның ішінде, әсіресе батырлық жырларды балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында жастайынан тыңдатқан, естіген үзінділерін қайтара айтқызып отырған.

 

 

Құбылып Бұрыл  гүледі, 

Құлақтың түбі терледі,

Табаны жерге тимеді, 

Тер шыққан соң өрледі,

Тау менен тасты өрледі, 

Адырды көзі көрмеді,

Төрт аяқты сермеді, 

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

 

 

Илеуі жеткен кайыстай.

Байлауды малдай шешілді,

Төрт аяғы көсілді,

Әбіре сымдай есілді

 

 

деп Қобыландының Тайбурылының шабысын  суреттеу арқылы балалардың жан-жануарларға   сүйіспеншілігін   арттырған,   әдемілікті,   қабылдай   білуге үйреткен, қиялына қанат бітіріп  дүниетанымына әсер берген. Олар қазактардың жан-жануарларға, соның ішінде атқа деген өзіндік көзқарасын көрсетумен бірге, балалардың эстетикалық талғамын жетілдірудің құралы болып саналған.

Эпикалық жырларды әсіресе термешілер, жыршы-жыраулар өте шебер орындаған. Мысалы, "Қобыланды жырындағы  Тайбурылдың әсем шабысын сипаттайтын  түсін,  Төлегеннін  Қыз  Жібекті  көрмек  болып,   көш  ішінен елеуін Махамбеттің    отты     өлеңдерін     және    т.б.     олар  тыңдарманға эмоционалдық  сезіммен  жеткізе  білген.  Әрбір     термешінің     өзінің орындаушылық мәнері, өзіндік ерекшеліктері болған.  Олардың орындаған, жырларының қайсыбірінің болмасын әсемдік талғамы жоғары, түсінікті, ішкі мазмұн, сезім, ой-түйіні поэтикалық тілмен, ырғақпен, өлшемнен астасып жатады. Бәрінің де түпкі мақсаты - болашақ ұрпақтарды туған елін, сүюге, мәдениетін,   өнерін   эстетикалық  тұрғыда сезіне  білуге,  әдет-ғұрып, салт-дәстүрін   қадірлеп, сыйлауға  үйрету,  имандылық, ізеттілік,  парасаттылық  тәрізді қасиеттерге тәрбиелеу, рухани қазынасын байыту. Олардың  сан-қилы    орындаушылық   тәсілі,    көрсеткен    үлгі-өнегесі, айтқан ақыл-өсиеті  тыңдаушысын мәдениеттілікке,  әсемділікті,  сұлулықты дұрыс түсініп, қабылдауға үйретті. Домбырашылық, әншілік өнері баланың музыкалық-эстетикалық сезіміне әсер етті, эстетикалық тәрбиенің таптырмас құралы болып табылады.

е) Әндер, күйлер, термелер - қазақ халық өмірінің ажырамас бөлігі болған.

"Қазақта әнсіз  өмір  жоқ.  "Тойбастар"   айтқан  жігіт,  кешкі  ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күзеткен жас-уәрі, "Жар-жар”айтқан екі топ, елінен еріксіз алысқа ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын  жоқтаған жесір,   түйеге   мініп,   әр   үйдің   сыртында   қақасаған жарапазаншы,   ақ  киім киіп,   өгізге  мініп   ауыл   аралаған  дуана,   "жынын" шақырып, зікір салған бақсы - бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады" - деп, әннің халық өмірінен осылайша тығыз тамырласып, сабақтасып жатқанын кезінде А.Жұбанов өзінің еңбегінде айтып кеткен.

Қазақ    халқының  ән    шығармашылығының жанрлары  сан    алуан: отбасылық-тұрмыстық,  әдет-ғұрыптық,  еңбек,   лирикалық,   тарихи әндер, әлеуметтік назарылық әндері, эпикалық жырлар-дастандар.

Балалар   қаршадайынан   отбасылық-тұрмыстық   және   әдет-ғұрыптық әндердің ортасында   өсті.    Халық   арасынан       суырылып   шыққан   небір тарландардың шығармаларын  ести   жүріп,   балалар мен жастар  солардың негізінде немесе соларға еліктей отырып, бірте-бірте өзінің шығармашылық өнерін қалыптастырады.   Көптеген  әдет-ғұрыптық әндер  музыкалық  және ақындық даярлықты,  бай   сөздік  қорын,  автор  киялының бейнелілігі  мен әсерлілігін талап еткен

Еңбек әндері балаларды еңбектің түрлерімен, әрекеттерімен, халықтың ауыр тұрмысымен таныстырады, "Еңбек-ырыстың бұлағы, еңбек-бақыттың шырағы - деп оның өмірдегі мәнін  баса көрсетеді.

Лирикалық әндердің бірінде ғашықтардың толқыныс сезімдері, пәктігі жырланса, екіншісінде әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан бір-біріне қосыла алмаған ғашықтардың   қайғы-мұңы,   енді   бірінде   жеке   бастың   күйініш-сүйініші туған жердің табиғатына деген терең сезімі бейнеленеді. Қайтып оралмайтын жастық   шақ   туралы   мұңды   ой-толғаулар,   оқыстан   болған оқиғаларға байланысты туындаған өкініш-нала да көптеп көрініс алады.

Тарихи    әндер    балаларды    халық   өміріндегі   тарихи оқиғалармен, халықтың  дамып, жетілуіне елеулі үлес қосқан ел басыларымен таныстырған, халықтың бостандығы үшін күрескен батырларды құрметтеуге үндеген, батыр аз батыл болып өсуге тәрбиелеген.

Музыкалық шығармалардың ішіндегі ең ірі жанрдың  бірі - күйдің де эстетикалық  тәрбие   берудегі   рөлі   ерекше   болған.   "Күйлердің   мазмұны халықтың  басынан   кешірген   қасірет-тауқыметі   мен   әділетсіздікке қарсы күресіне, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезіміне негізделіп, терең толғаныспен өрнек-бояуын    тауып    отырады.    Күйлерде    (тарихи, әлеуметтік, лирикалық) қазақ халқының басынан кешірген тарихи оқиғалары, туып-өскен жердің табиғаты, күнделікті тіршілік қаракетінін түрлі жақтары, қоғамдық  өмір кұбылыстарына және өнерге деген көзқарасы, сондай-ақ сол өнердің адамның эстетикалық сезіміне, талғамына ықпалы бейнеленед].

Қазақ халқының күйшілік өнері өзінің дәстүрлік ерекшелігіне, орындау мәнеріне қағыс тәсілдері мен түрлеріне қарай негізінен екі үлкен мектепке жатады. Бұлар күй құмар қауым арасында төкпе күй және шертпе күй деген атпен белгілі..

Күйлер  көбінесе халық аспаптары: домбырада, қобыз бен  сыбызғыда орындалған. Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға халық ерте жастан үйреткен.   "Аспапта   ойнауға   үйрету-көрсету,   жаттығу,   естігенін   еліктеп қайталау әдістерімен   жүзеге   асырылып   отырған.   Соның   ішінде   әсіресе, “еліктеп   қайталау"   әдісі   баланың   музыкалық   есту   қабілетінің дамуына, естіген әуенді тез арада қағып алып, қолма-қол аспапқа түсіріп ойнауына, ұзақ уақыт есте сақтауына септігін тигізеді. Мысалы, ұстаз аспапты қалай ұстауды, күйін құлақ қалай дұрыс келтіруді, оң қолмен қалай шертуді және сол қолмен пернелерді қалай басу керектігін көрсеткеннен кейін, бір әуенді немесе шағын  музыкалық шығарманы  ойнайды,  ал  үйренуші  сол жетіген әуенін,   көргенін  өз аспабында   қатарласа   отырып    қайталайды.Музыканы осылай жүйелі түрде, дәйекті жаттықтыру, ырғақты есте сақтау қабілетін дамытып,  сол  аспапты  еркін,  меңгеруге  көмектеседі.  Айта кету керек,бұрын қазақтар баланың жасын немесе бойын есепке ала отырып, аспаптарды өздері жасаған немесе жасатып отырған. Жас мөлшерінің өсуіне қарай үйрету әдістемесі де күрделене түсетін.

Мысалы, халық композиторы, тамаша күйші  Дина Нүпейісова 9 жасынан бастап күй шертті, алғашқы күйлерді ол өз әкесінен естіп, үйренеді. Ал әкесі домбырада жақсы ойнайтын. 1870 жылы Дина атақты домбырашы, қазақты аспаптық  музыкасының негізін салушы Құрманғазымен кездеседі, ол оған орындаушылық өнердің алғашқы сабақтарын береді. Содан кейін ол әйгілі домбырашы Салауаткерейге   жолығады.   Ол   Динаны   өзінің   әкесі, халық композиторы  Дәулеткерейден  үйреніп алған күйлерді  орындауға үйретеді. Осылайша өзінің  алғашқы  ұстазы  Құрманғазыдан  және  басқа да  белгілі домбырашылардан Д.Нұрпейісова көптеген күйлерді үйренген. Дина халық композиторларының күйлерін ойнап кана қоймай, сонымен бірге өзі де күйлер шығарады. Ол  күйлер  күні бүгін де халық арасында және профессионал музыканттар арасында кеңінен танымал (мысалы, "Бұлбұл", "Әсем қоңыр", “Байжұма"16-жыл" т.б.).

Өзінің жеке басының үлгісімен шәкіртін таңдандырып, оның әрбір ойынын талдай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп үйрете келе, ұстаз шәкіртінің шығармашылық жағынан өсуін мұқият қадағалап, мен ойнау дағдыларын жетілдіріп отырған".

Осы айтылғандардың бәрі халықтың музыкалық шығармаларды бала тәрбиесінде кеңінен пайдаланғанын, балаларды оларға әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы қызықтыра білгендігін дәлелдейді.

Күлдіргі  фольклор.   Фольклордың  бұл  түріне  балалардың  ауызша поэзиясы  шығармаларын  жатқызуға болады.  Олардың міндеті  -  өзін  және өзінің құрдастарын күлдіру, көңілдендіру, алдандыру. Олар көбінесе қосымша әрекеттерімен қосақталып жүргізіледі. Атап айтсақ: ауызша (сөзбен) ойындар, жаңылтпаштар,   жұмбақтар,   өтірік   өлеңдер   мен күлдіргі әңгімелер.

а) ауызша (сөз арқылы) ойындар   қазақтарға сонау заманнан таныс. Ол балаларды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Олардың жүрегіне эмоциялык күш-қуат береді. Ойынның бұл түрі - балалар өнерінің кызықты шығармасы болып саналады.Оның   құндылығы   сол,   көптеген   ойындар   күні   бүгінге   дейін сақталып келген. Мәселен, "Сымсыз телефон!, "Қойшы", "Шындық" және т.б.

Заман өзгерген сайын балалардың жалпы мәдениеті де жетіледі. Олардың ойындарының түрлері де күрделеніп, жаңарады. Әзіл-қалжың балаларды әр кезде қызықтырады.    Қайсібір   ойын   болмасын   баланың   әзілдік   сезімін дамытады, әзіл-калжыңның көптігі   баладан тапқырлықты талап етеді, ойын ұшқырлайды, қуанышқа бөлейді.

Ауызша  (сөз      арқылы)      ойындардың спорттық      ойындардан айырмашылығы оларда ешбір іс-әрекет, қозғалыстар болмайды. Қызықтың бәрі сөзде және сөзбен жеткізіледі. Алайда оны мазмұны  мен  формасына қарай рахатқа бөлейтін поэтикалық шығарма деуге де болмайды, керісінше-ойын, жарыс   десе   болады.   Барлық  ойындардағы   сияқты   мұнда ойынға қатысушылардың  жеке    қабілеттілігі,   қызығушылық   деңгейі,    нақты   бір іскерлігі мен дағдысы шешуші роль атқарады. Ең қабілетті дегендері жеңіске жетеді.

   Қағытпалар - сөзбен қосымша әрекетке негізделген қызықты ойын.

Қағытпалар  ауызша ойындарға ұқсас келеді. Ауызша ойындар сөзбен карым-қатынас  жасаудың  бір мектебі іспеттес,  нақты ойын  шараларын жасауды талап етеді,   сонысымен   еркін   сөздің   ағымынан   шығып   қалады. Мұндай жаралар қағытып - алдап түсіру үшін кажет.  Мысалы,  ересектеу келген тәжірибелі бала ойынға қатысушы балаға: Мен не айтсам, соның сонғы сөзін қайтала, тек сол сөздің алдында “шынында” деп  айтуды ұмытпа. Жарай ма? деп ұсыныс жасайды.     Бала:жарайды деп келіседі. Келісімнен кейін екеуінің арасында мынадай диалог жүреді:

Әженің  үйі бар.

Шынында,үйі  бар.

Үйінде  пеші бар.

Пешінде қи бар.

Менде-ми бар (шынында қи бар.)

Мұндай  диалогтар баладан тапқырлықты талап етеді, сөздегі ұйқастықты көре білуге,   тығырыққа   тірелгенде   қолма-қол   ұйқас   сөздерді   орынды пайдалана білуге үйретеді.

Егер  бала диалогтың даму бағытын шеше білген жағдайда, ойын басқа  бағытты ұстанады.

Жаңылтпаштар  -    балалардың    эстетикалық    қызығушылығын арттыратын пайдалы ойын түрінің бірі. Ол бала тілін ширатудың қолайлы құралы қалай болса солай, мағынасыз айтыла салған сөз емес, керісінше, ол белгілі бір    желіде    құрылады,    дүниетанымдық,    тәрбиелік    мәні    бар.

Жаңылтпаш балаға жастайынан ана тілінің бай қорын  игеруге, таза, майда, ашық әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді.

Жаңылтпаштар  қазақ халқының тұрмыс қарекетінің түрлі салаларын, ұғымдық көзқарасын, наным-сенімін, әдет-ғұрыпын сипаттайды. жаңылпаштардан үй жануарларына деген көзқарасты:

 

Беріп тай, лайықты, Ай, ай, Айдарбай,

Алдым тайлақты, Иір мүйіз сиырыңды

Беріп тайлақты Үйіңе айдай бар;

Алдым тай, лақты.

 

сондай-ақ өте кең тараған тағам түрлерін көруге болады:

 

Сүт бетінде май бал қаймақ. Ақ тайыншаның қатығын,

Ол қай бал май қаймақ? Аппағыма беремін.

Балдан тәтті бал май қаймақ. Аппағымның атын тез

Айтқаныңа беремін.

 

Шалық жаңылтпаштарды балалар арасында тарату үшін барлық жағдайды жасаған. Оларды педагогикалық құрал ретінде қабылдаған, педагогикалық танымға жатпайтын   шығармаларды   пайдаланбаған.   Балалар   арасында тек балалардың эстетикасы     талабынан     шығатындай     шығармаларды ғана болдырған.

Жаңылпаштар күні бүгін де өзінің мәнін  жоғалтқан емес, керісінше,  әрі қарай даму үстінде. Оған

Информация о работе Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері