Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.
Кіріспе..........................................................................................................................4
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25
2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45
3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64
Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73
Бала есінің
үзінді түрінде болатындығы –
олардың қабылдауындағы «
Есте сақтаудағы
мұндай қателіктер балалр
Мағыналық есте
сақтау туралы жан-жақтырақ
Адамның материалды
қалай қабылдағандығынан оның
есінде сақталуға тиісті
Мектепке дейінгі балаларға жоспарды суреттердің орналасу реті бойынша жасауға болады. Мұндай иллюстрациялар болмаған жерде бала ертегінің басында және аяғында қандай суреттер салуға болатындығын ғана айтып бере алады. Қабылданған текстің жоспарын жасау жолында жүргізген осындай жұмыс оны есте сақтауда ғана емес, жалпы ой қызметін дұрыс жолға қойып, жаттықтыруда да аса пайдалы болып шығады.
Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер құлағымен естігендерді жақсы қалдырады. Осындай ерекшеліктер балалар арасында жиі кездеседі.
Мектепке дейінгі шақта бала, өзіндік тәжірибеге ие болады, яғни ол жүйелі түрде реттеледі: білімі жинақталады, бірінші кезекте алғашқы түсініктері пайда болады, мектепке дейінгі балаларда әдет, қылық та бірқалыпты дағдыланады. Барлығы көп жағдайда көп мөлшерде және белгілі бір мерзімге дейін ойда қалады, сезімге сай болады. Мектепке дейінгі балалардың әрі қарай ақыл-ойы дамуының көрнекілік есте үлкен мағызы бар, яғни интенсивті түрде мектепке дейінгі жаста дамиды.
Бірінші кезекте қоршаған ортадағы адамдардың мінез-құлқы, іс-қимылы жөнінде және жеміс-жидектер, ағаштар, аңдар, құстар жөнінде мағлұматтары болады және уақыт өте олар көбейе береді.
Іс-қимылдардың ерекшелігі, тұйықтық, жүйе-сөздік, қозғалу сияқты ерекшеліктер, әр түрде мектепке дейінгі іс-әрекетке тән, яғни оның есте сақтау қабілетіне байланысты, оның бейнелеуі сондай болады. Көбінесе, балаларға арналған суреттерді көргенде оны қабылдайды.
Сонымен қатар балалардың жасына қарай олардың суреттері өзгере бастайды, бұл өзгеріс әр кезде белгілі бір ретпен жүреді.
Мұндай бақылау, теорияның туындауына мүмкіндік береді, ол келесідей негізге ие болады:
1.Мектепке дейінгі балаларға арналған суреттерде олардың ерекшелігіне қарай болады. Салынған объектінің қатесі және тіпті, мысалы, адамның денесінің, жануарлардың бейнесі қанша қорқынышты болса да, бес жастағы бала өзіндік бейнесімен қабылдайды.
2.Жалпы мектепке дейінгі
а) каракуль сатысы.
б) сызба сатысы.
в) сызбасыз сатысы.
4 жасқа дейін бала,
қаламды қағаз үстіне жүргізіп,
алынған каракульдан
Сызба сатысында бейненің сызбаларын мынаумен көрсетіледі:
а) суретте негізгі бөліктері жоқ;
б) бейненің бүкіл формасы не белгілі бір бөлігінде оқыс қате жіберілген: адамның үшбұрышты, төртбұрышты, қолдары-таяқша тәрізді немесе қиық-қиық;
в) бөліктің пропорциясы бұзылған: басы үлкен, аятары қысқа, қолдары ұзын, дене-бітімі кішкентаай;
г) бөліктердің мөлшері көбейтілген немесе қысқартылған: бір немесе үш қол, екі мұрын немесе екі ауыз;
д) барлық дене пішінде және жеке бөліктерде айтарлықтай қате бар: ауыз және мұрын бастың сыртында салынған қолдары басынан немесе белінен, бөксе бөлігінен шығарылған, аяғы басқа жаққа бұрылып, салынған, екі көз де бір беткейде салынған және т. б.
е) артық нәрселер салынғанымен, негізгі бөліктер бөлінбеген: адамның жидесінде ілгегі бар; тісінде түтікше бір темекі тартатын, бірақ аяқ-қолы жоқ және т. б.
ж) бейнелеудің мөлдірлігі: қалпақ ішінен шаш көрінеді, шалбардан аяғы көрініп тұр.
3. Мектепке дейінгі
баланың жасына қарай
4. Мектепке дейінгі бала бір нәрсенің, яғни ол (көріп тұрған немесе ол білетін нәрсе емес) өзінің суретінде бейнемелі түрде, ұқсастырып өзіне эмоционалды түрде қатты әсер еткен нәрсені салады. Сондықтан балаға қадағалап айтудың керегі жоқ. Оның жасына сай бір затты бейнелуін өзгерту мүмкін емес, ол табиғи құбылыс.
Заттық бейнені қолданудағы және қалыптасудағы әрекетінің ролі.
Дайын күйіндегі суреттерді қоюдың жүргізілген әдісі бойынша, мектепке дейінгі балаларда ол жөнінде оның миға әсер ететін пассивті әрекетінің нәтижесінде ол зат жайында ешқандай емес қалмайды, ал оның қалыптасуы үшін, сонымен бірге қабылдануы үшін, 5 және 7 жас аралығындағы балаға міндетті түрде тәжірибелік-құрастырмалы, бейнемелі-әрекет болу керек. Мектепке дейінгі балалар әртүрлі дәрежедегі қиындықта суреттер құрастырған, бір-біріне ұқсамайтынәртүрлі құрылымда, екі-үш және одан да көп фигуралар қолданды.
Балалардың жұмыстарын
қадағалау нәтижесінде
1.Сақталған елестің қайта
Мұндай процесті елес деп
2. Балалардың суретінде және әсіресе оладың жұмыстарында дайын күйінде суреттерді қою әсіресе сақталған бейненің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады.
Бұл жөнінде Э.И.Маствилискердің тәжірибесі негіз бола алады. Мектепке дейінгі балаларға жақсы таныс үш аң суретін салу керек болды үшеуінің бөлек-бөлек және белгілі бір бөлігі салыну керек. Алынған нәтиже өзінің бейнесін көрсетеді. Тіпті алты жасар бала еміс-еміс жақсы білетін: аю, ешкі, және жылқы суреттерінің өзіндік формасын салады.
2.3 |
Ересек жастағы балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетіндегі шығармашылық |
Соңғы жылдардағы зерттеулер
мектеп жасына дейінгі баланың іс-
Балалардың образ жасаудағы әсерлі құралдарына тоқталамыз.
Шығармашылықтың ең бастапқы кезеңінде, бейнелеу формасы өте қарапайым болған кезде, бала образды жанды, нақты, әрекет етуші түрде ойлайды.
Бұл кезеңде бейнелеу құралдарын жеткілікті дәржеде игере алмай, ол осы іс-әрекетті дыбыстармен, ым-ишарамен, қимылмен білдіреді. «Міне мотор от алды, ж-ж-ж, машина жүріп те кетті! Ал мына бала машина соңынан жүгіріп барады» - дейді бала: содан соң қимылды бейнелей отырып, суретті үстел бетімен қозғалта бастайды.
Тіпті мектеп жасына дейінгі ересек балала, оларда қажетті дағдылар бар болғанның өзінде, кейде образдың әсерлілігін күшейту үшін сөзді пайдаланады.
Зерттеулерде ең алдымен балалар жасаған барлық образдардың негізінде нақты шындық бар екені атап көрсетіледі. Тіпті бала фантастикалық образ жасаған кездің өзінде нақтылыққа көбірек бой ұрады.
Мысалы, Тоты құсты көз алдына елестетіп, бейнелеу үшін оған шын мәнінде тіршілік ететін құстар туралы дұрыс түсінігі болуы, ал содан соң Тоты құстың қиял-ғажайып бейнесі әдеттегі құстардан немен ерекшеленетіні ойлап алуы, яғни нақты белгілерді тылсымды белгілермен біріктіре отырып, біртұтас образ жасауы керек.
Бала жасаған тұтас образға оның жас мөлшерін ескере отырып қарау қажет. Жас бала заттың толық бейнесін «барлық бөліктері мен детальдарын, олардың арақатынасын сақтай отырып) бере алмайды. Алғашқы суреттерде, мүсіндерде көбіне өте елеулі детальдар болмайды.
Тіпті мектеп жасына дейінгі ересек балалардың өздерінде заттың формалары мен оның бөліктері жалпыланған, бірақ заттың барлық конструкциясы, алуан түрлі детальдардың болуы баланың шындыққа сәйкес келетін образ жасауға ынтасының бар екенін дәлелдейді.
Образдың әсерлілігіне
жағдайды жасайтын бейнелеу детальдары
мен қосымша заттардың
Суретші детальдарды іріктеуге саналы түрде көше отырып, образды ашуға жәрдемдесетін детальдарды ғана бейнелейді.
Балаға әсіресе сәби жаста, детальдарды бейнелеуде кездейсоқтық элемент тән. Ол бейнеленген детальдардың барлығы бірдей әсерлілікті күшейте бермейді. Ал кейде әсерлі детальдар әдейі ойланбай-ақ кездейсоқ пайда болады.
Мектепке дейінгі ересек жаста, жұмысты жоспарлау қабілетіне тәрбиеленіп жатқан кезде, бала сол бір образға тән детальдарды іріктеп ала бастайды. Мұның өзінде олардың маңыздылығының көрсеткіші басқалардың бәрінен анағұрлым мұқият әзірленуі болып табылады. Мысалы, бала башмағын жоғалтқан Маша-ұмытшақтың мүсінін жасады. Башмақ орындық үстінде тұрған күйде бейнеленген. Қыз оны мүмкіндігінше нақтылап, бау-жіптері мен оларға арналған тесіктерге дейін мүсіндеп жасауға тырысқан. Ал башмағын іздеп орындық астына кірген Маша өзі өте жалпылама бейнеленген. Сірә, бала үшін осы көріністегі ең елеулісі Машаның іздеп жүргенінің нақ өзі болса керек.
Бейнеленетін кейіпкерлердің
психологиялық жай-күйін
Бірақ тіпті кішкентай (3-4 жастағы) баланың өзі қандай да бір нақты заттың суретін сала отырып, өзі үшін елеулі болып табылатын детальдарды жиі бейнелейді. Әрі нақ сол детальдар образды өте әсерлі етеді.
Бірақ балалар үшін образдың осындай басты әсерлі белгілерімен қатар олар қағаздағы бос кеңістіктерді толтыруға тырысып, шөпті,ұшып бара жатқан самолетті жиі салады.
Мектеп жасына дейінгі
балалар үшін неғұрлым оңай әсерлілік
құралдары түрлі түсті
Бейнелеу өнерінде түс көркем ойды, шығарма идеясын білдірудің маңызды құралы болып табылады. Оның пайдаланылуы шығарма мазмұнымен тығыз байланыста болады. Оның өзіндік маңызы жоқ. Түс контрастары картинадағы басты нәрсені бөліп көрсету үшін пайдаланылады; түс көңіл күйді білдіреді; қара, күңгірт өң – мазмұны мұңды картиналарда басым болады.
Мектеп жасына дейінгі
бала түсті мұншалықты алуан
түрлі планда пайдалана
Көптеген бояу түстерімен таныса отырып, 4-5 жастағы балалар оларды бейнені әсем, сәнді етуге көмектесетін әсерлілік құралдары ретінде жиі пайдаланады, яғни оны декоративті (сәндік) планда пайдаланады. Мұнда да нақты бояу түсінің бұзылуы байқалады, өйткені баланы алдымен түстердің ашық контрасты үйлесімі өзіне тартады. Бұл декоративтілік кейде образ сипатына қарама- қайшы келуі мүмкін.
Біртіндеп мектеп жасына дейінгі ересек балалар түрлі реңктерге ие бола отырып, декоративтік боямалаудан ауытқып кетеді. Қабылдаудың және эстететикалық сезімдердің дамуымен олар образдың көңіл-күйін беру үшін түсті пайдалана бастайды. Солай бола тұрғанымен түсті эмоциялық планда да пайдаланады: өзіне ұнағандарын ашық өңмен, сүйкімсіз, қорқынышты образдарды қарақошқыл өңмен бояйды.
Баланың бейнеленіп отырған
затқа эмоциялық қатынасын
Бұл ертегі тақырыптарына сурет салуда өте айқын көрінеді. Мысалы, Мыстан кемпірді балалар қоңыр қара түспен, ал жағымды кейіпкерлер – Василиса аруды, Иван ханзаданы алуан түрлі ашық бояулармен салады. Бейнеленушіге деген өз қатынасын мектеп жасына дейінгі балалар шындықты бұрмалайтын басқа да құралдармен береді. Бірақ бұл бұрмалаушылық образдың маңыздылығын, әсерлігін күшейтуге деген тілек нәтижесінінде туады. Мәселен, кейде олар әлде нені бөліп көрсеткісі келіп, дұрыс пропорциялы ара қатынас өзгертеді мысалы, суретте көбелектер көлемі жағынан балалардың өзінен үлкен , мұнсыз бұл көбелектерге әдемі ою-өрнектерді салуға болмайды.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту