Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа

Краткое описание

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4


1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25

2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32

2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64

Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

дипл жумыс.DOC

— 676.50 Кб (Скачать файл)

Бейнелеудегі мұндай шарттылықты суретшілер де пайдаланады. Ежелгі Египет өнерінде фараонның бейнесі  көлемі жағынан қарапайым жандардың  бейнесінен әлдеқайда  асып түсетін.

Бейнеленетін объектінің динамикалық жан-күйін беру де бала пайдаланатын әсерлілік құралдарының бірі болып табылады.

Егер сәби жаста қозғалыс бейнеленбесе, ал ересек жастағы балалар  заттарды қозғалыста бейнелей алады, мұның  өзі образды әсерлі етуі мүмкін.

Мысалы, жылауық қыздың суретін салған кезде бейнелеу тұрғысынан әлсіз болған жұмыстар неғұрлым әсерлі шықты: екі қолымен көзін басып, аузын барынша кең ашқан қыз суреті шынында да жылап отырғандай әсер қалдырады. Формасы жағынан неғұрлым дұрыс орындалған суреттердің әсерлілігі шамалы болды, өйткені қыз сымбатты қалыпта бейнеленген. Бірақ динамикалық білдіпу сонда да болса бала үшін күрделі болып табылады, себебі қимылмен бірге заттың формасы және бөліктерінің орналасуы өзгеріп отырады. Сондықтан образдың әсерлілігіне қарамастан, оның формасы көбіне дұрыс болмай шығады.

Балалар шығармашылығы сондай-ақ композициялық құралдарды, ең алдымен ритм мен симметрияны пайдаланумен сипатталады. Олар образдың өзіне және бүкіл картинаға сымбаттылық, жарасымдылық беріп қана қоймайды, сонымен бірге бейнелеуді жеңілдетеді, мұның өзі әсіресе бейнелеу дағдыларына әлі ие бола қоймаған балалар үшін маңызды.

Ритм жалпы адам қимылына тән болғандықтан, бала жұмысты әдемі  орындау мақсатымен оны саналы түрде  пайдалана бастайды.

Мектеп жасына дейінгі  кішкентай балаларда суреттің барлық композициясы оған әсерлілік беретін ритммен жасалады; сызықтар ритмі, түс дақтарын орналастырудағы ритм.

Мектепке дейінгі ересек жаста ритмді сезіну сондай-ақ композициялық  жағынан толықтырылған картинаны  жасауға жәрдемдеседі.

Композицияны орындаудағы  өзінше бір сәт бір заттың екінші затты қалқалап тұрмауы, олардың арасындағы пропорциялық ара қатынастардың бұзылуы болып табылады.  Шынайылықты бұзып тұрғандай болып көрінетін мұндай сәттер кеңістікте өз орны бар әрбір затты, оның формасының әрбір детальдарын көруге болатын айналадағы өмірден өзінің алған нақты әсерлерін беруге баланың ұмтылуын білдіреді. Екінші жағынан, бұл өмірлік түсініктерді суреттегі барлық композициялық тәсілдер байланысты болатын сол шартты құралдар арқылы бере алмаумен байланысты.

Ритм мен симметрия  әсіресе әсерлілік, бояу түсінен басқа құрылысының ритмділігіне көп тәуелді болатын декоративті жұмыстарда пайдаланады.

Сонымен, балалар пайдаланатын әсерлілік құралдары барынша  алуан түрлі; түс, форма, композиция. Олар образға тән белгілерді, оған қатынасты бере білуге көмектеседі. Әсерлілік дәрежесі ең алдымен баланың образды көре білуінің дамуына, әсерлерінің қорына және бейнелеу қабілеттерінің даму дәрежесіне байланысты.

ХІХ ғасырдағы идеалистік бағыттардың  өкілдері балалар шығармашылығының   негізі баланың санасына әсер ететін және оның болмысында өз көрнісін табатын нақты дүние емес; адамның өз табиғатына біткен ішкі сезім оятқыштар, даму процесінде өзінен-өзі пайда болатын инстинктер деп есептеді.

Мәселен, өзінің оқыту  методикасын талдап жасай отырып, Фребель былай деп есептеді: бейнелеу іс-әрекеті негізіне көркем инстинкт жатады; «тудыра білу» қабілеті баланың бойына туа бітеді, адамның тамаша мәні осыдан көрінеді; тәрбиешінің міндеті осы мәннің көрінуіне көмектесу ғана.

Шығармашылық дамудың өздігінен пайда болатындығы туралы осы теория түрлі нұсқаларда және түрлі негіздермен    ХІХ және     ХХ ғасырлардағы шетел педагогикасында көптеген жақтастарын тапты-К.Риччи, К.Бюллер, Георг Кершенштейнер және басқалар.

Идеалистік  бағыттағы  кейбір зерттеушілер шығармашылық дамудың мұндай теориясын биогенетикалық заңмен негіздеді- баланың барлық дамуы адамзат тарихы дамыған жолдармен анықталады және сол жолдармен жүреді, яғни ол алғашқы қауымдық адамнан цивилизациялы адамға дейінгі дамудың  барлық кезеңдерінен өтеді.

Баланың дамуын жансақ, идеалистік тұрғыдан түсіндіруге құрылған биогенетикалық теорияны кеңес педагогтары толығымен жоққа шығарады.

Шығармашылықты дұрыс  түсінбеу көптеген зерттеушілерді бала жасаған  образды жаңсақ түсіндіруге  әкеліп соқты. Бейнелеу сипатының схематизмділігі салдарынан бұл образ нақты заттың бейнесі ретінде емес, символ, белгі ретінде түсіндіріледі.

Идеалистік символдар  теориясының терістігі неде?

 Идеалистер символдар  теориясының көмегімен өнерді  шынайы өмірден бөліп алады.  Суретші шығармашылығының негізін олар суретшінің ішкі жан дүниесінде, символдық образдарды, нақты дүниені бейнелемей-ақ, интуициялық  жолмен жасайды, ал елестер мен образдар дерексіз белгілердің формасында көрінуі мүмкін деп біледі.

Идеалистер балалар  шығармашылығы жөнінде де осындай көзқарасты ұстанады. Оның үстіне баланың психологиясы ескерілмейді, өйткені нақты түсінікті белгімен, символмен ауыстыру абстракциялаудың, нақты нәрседен бас тартып, бір ойды, мәнді бөліп алып, оны белгімен белгілей білудің жоғары дәрежеде болуын талап етеді.

Белгі, затты немесе әрекетті ауыстыра отырып, заттың қандай да бір  белгілерін бойына сіңіруі мүмкін, мүлдем дерексіз формада ұсынылуы да мүмкін. Белгі детальдарды, қосымшаларды талап етпейді, ол бейнеленіп отырған нәрсеге қатынасты білдірмейді және барлық жағдайда өзгеріссіз  қалып отырады.

Белгіден айырмашылығы образ затты оның негізгі ерекшеленетін  және сипатты белгілерімен нақты  формада бейнелейді және автордың бейнеленіп отырған затқа қатынасын береді.

Қолданбалы өнерде сурет  кейде белгінің сипатына ие болады. Мысалы, архитектордың жабдықтардың шартты белгілері түсірілген үйдегі бөлмелердің жоспарын беретін суретінде немесе топографияда атқаратын қызметін беру міндеті бірінші қатарға шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Мектеп  жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы шығармашылығын қалыптастыру

3.1

Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы


Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту басты міндеи етіп алынды. Балалардың бойында қабілеттілік пен шығармашылық  бастаманы дамыту көркем тәрбиенің балаларды қоршаған болмыспен таныстыруға негізделген өзара байланысты екі міндет болып табылады.

Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту маңызы жоғары.

Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтар балабақшада барлық жас топтарында аптасына 2 реттен 4 ретке дейін өткізіледі. Сабақтардың мазмұнын тәрбиеші сол жасқа арналған бағдарламаның талаптарына сәйкес және балаларда бар біліммен бейнелеу іскерліктерін ескере отырып жасайды. Ересек жастағы балаларға бейнелеу өнерге баулу «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша «Шығармашылық» саласы аясында сурат, жапсыру, мүсіндеу сабақтарында жүзеге асады. Үлгі сабақ жоспары А қосымшасында берілген.

Мектеп жасына дейінгі  балалар бейнелеу іс-әрекетімен жалпы  топтық сабақтардан тыс та, ойынға бөлінген уақыт кезінде де шұғылдануы мүмкін. Педагог бұл ынтаны әрдайым  қолдап алынған бейнелеу дағдыларын қолдануда инициативалар мен  дербестіктің пайда болуын көтермелеп отыруға тиіс.

Сәбилерде сурет салуға мүсіндеуге конструкциялауға деген  ынта қысқа мерзімді әрі тұрақсыз болады. Мектепке дейінгі ересек балалар шығармашылық іс-әрекетке деген белгілі бір қажеттілікті бастан кешіреді. Мұнын өзі оларда педагог тарапынан көңіл аударуда және  дұрыс басшылық жасауды талап ететін қабілеттердің бар екенін дәлелдейді.

Бейнелеу және құрастыру әрекетінің түрлеріне тоқталамыз.

Балабақшада бейнелеу іс-әрекеті сабақтың сурет салу мүсін жасау аппликация және конструкциялау сияқты түрлерін қамтиды. Баланың айналадағы дүние туралы әсерлерін бейнелеуде осы түрлердің әрқайсысының өз мүмкіндіктері бар. Сондықтан бейнелеу іс-әрекетінің алдында тұрған жалпы міндеттер әрбір түрдің ерекшеліктеріне, материалдың және онымен жұмыс істеу тәсілдерінің өзгешеліктеріне қарай нақтыланады.

1. Бейнелеу және құрастыру әрекетінің бір түрі - сурет салу.

Сурет салу балалардың өздерінің шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сүйікті сабақтарының бірі.

Суреттердің тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Балалар өздерінің қызықтырған нәрселердің бәрін салады: жекелеген заттарды және айналадағы өмірден алынған көріністерді, әдеби кейіпкерлер мен декоративті ою-өрнектерді және т.б.

Сурет салудың әсерлі құралдарын пайдалану олардың қолынан келеді. Мысалы, нақты затпен ұқсастықты беру үшін сурет салушының бейнеленуші объектіге қатынасын білдіру үшін және декоративті планда түс пайдаланылады. Композиция тәсілдерін пайдалана отырып, балалар сюжетті жұмыстарда өз ойларын толығырақ әрі байырақ бейнелей бастайды.

Алайда сурет салуды жете түсініп, оның тәсілдерін техникалық жағынан меңгеру кішкентай бала үшін айтарлықтай күрделі, сондықтан  тәрбиеші жұмыстардың тақырыбына баса назар аударуға тиіс.

Балабақшада негізінен  алуан түрлі бейнелеу мүмкіндіктері бар түрлі-түсті қарындаштар, акварель және гуашь бояулары пайдаланылады.

Қарындашпен сызықтық форма  жасалады. Оның өзінде бір бөліктен кейін екінші бөлік біртіндеп салынып, алуан детальдар қосылады. Содан кейін сызықтық бейнелер боялады. Сурет жасаудың мұндай бірізділігі баланың аналитикалық ойлау қызметін жеңілдетеді.

Бір бөліктің суретін салып алған кейін, ол онан әрі қандай бөлікті жасау керектігін еске алады немесе натурадан көреді. Оның үстіне, сызықтық нұсқалар бөліктердің шекарасын анық көрсете отырып, суретті бояуға көмектеседі.

Бояулармен сурет салғанда форма бояу дақтары арқылы жасалады. Осы тұрғыдан алып қарағанда бояулардың түс пен форманы сезінуді дамыту үшін үлкен маңызы бар. Бояулармен айналадағы өмірдің алуан түрлі бай түстерін беру оңай: ашық аспан, күннің батуы мен шығуы, көк теңіз және т.б. Бұл  тақырыптарды қарындаштармен орындағанда көп еңбек, жақсы дамыған техникалық дағдыларды талап етеді.

Балабақшаның бағдарламасымен әрбір жас тобы үшін грфикалық материалдардың түрлері белгіленген. Ересек және мектепке даярлық топтары үшін қосымша көмір қарындашын, түрлі-түсті борларды, пастельді, сангинаны пайдалану ұсынылады. Бұл материалдар балалардың  бейнелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көмір мен сангинамен жұмыс жасаған кезде сурет бір түсті болып шығады, мұның өзі заттың формасына және фактурасын бере білуіне барлық назарды жұмылдыруға мүмкіндік береді: түрлі-түсті борлар көлемді беттер мен ірі формаларды бояу жеңілдетеді; пастель түстің  алуан түрлі реңкін беруге мүмкіндік жасайды.

2. Бейнелеу және құрастыру әрекетінің екінші бір түрі - мүсіндеу.

Бейнелеу және құрастыру әрекеті түрлерінің бірі ретінде мүсін жасаудың ерекшелігі – бейнелеу аумақтық әдіспен жасалады. Мүсіндеу жұмсақ материалмен ғана емес, сонымен қатар қатты материалмен де  жұмыс жасауды қамтитын скульптураның бір түрі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар қолдың әсеріне тез икемделетін жұмсақ пластикалық материалдармен – саз балшықпен, пластилинмен ғана жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады.

Балалар адамдардың, хайуанаттардың, ыдыс – аяқтың, транспорттың, көкөністердің, жемістердің, ойыншықтардың мүсіндерін жасайды. Тақырыптардың алуан түрлілігі  мынаған байланысты мүсіндеу, бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлері сияқты, баланың танымдық және шығармашылық қажетсінуін қанағаттандыра отырып, тәрбие міндеттерін орындайды.

Материалдың әсемділігі мен бейнеленетін форманың ауқымдылығы  мектепке дейінгі балаға, сурет салуға қарағанда, мүсіндеуде бірқатар техникалық тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік береді. Мысалы, ол ұзақ уақыт үйренуді қажет етеді. Мүсіндеуде бұл міндет  шешу жеңіл. Бала алдымен затты статикалық жағдайда мүсіндеуді де одан кейін оның бөліктерін түпкі ойға сәйкес майыстырады.

Мүсіндеуде заттардың  кеңістіктік арақатынасын беру оңайлатылады- объектілер, нақты өмірдегідей, бірінен соң бір, композиция ортасына жақын не алыс қойылады. Перспектива мәселелері мүсіндеуде атымен болмайды.

Мүсіндеуде бейне жасаудың негізгі формасы – ауқымды  форманы беру. Түс шектеулі түрде пайдаланылады. Әдетте кейін балалар ойындарда пайдаланылатын жұмыстар боялады.

Мүсіндеу сабақтарында неғұрлым пластикалық материал ретінде  саз балшық негізгі орын алады. Жақсы  дайындалған саз балшық тіпті 2-3 жастағы баланың қолының илеуіне  тез көнеді. Кептірілген саз балшықтық  жұмыстар ұзақ уақыт сақталына алады.

Пластилиннің иілімдік мүмкіндігі аз. Ол алдын ала қыздыруды  қажет етеді, сонымен бір мезгілде қатты қыздырылған ол өзінің созылымдылығын жоғалтады, қолға жабысып, жағымсыз тері сезу түйсіктерін туғызады. Мектепке дейінгі балалар пластилинмен негізінен топ сабақтарынан тыс кезде жұмыс істейді.

3.Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі түрі - сурет аппликация.

Аппликация сабақтары  процесінде балалар өздері бөліктері  мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым  да күрделі формаларымен танысады. Силуэетті кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысын талап етеді, өйткені силуэетте  кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту