Некенің тарихи формалары
мен отбасылық қатынастардың
қазіргі түрлері
Нарыќтыќ ќатынастың әлеуметтік
мәнін ашыңыз.
Отбасы әлеуметтану
пәні.
Отбасы көптеген коғамдық ғылымдардың:
әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың,
этнографияның, психологияның, педагогиканың,
саясаттанудың және демографияның
зерттеу объектісі болып саналады.
Олардың әрқайсысы өз пәндерінің
ерекшеліктеріне орай отбасының
өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын
жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану
отбасына талдау жасағанда ең алдымен
оны некенің негізінде құрылған
және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді
атқарушы әлеуметтік институт ретінде
қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе
тұрақсыздығының себептерін және отбасын
нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл
аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт
пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін
әз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда
болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын
зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы
— отбасы әлеуметтануы қалыптасты. Отбасы
– әлеуметтік жүйе ретінде ыәлеуметтік
институттың және кіші әлеуметтік топтың
сипаттарын қамтиды.Отбасы әлеуметтік
институт ретінде жұбайлар, ата-аналар,
балалар және т.б. туыстар қарым-қатынастарын
реттейтің әлеуметтік нормалардың, санкциялардың
және мінез-құлық үлгілерін сипаттайды.
Отбасы әлеуметтік топ ретінде неке немесе
қандық туыстық нәтиижесінде қалыптасқан
қауымдастық, мүшелері бір бірімен тұрмыс,
жұбайлардың өзара жәрдем, балалардың
тәрбиесі және денсаулығына деген моральдық
жауапкершілікке ие адамдар жиынтығы
ретінде алуға болады. Отбасының әртүрлі
классификациялары бар. Отбасының негізгі
қызметтеріне: 1. Жыныстық қатынастарды
ретттеу. 2. Репродуктивті функция. 3. әлеуметтендіру
қызметі. 4. Эмоционалды қанағаттандыру
функциясы. 5. Статустық қызмет. 6. Қорғау
функциясы. 7. Экономикалық қызмет
Отбасының материалдық-экономикалық,
тұрмыстық-шаруашылық қызметтері
О.Конт--әлеуметтанудың
негізін қалаушы.
Конт Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз
философы, социологияның негізін
қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың
философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге
бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт
Огюст еуропалық қоғам дамуының
негізгі кезеңдерін суреттеп, әлеуметік
реформалардың мүмкіндігі мен оларды
іске асырудың тәсілдерін ой елегінен
өткізді. Бұл ойлар Конттың “Әлеуметтік
философия топтамасы”, “Өткендегі
қазіргі заман элементтеріне
жалпы баға” (1820), “Қоғамды қайта
ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс
жоспары” (1822), т.б. еңбектерінде қарастырылды.
Екінші кезеңде (1830 – 42) Конт өз идеяларын
дамыта отырып, қоғам туралы ғылым
ретіндегі социологияның негізгі
ережелерін тұжырымдайды (“Позитивті
философия курсы”). Үшінші кезеңде
(1851 – 54) адамзат тарихының бірлігі
туралы идеясын қалыптастырып, негізгі
ойларын дәйекті дәлелдермен
дамытады (“Позитивті саясат жүйесі”).
Әлеуметтік өзгерістерді талдау арқылы
Конт қоғам тарихындағы теологиялық,
метафизикалық және позитивті кезеңдерді
анықтады. Оның пікірінше, қоғамды бөлудің
және үш кезеңді белгілеудің өлшемдері
үстемдік етуші идеялар сипаты арқылы
анықталады. Теологиялық кезең дін
үстемдігімен, метафизикалық кезең
метафизикалық тұжырымдама үстемдігімен
сипатталады. Соңғы кезеңде діни
және философиялық сипаттағы спекулятивті
жүйелердің соңына нүкте қоятын позитивті
ғылымдар дамуы жүреді. Бұл кезеңде
жаратылыстану ғылымдары үстемдік
алып, социология қарқынды дамиды. Конт
қоғамдық өмірді талдаудың үш әдісін:
бақылау, әлеуметтік тәжірибе, салыстырмалы
зерттеумен бірге индустриалды қоғам
тұжырымдамасын жасады. Конт адамзат
тарихының негізгі үрдістеріне
сәйкес капитал мен биліктің капиталистерде
шоғырлану процесін оң бағалады. Социумның
даму шамасы бойынша қауымдық тәртіппен
бірге рухани тәртіп, моральдік ізгіліктер
тәртібі орнығады. Қауымдық және рухани
тәртіптің ұлғаюымен соғыстар анахронизмге
(ескіліктің қалдығы) айналады және Батыс
елдері индустриалды қоғам дамуы
бойынша басқа елдерді жаулап
алу саясатынан бас тартуы керек,
оларға өз өркениетін күштеп таңбауы
тиіс. Конттың пайымдауынша, индустриалды
қоғамда соғыс маңызды рөл
ойнамайды. Соғыс ретке келтірілген
еңбекке адамдарды зорлықпен
көндіру, ірі мемлекеттер құру құралы
ретінде қажет. Соғыс еңбекке
үйрету және мемлекетті қалыптастыру
тәрізді екі жақты тарихи миссияны
орындады. Индустриалды қоғамда еңбекті
ғылыми ұйымдастыру маңызды рөл
атқарады. Әрбір адам өзінің қабілеттеріне
сәйкес лайықты орнын алып, қоғамдық
әділеттілік орнайды (қараңыз Индустриалды
қоғам). Батыс әлеміндегі ықпалды
философиялық ағымдардың бірі позитивизмнің
негізін қалаушы Конт философияны
ғылымға тән сипаттардан азат
ету туралы идеяны көтерді және дәлелді
білімге арқа сүйеді. Конттың пікірінше,
білімді мынандай жағдайда позитивті
деп санауға болады: 1) нақты, дәл
және анық болғанда; 2) эмпирикалық бақылау
процесінде алынғанда. Философия “ғылым
падишасы” – астамшыл ғылым болуға
ұмтылмай, нақтылы ғылым болуы
тиіс. Бұл идеяларға Конт қоғам
тарихын, әлеуметтік өзгерістер динамикасын
талдау нәтижесінде келеді. Ол өз зерттеулерін
қорытындылай келе, интеллектуалдық
және техникалық қос эволюция заңын
тұжырымдады. Тұтас алғанда бірі-біріне
сәйкес келетін интеллектуалдық
дамудың 3 деңгейін және техникалық дамудың
3 кезеңін анықтады. Теологиялық
– дәстүрлілікке, метафизикалық
– индустриалдыққа дейінгіге, позитивті
– индустриалдыққа сәйкес келеді.
Конттың ойынша, индустриалды қоғамға
өту позитивті білімнің қарқынды
дамуымен, нақты ғылымдардың басымдылығы
арқылы жүреді. Конт позитивизмі философияның
мәні мен міндетін және оның ғылымға қатынасын
айқындау төңірегінде дәйекті пайымдау
(дискурс) бастаған философияның дамуындағы
жаңа ағым, позитивизм философиясының
қалыптасуындағы бастама болып табылады
О.Конттың -- позитивтік әлеуметтануы.
"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш
рет Огюст Конт озінің "По¬зитивтік
философия курсында" позитивті
философияның бір бөлігін құрайтын
ауқымды әлеуметтік ғылымның
атауы ре¬тінде пайдаланды. Конт
бірінші болып осы ғылым элементтерін
көлденең материалдар, идеялар
мен әдістер атаулыдан тазарту
қажеттігін айқын көре біліп,
бірінші болып барлық шынында
да кажетті элементтерді бір
уғымға біріктірді. Пла¬тон мен
Аристотель саясатты этикадан
немесе саясат ғылы-мын саясат
өнеріен ешқашан ажыратқан емес.
XVIII ға¬сырда саясат ғылымы революциялық
рухпен біржола бытыстырылып
жіберілді. Гоббс та, Монтескье
де, экономистер де қоғамды оның
барлык түрлерінде зерттеген
жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар
Юмның ықпалына қарамастан, оның
себептілік уғымындағы ақиқат
атаулы әлеуметтік түсіндірмелері
әлі едәуір дәрежеде теологиялық
және метафизикалық болып қала берді.Сонымен,
Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре
ұтымдылық сәүлесін септі, қоғам тұтас
организм ретінде қарастырылуға тиіс
деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы
әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның
фактыларды кеңінен байқап-бақылауға
негізделген және саяси өнер мен революциялық
мақсаттардан біржола арылған позитивтік
ғы¬лымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану,
Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға
әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың
міндеті коғамның жаратылыстық себептреі
мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан,
саясат пен экономикадан метафизикалық
және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия
мен химиядан қалай қуылса, солай қуып
тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске
сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті
дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын
көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.
Конттан кейін әлеуметтану негізіен
ғылыми ой барысын күрт өзгерткен
ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне
білген кісілер еңбегінің арқасында
дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық
түсіндіру білімінің барлық салаларына
бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және
өмірді организмнің қоршаған ортаға
бейімделу процесі ретінде түсіну
осы заманғы биология мен психологияның
өзегіне айналды. Эволюциялық философия
сөзсіз кеңейіп, адам омірінің әлеу-меттік
құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын.
Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін
ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын
тусіндірумен шектеле алмайтын еді.
Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен,
этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық
қоғамдарымен және оларда байқалатын
барлық қубылыстармен танысып, сондайақ
соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның
нетижесі емес не деген мәселелерін
зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан
әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен
түсіндіруге ишараны біз тек
Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан
ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан
да табамыз. Бұл ишаралардың өздері
әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені
ол үшін тікелей әлеуметтік қубылыстардан
индукциялық жолмен алынған өзге факторлар
кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа
ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті
көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың
негізгі ұғымдарының кейббіреулерін жеткілікті
айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы,
экономист, статист қана емес, биолог және
психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп
берді. Осылайша, эволюциялық негізде
және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің
арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты.
Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік
арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты
ғарыштық процестерден тыс тұқрған және
өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік
иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану
коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы
мен кызметін эволюция процесінде қосыла
карекет жасайтын тәндәк, өмірлік және
психикалық себептердің карекеті деп
түсіндіру болып табылады.Осының бәрі
тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың
физикалық түсіндірмелері екендігі айдан
анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен
басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір,тұтас
күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану,
биологиялық және психологиялық деректер
кеңінен пайдаланылғанына қарамастан,
белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық
философиясы болып табылады.Дегенмен,
мұндай физикалық тәпсір әлі бүкіл эволюциялық
әлеуметтануды құрамайды. Шынында да,
әлеуметтану арнайы әлеуметтану ғылымдары
зерттейтін әрқилы қоғамдардың негізінде
жатқан бірлікті мойындауды талап етіп
қана қоймайды, сондай-ақ ол әлеуметтік
құбылыстарды түсіндірудің объективті
немесе физикалық, субъективті немесе
ырықтық негіздерінде бір негізгі қисын
жатуға тиіс дегенді кесіп айтады. Осынау
екі түсіндірме де бірнеше ғасырлар бойы
экономикалық және саяси философия саласында
бір бірімен күресіп келді. Аристотельдің
"Саясатынан" бастап Боден, Монтескье
және физиократтар нәсілдің, топырақтың,
климаттың, тұқым қуалаудың және тарихи
жағдайлардың объективті тәпсірленуін
дамытты. Гроций, Гоббс, Локк, Юм, Бентам,
Беркли, Кант және Гегель адам табиғатының,
пайдалылықтың, этикалық императивтер
мен мұраттардың субъективті тәпсірлерін
жасады. Бірақ, осы екі тәпсір әлі ешқашан
бетпе-бет қақтығысқан емес. Ой шектері
ешқашан қоғамның өзінің бірлігін зерттеу
әрекеттерімен де, тәпсір бірлігіне жету
жөніндегі шын ғылыми әрекетпен де ой
көкжиегін бұзған емес. Борк өзінің саяси
шығармаларында, арнайы болмаса да, шынында
да осы бірлікке бәрінен көбірек жақындады.
Ортағасыр және Жаңа
заман идеяларының сипатын ашыңыз.
Отбасы - қоғамның алғашқы
ұяшығы.
Отбасы – қоғамның тірегі, оның
алғашқы ұяшығы. Адам өмірінің мәні
алдымен оның отбасының болуы
немесе болмауымен өлшенеді. Отбасының
бірнеше түрі болады. Ата-анасы және
балалары бар отбасы толық деп
аталады. Ата-анасының біреуі ғана
бар болса, ол толық емес отбасына
жатады. Ата-анасына мен балаларынан
басқа туысқандары қосылып өмір
сүріп жатқан отбасын күрделі отбасы
деп атайды.Тұрғындардың отбасы құрылымымен
неке жағдайы тығыз байланысты. Неке
- отбасын құру мақсатын көздеген ер мен
әйелдің тең одағы. Некеге отырған
ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында
белгілі құқықтырға ие болады және
міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде
тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде
тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды
салалары болады. Отбасының түрлі
тұптары бар. Олардың ішінде қазіргі замандық
қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан
және олардың балаларынан тұрады. Кіндік
отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін:
балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан
ғана тұратын отбасылар. Кеңейтілген отбасы
ерлі-зайыптылармен, олардың балаларымен
қоса, өзге туысқандарын да біріктіреді.
Мұндай кіндік отбасымен ата мен
әже немесе үйленген ересек балаларымен
немесе аға-жеңге, апа-жезде балаларымен
бірігіп өмір сүруі мүмкін.Жыныстық байланыстарына
қарай отбасылар негізінен моногамды
және полигамды болып бөлінеді. Бір
әйел мен еркектің некелік одағы моногамды
отбасы делінеді. Бұл некелік формалардың
ішінде кең таралған түрі.Екі немесе
одан да көп әйел алушылықты полигамия
дейді. Некенің бұл түрі де өзіндік
нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерінде
де ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде
полигамияға рұқсат етілген. Көпшілік
дамыған елдердің азаматтары некенің
бұл формасын құптамайды. Отбасының атқаратын
функциялары:- бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы
ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету; - баланы
әлеуметтенуге, яғни қоғамда өмір сүруге
дайындау;- отбасы мүшелерін баспанамен,
көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен,
оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен,
тағы басқа материалдық құндылықтармен
қамтамасыз ету.Генетикалық құрылым –
тұрғындардың берілген мекенде түған,
немесе басқа аумақтан көшіп келген
адамдардың арақатынасын белгілейді.
Келушілердің арасында уақыт қонысына
байланысты топтар ажыратылады. Бұл құрылымның
түрі әлеуметтік-демографиялық дамуда
, елеулі орын миграция ойнайтын, елдер
мен район тұрғындарының басты сипаттамасы
болып табылады.Жастар социологиялық
зерттеудің объектісі ретінде 16
жастан 30 жасқа дейін жастағы ірі қоғамдық
топты белгілейді. Жастар әлеуметтанудың
пәні болып, жастардың қоғамның
әлеуметтік құрылымында алатын орны
мен рөлін, айқындалу формалары мен
жастар ортасында әлеуметтік заңдылықтар
мен заңдардың іске асыру механизмдерін
зерттеу болып табылады. Спецификалық
жастардың әлеуметтік мәселелері: қоғамның
әлеуметтік – таптық құрылымында жастардың
орны; жас шеңберінің критерияларын
орнату; жастардың сұраныстарын, қызығушылықтарын
зерттеу; жастардың әлеуметтену үрдісінің
ерекшеліктерімен танысу; олардың
әлеуметтік-прогрессивті бағыты мен
ұжымда бейімделуі; жастар ұйымдарының
әрекетінің ерекшеліктері жатады.
Өндірістік экономикалық
қатынастардың адамның тұлғалануындағы
орны.
Өндірістік қатынастар — өндіріс,
бөліс, айырбас, тұрмыстық игіліктерді
тұтыну үдерісінде адамдар арасында
объективті түрде қалыптасатын қатынастар.
Өндірістік қатынастар қоғамдық дамудың
бір сатысын екінші сатысына шектеуде
объективті өлшемдерді құрайды, мұның
өзі қоғамның бірін-бірі кезекпен алмастырушы
тарихи тұрпаттарын – қоғамдық-экономикалық
формацияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік
береді. Қоғамның экономикалық құрылымы,
заңи және саяси қондырма икемделетін
және қоғамдық сананың белгілі бір нысандары
сай келетін нақты базис өндірістік қатынастардың
жиынтығын құрайды. Өндірістік қатынастардың
екі жағы бар. Бірінші жағы – тікелей материалдық-өндіргіш
күштермен айқындалатын өндірістік-техникалық
қатынастар; олар технологиямен және өндірісті
ұйымдастырумен байланысты туындайды,
мысалы, түрлі мамандықтағы жұмысшылар
арасындағы, ұйымдастырушылар мен орындаушылар
арасындағы қатынастар, бұлар кәсіпорын
ішіндегі немесе қоғам ауқымындағы технологиялық
еңбек бөлінісімен байланысты туындайды,
Екінші жағы – өндірістік-экономикалық
қатынастар; олар өндірістік-техникалық
қатынастардан өзгеше түрде адамдардың
өндіріс құрал-жабдығына қатынастарын,
яғни меншік қатынастарын білдіреді. Өндірістік
қатынастардың бұл жағы мен меншік қатынастары
мағыналас ұғымдар
Парсонстың әлеуметтік
жүйесіне сипаттама беріңіз және
қазіргі шынайы әлеуметтанумен
Парсонс теориясының сабақтастығын
дәлелдеңіз.
Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ
әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық
шындықтың барлық жағын қамтитын
теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты.
Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын
талдады. Кез келген жүйенің сақталуын
қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті
анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу
мен модельді қолдау. "Әлеуметтік
стратификация теориясына талдамалы
көзқарас" атты еңбегінде қоғам
туралы функционалдық ұғымды теориялық
тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік
жүйе деңгейінде бейімделу функциясын
- экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын
- саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық
институттар мен дәстүр, модельді
қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль
және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы,
білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз
етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік
жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар,
қалыптасқан заңдар мен ұжымдық
ұйымдарАмерикан социологы Т.Парсонс
индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді
адамдармен араласу процесіне әлеуметтік
жүйенің интеграциялануының ережелерін
түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап
шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді
қоса алғанда әлеуметтену институттары
әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін
атқарады.Әлеуметтену процесінің бір
маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің
тек балалық шақпен жастық шақта ғана
қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді
және қажетті әлеуметтік касиеттерді
есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.Әлеуметтену
процесінің екінші маңызды ерекшелігі
– бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие
институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын
(латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда
адам қиындықтармен қақтығыса отырып,
белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей
енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар
жүйесінің нақты қызметі жеке адамның
қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші
әсер беретіні меңзеледі.Үшіншіден, әлеуметтену
процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын,
өзінді дара нақты келбетін табуы екенін
айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену
процесі пассивті бейімделуден бөлек,
жеке адамның әлеуметтік жағдайларға
көнуінің, оның белгілі бір стандартты
айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы
(әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық
және рухани) факторлар ықпалымен және
жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің
нәтижесі.Әлеуметтік шындыққа бейімделу,
икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты
болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының
міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі
әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен,
оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты
шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық
бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады.
Олардың бірі конформизм (лат.conformism —
ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм
— өз позициясының жоқтығымен, белгілі
бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен
сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік
сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның
әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау
мақсаты мен қателіктерін мойындамай
түгелін жағдай ағымына жабуы.
П.Сорокинің әлеуметтік
көзқарасы.
Питирим Александрович Сорокин (1889
жылы Вологодск губерниясы, Турья елді
мекені - 1968 жыл 10 ақпан, Винчестер, Массачусетс,
АҚШ) - орыс-американ әлеуметтанушысы,
әлеуметтік стратификацияны және әлеуметтік
мобильділік теориясының негізін салушылардың
бірі болып саналады.1930 — 1959 жж. аралығында
Гарвард университетінің социология факультетінің
деканы болған. П.А. Сорокин әлеуметтанудың
ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі
өзгерістердің болашағын түсіндірді.
Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды.
Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени
динамика, екіншісі – қоғамның тұтастық
(яғни, біріктіруші - И.А.) тұрпаты. Бірінші
тұжырымдамасына қандай да бір тарихи
өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің
дамуы ретінде қарады. Ал, мұндаға әрбір
мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде
көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай
негігі топтардың үш түрі болады. Олар:
сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный),
идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені
тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде
ақыл – парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы,
үшіншісінде – интуицияның (яғни, жорам-алдап
сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады.
Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып
отырады және олар қоғамның ілгері дамуының
әрбір кезеңіне тән.П. Сорокиннің әлеуметтік
мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік
өзгерістердің пайда болатын көзін және
қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі
олардың диалектикасын анықтау әрекеті,
талабы болады. П. Сорокин өзінің болашаққа
көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның
бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының
негізгі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің
бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі
ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы
байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының
талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты
түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік
түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм
(алуан түрлілігі), еңбекті және экономикалық
тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен
қарым-қатынастардың, әдіс-тәсілдерін
жоспарлау, т.б. болады. П. Сорокин жалпы
адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан
өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта
бірігу бағытына қарай дамитындығын атап
көрсетті.
Постиндустриялды қоғамның
дамуының негізгі тенденциялары
Постиндустриалды қоғам — қоғамның
даму сатысы. Постиндустриалды қоғам
теориясының негізін қалаған
Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский,
Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам
термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары
ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың
аяғынан теориясы ғылыми негізделген,
жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша
белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық
еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім
мен ақпарат көлемінің сапалы
түрде артуы, байланыс құралдарының,
ғылым, білім беру, мәд. салаларының
дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды
қоғам тұжырымдамасы қазіргі
заманғы ақпараттық технологиялардың
әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға
тиіс футурологиялық және социологиялық
теория ретінде дамыды. Америкалық
социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды
анықтайтын келесі факторларды атап
көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің
негізіне айналатын теориялық білімнің
орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік,
әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа
интеллектуалдық технологияның
пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы
әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік
қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа
дейінгі қоғамда — аристократия,
индустриалдық қоғамда — демократия,
постиндустриалды қоғамда —меритократия.
Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары
70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық
және индустриалдық тіршілік екінші
кезекке өтеді. Ескі индустриализм-ң
орнына үстеме, еселі индустриализмн-ң
келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін
өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның
негізгі жетістігі — демократиялық
процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары
рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық
жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің
өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда
ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді
сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда
барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі
деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды
қоғамның қалыптасуын компьютер
негізгі рөл атқаратын ақпарат
пен білім саласындағы революциямен
байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер
технологиялық револю-ң символы
әрі материалдық тасымалдаушысы,
компьютер қоғамды түбегейлі
өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда
ақпарат және оны пайдалану мен
тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз
ететін электронды құралдар негізгі
рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриал.қоғам
ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам”
термині кеңінен қолданыс тапты.