Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.
Кіріспе..........................................................................................................................4
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25
2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45
3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64
Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73
Баланың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту мүмкіндіктерін жетілдіруде баланың жас ерекшеліктерін есепке аламыз.
Г.С.Абрамов жастың өсуіне байланысты жаңа психикалық білімдердің қалыптасуын былай сатылап көрсетеді:
Осы даму ерекшеліктерінің
өзі бір-бірімен тығыз байланыс
Егер
мектеп жасына дейінгі
1-кесте - Бала психикалық даму кезеңдері
№ |
Балалықкезеңдері |
Жас аралығы |
Кезеңдердің басты шарттары |
1 |
Тікелей эмоционалдық қарым-қатынас жасау кезеңі |
Алғашқы күннен 1 жас |
Сәбиде басқалармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі, олармен психикалық ортақтығы қалыптасады. |
2 |
Заттың манипуляторлық қызмет кезеңі |
1-3 жас |
Өзіндік “Мен” қалыптасуының негізі болып табылады, бұл жаста сана қалыптасуы қатар жүре бастайды. |
3 |
Ойын қызметі кезеңі |
3-6 жас |
Баланың қиялдауы мен ақыл-ой қызметі жүзеге асырылады, тілі дамиды. |
4 |
Ойын қызметі кезеңі |
6-10 жас |
Оқу арқылы оқушылрадың теориялық санасы мен теориялық ойлауы, оқудың мотиві мен қажеттілігі дамиды. |
Ескертпе – Немовтың Психология атты оқу құралынан алынды. |
Балалардың оқу материалын жүйелі және мәніне қарай ұғынуында салыстыру ой операциясы негізгі рөлді атқарады. Салыстыру бір нәрсенің өзге нәрседен айырмашылығын немесе екеуінің де ұқсас жақтарын айыру болғандықтан, ой процестерінің ерекше түрі болып саналады. Оқу мазмұнын салыстыруда ой операциясының бірнеше түрі кездеседі. Сондықтан оны баланың оқуға деген ынтасын арттыру үшін пайдаланамыз.
Жапонияда оқыту
мен тәрбиелеу негізгілерінің бірі
ретінде баланың идеяларын
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев адамның танымдық қасиеттерінің табиғаты туралы отыз бірінші сөзінде: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек. Үшіншіден – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Бұл нәрселер – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер”- деп жазды [8].
Зерттеудің нәтижесін шығара келе, Л.С.Выготскийдің идеясы бойынша, екі даму аймағы анықталды, белсенді даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына өту, психологиялық жүйе ретінде жеке адамның қалыптасуына байланысты көрінеді. Бұған жетудің қажетті шарты оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетінде болады [24].
Сонымен, дамытушы экспериментті әлеуметтік эксперименттің бір түрі ретінде қалыптастыра отырып, оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің барысын және оның даму жолдарын анықтадық.
Академик Т.Тәжібаев: “…Балалардың психологиялық әрекетінің мазмұны және оның өсіп-даму заңдарын білуге сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмысын ғылыми жолмен ұйымдастырып, дұрыс жолға қоюға болады. Себебі, әр жастағы балалардың ғана емес, тіптен бір жастағы балалардың әрқайсысының жеке өзгешеліктерін, әсіресе психикалық әрекетінің өзгешеліктерін білмейінше, оқу-тәрбие жұмысын да көңілдегідей жүргізуге болмайды”,-деп мектептегі сабақты оқытылуы, оның нәтижесі – білімдік, тәрбиелік, оқушының іскерлік дағдыларын дамыту негізінде жүргізілуін талап етеді [30].
Тұлғаның дамуына қоғамның ықпалы отбасындағы тәрбие мен мектептегі оқыту арқылы жүргізіледі. Ұлы адамдардың өмірбаяндарының талдауына сүйенен отырып, Э.Г.Эйдемиллер осынау мәселелер бойынша алынған деректердің бірдей еместігін алға тартады: «Кей жағдайларда отбасы дарынды сәбилердің дамуы үшін барынша қолдау мен мүмкіндік туғызды; ал басқа жағдайларда олар шамадан тыс өбектеген немесе үстем болған анасымен, жолы болмаған әкесімен немесе бүтіндей алғанда, қолайсыз отбасында өткізген балалығының салдарын жеңуі тиіс болатын». Бұдан басқа, Э.Г. Эйдемиллер, құрдастары мен мектептің ықпалының маңыздылығын ерекше бөліп айтады [32].
Н.С. Лейтес, ақыл-ойы
дамуы ертерек өрлеген
Бала шығармашылығын анықтау диагностикасы белгілері мен көрсеткіштерінің мәселесі әлі күнге дейін толық қарастырылып зерттелмегені белгілі болды. Дегенмен де бірнеше еңбектерде диагностика жүргізуді ақыл-ой мен қабілет сияқты көрсеткіштерді межеге алу керек деген пікірлер басты нысанаға қойылған (2-кесте).
2-кесте - Бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде шығармашылыққа жетелеу
Факторлар |
Құрамды бөліктер |
Ерекшеліктерінің көрінісі |
Ақыл-ой |
Жалпы қабілетті лік |
- ерекше есте сақтау; - ауызша түсіну және ойды нақты баяндау; - сөйлеу шапшаңдығы, мол
сөздік қор; - ойлау өткірлігі (қабылдау жылдамдығы); - қабылдау кеңдігі (объектімен кең композициялар құру); - жүйелі білім құрылымы
(ақпаратты өңдеу, анализ- - аса жоғары тұрақталған көзқарас; - байқағыштық; - когнетивті қабілеттілік. |
Арнайы қабілетті лік |
- лингвистикалық (тілді қолдану қабілеттігі); - қисынды - математикалық (объектілермен, символдармен, белгілермен жұмыс жасау); - кеңістік (үлгілермен, фигуралармен, суреттермен жұмыс жасау
және көрермендерге ұсыну); - жеке тұлғалық (өз
сезімін басқару, ажырата білу,
сараптама жасау, | |
Шығармашы лық |
Шығармашылық ойлау |
- мәселені түсінушілік (олардың танылуы, табылуы); - шапшаңдық (түрлі
идеяларды генерациялаудағы - икемділік (мәселені
шешу мүмкіндігіне жеңіл ауысу) - идеал эталондарды құру мүмкіндігі. |
Шығарма шылық қабілетті ліктер |
- елестету (фантазия); - ассоциативті есте сақтау; - жоспарлау; - шешімдерді қабылдау; - шешімдерді жүзеге асыру; -зерттеушілік белсенділік; - эмоционалды белсенділік; - сезіну; -аналитикалық қабілеттіліктер
(идеяларды бағалай білу - өзін-өзі дамыту; - түпнұсқалы шешімдерге жету. |
Алғашқы және негізгі
кедергі, В.С.Юркевич түсінігінде
баланың өзгелерге ұқсауды
Сонымен қатар шығармашыл балалар қатарына белгілі бір іс-әрекеттер арқылы аса жарқын жетістіктер көрсете білген бүлдіршіндерді де жатқызуға болады.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жекетұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз - аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс».
«Даму диагностикасы» моделі. Бұл зерттеу нұсқасының авторы Ю.Д.Бабаев жүргізетін тренинг жаттығуларының тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне бала қабілеттерінің, мектептегі үлгерімінің, танымдық және шығармашылық белсенділігінің, сауалнама нәтижелерінің, сондай-ақ баланың мектептегі іс-әрекетін бақылау нәтижесінде алынған көрсеткіштерінің, отбасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар және т.б. өзгерістерді жатқызады.
2 |
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін бейнелеу өнері арқылы дамыту |
2.1 |
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекетін дамыту кезеңдері мен алғышарттары |
Балалардың қабілеттерін
анықтап, оларды дұрыс дамыту – аса
маңызды педагогикалық
Бейнелей білу қабілетін дамыту ең алдымен байқампаздыққа, айналадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігін көре білуге, оларды салыстырып, сипатты белгілерді бөліп көрсете білуге тәрбилеумен байланысты. Мұның үстіне баланың жасын ескермеуге, демек, 3 – 4 жастағы сәбиден, тіпті сурет салуға үйрету тым ерте басталғаннның өзінде, күрделі сюжетке құрылған суретті талап етуге болмайды. Оның ойлау қабілеті тиісті дәрежеде үйретілген мектеп жасына дейінгі ересек бала оңай шешетін мұндай тапсырмаларды шешу үшін қажетті деңгейге әлі жете қойған жоқ.
Бірақ жастары бірдей балалардың әр түрлі даму сатысында тұратыны белгілі. Мұндай өзі тәрбиеге, сондай – ақ баланың жалпы дамуына байланысты. Педогог мұны ұмытпауға тиіс, өйткені әрбір баламен жеке қарым – қатынас жасай білу – ойдағыдай тәрбие беру мен оқытудың басты жағдайларының бірі.
Кеңестік педагогика баланың дамуын жай сандық процесс ретінде емес, қоршаған дүниенің, ең алдымен тәрбиелеу мен үйретудің ықпалымен оның физикалық және психикалық ерекшеліктерінің сапалық өзгерісі ретінде алып қарайды.
Қабілеттіліктің дамуындағы бейнелеуге дейінгі кезең. Балалардың көркемдік қабілетінің дамуындағы бірінші кезең баланың қолына бейнелеу материалы – қағаз, қалам, саз, балшық кесегі, кубиктер, борлар және т.б. алғаш түскен сәттен басталады. Педогогикалық әдебиетте бұл кезең бейнелеуге дейінгі кезең деп аталады, өйткені бұл жерде әлі заттың бейнесі жоқ және тіпті әлденені бейнелеуге деген ой, құмарлық жоқ. Бұл кезең елеулі роль атқарады. Бала материалдардың қасиеттерімен танысып, бейнелеу формаларын жасау үшін қажетті алуан түрлі қол қимылдарын меңгереді.
Егер 5 – 6 жастағы және 2 – 3 жастағы балалардың қолына материал тұңғыш рет түскен болса, онда, әрине, ересек балаларда ой шапшаң туындайды, өйткені олардың қоршаған дүниені танып – білудегі тәжірибесі көбірек.
Бейнелеуге дейінгі кезең балалардың қабілетін онан әрі дамыту үшін өте маңызды.
Өздерінің шамасы келетін қимылдар мен қажетті формаларды көптеген балалар өз бетімен меңгере алмайды. Тәрбиеші балаларды еріксіз қимылдар жасаудан оларды шектеуге, көзбен бақылау жасауға, алуан түрлі қимыл формаларына, содан кейін жинақтаған тәжірибені сурет салғанда, мүсін жасағанда саналы түрде пайдалануға жетектеуге тиіс.
Біртіндеп баланың бойында заттарды, олардың әсерлі сипатын бере отырып бейнелеу пайда болады. Мұның өзі қабілеттіліктің онан әрі дамуын дәлелдейді. Балалар ассоциация жолымен қандай да бір затпен аса қарапайым формалары мен сызықтардағы ұқсастықты таба білуге үйренеді.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту