Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Дүниетаным қалыптасуының бірінші көрсеткіші – дүниенің неғұрлым жалпы принциптеріне, табиғат пен адам болмысының әмбебап заңдарын танып білуге деген ынтаның өсуі. Мұның өзі кейде «пәлсапа соғу» түрінде болса да, жасөспірімдерді де бұл кезде қалыптасқан бытыраңқы мәліметтер мен фактілердің жиынтығын қорытуды барынша қажетсінушілік болады. Қоғамтану сабақтары, сондай-ақ философия жөніндегі факультативтік сабақтар немесе үйірмелер мұндай бір жүйеге келтіруді едәуір оңайлатады.

Дүниеге көзқарасты қалыптастыру танымдық белсенділікке барып саймайды. Бұл үрдісте көбіне өмірдің мәні туралы сұрақтың төңірегіне топтасатын түбегейлі әлеуметтік – адамгершілік мәселелерді шешу басты орын алады. Бұл сұрақ әдетте жалпыға ортақ, әмбебап формуланы талап ету сияқты жалпы түрінде қалыптасады. Бірақ іс жүзінде жасөспірім биологиялық немесе әлеуметтік эволюцияның жалпы бағыты қандай деген сұраққа ғана емес және бұл сұрақтан гөрі өзінің өмірін қоғамдық маңызы бар мазмұнмен қалай толықтыру керек деген сұраққа жауап іздейді. Нақ осы себептен өмірдің мәні туралы мәселе осындай интимдік әрі эмоциялық маңыз алады және оған дайын жауап болмайды.

Жасөспірімдердің ақыл-ой тәрбиесі – тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі, жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алуы және оқуы әрекеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізі ақыл-ой тәрбиесінен басталады.  

Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).

Білім мен ақыл егіз. Білім – ақылдың ажары – көркі. Оны халқымыздың: «Ақыл азбайды, білім тозбайды» - деген мақалынан көруге болады.

Жасөспірімдердің ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері:

1.Жеке тұлғаның сана – сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту.

2. Адамзат жасаған заттық  және рухани байлықтарды меңгеру. Оларды өмірде, практикада қолдана  білуге үйрету, дағдыландыру.

3. Баланы логикалық тұрғыда  дұрыс ойлай білуге үйрету.

Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы: «Әр түрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себептерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, оларды ақыл таразысына салып, әбден өлшеу керек»,- дейді.

«Ақыл енбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз...

Ақыл – мизам, өлшеу қыл», - дейді.

Ақыл адамға ғана тән жоғары қасиет деп сипаттайды Абай.

Оның міндеттері қандай?

1. Жасөспірімдерді қазіргі  заман талаптарына сай ғылым  негіздерімен терең және берік  қаруландыру.

2. Білім беру негізінде  жасөспірімдерде ғылыми – материалистік  көзқарасты қалыптастыру.

3. Балалардың таным қабілеттерін дамыту, олардың ойлай білуін, қиялы мен түйсігін дамыту.

4. Оқушыларды ғылымның  кейбір қарапайым әдістерімен  таныстырып, өздігінен оқудың тиімді  амалдарын меңгеруге үйрету.

5. Балалардың білімге  қызығуын арттырып, олардың бойында  өздігінен білім алуды молайтуды қажетсінуді қалыптастыру.

6. Ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру.

Ақыл-ой тәрбиенің мазмұнын табиғат, қоғам және адам туралы, қазіргі кездегі өндірістің негіздері жайлы білімдер жүйесі құрайды.

Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы – мектептегі оқыту. Ғылымға негізделген оқу пәндері. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат – міндеттер ғылымға негізделіп, оқыту процесінде жүзеге асады.

Ақыл-ой тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие. Халықтық тәлім – тәрбие оның тұрмыс – тіршілігімен тығыз байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет – ғұрпы, ой – санасы халық тағдырымен ұштасып жатады.

Қазақ халқында өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Ғалым А.Э. Измайлов халықтық тәлім-тәрбие жайында: «Қазақ халқының тәрбие саласындағы тәжірибесі көбінесе ұрпақтан – ұрпаққа ауызша түрде жалғасып халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал – мәтелдерінде сақталып, ұлттың салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады», - дейді.

Тұрмыстық-мәдени жағдайларға сай туып, қалыптасқан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан, сана-сезімінен туған бата сөздерінде, төрт түлікке сай өлең жырларында ерекше маңызға ие болған. Жұмбақ айтысының өзінде қанша тапқырлық, ақыл-ой тәрбиесі барын көруге болады.

Сонымен қатар қазақ халқы өзінің өмір тіршілігі, күн көріс кәсібімен байланысты жыл мезгілі құбылыстарының ерекшеліктерін бақылау, табиғатқа және жұлдыздарға қарап, ауа-райын алдын-ала болжау қасиеттерінің арқасында дараланған. Осының бәрі ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесіне қатысты алатын орны ерекше болған.

Бірінші бағыт. Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеу нысанасы. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – өзін адамгершілік қасиеттерге баулып, теріс қылықтарды жоюға бағытталған, адамның жүйелі және саналы әрекеті. Өзін - өзі тәрбиелеу жеке өз міндеттерін және ұжым талаптарына негізделген міндеттерді ерікті түрде орындау қабілетін нығайту және дамытуды әрі моральдық сезімдерді, қажетті тәртіп дағдыларын, ерік қасиеттерін қалыптастыруды талап етеді.

Өзін-өзі тәрбиелеу туралы көптеген ғалымдар түрлі пікірлер білдірген. Мүмкін, бәрі де дұрыс шығар. Бірақ, біздің ойымызша, жоғарыда көрсетілген анықтама толығырақ сияқты. Оның үстіне баланың өзін - өзі тәрбиелеуге ең бірінші баланың өзі, сонан кейін барып баланың жақындары, достары, ата – аналары, мұғалімдері ат салысуы тиіс. Осы бағытта:

Біріншіден, ата – ананың балаға өзін - өзі тәрбиелеу қажет екенін түсінуге көмектесу.

Екіншіден, балаға өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтерін түсінуіне көмектесу.

Үшіншіден, психологиялық қолдау және көтермелеу қажет.

Төртіншіден, өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесін түсініп, жаңа тапсырма беру.

Осы төрт бағытта да мұғалімдердің ақыл кеңесі қажет, олар әр уақытта ата-ана балаларға осы мәселе бойынша көмектесіп отырулары тиіс. Себебі бұл өте күрделі педагогикалық үрдіс.

Ендігі жерде өзін-өзі тәрбиелеудің шарттары мен жолдарына тоқталайық.

Өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары мынандай:

1. Тұлғаның өзін - өзі сендіруі;

2. Өзін-өзі бақылауы;

3. Өзін - өзі сынауы т.с.с.

Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру тәсілдері :

1. Тұлғаның мәдени ой - өрісін кеңейтуде көркем - әдеби  шығармаларын үзбей оқуы.

2. Мәдени ошақтарға үзбей  баруы /кино, театр, мұражай, көрме т.с.с./

3. Еңбек және соғыс  ардагерлерімен, өндіріс озаттарымен, өнер қайраткерлерімен қызықты  кездесулерге қатысуы.

4. Дене шынықтыру, спорт  ойындарымен айналысуы.

5. Қоғамдық тапсырмаларды  орындауы.

6. Арнайы күнделік дәптерін  жүргізуі

7. Өз мінез-құлқына баға беруі.

8. Өзінің алдына нақтылы  міндеттер қойып отыруы.

9. Ұстаздар тарапынан  тұлғаның мінез-құлқына, атқарған істерінің нәтижесіне бақылау – басшылық жасауы, ақыл-кеңес беруі, бағалауы, кемшілікті жоюдың жолдарын көрсетіп отыруы т.б. 

Өзін-өзі тәрбиелеуді баланың мектепке дейінгі жасынан бастап бастауға болады. Осы жастағы балалар қоршаған ортаның талап – тілектерін орындау үшін, сол ортаға бейімделеді, өзінің кемшілігін түзетеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сыныптағы балалар өзін-өзі тәрбиелеуді ішкі тәртіппен бастамайды. Олар оны сыртқы тәртіптен бастайды. Олар өзін-өзі тәрбиелемейді, олар тек тәртібін сыртқы ортаға сәйкестендіреді.

Еліктеу арқылы жетілу. Өзін-өзі тәрбиелеудің басы еліктеуде жатыр. Мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы бастауыш сынып, орталау сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуі еліктеуден басталады. Жасөспірімдер біртіндеп еліктеп, еліктеуден саналы тәртіпке көше бастайды. Ал жоғары сынып оқушыларының өзін - өзі тәрбиелеуі саналы түрде өседі, кемшіліктеріне талдау жасайды, оны түзетуге ұмтылады. Олар өздерінің даму жолдарына болжау жасап, соған жетудің бағытын қарастырады. Жасөспірімдердің өзін - өзі тәрбиелеуі өмірмен байланысып, шынайы жағдайда өтеді. Олар өздерін объект және субъект түрінде таниды. Осының арқасында оларға педагогикалық көмек көрсету, ата – анамен ұстаздармен қызметтес болу достық жағдайда өзін - өзі тәрбиелеу өз деңгейінде өтеді.

Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеудегі ұстаздың көмегі мына тұрғыда қаралады:

Біріншіден, жасөспірімнің өзін - өзі тәрбиелеуде қиындыққа ұшырап, сол мәселені шеше алмаған жағдайда көмекті мұғалім беруі тиіс. Көмек өте әдепті түрде берілгені жөн.

Екіншіден, жасөспірім өзіне міндеттеме беріп, осы міндеттемені өздігінен жоспар жасап орындауға тырысады. Адам өз міндеттемесін орындау үшін оған мақсат қояды. Міндет мақсат арқылы орындалады. Ол көрінген адамның қолынан келмейді. Оған жігер, қайрат, төзім керек. Ол – тұлғаның өмірлік бағдарламасы, ұстанған бағыты.

Өзін-өзі бағыт-бағдар жасау үлкен ғалымдарда да болған, болады. Мәселен, орыс ғалым-педагогы К.Д.Ушинский өзіне мынадай міндеттеме алған екен:

1. Байыпты, суыққандылық  таныту (көрер көзге болса да);

2. Іспен сөз арасында  алшақтық болмасын;

3. Істеген ісіңді ойланып  істе;

4. Батылдық;

5. Орынсыз жерде өзің  туралы сөз қозғама;

6. Босқа уақытыңды өткізбе. Керек нәрсемен ғана айналыс;

7. Керек жерінде ғана  шығындан. Дүниеңді шашпа;

8. Күнде кешке істеген  ісіңе өзіңе - өзің есеп бер;

9. Барлығыңа, байлығыңа, болатын  ісіңе мақтанба.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер

Мұғалім балаларға білім беру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы бойлауын да дамытады. Бірақ әзірше жас төменгі сыныптан бастап-ақ балаларды, оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймай , қызықтыратын мәселелеріне өздері жауап табуға үйрету керек.Мұны балалар алғаш мұғалімнің көмегімен , содан кейін өз бетімен   істейтін болады. Мұғалім алғашқы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп , сабақты түсіндіруге асықпай, оқушының өзінің ойлауына мүмкіндік берген жөн. Ал бірақ баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірден-бір сұрақ қалмауы қажет. Материалдың бірте-бірте қиындай түсуін сақтай білудің маңызы орасан зор.

Ойлауды дамытуда оқудың алғашқы жылынан  бастап-ақ ашық жүзінде еркін және арнаулы тақырыпқа жазылатын шығармалар, есеп құрастыру, оның оңай жолын тауып шығару сықылды шығармашылық еңбектің маңызы зор.

Балалар мектептен тыс  кезінде көптеген хабарлар мен таныс болуы қажет (радио, теледидар, кино, жанұядағы әңгіме, кітаптар алып отырған біздің кезімізде). Мұғалім тіпті төменгі сынып оқушыларына сабақ өткізгенде, оқулықта жазылғандармен ғана шектеліп қана қоймауы керек. Кейде рас, дамыған заманымызда ғылым мен техниканың біздің өмірімізге не әкелетінін балалар дұрыс ұғынып түсінетіндей етіп, әңгіме өткізген де жақсы, білім молайған сайын адам ақыл-ойы дамитындығын есте ұстау керек.

Ойлау – ой әрекеті үрдісінде дамитындығын ұмытуға болмайды және балаларды логикалы сын көзбен қарай отырып ойлауға үйрету қажет. Оларды атқарған жұмысына өздігінен бқылау жасап, баға бере білу керек.Неге? Неліктен? Деген сұраққа жауап талап еткенде, мұғалім балаларды өз пікірлерін бір негізге сүйеніп, оны іс жүзінде тексеруде дұрыстығын дәлелдеп немесе өз пікірлерінің қате екенін мойындауға үйреткен жөн.

Бастауыш сыныптың өзінде-ақ балалар мұғалімге ғана сұрақ қоймай, өзіне де сұрақ қоюға үйреніп, оған өздігінен жауап беруге тырысып содан соң ойының дұрыстығын іс жүзінде не мұғаліммен әңгімелескенде тексере білудің мәні зор.

1-тапсырма

Мына үзінділерден ойлаудың қандай айырмашылықтарын ажыратуға болады?

А. Кеселді жалқау қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас.

Сырты пысық, іші нас,

Артын ойлап ұялмас.

Мен өлі жан, ешкімді талғамаймын,

Рақымсыз билеріңді қорғамаймын.

Мен кешерлік сөйтсе де қалғаны жоқ,

Ризамын деп жалған сөз жалғамаймын.

Б. Басыңда ми жоқ,

Өзінде ой жоқ.

Күлкішіл керең наданның,

Көп айтса көнді.

Жұрт айтса болды,

Әдеті надан адамның.

2-тапсырма

Кітап сөресінде бір автордың 2 томдық шығармасының жинағы тұр. Бірінші том -300 бет.Екінші том-200 бет. Кітап қойған сөреге қағаз кеміргіш құрттар түсіп, 1-томның 1-бетінен, 2-томның соңғы бетіне дейін бүлдіріп тастаған. Сонда кеміргіш құрттар қанша бетін бүлдірген?

3-тапсырма

Бірдей 3 бөлікке бөлінген секторларына сандар азылған. Осы үш сан қандай  заңдылыққа байланысты орналасқан.

 

 

1-сурет. Қандай заңдылық  бойынша үшінші  дөңгелекке жетпейтін  санды жазу мүмкін? (Ойлау)

 

Сезімдік және логикалық ойдың бірізді болуын негізге алыңыз.

Әдістеме: Ойлау қабілетін бағалау.

Мақсаты: Зерттелушінің ойлау қабілетін тексеру.

Құрал-жабдықтар: Әрбіреуіне 4 сөзден тұратын 15 қатарға тізбектелген сөздер жазылған бланка.

Нұсқау: Алдыңыздағы 4 сөздің үшеуі бір бағытта қолданылады, яғни мағыналас сөздер. Сіздің масқасытыңыз ір қатардағы артық бір сөзді белгілеу.

Қорытынды: Дұрыс жауапқа +-2 ұпай, дұрыс емес жауапқа-0 ұпай.

Кілті:

  1. Кітап
  2. Майшам
  3. Көзілдірік
  4. Қайық
  5. Шеге
  6. Көбелек
  7. Терек
  8. Мұғалім
  9. Шаң
  10. Жел
  11. Алма
  12. Нан
  13. Жидек
  14. Кеш
  15. Ақанбаев

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері