Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Логикалық  ой қорытындылары жетілуінің осындай схемасы ойдың басқа да үрдістерінде: себеп-салдарлық байланыстарды анықтауда (М.Н.Шардаковтың, Н.В.Гродскаяның, Г.П.Антонованың, А.А.Люблинскаяның және басқалардың зерттеулері), классификациялауда және жоспарлауды ойлап табуда, шешім іздеуді қажет ететін ересектердің сұрауларына  жауаптарында  сақталады.

Жоғарыда көрсетілгендей, ересек адамның ойлау үрдісі С1А — С2 схемасы бойынша өтеді. Ал кішкентай баланың ойлауына «аз уақыт қақтығысу» жолымен, яғни талдаудың толық сатысына соқпай, О-ден тікелей С2-ге қарай жүретін үрдіс тән. Ойлау – үрдісінің осы аса маңызды бөлігі кішкентай балалардың бүтіннің өзі ерекше көңіл аударған жеке элементтерін (бөлімдерін, белгілерін, белшектерін) ұстай алумен шектеледі. Ойлау үрдісінің бұлайша өтуі оқушыны логикаға қайшы сипатталатын шешімдер мен жауаптарға алып келеді.

Бала ойлауының осы сияқты ерекшеліктері олардың естіп немесе оқып жүрген, үлкен адамдардың іс-әрекеттері мен жұмыстары туралы ой-пікірлерінен де жиі көрініп отырады. Дәл осы ерекшеліктер жұмбақтарды шешуде, мақалдарды түсіндіруде және логикалық ойлауды қажет ететін, сөздік материалмен жұмыс істеудің басқа да формаларынан анық байқалады.

Мысалы, балаларға жұмбақ берілген: «Мен бәрін білемін, баршаны үйретемін, бірақ та өзім әрдайым үндемеймін. Менімен достасудың тетігі – әліппеге жетіктік». I және II сынып балаларының негізгі көпшілігі, III сыныптың кейбір оқушылары жылдам және сенімді жауап береді: «Мұғалима» («Ол бәрін біледі, бәрімізді оқытады»). Текстте тіпті «өзім әрдайым үндемеймін» деп айтылса да, ерекше кеңіл аударылмағандықтан, бұл аса маңызды элемент мүлде елеусіз қалады. Бұл жұмбақта бүтіннің басты элементі «баршаны оқытамын» сөздері болып, бірден қате жауаптың тууына себепші болды.

Немесе өзге жұмбақтың шешілуін алайық: «Аяз болса – жатады. Күн қыздырса – қашады, Мөлдір, бірақ шыны емес. Қыздырса – жинап үлгірмес» (муз). Балалар: «Аяз ата» («Ол көктемде күн қыздырса қашады»), «Мөлдір қағаз», «Күн суытса, ата кереуетте жатады» деген жауаптар қайырды.

Бастауыш сынып оқушыларына тән мұнда пайымдау логикасы мақалда айтылған ойды түсіну дәрежесінің төмендігіне айғақ болды. Сөйтіп, екінші жұмбақта алдыңғы планға «қашады» сөзі шықты, ал мәселенің барлық өзге  шарттары мен элементтері мәселенің мүлде «елеусіз» құрамды бөліктері болып қала берді. Мақалдарды теріп алумен де осылай болды, балалар жеке сөздердің ұқсастығын ғана пайдаланып, бүкіл мақалдың мағынасын ашу үшін өздерін қинап жатпады. Жоғарыда айтылған, бастауыш мектеп оқушыларынан астарлы сез мағынасын түсіне білмеуінің себебі де бала ойлауының тап осы ерекшелігіне байланысты. Бүтіннің элементтері арасындағы әр түрлі байланыстарды бейнелеудегі осы қиыншылыктар XX ғасырдың алғашқы  жартысындағы психологтардың 10-12 жасқа жетпеген бала ойлауы  табиғи  логикаға қайшы-мыс  деп тұжырымдауларына негіз болды.

Шынында да, мұндай логикаға қайшылық балалардың түрлі пайымдауларынан да, олардың ересектерге, не өзді-өзіне қоятын сұрауларынан да, I-IV сынып оқушыларының айтыстары мен дәлелдерінен «көрініп қалып тұрады». Мысалы: «Балық тірі ме, өлі ме?» – «Тірі». «Неліктен сен бұлай деп ойлайсың?» – «Өйткені ол жүзеді және аузын ашады». «Ал бөрене ше? Ол тірі емес! Не себепті бұлай? Ол да суда жүзеді ғой?» – «Иә, бірақ бөрене ағаш қой».

«Ағаштар неліктен қатты шулайды?» – «Өйткені, олардан жел жасалады».

«Жаңбыр қайдан келеді?» — «Бұлттан». «Ал бұлтқа ол қалай барады?» — «Ол шалшықтан құйылады». Бұл жерде балалар себеп пен салдарды айыра алмайды немесе олардың орнын ауыстырады. «Өйткені» сезін олар себептік байланыстарды белгілеу үшін емес, қатар қойылған фактілерді, бүтінді белгілеу үшін пайдаланады.

Балалардың  осындай пайымдаулары мен жауаптары неміс психологы Э.Мейман, француз А.Бинэ, швейцар психологтары Э.Клапаред және Ж.Пиаже  үшін логикалық ойлау бастауыш сынып балаларына қол жеткіліксіз, қиын деп тұжырым жасауға да негіз болды. Олардың ұғымдарды меңгеруге шамасы жетпейді - міс, нақ сондықтан да бастауыш мектеп балаларына басқа мазмұнды үйрету зиянды әрі пайдасыз.

Бастауыш білім беруді тек қана көрнекі әрі нақты заттарды қолдана отырып құру осындай тұжырымдарға негізделді. Мұндай оқыту оқушылардан практикалық ойлауды ғана талап етті. IV-V сыныпқа дейін логикалық  операцияларды орындауға жаттықпағандықтан, оларды баланың игере алмауы, сөзсіз, табиғи нәтиже. Балалардың байланыстарға, бәрінен бұрын құбылыстар арасындағы себептік тәуелділіктерге және өздері байқайтын заттар қызметіне қызығушылығы жайлы  оқушылардың сансыз жауаптары айтады.  Мысалы: «Машина (қар тазалайтын) жұмысты қалай істейді? Оның моторы қай  жерінде?», «Электр  энергиясы неден алынады?» және т. б.

Жоғарыда айтылғандар мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Логикалық ойлау баланың ақыл-ой дамуының жоғары сатысы бола тұрып,  дамудың  ұзақ  жолынан  өтеді.

Дамудың алғашқы сатыларында бала сезімдік тәжірибе жинақтайды және бірқатар нақты, көрнекі тапсырмаларды практикалық жолмен шешуді үйренеді. Сөзді меңгере отырып, ол мәселені «тұжырымдауға, сұраулар қоюға, дәлелдемелерді құрастыруға, пікір айтуға және қорытындылар, жасауға үйренеді. Бала ұғымдар мен ақыл-ой әрекетінің бірқатарын игереді. Бұл мүмкіндіктерді мұғалім, балаларды мектептегі жұмыстың  алғашқы күнінен бастап-ақ сөздік ойлаудың түрлі  операциялары мен формаларына үйрете отырып, орынды пайдалануға  тиіс.

 

 

2.2. Жеткіншектік  және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері 

Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасатын болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік іс-әрекеттерді меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе, арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді.

Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ, жоғары сынып оқушысының мамандық таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары сыныптарда оқытудың  даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер). Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау қажет.

Жасөспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағалаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады.

Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде өзіне. В.С.Мерлиннің осылай деп санайтындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде – ақ болады, «менді» ұғыну бала жіктеу есімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан болады. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін - өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.

Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау. Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады.

Жасөспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен салыстыру. («Қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп, орындап шықсам, қабілетті болғаным»). Бірақ жасөспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлық, даңғойлық – көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т.б. сынап көргісі келуден болады.

Кейбір психологтар жасөспірімдік рефлексияның өзін-өзі оқшаулау, шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар деп есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептеуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендегілерден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жатсыну жағдайлары аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айрылу сезімі ретінде, өз «менінің» бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқалар түсінбейтіндей көру және т.с. ретінде уайымдалады.

Алайда бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жасөспірімдік шақтың қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезіккеннің өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болатын өсу қиыншылықтары. Тұтас алғанда жасөспірімдік - өте бақытты шақ. Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жасөспірімдерде ғана немесе бұған дейінгі дамудың ерекшеліктерімен байланысты (өзін-өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы) оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатынастың олар үшін неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұрындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, ұйымшыл ұжым жағдайында тәрбиеленген жасөспірім жігіттер мен қыздардың көпшілігінде психологиялық оқшаулану мен рефлекция қарым-қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым – қатынастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.

Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатыстыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін - өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланысты. Жасөспірімдік рефлекция, бір жағынан, өзінің «менін» ұғыну («Мен кіммін? Мен қайданмын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын?»), ал, екінші жағынан, дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну («Менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де, айналамдағы дүние де жақсы болуы үшін мен не істеуге тиіспін?») болмақ. Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтар қояды. Екінші, неғұрлым жалпы, дүниетанымдық сұрақтарды жасөспірім адам қояды, онда өзіне - өзі талдау жасау әлеуметтік-адамгершілік тұрғыдан өзін - өзі анықтаудың элементіне айналады. Жасөспірімдік өмірлік жоспарлары көбіне қиялдағы сипатта болатыны сияқты бұл өзін-өзі талдау да көбіне қиялдағы сипатта болады. Бірақ өзін-өзі талдауды қажетсінудің өзі – дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты. Н.А.Добролюбовтың жас кезіндегі күнделігін оқығанда немесе Л.Н.Толстойдың «Жасөспірім» өзінің күнделіктерімен салыстырғанда үнемі өзіне - өзі қанағаттанбайтын  өздері алдарына қойған кейде аңғал болғанымен, шамадан тыс міндеттерді орындай алмай жүрген авторлардың ішкі драматизміне жаның ашиды. Алайда бұл өзін - өзі талдаудың тереңдігі адамның күрделілігін бейнелейтінін, ал өзіне биік талаптар қою – болашақтағы жетістіктердің бір шарты екенін көрмеуге болмайды.

Жасөспірімдік рефлекцияның тереңділігі мен интенсивтілігі көптеген әлеуметтік (әлеуметті тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсияның, экстраверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (жанұяда тәрбие алу жағдайлары, құрдастарымен қарым – қатынас, оқыған кітаптардың сипаты) факторларға байланысты, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген, жасөспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, енді екіншілері, керісінше, одан үрейлене қорқады, аз ғана уақыттың өзіне жалғыз қала алмайды, рефлексивтілігінің жетіспеушілігінен өздері ұғына алмайтын өз проблемаларынан қашқақтау үшін қарым – қатынаста болғысы келмей ме екен деген күдік туады. Ал, негізгі дені орташа жағдайда болады. Тәрбиеші бұл айырмашылықтарды біліп, ескеріп отыруға тиіс.

Дүниетанымның қалыптасуы. Балаң жастық – дүниетанымның қалыптасуындағы шешуші кезең. Әлбетте, дүниеге көзқарастың негіздері анағұрлым ерте, балалық кезден қаланады. Мұның өзі белгілі бір адамгершілік әдеттерді, нұсқауларды, жағымды, жағымсыз жайларды іс жүзінде меңгеруден басталады, бұлар кейіннен ұғынылып, мінез – құлықтың белгілі бір нормалары мен принциптеріне айналады. Алайда адам дамуының біршама жоғары сатысында ғана онда бұл принциптерді белгілі бір тұтас жүйеге жинақтау қажеттігі келіп шығады; ол оған айналасындағы дүниені түсініп қана қоймай, оны бағалауға, оған деген өз қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дүниетанымдық ізденістер айналадағы дүниенің қайсыбір жағын немесе өзінің мінез – құлқын болсын біршама асыра бағалаумен қатар жүреді.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері