Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа

Краткое описание

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4


1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25

2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32

2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64

Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

дипл жумыс.DOC

— 676.50 Кб (Скачать файл)

Балалардың  шығармашылық қабілеттерін дамытудың  табысты болуы олардың айналасындағыны бақылай білуі, болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды анықтап, жалпы және жеке белгілерді бөліп көрсете білуі қаншалықты дамитынына байланысты. Баланы арнаулы бейнелеу тәсілдеріне, түрлі бейнгелеу материалдарын пайдалану әдістеріне үйрету қажет. Тек сабақта жүйелі түрде үйрету процесінде ғана балалардың қабілеттері қалыптасады.

Балабақшада бейнелеу және құрастыру әрекеті жөніндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде шартты түрде көрнекі және сөздік деп бөлінетін тәсілдер пайдаланылады. Балалар бақшасына тән тәсілдер тобы ойын тәсілдерін құрайды. Ал үйрету тәсілі сабақтардағы іс-әрекеттердің ерекшелігін анықтамайды бар болғаны тар көлемде үйрету маңызына ие, неғұрлым жеке, көмекші құрал.

Заттарды пайдалану.

Натурамен жұмыс  жасау затты белгілі бір қашықтықта, сурет салушының көзіне қатысы жағынан ол қандай болса, сондай жағдайда бейнелеуді көздейді. Оны неғұрлым сипаты жағынан қабылдайтындай етіп орналастырады. Тәрбиеші натураны балалармен бірге егжей-тегжейлі қарап шығып, талдау процесіне бағыт беріп, оны сөзбен және ым-ишарамен жеңілдетіп отырған жөн. Мысалы, ересектер тобында шырша бұтағының натурасынан сурет салған кезде балалар бұтақшалардың орналасуын кеңістікте, сол жақ пен оң жақ бұтақшалар тармақтары мен көлемін беріп, қара қошқыл немесе ашық өңде қалың қылқан жапырақтардың суретін салады. Осы мақсатта жапырақтар, бұтақтар, гүлдер, жемістер мен ойыншықтарды пайдалануға болады.

Үлгіні пайдалану.

Натура сияқты үлгі де үйрету әдісі және жекелеген  тәсіл ретінде де пайдаланылады. Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде көбінесе декоративтік және конструкциялық жұмыстарда үлгі үйрету әдісі ретінде қолданылады.

Балалар үлгілерден ою-өрнек элементтерін көшіріп алуға, элементтердің орналасуы және үйлестіруге үйренеді.  Үлгілерді пайдалану сол сабақтардың алдындағы міндеттерімен анқталады. Мәселен, үлгі тәрбиешінің арнайы нұсқауынсыз ұсынылуы мүмкін, балалар оны көріп алып, өз беттерімен орындайды. Бұл жағдайда үлгіні қолдану баланың сыни тұрғысынан ойлауны арттырады.

Кейде үлгі үйрету тәсілі ретінде де пайдаланылады. Мысалы, заттың суретін салғанда, мүсінін жасағанда  үлгі көшіру мақсатында емес, бейнелеп отырған зат туралы балалардың түсінігін нақтылау үшін пайдаланылады.

Картиналарды пайдалану.

Картиналар негізінен балалардың қоршаған болмыс туралы түсініктерін нақтылау үшін бейнелеу құралдары мен тәсілдерін анықтау үшін қолданылады.

Картина көркем шығарма ретінде образдарды әдемі әрі әсерлі береді. Осы кезде балалардың шығармашығын арттыру үшін сабақ барысында қандай да бір детальдарды нақтылау үшін картинаны кейбір балаларға көрсетіп алу қажет, бұдан кейін картинаны алып тастау керек. Себебі оны одан әрі көріп қабылдау көшіруге әкеліп соғады.

Олардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мақсатында аяқталмаған картинаны ұсынуға болады. Тәрбиеші сұрақтар қойып нақтылау арқылы сурет салдыруға болады.

Балабақшада шығармашылық саласы аясында өтетін сурет салу, жапсыру, мүсіндеу сабақтары балаларды бейнелеу өнеріне баулуда жетекші роль атқарады.

Сурет алуды  заттық, затқа қарап сурет салу, сәндік бейнелеу, сюжеттік сурет салу деп бөлеміз.

  Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты – балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануға көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрену.  Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс-әрекетінің басты міндеті – олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін бейнелеу құралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын образын жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда жүзеге асады.

Бейнелеу өнерінің тағы бір түрі – мүсіндеу. Мүсіндеудің  бейнелеу және техникалық құралдарын меңгеру сәбилер үшін қиынға соғады. Сондықтанда тәрбиеші мүсіндеуге арналған материалдарды мұқият іріктуіне үйретудің мазмұны мен тәсілдеріне ұқыпты қарайды.

Балабақшада мүсіндеуге саз балшық пен пластилин қолданылады. Мектеп жасына дейінгі  балалар жанды нәрселерді мүсіндеу кезінде неғұрлым айқын сипаттық белгілерін бейнелей алады, ал негізгі бөліктерінің формасын жалпылама күйінде қалдырады. Сондықтан да тәрбиешілер балаларды заттың негізгі формасын соларға тән өзгеше сипаттарымен бейнелей білуге үйреткені маңызды. Ересек тобындағыларды заттардың өзара ұйқастығы мен айырмашылықтарын өзара кеңістіктегі орналасуын, сипаттық белгілерін тани білуге үйренткен дұрыс.

Жапсыру (аппликация латын  тілінен шыққан – үстіне қою, салу дген мағ. білдіреді)   негізгі фонға сәндік және тақырыптық формалардағы қиындыларды жапсыру арқылы әр түрлі заттарды көркем безендіру үшін қолданылады.

Балабақшада аппликациялық  жұмыстардың дайны формалаларын жапсыру (сәндік-геометриялық және өсімдік  формаларынан, затттық – жеке бқлмектерде  және т.б.) мен кесу формаларды жапсыру ( жеке заттарды, сюжетттік, сәндік) сияқты түрлерін қолданады.

Балалардың  қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жапсырудың үлкен мүмкіндіктері бар. Айталық, ою-өрнекті  өздері кескен дайын геометриялық фигуралардан болмасын құрастыруларына болады. Сәндеу жұмыстарда  дайын формаларды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың бар зейінін ою-өрнектегі элементтерді белгілі ырғақпен қайталап отыруға, үйлесімді, әдемі түстерді таба білуге бағыштауға мүмкіндік береді.

 

 

3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың бейнелеу және құрастыру дамыту мақсатында баларларға тапсырмалар кешені мен  жаттығулар берілді. Бұл жаттығулар мен тапсырмалар балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытуға әсер етеді.

Балаларға кейбір айырмашылықтары бар екі сурет беріледі. Бір бұл процесте балалар журналында жарияланатын аналогиялық тапсырмалар қолданылады. Барлық айырмашылықтарды табу керек. Суреттер бір уақытта немесе кезектестіріліп беріледі. Суреттерде басқа, геометриялық фигуралар мен сандық қатарлар қолданылады, олар элименттердің ретін айқындайды.

Ынталы суретші. Балаларға  есте сақтау арқылы өзінің құрбысының сырт келбетін суреттеу аймақтың көлемін  сипаттау тапсырылады, және т.б.

Суреттерді  санына сәйкес  толықтыру, суреттерді бояу, нүктелерді қосу, геометриялық  фигуралардың кеңістікте  орналасуына орай бояу, пішіндерді  жинақтай келе белгілі бір бейнені  жасауға болатынын, қорытынды  жасай білуге баланы дағдыландыру,  жаттығуларды балалардың жасына  сәйкес педогог өзінің шығармашылық  ізденісімен толықтырып, баланың қабілетіне сәйкес түрлендіріп  отырады.

Баланың тілін  дамыту,  байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау  қабілеттерін жетілдіру, кеңістік, уақыт  ұғымдарын т.б тиянақтау ескеріледі. Балалардың мектепке дайындығын байқауда танымдық процестері (қабылдау, ес, ойлау, зейін, қиял т.б) мен  танымдық қаракетінің даму  дәрежесінің оның ынтасының даму  ерекшеліктерінің шешуші маңызы  бар.

Берілген  жаттығуларды ұйымдастыру арқылы мектепке дейінгі  балалардың бейнелеу қабілеттері және құрастыру әрекеттерін  дамытуға болады, және бұл жаттығулар балалардың шығармашылығын арттыруға әсер етеді.

 Алға  қойған мақсаттарға  жету үшін      5-6 жастағы балалардың  психологиялық ерекшеліктерін білуі  қажет. Бұл  жастағы балалар үйренуге  икемді: ол тіл құбылыстарын тез түсінеді және тілдің  құпияларын  түсінуге   тырысады. Олар қысқа тіл материалы оңай жаттап   алып,  оны айтып  бере алады. Өскен  сайын бала бұл қабілеттерін жоғалта  бастайды.

5-6  жастағы балалардың  қызығушылығы  мол. Жаңа  тақырыпты қабылдағанда  әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары  тұрақсыз  болып келеді. Балалар үлкендердің   2-3 минуттан  астам әңгімесін тыңдай  алмайды, сондықтан сабақ  түсіндіргенде  сұрақ - жауап тәсілін қолданған жөн. Олар  қимылсыз  ұзақ  отыра алмайды, тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15  минут сайын ойындар, жаттығулар өткізген  жөн  немесе   жұмыстың  түрін  өзгерту  қажет.

Жұмыстың   бір  түрінен  екінші  түріне, бір  іс-әрекеттен  екінші   іс-әрекетке  көше  отырып, балаларға  бағыт беріп  отыруды  ұмытпау  керек.

Қызықты  түрде түсіндірілген  тақырып тез және  жақсы  қабылданады.

Бұл  жастағы балалардың ой-өрісі  жақсы  дамыған болып  келеді  және  олар  шығармашылық  жұмысқа  жақсы  икемделген.

 Осыны  ескере  отырып, белгілі  бір  сөйлеу  үлгілерін  бекіту  үшін  ойыншықтар,  құрылыс құралдарын қолдануға  болады. Ойыннан  оқу іс-әрекетіне көшу   үшін  ойыншықтардан  суреттеуге   көшуге  болады.

5-6 жастағы балалар  жалпы  жасалған  нұсқаларды  қабылдамайды, сондықтан  тапсырма  беру  үшін әр  балаға  жеке ескерту  жасаған  жөн.

Балаларды болашақта мектеп  өміріне  үйрету  үшін  «сабақ  үстінде  тұруға  болмайды», «сұрақ  қойғың келсе  қолыңды көтер» деген ескертулерді айтып  отыру  керек. Олар бұл  ескертулерді  жылдың  аяғына қарай толық  орындайды. Бұл  ескертулер  сыпайы, өтініш  ретінде  айтылуы  керек. Әрине,  осы  ескертулер  орындалмаған  жағдайда  тәрбиеші  реніш емес, тек өкініш  қана  білдіруі  керек.

5-6 жастағы балалардың  мінездері  әр түрлі, оған себепші баланың  балабақшадан, отбасынан алған тәжірибесі  болып  табылады, сондықтан, тәрбиеші  баланың  жеке  ерекшеліктерін де  жақсы  білуі  тиіс.

Бала мектепке дейінгі шақта  сәбилік шақта  қалыптасқан қабылдау  іс-әрекетін меңгере отырып өтеді. Бұл  әрекеттер бала іс-әрекетінің жаңа  түрлерін бағыттап және реттеп  алдыменен заттардың шама жағынан  қатынастарының, пішіндерінің, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз  алдына елестету қажет болатын  тапсырмаларды орындауға, заттардың  күрделі қасиеттерін жекелей  қабылдауға, олардың айқын да  бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере  алмайды. Сондықтан баланың қабылдауын дамыту үшін бақылау жасату, қарап көру,  салыстыру, теңестіру, өзгерістерді байқауға  бейімдеу т.б.әдістерді қолдануға  болады. Ол сурет бойынша немесе  табиғаттағы қалыпты жағдайдағы  заттар, құбылыстар болуы мүмкін.

Сондай-ақ балалардың бейнелеу қабілетін және құрастыру әрекеттерін дамыту арқылы ойлау   қабілеттерін жетілдіру үшін, төмендегідей ойын жаттығулары мен қарапайым тапсырмаларды орындауға болады.

I. «Көкөністер».

Мақсаты: Логикалық  ойлауын, есте  сақтау қабілетін, зейінін дамыту, құрбыларының ұжымына кіруге  көмектесу.

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Әр балаға көкөніс  суреті таратылады. Әрқайсысы өзіндегі бар көкөністің  атын атайды. Тәрбиеші кез-келген  көкөністің атын айтқан кезде сол  көкөністің суретін ұстаған бала ортаға  жүгіріп шығады. Ойыншы ұсталып  қалмас үшін кез-келген көкөністің  атын атауы қажет. Өзіндегі бар  көкөністің атын естіген бала ортаға  жүгіріп шығады.

Енді осы  көкеністі ойынша суретін салады, кейін пластелинмен жасайды

II. «Жұмбақ суреттер».

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін, зейінін, сөйлеу белсенділігін дамыту.

      Балаларға заттық суреттерді  таңдап алуды ұсыну. Өзі таңдаған  суреттегі заттың атын  қатысушыларға атамай жұмбақ  түрінде жасырып сипаттап беруін  сұрау. Қатысушылар жасырылған  суреттің не зат екенін табуы шарт.

Екінші тапсырмасы: сол суреттегі затты мүсіндеу керек және мүсін жасауда бір  элементін қалдырып қою. Оны басқа  балалар анықтауы шарт.

III. Кескінделген  заттардың жеткіліксіз  бөліктерін  толықтыр.

Жауап: Кескінделген заттардың  жеткіліксіз бөліктерін бала анықтап  қарайды да оны карандашпен немесе фломастермен толықтырып суретін  салады.

 


 

 

IV.Тапсырма «Нүктелерден сурет шығар».

Нүктелерді  қос. Кескінделген  нәрселерді ата.

Жауап: Берілген суреттерді өздері  үстінен сызып салып, оны бояйды.

Мектепке дейінгі жас кезеңінде естің жедел дамиды. Баланы  мектепке дайындауда есте сақтау  қабілетін дамытудың маңызы зор. Олар көптеген ақпараттарды есте  сақтай алады. Бала есте сақтау тәсілдерін саналы түрде біртіндеп  меңгере бастайды. Баланың есте  сақтау қабілетін анықтауға төмендегі  тапсырмаларды орындауға болады.

V.Тапсырма «Екі бақа».

Екі бақаның  ұқсастығы мен  айырмашылығын  ата.

Жауап: Бала суреттерді мұқият қарап  олардың айырмашылығын, ұқсастығын ажыратуға зейінін  аудартады. Олардың киімінің  ерекшелігі, түр-түсі, қимыл-қозғалысы т.б. нақты көңіл бөлу ұсынылады.

VI.Тапсырма«Бір қарындашпен сурет салу».

Бір тапсырма кезінде  екі жұптың біріге отырып жұмыс істеуі негізінде өтеді. Қатысушылар жұп  құрып, үстелдерге отырады да, алдарына 1 қарындаш пен 1 парақ қағаз алады. Екеуі бір қарындаш (біреуі үстінен, екіншісі астынан ұстауы мүмкін) алып, бір уақытта сурет салуға тырысады. Оларға сурет туралы сөйлесуге немесе салатын сурет жөнінде келісіп алуға тыйым салынады. Бірге отырып салуға 5 минут уақыт беріледі. Аяқталған суреттің тақырыбын жазып, бұрышына қол қояды. Суретке бір атын ғана жазуға рұқсат етіледі. Біз көріп отырғандай, тапсырма бірте-бірте күрделене түсіп, бір-бірімен қарсыластар болуына мүмкіндік береді.

Тапсырманы орындап  болғаннан кейін қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр жұп өздерінің шығармаларын көрсетіп, оны суреттеп береді. Сондай-ақ олар сурет салу кезіндегі жағдайларды айтып береді. Кім бірінші салғанын, сурет салу кезінде кім басшы болды, кім оған бағынды, қарсы пікірлер болғанын, қалай жоспардың орындалғанын, қалай аталғанын, қолдың қойылғанына тоқталады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту