Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.
Кіріспе..........................................................................................................................4
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25
2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45
3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64
Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу керек», дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Көрнекті психолог Л.Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Шығармашылық-өте күрделі процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне кез-келген баланы көтеруге болатынын көп айтуда.
Шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Ал Б.Тұрғынбаеваның әдістемелік
оқу құралында шығармашылық туралы
айтылған ойлары мен жасалған тұжырымдамалары
талдай отырып: «Шығармашылық-бұл
Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалам Н.Роджерстің ойынша әр адам бала кезінен бастап «сен мынаны дұрыс жасамадың», «бұл қате», «олай емес»- деген сынау сөздерді көп естейді. Кейде тіпті жазада қолданып жатады. Адамдардың өз бойындағы шығармашылыққа қорқа қарау, «олай менің ісім емес»- деген сенімсіздік осыдан басталады екен.
Зерттей келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатар «белсенділік» ұғымдары астарласа қолданылып жүр. Сонымен бірге шығармашылыққа мынадай анықтама береді.
Шығармашылық - бұл өте күрделі психологиялық прцесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән деп көрсетіледі. Бірақ біз осы айтылғанның: Шығармашылық барлық адамға бірдей тән бе? Шығармашылық кез-келген адамның бойында кездесеме? деген сұрақтар туындайтының аңғарамыз. Ия, біз ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді – деп қарастырып келдік.
Дж.Гильфорд, шығармашылық-әр түрлі бағытта жүретін ой түрі,- деп қарастырады.Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген:
Е.П.Торранс шығармашылық деп қабылдаудағы кемшіліктерді көру қабілеті,-деп түсіндіре отырып, құрамын төмендегідей сипаттайды:
1. Проблеманы шешуге жауапкершіліктің пайда болу процесі;
2. Проблеманы шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау;
3. Тексеру, болжам дұрыстығын тексеру;
4. Орындалған тапсырманың нәтижесін тауып, хабарлауы.
Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулаға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады екен. Сондықтан бала-бақшадан бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей әрі жүйелі, әрі сатылы түрде шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемдігін дамытып отыруы қажет дейді. Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең, алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп қалмай, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады. Мақтау сүйгіш, тәрбиеші жетегіне тез көнгіш - таптырмайтын тамаша қасиеттері бар кезең. Дегенмен, қайшылығы да мол кезең. Бала бойындағы қасиеттердің бар шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыс кезеңіндегі тиімді жағы: дүниені қиялына қиыстыра алады, белсенділік көрсетеді, жетелеп отыруға еріп отырады, үлкендердің ой-пікіріне қатты сенеді, сурет салуға құмар болып келеді.
Ал тиімсіз жағы: қиялы тұрақсыз, бір образды, сюжетті ұстап тұра алады, шығармашылықты ойын ретінде қабылдайды, бастаған ісін аяқтауға шыдамсыз, балаларды өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы, сөзді құбылтып, қолдануға шебер емес.
Міне, осы аталған жайттарды ескере отырып, әр сабақта балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып отырған дұрыс. Яғни бала әдемі, байыпты, мансатты ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П. Блонский сөзімен айтқанда, «ол-біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол-жануға тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана».
Оқыту барысында балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден тұратындығын, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз математигі Адашар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі. Олар: 1.Дайындық кезеңі. 2.Инкубация,ж асырын идеялар,тұйыққа тірелу кезеңі. 3.Интуицияның жарқ етуі. Эврика. 4.Тексеру кезеңі.
Ал А.Н.Лун шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі.Олар: 1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат. 2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу. 3.Проблемадан уақытша кету. 4.Интуицияның оянуы.Инсайт. 5.Нәтижесінің дұрыстығын тексеру.
Ал Б.Тұрғынбаеваның әдістемелік оқу құралында балаларға тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:
1.Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2.Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3.Шешімнің жарық көруі.
4.Шығармашылық ант.
5.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі «бас қатырулар» табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы Мектеп жасына дейінгі балаларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.
Бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық теріліп, бірі керісінше уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.
З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі.
Жеке тұлғаның жан-жақты
дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен
М.Н.Скаткин білім беру мазмұнынының
теориялық тұрғыда білім
Қазіргі таңда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін баланы неге үйрету керек, қалай үйрету керек, әлде оны өз үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін. Ол үшін оған алдымен тәрбиеші дайын болуы керек. Балаларды шығармашылыққа үйрету үшін:
-шығармашылықпен жеке-дара бала емес, топтың балалары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызуы керек;
-шығармашылық процеске баланы үзбей, сатылы түрде қатыстырған жөн;
-шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай тұрған дұрыс;
-бала жетістігін мадақтап, көтермелеу керек.
Осы бір ерекшеліктерді баланың шығармашылық қабілетінің дамуына дұрыс бағыттап, арнайы жаттықтыра отырып мақсатты түрде дамыту талантты, шығармашыл адамдар санын көбейтіп, ұлттың ұлыларын еселеуге үлес қосады. Жаңа құндылыққа негізделген педагогика бала бойына жаңашылдық дәнін ерте егуін, оның жаратушылық қабілеттерін тұрақты қолдап, дамытып отыруды көздейді. Ал мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы- ол баланың өзін-өзі қалыптастыруын, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте балалар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі сипаттамалар береді. Мысалы: И.Я.Бернер: « шығармашылық әрекет деп білім, білік,дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, обьектінің жаңа қызыметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.»
Абай Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ұлы ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: “Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады”.
Абай "жетінші қара сөзінде" баланың ақыл-ой, қабілеттілік туралы мынадай пікір айтады: "Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін тартып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ежетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тура жүгіріп, "ол немене?", "бұл не?", деп "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген" [8].
Баланың білсем, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын тәрбиеші-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Жалпы адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулердің қабілеті орташа, төмен болады. Өз қабілетіне сай маман иелері өмірде көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Дарын иесінің өз қабілеті арқылы жасаған жұмысы көпшілік тарапынан өте жоғары, орташа немесе төмен қабылдануы мүмкін. Бірақ адам жасаған жұмысы арқылы өзін көрсетеді.
Вольтер былай деп жазған болатын: «Белсенді қиял бөлек пәндерді өзара жақындастырады, бір-бірімен аралысып кететіндерді айырады, оларды үйлестіре отырып, өзгертеді. Шындығында тек үйлестіре қосып жатса да, ол жаңаны жасап жатыр деп ойлап қалуға болады» [10].
Баланың өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін дамытып, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Баланың жалпы дамуы мен ойлау әрекетінің сапасын жақсартып, дамытуда қызығушылықтың маңызын Л.С. Выготский де ашып көрсетеді. Ол баланың ойлау қабілетін белсендіретін және оған қажетті бағдар беретін, қажеттілігі мен қызығушылығын оятатын қозғаушы себептерге тоқталады. Ғалымның пайымдауынша, бала қабілетінің дамуы оның алға тез жылжуымен шектелмейді, ал оның жас мүмкіндігіне сәйкес келетін іс-әрекет түрлерін терең меңгере алуына, білім қорына және алған әсерлеріне байланысты болады.
Баланы қоршаған ортадағының бәрі қызықтырады, ол бойындағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, қолынан келетін іс-әрекет түрлеріне белсене араласады, өзінің әрі қарай дамуына жол ашады. Сөйтіп, қоршаған орта және іс-әрекет түрлерімен белсенділікпен жан-жақты танысу тек қана дамыған қызығушылықтың негізінде ғана мүмкін болады.
Шығармашылық - тарихи-қоғамдық мәні бар, жаңашылдыққа бағытталған әрекет. Баланың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшінің нығайып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Өйткені жеке тұлға туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзін-өзі жоюға да қабілетті болады. Шығармашылық - баланың танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Кез-келген бейнелеу және құрастыру әрекет негізінде шығармашылыққа жетеленеді: болжау алдын-ала білу, қорытындысын білу, сезу сияқты әрекеттер жүзеге асады. Болжап білу-адам әрекетінің мақсатты жемісі, ол мақсатты, перспективті әрекет етуді көздейді.
Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін тиімді әдіс - тәсілдермен дамыту тәрбиешінің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Тәрбиеші оқу мазмұнын түсіндіруде бала санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгертеді және баланы танымдық белсенділігін қалыптастырып, оларға бағыт беріп, жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту