Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері

1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8

1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20

2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары

2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38

2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82

Вложенные файлы: 1 файл

САЛУ.docx

— 178.68 Кб (Скачать файл)

Батыл бол - таймас жүректі,

Аяғыңды созайық,

Саусағыңды  жазайық,

Етті  болсын балтырың,

Епті  боп өс жарқыным өс-өс-деп тілек  айтып, жас нәрестенің дене кұрылысының  дұрыс өсуіне камқорлық жасап  отырған.  Бала өскен сайын жаттығулар да күрделене түскен. Дене бұлшық еттерін дамытып,  батылдықка тәрбиелеу максатында баланы  бір қолдың алақанына отырғызып, екінші қолымен кеудесінен ұстап, жоғары лақтырып, бір қолмен ұстап, содан соң екіншімен кағып алып отырған. Бұл тәсіл көптеген өлеңдерде көрініс алады.

Бала  анасының сөзін жай сазды әуен дыбыстары ретінде қабылдамай, аса  бір мәні бар белгі ретінде  қабылдайды, ал ана болса оны пайдаланады: ол баланы қолына жай көтере салмайды, ең алдымен оған қолын созып   "келе ғой, келе ғой, қолынды бере ғой... - деп өлеңдете бастайды.

Осылайша  сөзбен айтудың өзіндік ерекшелігі де, поэтикалық құндылығы да жоқ, әйтседе  бала ұдайы анасының қолына сұранады, анасының қолына жету үшін қолымен әртүрлі қозғалыстар жасайды, біртіндеп өзінің қолымен жаттығулар жасауға үйренеді. Баланың ақыл-ойында   көрініс алған ананың сөзі ананың мейірімі туралы нақты көрініс береді, қозғалысқа түсетін дене бітіміне ерікті   белгі   береді.   Сонымен,   осы   бір  қарапайым   поэтикалық суреттеме халық санасында баланың дене бітімінің,  белгі  беру  жүйесінің дамуына байланысты педагогикалық әдісті бекітеді.

Мәпелеуге    барлық    жанрлық    белгілер    тән.    Бұл    топқа    жататын шығармалар    нақты    тұрмыстық    функцияларды    ұстанады:    олар    халық педагогикасы  жасаған дене тәрбиесінің амал-әдісі болып  саналады.  Оған балаға қажетті дене жаттығуларының сипаты, өзіндік құрылымы тән.

Бесік жырында  баланың болашағы, өмірі, оның бүгіні мен ертеңі туралы қамқорлық   немесе   ананың   ой-арманы   көрініс   алса,   күлдіргілерде   көңіл жадырататын, бой жазатын көріністер орын алады. Бұл екеуі де мәпелеуге тән емес, мәпелеудің мазмұны тек дене тәрбиесі мәселесіне ғана байланысты.

Бесік жырынан  мәпелеудің айырмашылығы, ол ән ретінде орындалмайды, жылдам және ырғақпен ыңылдап айтылады. Кейбір мәпелеу әндері күрделене отырып, ойынның бастамасын дамыта отырып күлдіргі жанрына ауысады.

б) Күлдіргілер  деп ересектердің сәбилермен ерекше бір ермегін атаған. Күлдіргі деген баланы күлдіруді, алдандыруды, көңілдендіруді көздейді.

Бірқатар  күлдіргілер формасы жағынан  бесік жырына ұқсайды, алайда орындалу сипаты,   тұрмыстық   мәні,   эмоционалдық   -   әуездік   негізі   мен педагогикалық ықпалы жағынан тіпті өзгеше. Егер бір сарынды бесік жыры баланы жұбатып, тербетіп    ұйықтатса, күлдіргілер баланы күлдіріп, көңілін өзгереді,   шаттандырады,   алдандырады;   осыған   орай   өлеңнің   ритмі   де өзгереді,  ол  ұдайы әндете  орындалудан көрі  тақпақтап айтылады,  тақпақ сөздер ойын әрекеттерімен   қатарласа жүреді,   баланы   қажетті   ақпаратпен таныстырады және т.б.

Халық  педагогикасы  сонау  ықылым  заманнан   бала  бесікке  салынған кезеңнен бастап тәрбиенің амал-жолдарын ойлап тапқан, осы жасқа қажетті танымдық материалды қатаң сақтаған, жарқынжүзді адамды тәрбиелеу үшін көңілдендірудің жолдарын, адамгершілік негізінің мәнін анықтаған.

Күлдіргілердің көмегімен балаларда ойынға деген қажеттілікті тәрбиелейді, оның эстетикалық мазмұнын ашады, балаларды ұжымда өздігімен ойнауға даярлайды. Күлдіргілерді ойын мектебі десе де болады. Өйткені басты мақсаты - дене, ақыл-ой даярлығының, адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің таптырмайтын мектебі болатын ойын процесінде баланы қоршаған ортаны танып білуге даярлау.

Көңілді көтеріп отыру үшін күлдіргілерге  қарапайым әзілдер, күлдіргі әуендер ендіріліп  отырады,  яғни жаңа  форманың мазмұны айқындалады. Күлдіргілерді баланың екі жасынан бастап пайдаланады, өйткені бұл жаста балада алғашқы сөздік  қоры болады,  кейбір тіпті  алғашқы  сөздерді  айта бастайды.

Күлдіргілер   қазақ   тілі   байлығын,   халық   поэзиясын   танып   білуге жетелеген алғашқы сатылардың бірі болып табылады. Нақты бір  әрекетке бағытталған "ұшты-ұшты" күлдіргі ойынының сөзі;   "ұшты-ұшты торғай  ұшты ұшты тауық ұшты" баланы әзіл-оспақ, сықақты қабылдауға даярлайды; ұшпайтын тауыққа ұшады деп ойланбастан қолды көтеру, ұшып бара жатқан тауықты елестету балаларды шаттық күлкісіне бөлейді. Әрине,   балалар   бұны саналы   түрде   қабылдай   алмайды, әйтсе де , күлдіргілердің  мән-мағынасын сезінеді.

Балалар дыбыстың мағынасын, құбылыс пен  суреттемедегі өзгерісті әлі  тілі шықпаса да сезінеді, сондықтан  олар естіген дыбысын көрген әрекетін қайталауға талпынады. Бұны халық педагогикасы жақсы ескерген.

в)  әзілдер   дегеніміз   мазмұны   күлдіргі   кішігірім   әңгіме   немесе   бет-әлпетке,  сөзге күлдіргі  сипат беретін реңк.     Балалар фольклорында әзіл-оспақтар көңілге қонымды тақпақтап айтатын әндермен бірге қарастырылған, олар балаларды  мәз-мәйрам  күлкіге барыратын.        Күлдіргілерден   оның айырмашылығы сол, ол нақты ойын әрекеттерімен сүйемелденбейді. Одан аң-құстардың дауысына еліктеуді (бұлбұл, сауысқан, қарға, аю, қасқыр, жылан, және т.б.) көруге болады. Әзілдер баланың қуанғанда эстетикалық сұранысын қанағаттандырады,  ойлау, елестету  қабілетін дамытады сөйтіп оның ақыл-ойының  дамуына  ықпал   етеді. 

  Бүгінгі   кезде   балалар   фольклорының  бұл жанры мүлдем пайдаланылмайды десе болады.

Әзілдер    би  қимылдарының  екпінде,  кейбір  кезде тақпақталып айтылатын болған.

  1. Тұрмыстық фольклор. Кең мағынада қарастырсақ балалар фольклоры жанрының бәрі тұрмыстыққа жатады, өйткені олар балалардың күнделікті тіршілігімен тығыз байланысты. Алайда бесік жырында мәпелеуде, күлдіргілерде тәрбиелік, санамақтар мен қаламақтарда, жаңылтпаштар мен ойындарда - ойын функциясы және т.б. анық байқалады. Ал  бұл болса оларды атқаратын міндеттеріне қарай біріктіруге және саралап көрсетуге мүмкіндік береді.

Ән әлпештеу   (ана)   поэзиясы,   күлдіргі   фольклор,   ойын   фольклоры. Әйтседе балалар    фольклорында   көп функционалды    сипатты    көрсететін жанрлар да баршылық (тақпақтап айту, жалған ат қою және мазақтаулар, мақал-мәтелдер, балалар ертегілері, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, әндер-күйлер термелер.)

 

а) Тақпақтар. Балалар тақпағы үш түрге бөлінеді: би, ән, сөйлеу. Би қимыл барысында, ән есте сақталатындай қысқа әуезді түрде, сөйлеу – тақпақ жөнімен тақпақ түрінде орындалады. Тақпақ тақырыптары әртүрлі билерде, әдетте, биге қатысушылардың бидегі мәнерлі  қимылдары немесе сыртқы көрінісінде әзілмен сипатталады.

Өлең  тақпақтары тақырыптарының аясы кең  болады. Онда балалар өмірі, тұрмысы,   олардың   көзқарасы   көрініс   алады.   Жануарлар,   құстар   туралы тақпақтар   да   кездеседі,   оларда   жан-жануарлар   адамша   сөйлейді,   адами келбетті, мінезді  қабылдайды, адамдарша қызмет атқарады, қуанады, ойнап күледі. Балалар   орындайтын   бірқатар   тақпақтар,   балалар   репертуарына ересектерден ауысқан.

ә)   Жалған ат қою және мазақтамалар - сонау көне заманнан қазіргі кезеңге дейін жалпы жариялым көрмегенмен сақталып келген әдет-ғұрыптың  бірі десе болады.

Әрбір  жалған   атта  эмоциялық  күштің  қуаты  басым  келеді.   Олардың  сатиралық  бағыттылығы   да   анық   байқалады.   Жалған   аттың   бейнелілігі балалардың зейінін өзіне қаратпай қалмайды, балалар халықтың поэтикалық “мәдениетін” де жақсы меңгереді. Балалардың бір-біріне күлкілі ат қоятынын, кейбір қойылған аттардың сол кісіде тіпті  қартайғанша сақталып қалатынын және туған   кезде  қойылған   аттарының  ескерілмейтінін     Г.Н.Потаниннің мақаласынан көруге болады.

Мұндай жалған ат қою бүгінгі күнде де мектеп окушыларында кездеседі.

Жалған  ат    балалардың    ішкі    қасиеттерін    көрсетеді.    Мысалы,    кейбір оқушыларға:сараң,   мамасының   ұлы,   ұзынтұра,   мақтаншақ,   жылауық, жалақор, өсекші   және   т.б.   олардың   қасиеттік   сапасын   бейнелі   түрде айқындайтын сөздер қосарланады. Кейбір жалған аттар балалар аттарындағы үндестіктен туындайды.  Мысалы,  Қожа-көже, Ұзақ - тұзақ,  Аман-жаман, Қуат-суат Суат-суй ат және т.б.

Жалған  ат пен мазақтамалардың бір-бірінен  айырмашылығы сол, жалған белгісі бір  адамда, соның қасиетіне қарай  қосымша ат болып сақталып қалады, ал мазақтаулар кейбір   жағдайларда    ғана   пайдаланылады,   тез ұмытылады, 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Оны     мына мазақтамалардан көруге болады:

Берекесіз Жаңабай

Бес ешкісін  баға алмай,

  Кердең қағып,үйіне,

Кетіп қалды  қарамай.

Немесе,

Қырсықпайдың  баласы-

Қызыл тентек танасы,

Елге  мәлім болып жүр,

Еңбектегі шаласы.

Мазақтамаларды 12 жасқа дейінгі балалар, яғни мектеп жасына дейінгі бастауыш    мектеп    окушылары    жиі    пайдаланады,    одан    жоғары жастағылар тіпті пайдаланбайды десе болады.

б) Мақал-мәтелдер - халықтың   ғасырлар   бойы   бастан   кешкен оқиғаларынан   қорытқан   ақыл-ой  жиынтығы,   өмірде  қайталанып  тұратын құбылыстармен байланысты туған тоқсан сөздін, тобықтай түйіні.

Халықтың  өзі жасап алған логикалық  формуласы, ережесі десе болады. Ол қайсібір оқиғаның, тұсында болмасын тілге оралады, сөйтіп көп ойлауды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді.  Кезінде орыстың ұлы  педагогы К.Д.Ушинский  мақал-мәтелдерде балалардың тәрбиесі мен жеке адамның қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы нағыз халық педагогикасы деп өте орынды айтқан.  Өйткені балалар тәрбиесі  саласындағы мақал-мәтелдерде, сондай- ақ  басқа да   қанатты нақыл   сөздерде  -  сөздің  інжу-маржандары сондай-ақ  даналығы,   бала   тәрбиесіндегі   өмірлік   тәжірибесі,   сұлулыққа, әдемілікке деген көзқарасы эстетикалық талғамы арман - мүддесі қалыптасып сақталған.   Мінез-кұлыққа,   тіл   мәдениетіне,   өнерге,   ән-күйге,   әдебиетке, өнерге деген талаптары тұжырымдалған.

Адамның сыртқы сұлулығы мен ішкі ақыл-ой, мінез-құлқының жарасымдылықта болуы    ескерілген     "Кішіпейілділік-кісінің көркі”, Әдептілік ар-ұят - адамдықтың белгісі,   Тұрпайы  мінез, тағы жат надандықтың  белгісі",  "Тәні сұлу — сұлу емес, жаны сұлу - сұлу", "Ұят кімде болса, иман сонда".

 

Осындай талапқа сай жеткіншектер мен  жастарды халық  аса құрметтеген, олардың ізеттілігін, парасаттылығын, көргенділігін мадақтаған. "Атасы жақсы көргенін айтады, атасы жаман бергенін айтады",   "Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап   сөйлер",    ''Жақсымен  жолдас  болсаң,   ісің  бітер, жаманмен жолдас болсаң,  басың кетер"   - деп  небір әдемі теңеулермен мадақтап отырған.

Халық "Сөздің көркі - мақал" деп сөйлеу мәдениетіне аса мән берген. Сөз мәдениетін меңгеруге, оған үлкен жауапкершілікпен қарауға, орынды да мәнерлі  сөйлеуге  шақырған.  Басқаны  мұқият  ілтипатпен  тыңдауға,  өзінің айналасындағыларға мейірімді, кішіпейіл, ізетті болуға, жақсы мен жаманды,

қас пен досты, сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра білуге баулиды. "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар" деп аз сөйлеп, көп тыңдау кажеттігін, айтайын деген ойды қысқа да нұсқа тұрғыда жеткізе білу қажеттігін ұдайы екертіп отырудан жалықпаған. Мақал-мәтелдер арқылы өнердің түрлеріне эстетикалық қызығушылығын    арттыра   білген,     "Өнерлі   өрге жүзеді", Өнерлінің  өрісі ұзақ",   "Өнерлі  бала  сүйкімді",    "Өнер  білсең  өлмейсің ", Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді" - деп өнердің адам өмірі үшін, қарекеті үшін қажеттігін ескерткен.

а)   Балалар   ертегілері   -   балалардың   эстетикалық   қызығушылығын дамытудың тиімді құралдарының бірі болып саналады.

Кезінде К.Д.Ушинский "ертегілер  ...  халық педагогикасының алғашқы және тамаша талпыныстары,    сондықтан    әлдекім    бұл   жағдайда   халық педагогикасы данышпанымен бәсекеге түсе алады деп ойламаймын" деп өте орынды айтқан.

Қазақ ертегілерінің жанрлары  сан қилы:  киял-ғажайып, тұрмыс-салт, хайуанаттар және сыншыл ертегілері (салт ертегі, күлдіргі ертегі, аңыз ертегі).

Ертегілерде суреттелген кейіпкерлердің көркемдік поэтикалық бейнелері, адамдардың сұлулық   пен   нәзіктікке   берген   жоғары   бағалары баланың әдемілікке деген   қызығушылығын   арттырады   "Ертегілерде адамдардың сыртқы сұлулығы,   келбеті   олардың   ішкі   рухани   жан-дүниесімен,   ақыл-ойымен, моральдік қасиеттерімен үйлесімді суреттеледі. Мәселен, "Ермек" ертегісінде қыздың сұлулығы  ай  мен  күнге теңеледі. Мұндай суреттеулер жеткіншектерді сұлулықты дұрыс қабылдауға, қоршаған ортаны эстетикалық және моральдік тұрғыда бағалай білуге тәрбиеледі, сұлулықты дұрыс сезініп қабылдай білуге, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретті.

Халық ертегілерді тәрбиелік мақсатта өте ұтымды пайдаланды. Әрбір жастағы балалар үшін өзінің арнайы ертегісі болды. Кіші балалар арналған ертегілердің мазмұны да шағын болды, олар балалардың ойын ұшқырлады, нақты ақпараттық мағлұмат берді. Бала жасының өзгеруіне қарай, оларға меңгерілетін   ертегілердің мазмұны да,  берілетін  ақпаратта  күрделене түседі. Ертегілер арқылы балаларға адамгершіліктің негізі меңгертіледі, әдет-ғұрып, , халықтың тәрбиедегі талаптары, заңдылықтары түсіндіріледі.

Бұның бәрі ерікті түрде, ешбір күштеусіз жүзеге асырылып отырады. Халық   арасынан   шыққан   талантты   ертекшілер    ертекті    мәнерлеп, нақышына келтіріп  айту арқылы тыңдаушысының  сезіміне эмоционалдық тұрғыда әсер еткен. Ертектің қызықты болуы ертекшінің жеке байланысты болған.

г) Аңыз-әңгімелер  - казақ халқының оқиғасын реалистік болмыстан, шындық - өмірден   алып   шығарған    көркем  шығармаларының   бірі. Аңыз-әңгімелер халық үшін қызмет еткен, тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу   негізінде   туған.   Олардың   халыққа   деген   қамқорлығы, халық намысын қорғау барысындағы елеулі істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпакқа жеткен. Бағзы заманда жазу-сызу өнері болмағандықтан олардың аты-жөні хатқа түспеген, тек халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған|.

Информация о работе Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері