Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

1. Әр ойынның өз алдына  міндеттері қойылады

2. Тапсырмалар әр формада  бөріледі, ақпарат берудің әр түрлі тәсілдерімен таныс-тыра отырады.

3. Тапсырмаларды күрделілігі  өсу ретінде  орналастырады.

4. Шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың тиімділігі болу үшін  келесі шарттарды сақтау  керек:

-  қабілеттерді дамытуды  ерте жастан  бастау;

- тапсырмалар қабілеттердің дамуынан алда болуы керек;

- шығармашылық ойындар  мазмұн  жағынан әр түрлі болуы керек.

Қағидалармен бірге келесі әдістер пайдаланады: тәжірибелік, көрнекілік, сөздік. Тәжірибелікке жаттығулар, ойындар жатады; көрнекілік - аңдып байқау, тыңдау (сурет диафильмдер); сөздік-сұхбат, әңгіме, оқу, мазмұндау.

Бұл әдістер бір-бірімен үйлестіріліп отыруы керек.

Шығармашылық қабілеттердің дамуы менің сабақтарымда басталып, жалғасын «Талапкер» атты шығармашылық тобының жұмысында тапты - бұл топтың шығармашылық дамуына өзіндік микроклимат жасалды. «Талапкер» мүшелері өз алдына  ізденімпаздық іс-әрекетін жасап, сол шығармашылық қызмет барысында ұжымдық әдісі бойынша жұмыс жасап отырды. Өзім оқушыларға алғашында әр түрлі бағыт беріп отырдым, кезеңді жұмыс нәтижесінде біз белгілі бір көрсеткіштерге жеттік деп ойлаймыз. Оқушылар өз жұмыстарын баспасөз бетінен көрді, мектеп қабырғасында өткізілген конкурстарда жүлделі орындарға ие болды..

Сонымен, универсалдық шығармашылық қабілеттер – бұл адамның әр түрлі шығармашылық қызметін орындағандығы нәтижелігін анықтайтын жеке ерекшеліктері, қасиеттері.

Мектепке бейімделе алмаудың басты себебі - ойлаудың қалылтаспауы болып табылады.

Мен мысал ретінде өзімнің мектебіміздегі эксперименттік 2 сынып оқушыларының ойлау деңгейлерін анықтау үшін жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіна тоқталайын. Эксперименттік 2 сыныпта 18 оқушы бар. Олардың ойлауларының даму деңгейі төмендегідей болды:

 

Деңгей

Саны

Жоғары

6

Орта

7

Төмен

5


 

Мұнда көрнекі-бейнелік ойлауларының даму деңгейі ғана жақсы нәтиже көрсетті. Ал сөздік-логикалық ойлау даму деңгейі бойынша 1 ғана оқушы жоғары деңгей көрсеткен, орта деңгейлерді  жоғарылату қажет.

Тіпті көрнекі-әрекеттік ойлау дамуы бойынша 5 оқушы төмен деңгейден  көрінеді. Дегенмен, дамуында тежелуі байқалған балаларды анықтап, дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы  оларды қатарға қосу мүмкіндігі бар.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін мұғалім  сабаққа көрнекі құралдарды көп пайдалануы  қажет

 Көрнекі-әрекеттік ойлау – мектепке дейінгі жаста ойын іс-әрекеті кезінде қалыптасады. Ол белгілі бір деңгейде үлкен адамның ұйымдастыруымен, бақылауымен етуі тиіс. Егер баланың көрнекі-әрекеттік ойлауы дамымаған болса не істейміз?

Оны дамытудың ең тиімді тәсілі – заттық-құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс-әрекетінен көрініс табады. Сондықтан, әр топта, әр сыныпта әр түрлі конструкторлар жинағы болған дұрыс.

Көрнекі-бейнелік ойлаудың дамуына келесідегідей тапсырмалар әсер етеді: жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. Бала алдымен құрастырылатын объектіні өзі ойластырып, соңынан оны өз бетімен жүзеге асыруы керек. Осы ойлау түрін дамытуға балаларды әр түрлі сюжеттік-рөлдік және режиссерлық ойындарды ойнатқызып қол жеткізуге болады, онда бала өзі сюжет ойлап тауып, оны өз бетімен іске асыруы қажет.

Ал сөздік-логикалык ойлаудың дамуына мынадай жаттығулар көмектеседі:

1) «Төртінші артық» әдісімен  пайдалануға болады. Тапсырма мынадай: төрт заттың ішінен үшеуіне ұқсас белгісі жоқ артық бірзатты қысқарту қажет. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.

Мысалы: Сағат, тарелка, кружка, кесе;

2) Әңгіменің жетіспейтін бөлігін құрастыру. Әңгіме  құрастыру кезінде баланың логикалық  ойлауымен  қоса сөйлеуі дамиды, сөздік қоры байи түседі, қиялы жетіледі;

3) «Керісінше айту» ойыны  да жақсы, онда ересек адам  қандай да бір сөзді айтып  баладан керісінше мағыналы сөз айтуын сұрайды.

Мысалы:

Толық-жіңішке      Бос – толы

Қара – ақ               Жеңіл – ауыр

Ыстық – суық        Таза – кір

4) Логикалық жұмбактар  мен тапсырмаларды әр түрлі  методикалық оқу құралдарынан  алып қолданса да болады. Сондай-ақ  әр түрлі бас қатырғыштар, таяқша  мен   шиелерді   пайдалана  отырып орындайтын тапсырмалар жалпы ойлаудың дамуына ықпал етеді;

5) Ойлаудың талдау және  жинақтау операцияларын дамыту  үшін мынадай жаттығу жүргізуге  болады:

Келесі 4 затты жалпылайтын сөз немесе сөз тіркесін ата:

1) алма, алмұрт, лимон, банан;

2) ит, сиыр, ешкі, қой;

3) қыс, жаз, күз, көктем, т.б.

Осы сияқты әр түрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, сабақ оқуы түрленеді, әрі оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі.

Оқушылардың ақыл-ойының дамуының қосымша көзі: әр түрлі өнер түрлері, бұқаралық ақпараттар құралы; баспа, теле көрсетілімдер, радио, т.б.

Олар баланың ақыл-ойын кеңейтеді және тереңдетеді, білімін кеңейтеді, эрудициясы мен жалпы мәдениетін жоғарылатады.

Жас балаларға арналған хабарды ғана көрсетіп басқа кино мен телекөрсетілімдерді шектеу дұрыс емес. Жас балаларға арналған хабарлардың берері аз.

Керісінше, ересектерге арналған хабарлар балалардың ақыл-ойы мен сана-сезіміне ерекше әсер ете отыра жақсы дамытады.

Олар балаларға сұрақ туғызып, оларды ойлауға, өз білімін кеңейтуге мәжбүр етіп ақыл-ойын мейлінше жетілдіреді.

Ондай хабарларды бала көріп отырған кезде қасында көргендеріне түсінік беретін ересек адамның болғаны жөн.

Көп оқитын балалардың ұғымталдығы, ақыл-ой дамуы жоғары деңгейде болады. Бірақ балаға оңай оқылатын, суретімен ғана тартатын кітаптардың психикалық даму үшін берері аз.

Балаларды 6 жастан бастап байсалды, ересектер әдебиетін оқуға қызығушылығын  қалыптастырып, дағдылаңдыру керек, қажетті мәліметтерді әр түрлі сөздіктерден іздеп табуға үйрете білу кажет.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ойлау үрдістерін дамыту үшін осындай жұмыстарды ұйымдастыруымыз қажет.

Оқу бағдарламасын игеруде осы таным үрдістерінің жеткілікті дамымағанынан қиындықтар кездескен жағдайда жаңағыдай әр таным үрдісін (есте сақтау, қабылдау, қиял, сөйлеу) дамытатындай жеке жұмыстарды көп жүргізуіміз қажет. Дамыту жұмыстары мұғалім, психолог  тарапынан бір жақты болмай, үйде ата-аналар тарапынан да қолға алынып, жан-жақты болса, соғұрлым нәтижелі болады.

Ойлау сұрадан басталады, мұнда нақты фактілерді біле отырып, қорытуға, құбылыстардың себептерін анықтауға, келешекті алдын-ала божауға ұмтылады. Таным үрдістері әрқашан да түйсіктер мен қабылдаулардың мәліметтеріне негіздееді. Бірақ та ой адамы олармен тоқтап қалмайды, қорытынды жасайды және бұларын практикалық іс-әрекетінде тексереді.

Тіршілік міндеттерін шешуде ойлау үрдістері қалай жүріп отырады?

А) Ең алдымен , шешуге керекті мәселені анықтап алады. Мұнсыз адамға еш нәрсені ойлаудың керегі болмайды, оның алдында  мәселе жоқ. Ал адамның шешуге тиісті болған міндеті неғұрлым анық болса, ол оның дұрыс шешімін соғұрлым тез табады. Балалар, әсіресе , төменгі сынып оқушылары берілген сұраққа жеткілікті түсінбегендіктен, есеп шарттарына талдау жасамағандықтан, не берілгенін , не керек екенін анықтап алмағандықтан , өз алдына сұрау қоя алмайды. Олар асығып болады, ал бұл есеп шарттарын ойластыруға кедергі жасайды. 

Б) Мұнан кейін міндетті шешуге қажетті білімерді (ережелерді,фактілерді, заңдарды) жұмылдырады. Бұған сәйкес ұқсас болған жағдайларда бұрынғы тәжірибені пайдаланады.

В) Ойлау әрекетінің маңызды сатысы-гипотезалар жасау, яғни міндетті шешу мүмкіндігі туралы болжам жасау.

Г) Онан кейінгі саты-гипотезаны тексеру сатысы.

Д) Егер гипотеза дұрыс болмаса , оны тапстайды да , жаңа жорамалдар жасалады. Көбінесе гипотезалар ойша тексеріледі. Мысалы, конструктор техникалық міндетті шешерде, оны ішінен ойластырады, машина құрылысында әр түрлі нұсқаларының ең тәуіріне тоқтайды.

Е) Міндеттердің көпшілігінің шешімі алынған нәтижелерді практикада тексерумен аяқталады.

Ойша қойылған міндеттерді шешуде кездесетін қиыншылықтары әр алуан болады.Солардың екеуін алып қарайық:

Кейде есепті шығарушы оның кейбір мәліметтерін байқамайды.

Мынадай бір есепті келтірейік. «Екі дос А пунктінен Б пунктіне қарай жүреді. Бұлардың арасы -30 км. Олардың біреуі жаяу кетеді, ол сағатына 6 км жүреді, ал екіншісі велосипедпен сағатына 13 км жүреді.Велосипедші Б пунтіне жеткенде, ол жаяу келе жатқан адамға қарай бұрылып қарсы жүреді. Оған жеткен соң велосипедші тағы дав Б аунктіне қарай бұрылады, одан тағы жолдасына қарсы жүреді, ол жаяу келе жатқан адам Б пунктіне жеткенше осылай ерсілі-қарсылы жүре береді (бұл екі адамның екеуі де үздіксіз, бірқалыпты жүріп отырады деп есептелді).Велосипедші неше километр жүрді?»

Сөйтіп, есептің шартына артық талап енгізу  алғашқы  электр шамын тапқан П.Н.Яблочковқа үлкен қиындықтар туғызды. Ол бі сызық бойына орналастырылған шамдар бұрышының арасындағы қашықтықты шам жанғанда қайтып үлкейтпеу керек  екендігін ұзақ ойлайды.Әйтпесе , олар  арқылы ток жүруің тоқтайды да, электр шамы сөніп қалады. Бұрыштарды жақындататын  механизм  жасап та көреді, бәрақ  бұл қиын да , өте қымбатқа түсетін болады. Нақ осы жерде оған шамдағы бұрыштарды қатар орналастыру керек деген ой сап ете түседі. Өнер тапқыш артық шартты – бір сызықта бұрыштардың вертикаль жағдайда болуын шығарып тастағанда есеп шешіле кетеді.

 

2-сурет Баланың ойлауын дамыту

 

Бірқатар оқушыларға бұл есепті шешу қиынға түседі, олар велосипедшінің жаяу келе жатқан  адаммен бірінші кездескенінде , екінші кездескенінде неше шақырым жүргенін есептеуге тырысады. Ал егер есепті шешуші екеуінің де жолда 5 сағат жүргеніне (30 км:6км/сағ) көңіл аударса , велосипедші 65 км жүргені бірден айқын болады (м-5/65 км).

Кейде есепті  шеше алмауына ол есепте қойылмаған талапты (шартты) өздігінен әкеліп қосуы себеп болады. Мынандай сызық арқылы қарындашты қағаздан  көтермей үштік сызық сызу керек. Мұндай есепті шығарудың қиындық туғызатын себебі есепті шешуші қарындаш пен сызық жүргізуді тік бұрыштың ішінде ғана істеу керек деп ойлайды, ал есепте мұндай шарт қойылған жоқ. Егер тік сызықты әрі созса , есепті оңай шешуге болады.

Бұл сияқты қиындықтар күрделі мәселелерді шешу ғалымдарға да, өнер тапқыштарға да , конструкторларға да кездеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Адам үнемі кеңейіп тұратын кеңістікте өмір сүреді.  Алғашқыда ол оны тікелей қоршап тұратын адамдар мен заттар шеңбері, олармен өзара қатынас, олардың сезімін қабылдау, мағынасын түсіну. Ал кейіннен адамның алдында тікелей қарым-қатынас пен практикалық іс-әрекет шекарасынан тыс әлем ашылады.

Адамның даму жағдайы өзінің алғашқы кездерінде-ақ ерекшеленеді. Олардың ең бастысы – баланың қоршаған ортамен байланысының жанама сипатқа ие болуында.

Балалар қазір барлық жас баспалдақтарында өте тез жетіледі. Бұған таң қалуға болмайды да, олар сан түрлі хабарлардың ағысынан зор нәр алады ғой (теледидар, интернет, еліктеу, музыка және тағы басқа). Мектепке барған соң, бала өмірден тікелей алған әсерлерге, шынында толық кенеледі, бұларды ол тек сезініп қоймайды, оларға өзі де қатысады.

Күнделікті өмірде балалар сан алуан іс-әрекет кездерінде әр түрлі істерімен өз жолдастарының қылықтарымен кездесіп қалады. Бұл қылықтарда балалардың әр түрлі қасиеттері көрініп қалады. Балалар жолдастарының істеріне көңіл қоя қарауға, оның басындағы қиыншылығын көре білуге, көмектесу жолын таба білуге үйренеді.

Жеткіншектерде тұрақты жақынды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптастыру үшін мына негізгі шарттарды қабылдау керек деген ұсыныс береміз:

  • оқушының өз қолынан келетін іске толық ерік беру;
  • баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ қорқақ етеді;
  • жеткіншекті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы ессіз тентек етіп шығарады;
  • 6аланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрекпен сезініп, оған қайырымды болу керек;
  • жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын қамтамасыз ету керек.

Жоғары сынып оқушыларында ортаға деген көзқарас өзгереді, толысады, сенім артады. Өзін-өзі ұстау, болжау, мінез ерекшеліктері пайда бола бастайды.  Өз-өзіне деген сенімділік қалыптаса саналылық қалыптаса бастайды. Мақсатқа ұмтылу, ықылас, ерік қасиеттері тұрақтылыққа ұштасады. Ойын жоғары дәрежеде жинақтау, қорыту, абстракциялау арқылы ортаға теориялық және сын көзбен қараушылық бағыт алады.

Тұлғаның әлеуметтік сапасы және мінезі қалыптасып, кең өріс алады. Қоғамдық және ұжымдық өзгерістер, қарым-қатынас, ортамен байланысы өзгеріп отырады. Оқушы өзіне-өзі есеп беріп, адамгершілік ұғымдарын молайтады. Бағалау және этикалық сенім артады. Жоғары сынып оқушыларында қарым-қатынас үлгілері қалыптаса бастайды.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері