Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа

Краткое описание

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4


1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25

2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32

2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64

Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

дипл жумыс.DOC

— 676.50 Кб (Скачать файл)

Эмиль Золя Франсуз суретшілерінің шығармашылықты талдай келіп, көркем шығармаларға;  «...бұл болмастың бір бөлігі, жалт етіп көрінген қан қызуы деген анықтама берді».

Суретшінің шығармашылық қызметінің қажетті шарты қабілеттіліктің, барлық психикалық процестердің айналадағы өмірді тез қабылдап, терең сезінетіндей дәрежеде болуы болып табылады. Суретшінің тәжірибесі неғұрлым бай болған сайын, оның шығармашылығы жан-жақты, жасаған образдары соғұрлым жетілген бола түседі.

Егер де көптеген суретшілердің  шығармашылығында өмірдің нақты  реалдылығына деген қызығушылық  материалдылық тұрмысқа дейінгі небір реалдылыққа деген тартымдылықпен ауыстырып отырса, біртұтас мәдени кеңістікте мүдделері мүлде қарама-қарсы екендігі айдан – анық бейнелеушілер мен мүшіншілер еңбек етуде. Таңғажайыптылыққа деген нәзік сезімталдыққа ие, елестік кейіпкерлерге жаны тартып тұратын суретшілер (А. Дузельханова, Д.Қасымов, т.б.) классикалық нақты нысандарда бізді қоршаған дүниеге танымды түрде адам мен кеңістік арасындағы үйлесімшілік идеясын абстракті тәсілмен шешуші жақтаушылар тәрізді жеткізе алды. Б.Табиевтің суреттеріңдегі орта ғасырлық қалалардың мешіттері мен тар көшелері, қоңырқай көгілдір түтін тәрізді ортадағы Шығыстың жұмсақ өмірін сипаттайды. Осы суретшілердің қаламдары арқылы берілген, адам және табиғаттың өмірі мен сұлулығының құпиясы, автор көзқарасының толғамдылық сезімділігімен, мәңгілік, тұрақты және даланың алтын көкжиегіне көгілдір аспанға төгілген құндылықтарды түсінумен, дала тұрғындарының қоңырқай келбеттерінің әдемілігімен ерекшеленеді. Авангардты түрде түсіндірілетін этнографиялық нотасы бар, өзгешелігі бар жаңа толқындар С.Смағұлов пен А.Смағұлова ары қарай дамытады. Елестеушіліктің еркін қалқуын түсіндіре отырып, С.Сүлейменова, А.Меңлібаева, З.Сұлтанғазина, М.Бекеев еркін және бейнелеушілік ойын  ары қарай жалғастырады [39].

Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған, кей жағдайда сол себепті қарапайым көрермен оны түсіне де бермейді. Суретшілер мектебінің қалыптастырылуы сатысының алдыңғы кезеңдеріндегі тәжірибелері, бүгінгі күні толық түсінуіміз болашақтың ісі екенін біле отырып, ұлттық өнердің тұтас, сыйымды, өзіндік сипатқа ие феномен бола отырып, біртұтас түрде жиналатын сияқты болады.

Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен, шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік копозицияларда қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан ролін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық критерийді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы процесс ұлттық менталитетке тығыз байланысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен  тығыз байланысты болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, орташалау, рәміздік, метофорлік немесе тіпті ашықтан – ашық метафизикалық сипатқа ие болды.

Өнердің белгілі бір  түрінде дағдыларды меңгеру шығармашылық үшін қажетті шарт болып табылады, өйткені мұнсыз суретші ойға алған образдарын нақты формада көрсете алмайды.

Шығармашылық ойларды  жүзеге асыру үшін сондай-ақ еңбексүйгіштік қажет. Мұнсыз ең тамаша ойдың өзі  жүзеге аспай қалуы мүмкін. Адамның барлық күш жігері алға қойған мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылып бағытталуы тиіс. И.Е.Репин: «Тіпті данышпандық талант кезінде де тек ұлы еңбекқорлар ғана өнерде форманы барынша жетілдіруге жете алады. Еңбекке қойылған осы бір қарапайым талап кез-келген данышпанның базасын құрайды» - деп жазған болатын.

Әрбір суретшінің шығармашылық процесі әр түрлі. Мұның өзі әркелкі, кейде образ жасаудағы ұзақ жол  болуы мүмкін. Сондықтан бұл процестегі негізгі кезеңдерді ғана белгілеп өтуге  болады.

Шығармашылықтың бастапқы кезеңі идеяның, ойдың пайда болуы болып табылады. Алғашқыда ол айқын, нақты емес болуы, оның нақтылап, идея нақты мазмұнға айналуы үшін уақыт талап етілуі мүмкін. Бұл ойды пісіру шығармашылық қызметтің екінші кезеңі болып табылдаы.

Үшінші кезең – ойды жүзеге асыру, мұның барысында онан әрі нақтылау, және мазмұн жасау, оны нақты формаларда көрсету жүреді.

Шығармашылық процесс көркем образдың пайда болуымен аяқталады. Бұл шығарманың онан әрі өмір сүруі оның қоғамдық маңызына – көпшілік адамдарға ықпалы, олардың ойлары мен сезімдерін тәрбиелеуіне байланысты болады. Сондықтан көркем шығарма неғұрлым жетілдірілген сайын, оның қоғамдық маңызы бағалы болады.

Сонымен, көркем шығармашылық дегеніміз қоршаған болмысты тану мен  образды бейнелеп берудің күрделі процесі болып табылады.

          Балалар шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшеліктері неде?

Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде – ойнағанда, сурет салғанда, мүсін  жасағанда, әңгімелегенде және т.б. қайталауға тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты бар. Бұл арада бала қоршаған дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға, қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімен нақты формаға көрсетіп беруге мүмкіндік алады.

Көркем шығармашылық  үшін қажетті жағдайлармен байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті процесінің ерекшеліктерін қарап көрелік.

Мектеп жасына дейінгі  ересек балаларда қабылдау мақсатқа бағытталған сипатқа ие болады. Олардың көпшілігі көзбен көріп сезінуге негізделеді, олардың көмегімен бала түсті, көлемді, форманы қабылдай алады. Бірақ балада тәжірибе әлі онша үлкен болмағандықтан, тек көру арқылы толық қабылдай алмайды, сондықтан неғұрлым толық елестетуге мүмкіндік беретін сезім түйсігі және басқа түсінулерді қабылдауға кіргізу қажет.

Дүниені көре білуге баланы үйрету – тәрбиеші міндеттерінің  бірі. Ал мұның өзі балаларға байқампаздықты, көргенгі ой елегінен өткізе білуін дамыту, яғни балалардың бойында ойлау, пікір айту, талдау, қорытындылар шығару қабілетін дамыту деген сөз.

5-6 жастағы бала айналасындағы  объектілерді қабылдай отырып, олардың  ерекшеліктерін бөліп алуға, талдауға, жинақтауға, өз қорытындыларын жасауға тырысады. Бірақ әзір бұлар үстірт дәрежелі, көбіне сурет үстінде жұмыс жасауда елеулі маңызы жоқ детальдар қызықтырады. Мұның өзі олардың зат туралы түсінігінің сипатына да, суреттегі немесе мүсіндегі бейнелеуге де әсерін тигізеді.

Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай балада барған сайын аналитикалық – синтетикалық ойлау дәрежесі көбірек дамиды, мұның бейнелеу процесі үшін маңызды мәні бар.

Іс-әрекетте қиялдай барған сайын үлкен роль атқара бастайды. Бірақ мектепке дейінгі кіші жастағы  балаларда қиял образдары әлі де болса тұрақсыз, үзінді түрінде болып келеді, бұл баланың суретіне де әсерін тигізеді. Жасы өскен сайын қиял байи түседі, балалар өз жұмысының мазмұнын өз бетімен ойлап тауып, жаңа образдарды кіргізе алады.

Бейнелеу іс-әрекетіне  ынтаның тууына, жасалған образға баланың көңілі мен сезімін шоғырландыруға жәрдемдесетін, қиялдай жұмысын күшейтетін эмоциялар үлкен роль атқарады.

Мектеп жасына дейінгі  балалар бейнелеу іскерлігін, дағдыларын меңгере алады. 2-3 жаста бала қалам  мен қылқаламды дұрыс ұстау, оларды пайдалану дағдысын жеңіл үйренеді. Алты жасқа қарай ол дағдылардың жеткілікті қорын игеріп, оларды саналы түрде қолдануға, жаң заттарды бейнелеу кезінде қажетті тәсілдерді өз бетімен таңдауға қабілетті болады.

Балалар шығармашылығының  мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерде баланың іс-әрекетінде шығармашылық бастаманың бар екенін сипаттайтын бірқатар белгілер атап көрсетіледі.

 Бұл – жұмыстың  бұрын игерілген тәсілдерін жаңа  мазмұнға қолдануда, алға қойылған  міндеттерді шешудің жаңа әдістерін табуда, түрлі бейнелеу құралдарының көмегімен өз сезімдерін әсерлі білдіруде белсенділік, дербестік және инициатива көрсету. Әуелі баланың айналадағыны бейнелеу іс-әрекетінде тануы шығармашылық көрініспен байланысты емес әрі материалдың қасиеттерін танып-білуде болып табылады, осының көмегімен бала әрекет жасайды: қаламдар мен бояулар қағаз бетінде із қалдырады, жұмсақ саз балшықтан мүсін жасауға болады.

Мұнан әрі бейнелеу іс-әрекеті  мен шығармашылық бастаманы дамыту үшін бұл кезең маңызды роль атқарады, өйткені бала өз ойын образдар арқылы көрсетіп бере алатын материалмен танысады.

Бала қаламның қалдырған  іздері әлденені білдіретінін түсініп, өз ынтасымен немесе ересек адамның  ұсынысымен қандай да бір заттың суретін  салуға ұмтыла бастағанда, оның іс-әрекеті бейнелеу сипатына ие болады. Балада ой, мақсат пайда болып, оларды жүзеге асыруға ұмтылады.

Сөйтіп, шығармашылық процестің  бірінші кезеңі – ойдың пайда  болуы баланың іс-әрекетінде де болады.  Бірақ егер суретшіде ой туғаннан кейін әдетте оны түсіндірудің, мазмұны мен орындау құралдарын ойластырудың ұзақ кезеңі басталатын болса, ал жас балада мұндай кезең көбіне болмайды. Бала анағұрлым жас болған сайын, ол өзінің ойлағанын тезірек орындауға кіріседі. Ол жұмыс нәтижесін және орындалу барысын әзір алдын ала болжай алмайды. Алдын ала ойластыру, жұмысты жоспарлау орындау процесімен бірге жүреді. Сондықтан балалар шығармашылығында бейнелеу процесінде жұмыс мазмұнының өзгеруі, сурет ішіне образға қатысы жоқ детальдардың еніп кетуі жиі кездеседі.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалар мазмұнын да, орындау құралдарын да алдын ала ойластырудың кейбір элементтеріне қабілетті болады. Ол өзінің таңдауы бойынша немесе берліген тақырыпқа нендей сурет салатынын немесе қандай мүсін жасайтынын, тақырыптағы басты нәрсе не екенін, неден бастау керектігін, бейнеленетін затты қалай орналастыратынын өз бетімен шеше алады.

Жұмыс процесінде бұл  жоспарды, оны тиісті мазмұнмен толықтыра  отырып жүзеге асырады.

Біз шығармашылық процестің  барлық үш кезеңі баланың іс-әрекетінде де бар екенін, бірақ бұл кезеңдердің ара қатынасы ересек суретшіге қарағанда басқаша болатынын көріп отырмыз.

Балалар бейнелеу шығармашылығындағы өзіндік ерекшелікті зерттеуге  кеңес педагогикасында бірқатар педагогикалық және психологиялық  зерттеулер арналды.

Балалар шығармашылығының анықтамасын алғашқылардың біріболып  Е.А.Флерина берді: «Балалардың бейнелеу творчествосын біз баланың қоршаған болмысты сурет, мүсін, конструкциялау арқылы саналы түрде бейнелеуі, қиялдау  жұмысына, өз бақылауларын елестетуге құрылған бейнелеу, сондай-ақ олардың сөз, картина жәнебасқа өнер түрлері арқылы алған әсерлері деп білеміз. Бала айналадағыны енжер көшіре салмай, оны жинақталған тәжірибесі мен бейнелеп отырған затқа қатынасы байланысты қайта жасайды».

Балалар шығармашылығын онан әрі зерттеу бұл анықтаманы бұрынғыдан да тереңдете түсті. Н.П.Сакулина баланың бейнелеу іс-әрекетін бейнелеуге, яғни заттың суретін дұрыс сала білу қабілеті, сурет салушының оған қатынасын көрсететін образ жасау қабілеті ретінде алып қарайды. Осылай білдіру қабілетінің өзі де балалар шығармашылығының бастамасының көрсеткіші болып табылады.

Балалар салған суреттердің  олардың жасына қарап өзгеріп  отыратындығын зерттеген В.Штерн, Г.Фольккельд, К.Бюлер, Дж.Селди, Л.Мак-Картн  тағы басқа авторлар өз еңбектерінде төмендегідей шешімдерге келді:

  1. 5-7 жастағы балалардан өздеріне жақсы таныс зарттардың қате, көбіне барынша кеміс етіп салынған байнелерін ала отырып, авторлар осы суреттер балалардың барынша қате түсінігінің дәл жаңғыртылуы, яғни бейнелеу бейнелеу мен теңестіріледі деп дәлелденген.
  2. Балалардың заттарды бейнеленуіндегі тұрақты процесті байқай отырып, В.Штернге ілесе, балалар салған суреттер бойынша олардың түсінігінің: дүниедегі бар заттарды бейнелеудің барынша ұсақ салынған, схемаға құрылған және осыған тән «символикалық» белгілерінен бастап, заттардың шын суреттеріне дейінгі даму сатыларын анықтайды, яғни бала дұрыс түсінікке өсіп жетілетіндей.
  3. Заттарды бейнелеудегі әрбір жаңа кезеңнің тууы және олардың өмір сүру мерзімі баланың жас шамасына сәйкес анықталады, яғни биологиялық факторлардың әрекетіне байланысты. Үйрету баланы бейнелей білудің жоғары сатысына көтере алмайлы [40,41,42,43,44,45].

Бірақ көптеген мектепке дейінгі балалар педагогтары  мен төменгі класс оқушыларының сурет мұғалімдерінің, сондай-ақ арнайы психологиялық зерттеулердің нәтижелері кейбір  психологтар қолдап, дамытып отырған бала түсінігі туралы кереғар ілімді батыл түрде жоққа шығарды. Ең алдымен мектепке дейінгі бала ойындағы зат образы ол салған сурет бейнесімен тепе-тең еместігі нанымды дәлелдеген. Тіпті 5,6 жастағы балалардың өзі адам суретін барынша кеміс, ұқсамайтын етіп сала отырып, оны таңдамайды, бірақ басқаларынан гөрі өзі салған суретін, «ең тамаша» деп есептейді.

 Әдетте олар шындығында  дұрыс салынған суретке сенімді  түрде әділ бағаларын береді. Балалар көп қателік жібере отырып, сурет салады немесе тіпті дайын формалардан бүтін фигураны жасайды. Осы қателерді және оларға балалардың көзқарасын талдау, қателердің ең жиі кездесетін себебі балалардың заттардың кеңістіктік белгілері мен оның бөлімдері және бүтін заттардың өзара қатынасын көре білмеуінен болатындығын дәлелдеді. Мектепке дейінгі бала өмірінің уақыты – бұл оны үлкендердің үйретуге кеткен уақыты, яғни тәрбиешілердің тәрбиеленушілерге ықпал жасаудың педаогиканың арнаулы сиитемасын пайдалануға кеткен уақыты.

    Әрине, заттарды  қабылдай білмеуіне байланысты  балалар түсінігінің өзіне тән  көптеген ерекшеліктері болады, сондықтан да баланың, әсіресе  бұрын таныс емес зат туралы  елесі көбінесе көмескі, дәл  емес және әлсіз болып келеді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту