Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка
Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.
Постсоветтік қоғам жағдайында тұлғаның ресоциолизациялануы.
Ресей әлеуметтанушылардың әлеуметтік көзқарастары.
Рулық топтар. Халықтық топтасу.
Сән өнерінің әлеуметтік мәнін ашыңыз.
Саясат әлеуметтануының объектісі мен пәні.
Саясат әлеуметтану- әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, ол ұғымдар атап айтқанда: саясат, саяси билік, саяси қатынастар, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б ғылым ретінде белгілері қалыптасты. Әлеуметтік-саяси қатынастар - саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер-мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б арасындағы қатынастарды қамтиды. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, саясаттану негізінен саясат саласын, саясаттың бір түрін - "саяси саясатты", яғни мелмекеттік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру қолдану аясына байланысты қатынастарды құрастырады. Ал саясат әлеуметтануды саясатты қоғамның өзге салаларымен, яғни экономика, әлеуметтік, саяси және рухани салаларымен байланыста зерттейді. Саясат әлеуметтануының пәніне - саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, интституттары жатады.
Социялогиялық зерттеулердің әдістемесі мен әдістері.
Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым."Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір ұғымға біріктірді. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді. Тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің «logos» – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс.
Саясат, мемлекет, құқық көзқарастары.
Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы.Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген.Мемлекеттік социология теориясының негізі мен идеясының қалыптасуына, және кейбір саяси ғылымдары принциптерінің – саяси социологиялық пәндердің төркіндес жақтарының қалауына маңызды үлес қосқан адам – Аристотель. Алғашқы саяси социология екі пәннің проблематикасы мен тәсілін байланыстыратын ғылыми білім саласы ретінде көрінеді.Саяси социологтар мен социологияның бағдар тұтқан политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасы перспективасында қарастыруды ұсынды.Олар зерттеудің қажет екендігіне назар аударды, мысалы,тек қана мемлекеттік формалар емес,саяси тәртіп; сондай-ақ тек қана мемлекеттің сыртқы саясатын және олардың халықаралық саясат төңірегіндегі байланысын ғана емес, халықтың қарым-қатынасын, халықаралық ортаның жағдайын, аймақтық және ғаламдық мәселелердің де зерттелуін қолдады.Саяси социологияның ең бір маңызды мәселесі ретінде халықаралық қатынастар социологиясы мен сыртқы саясат мәселелеріне тоқталып өтсек. Платон мен Аристотельден бастап ғалымдар барлығына талдау жасайтын, оның квинтэссенциясын шығаратын түсіндіру жүйесін, категориясын және принциптерін табуға тырысты.Қазіргі кездегі батыс зерттеушілері, халықаралық қарым-қатынас – халықаралық қарым-қатынастағы жүйе – ол саяси бірлік арасындағы қарым-қатынас, мемлекет арасындағы қарым-қатынас көріністерінің өзіне тән құлығынан көрінеді: мәселен, дипломат пен солдаттың құлығы – деп атап көрсетті. «Екі және екі адам бір мүше ретінде көрінбейді ол жалпы көріністің өкілі: елші өз функцияларын орындауда өзі жататын қауымның саяси өкілі болады; солдат соғыс алаңында соның атынан өзіне ұқсастарды өлтіретін саяси бірлік қана»(Р.Арон). Соғыстың көлеңкесіне оралады дәлірек айтқанда мемлекет арасындағы қарым-қатынас соғыс пен бейбітшіліктің баламасын ұстанды. Социологтардың ойынша жалғасады дейді. Ғалымдардың ойынша , олар бір әмбебап мемлекет болып бірікпейінше осындай қалып мақсаты – тіршілік етуі. Осы жерден қарама-қайшылық туады: саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.
СМИ әлеуметтануы.
СМИ әлеуметтануды оқу объектісі ретінде.
СМИ-дің коммуникация тәсілдері мен түрлері.
Социология зерттеулеріндегі сұрыптау.
Саясат әлеуметтануы.
Саяси әлеуметтану қоғам және мемлекет
арасындағы байланысты және қарым-қатынасты
қарастырады. Ол қоғамның әсерінен саясаттың
қалыптасуын және саясаттың қоғамға
деген әсерін талдайды. Саясат –
үдеріс, яғни әртүрлі қызығушылықтары
бар адамдар топтарына
Сорокиннің әлеуметтік стратификация теориясы.
П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі
тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі
өзгерістердің болашағын
Студенттік жастардың әлеуметтік мәдениетінің ќалыптасуына үкіметтік емес ұйымдардың (НПО) ыќпалын аныќтаңыз.
Сіздің тұлғалыќ бітіміңіздің ќалыптасуындағы өз университетіңіздің рөліне сипаттама беріңіз.
Тұлға әлеуметтануы.
Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан
айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің
бір ракурсы – жеке адам –
әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның
шынайы әрі жалғыз қайраткері және
дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік
әрекеттестіктің, институттардың және
тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі
ретінде қарастырады. Жеке адам және
қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы
тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз
байланысты 2 ракурста зерттеледі.Біріншісі
әлеуметтік институттар, қауымдастықтар,
жалпы қоғам қалай
Тұлғаның рөлі және мәртебелік тұжырымдамалары.
Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі.
Индивид – жеке – дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата – анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгеніннен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата – ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді. Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық - әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организмнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды. Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау т.б. адамның еркі мен сипатын (бейнесін), темперамент, т.б. қамтиды. Осыған орай жеке – жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке – дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан – жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс - әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады. Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс – қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді.Мысалы отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, оған белгілі бір талап – тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты. Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға өзіндік рөлдік мінез – құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез – құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез – құлық. Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез – құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез – құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компонеттері сатылы жүйе ретінде құралады.