Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
Көркем шығарма тіліміздің грамматикалық тұлғаларын дұрыс қолданудың нақты үлгісі, сол тамаша үлгі арқылы байланыстырып сөйлеуге үйренуге де, үйретуге де болады.
Бірақ мектепалды
даярлық топ бағдарламасында
баланы көркем шығармамен таныстыру
мәселесін зерттеушілер еңбегінде
көркем шығарманы грамматикалық
тұлғаларды үйретудің құралы ретінде
қаралмаған. Осыған орай, жұмыста ауыз
әдебиеті арқылы балаларды байланыстырып
сөйлеуге үйретудің әдістемесін
жасау мақсат етілді. Барлық бағдарламаларда
мек-теп жасына дейінгі баланы көркем
шығармамен таныстыру мәселесі үнемі
жоспарланып келеді. Бірақ көркем
шығарманы балаға әңгімелету керек
дегеннен басқа еңбектерде жұмыстың
түрлері көрсетіліп жүрген жоқ, көркем
шығарма арқылы баланы байланыстырып
сөйлеуге үйрету мәселесі арнайы қарастырылмаған.
Көркем шығарма үлгісі арқылы баланы
байланыстырып сөйлеуге үйретуде, тілдің
грамматикалық құрылысын
Әрине, көркем шығарманың тәрбиелік мәні, адамгершілікке тәрбиелеудегі қызметі, баланың ақыл-ойын, сөйлеуін дамытатыны сияқты маңызды мәселелер арнайы зерттелді. Ол жұмыстар өз қызметін атқарды және олар пайдалы. Бірақ ол еңбектерде көркем шығарма сөйлеуін байланыстырып сөйлеуге үйретудің құралы ету мәселесі сөз болмаған. Біздің еңбегімізде көркем шығарма оқушыларды әдеби тілде сөйлеуге, байланыстырып сөйлеуге үйретуде үлгі, ерекше бір жасанды тілдік орта, байланыстырып сөйлеуге үйретудің құралы деп саналады.
Профессор Н. Оралбайдың әдістемесінде
мәтінді тіл үйретуші оқыса,
біздің әдістемемізде ауыз
Мұғалімнің назарында болатын бір маңызды мәселе – ауыз әдебиеті шығармаларын оқығанда, не әңгімелегенде, балалардың қалай тыңдап отырғанын елеусіз қалдырмау. Мұндай сабақтарды жүргізудегі міндеттердің бірі – мұғалім ауыз әдебиеті шығармаларын оқығанда, не әңгімелегенде, балаларды тыңдай білуге үйрету, жаттықтыру, тыңдай білу дағдысын қалыптастыру. Бала басқаның сөзін тыңдай білсе, әңгіменің, шығарманың мазмұнын түсінеді және ол мазмұнның қалай айтылғанын есте сақтайды, ол баланың әдеби тілді меңгеруін жеңілдетеді.
Бұл мәселенің
нәтижелі болуы мұғалімнің көркем шығарманы
қалай оқығаны мен қалай
Шығарманы оқудың да өз әдісі, жолы бар:
Шығарманы
балалардың түсінген түсінбегенін анықтау
үшін және сөйлесудің пікірлесу түріне
үйрету үшін, мұғалім шығарма мазмұнына
қарай балаларға сұрақ қойып,
балаларды жауап беруге үйретеді.
Балалар пікірлесімді меңгерген
кезде көркем шығарма бойынша
балаларды сұрақ қоюға
Пікірлесім – адамдардың бір-бірімен қарым-қатысын жүзеге асыратын, адамдар күнде әрдайым қолданатын, тілдік қатысымды жүзеге асыратын негізгі тәсілдің бірі. Сондықтан бала пікірлесе білуі керек. Бұл тұрғыдан келгенде, пікірлесімнің ғылымда танылған, ғалымдар жоғары бағалаған тілдік құбылыс екенін еске алған дұрыс.
К.Саламатов,
А.Холодович, Н.Молчановская, Л.Якубинский,
В.Скалкин, Д.Изаренков, А.Соловьева, Б.Мешімбаева
сияқты ғалымдар пікірлесім мәселесін
зерттеген. Бұл ғалымдар тілдік қатысымда
пікірлесімнің зор қызмет атқаратынын
өте жоғары бағалаған және тілді
оқытуды, үйретуде пікірлесімге үйретудің
зор маңызын дәлелдеген. Б.Мешімбаева
пікірлесімге мынандай анықтама береді:
«Пікірлесім және пікірлесу –
қоғам өміріндегі адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынас жасаудағы
Ғалым Ф.Оразбаева
пікірлесімді тілдесім деп атап, оның
түрлерін анықтаған, оның бірін ресми
тілдесім деп атап, оны төмендегінше
анықтаған: «Ресми тілдесім – тіл
үйренушілерге ресми қарым-
Біздің
еңбегімізде пікірлесім көркем шығармамен
байланысты қолданылды. Шығарманы тәрбиеші
оқып, әңгімелеп, тү-індірген соң, тәрбиеші
шығарма бойынша балаларға
Демек, пікірлесім баланы шығарманы әңгімелеуге дайындау қызметін атқарады. Бала шығарманы әңгімелегенде, сөзді мәселені есіне түсіре алмаса, тәрбиешінің көмектесуіне, кейде жетектеуге де, түзетуге де болады. Балаға алғашқы кездерде әңгімелеу өте қиынға түседі, бірақ бірте-бірте үйренеді. Бала шығарманы әңгімелеуге дайын болған соң ғана, шығарманы әңгімелейді. Егер шығарма ұзақ болса, балаларға оны бөліп-бөліп әңгімелетуге болады. Бала шығарманы нашар әңгімелесе, басқа балалар әңгімелеуінен соң, қайталатуға болады. Бала мұндайда жақсы
«Тіл дамыту» оқулықтарын балаларға арналған шығармалардағы көркем ойды бейнелеу тәсідері әрқилы. Жазба әдебиеті үлгілерінен берілген әңгіме, мысал, өлеңдердегі тақырыптарды былайша топтастыруға болады:
Оқулықтарда берілген
Абайдың «Қыс», Ж.Аймауытовтың «Ыстық
қой, шіркін, туған жер!», І.Жансүгіровтың «Көкшетау»,
М.Мақатаевтың «Қайран Қарасазым-ай»
т.б. шығармаларындағы бірден-бірге
ұласа беретін әдемі табиғат суреттері,
жанды бояулар балалардың табиғат
көріністеріне сергек қарауға жетелейді,
әсемдікке, сұлулыққа деген
сезімін оятып, эстетикалық талғамдарын
қалыптастырады. Табиғат
суреттеріне
қызықтамаған, тамсанып,
тамашаламаған, табиғаттың
шексіз де тыныш құшағында өзіне де, өзгеге
де беймәлім, сиқырлы
сезімдер әсеміне бойламаған
баланың эстетикалық-философиялық
тұрғыдан толыққанды дамуы мүмкін емес.
эстетикалық-педагогикалық
«Малқар» әңгімесіндегі
Малқардың өзінің теріс қылығын
өкініш
білдірді, Ж.Кәрбозиннің
«Жиырма тиін» әңгімесіндегі
баланың
азаматтық ісі,
керісінше, М.Гумеровтың
«Көк кептеріндегі»
Аймағанның
қатігездікке құрылған
ниеті арқылы
өмірдегі
құбылыстарды әр баланың түрліше қабылдайтынын
көрсете отырып,
сөздің құдіреті арқылы баласының азаматтық,
адамгершілік келбетінің қалыптасуына
әсер ету - мұғалімнің міндеті. «Баланың
адамгершілік қасиетінің қалыптасуының
ең басты көрсеткіші - түсінген ережелерін еңбек
процесінде қолдана білу».
аларлық сәттерге назар аудару, жас ұрпаққа отаншылдық тәрбие беруге ұмтылу. Оқулықтардағы М.Жұмабаевтың «Өткен күн», Ш.Уәлихановтың «Абылай хан», Қ.Жұмаділовтың «Дарабоз», К.Табейдің «Ол ақын болар ма еді?» т.б. шығармалары арқылы оқушылар қазақ халқының тәуелсіздік алу жолындағы басты, шешуі тарихи кезеңі мен бүгінгі тәуелсіздікті паш етіп тұрған сипаттарын білсе, М.Тәнекеетің «Қажымұқан», А.Көбесовтың «Әбу Насыр Әл-Фараби», Т.Жұртбаевтың «Бала Мұхтар мен Абай», М.Дулатовтың «Қырдан келген жас қазақ» т.б. сол сияқты мәтіндері арқылы тарихи тұлғалардың өмір, балалық шағы, халыққа жасаған қызметі туралы біледі, оны өздеріне үлгі етеді және осындай ұлы адамдары бар халқына деген мақтаныш сезімдері туындайды. Мұндай шығармаларды оқыту барысында кішкентай оқырмандарға Қ.Жұмаділовтың тілімен айтармыз. «Біз үш мың жылдық тарихы бар, адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан - табиғаттың бұла перзенті көшпенділер ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз керек. Мың жылдан астам мұсылман дінін Мұхаммед жолын ұстанған шығыстағы әйгілі елдердің біріміз. Жеріміз байтақ, пейіліміз таза «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қағиданы пір тұтқан жұртпыз. Ешкімнің ала жібін аттамаған, шекарасын басып кірмеген нағыз қонақтай-бейбіт халық біздей-ақ болар».
Ұлтымызда балаларға арналған әдебиет пен өнер түрлері аса мол. Олар сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да бағалы жауһарлар санатына жатады.
Ауыз
әдебиетінің жанрлары көп жағдайда
өзара бірігіп, бір-бірімен араласып,
бірін-бірі толықтырып, балалар үшін
ұтымды қызмет атқарып тұрады. Балалар
ауыз әдебиетін жинаушы әрі
«Жастардың,
бала-шағаның жиналып ойын-
Жаңылтпаш қазақтың ұлттық құндылығына да, ауыз әдебиетінің құндылығына да тән мұра.
Жаңылтпаштар
– балалардың тілін дамыту және
оларды жан-жақты тәрбиелеу қажетінен
туып, бала тәрбиесі үшін қызмет еткен.
Жаңылтпаштардың ықпалы, тәрбиелік
күші жағынан жасөспірімдерді
Жаңылтпашты
зерттеуші ғалымдардың ой-
Жаңылтпаш
– тіл дамыту мен ширатудың, әсіресе
бала тілін ұстартудың тиімді құралы,
дәстүрлі жолы десек, ондағы мағынасыз
сөздер мен дыбыстардың ермек
үшін қалай болса, солай айтыла салған
ретсіз жиынтығы емес. Жаңылтпаштар белгілі
бір желіге құрылады да жүйелі өзіндік
оқиға нышанын сөз етеді. Жаңылтпаш
жанрының тәлімдік-ұстаздық, дәстүрлі
тәрбие мектебіне айналу мәнісі, әрине
таза тәлім, танымдық, тәрбиелік мәні
шексіз көркем бояулы, ойлы-сезімді
тереңдіктермен айтылуында екенін түсінеміз.
Сонымен қатар дүние
Бала танымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып дұрыс сөйлеуге үйретуде жаңылтпаштың орны ерекше. «Жаңылтпаш - ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетігіп-жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауына баулиды», - деген анықтама берілген.
Жаңылтпаш – ерте заманда пайда болған жанр. Жаңылтпаштардың алғаш хатқа түскен үлгілерін Ә.Диваев, М.Ф.Гаврилов қолжазбаларынан кездестіреміз.
А.Байтұрсынов
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде
жаңылтпашқа мынадай
А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде қазақ ауыз әдебиеті жұмсалатын орнына қарай әуелі екі салаға бөлінеді: Бірінші – сауықтама. Екінші – сарындама.
Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сөздер кіреді.
Сарындама саласына жұртағы келе жатқан салт-сарынымен айтылатын сөздер кіреді. Осы салалардың әр қайсысы тарауға, тараулары тармаққа, бұтаққа бөлінеді.