Еңбек ақы
Мазмұны
Кіріспе
1.Нарық шартындағы
еңбек ақы
1.1. Нарықтық қатынастыр
жүйесіндегі жалақының мәні
1.2. Жалақы функциялары
және оны дифференцияциалау қағидалары
1.3. Кәсіпорында жалақыны
ұйымдастыру. Құрамы мен құрылымы
2.Еңбек ақы жүйесінің
және формасының экономикалық
мәні, олардың жіктемесі
2.1.Еңбек ақының мерзімді
жүйесі
2.2.Кәсіпорындағы еңбек
ақының кесімді жүйесі
2.3.Еңбек ақының тарифсіз
жүйесі
3.Қазақстан Республикасындағы
тарифтік жүйеге сипаттама
4.Негізгі жалақыға
қосымшалар және үстеме ақылар
5.Кәсіпорындағы
еңбек ақының сыйақы жүйесі
5.1.Кәсіпорындағы еңбек
ақының сыйақылы жүйесі
5.2.Сыйлық беру жүйесі
6. Жалақы қорын
жоспарлау
7. Кәсіпорын бөлімшелері
арасында жалақы қорларын реттеу
7.1. Ұжымдық жалақыны бөлу
әдістрі
7.2. Инженерлі техникалық
жұмыскерлер мен қызметкерлердің
еңбек ақысын ұйымдастыру
8. Ұйым персоналдарының
қызмет нәтижесін бағалау
8.1 Ұйым персоналдарының
еңбек нәтижесін бағалау
8.2 Персоналды басқару
бөлімшелерінің және ұйымның
қызметін бағалау
9.Қазақстанда жалақыны
мемлекеттік реттеу
9.1. Нарықтық экономикада
жалақыны реттеу қағидалары
9.2. Еңбек ақысын ұйымдастырудың
құқықтық аспектілері
9.3. Минималды жалақыны
және есеп көрсеткішін бекіту.
Кедейшілік
белгілерін анықтау.
9.4.Еңбек ақыны реттеудің
аймақтық аспектілері
10. Қазақстанда
әлеуметтік серіктестікьі дамыту
10.1. Әлеуметтік серіктестік
жүйесінде Бас келісімнің рөлі
10.2. Салалық және аймақтық
тарифтік келісімнің сипаттамасы
10.3. Кәсіпорындағы ұжымдық
келісім
10.4. Еңбек келісімі. Келісім-шарт
11. Жалақыны ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесі
11.1. Сыйақылы марапаттаудың
шетелдік тәжірибесі
11.2. Жапониядағы өмірлік
жалдау жүйесі
11.3.Франциядағы бонустар жүйесі
11.4. Шет елдерде икемді
еңбек ақының дамуы
Тесттік тапсырмалар
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі
КІРІСПЕ
«Қазақстан -2030» Стратегиясына
сәйкес әлеуметтік-еңбектік қатынастар
сферасын жетілдіру, Қазақстанның маңызды
бағыттарының қатарына кіреді. Мемлекеттік
саясат жұмысбастылықты арттыруға, лайықты
еңбек ақыға, еңбекті қорғау және оның
қауіпсіз шартын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондықтан нарықтық экономика шартында,
еңбектің барлық сферасындағы жұмысшыларға
дұрыс еңбек ақы беру ерекше орынды алады.
«Еңбек ақы» оқу құралы экономикалық
профильдегі студенттерге арналған. Бұл
оқу құралын оқу студенттерге Қазақстан
Республикасындағы еңбек ақы реформасы,
жалақы жүйесі мен формалары, осы тақырып
бойынша шет елдік тәжірибелер, Қазақстан
Республикасының еңбек кодексінің жекелеген
бөлімдері жөнінде терең білуге және үйренуге
мүмкіндік береді.
«Еңбек ақы» курсының мақсаты
– еңбек ақының функцияларын, қағидаларын,
мәнін және олардың тәжірибеде жүзеге
асуын үйрету. Бұл оқу құралы студенттердің
еңбек ақы жүйесіндегі білімін тереңдетуге
мүмкіндік береді: жалақыны ұйымдастыру,
кәсіпорында жалақы қорын қалыптастыруға
талаптарды және оларды тиімді пайдалануды
қамтамасыз ету, халық шаруашылығының
әр түрлі салаларындағы кәсіпорының еңбек
ақы ерекшеліктері мен шаруашылықтандыру
әдістері.
Бұл оқу құралы еңбек ақы және
ұйымдастыру негіздерін оқыту, содан соң
ҚР үкіметімен жүргізілген барлық жұмысшылардың
(жұмысшылар, жетекшілер, мамандар, қызметкерлер)
еңбек ақысын жетілдіру сұрақтары бойынша
қағиданың негізінде құрылған
Бұл оқу құралында келесідей
тақырыптар қарастырылаған:
нарықтық қатынастар шартындағы
жалақы рөлі;
еңбек ақы жүйесі мен формаларының
экономикалық мәні, олардың жіктемесі;
ҚР тарифтік жүйеге сипаттама;
негізгі жалақыға қосымша төлемдер
және үстеме ақылар;
кәсіпорындағы сыйақы жүйесі;
жалақы құрамы; жалақы қорын
жоспарлау;
жалақыны мемлекеттік реттеу;
Қазақстандағы әлеуметтік серіктестікті
дамыту;
жалақыны ұйымдастырудың шетелдік
тәжірибесі.
Нарықтық шарттағы
еңбекақы
1.1Нарықтық қатынастар
жүйесіндегі еңбекақының мәні
Нарықтық шарттағы жұмыста әр
түрлі ұғымдар мен үдерістердің мәні және
қатынасы өзгерді. Бұл толығымен еңбекақыға
қатысты. Қазіргі уақытта еңбекақы ұғымы
сөздің тар мағынасында және кең мағынасында
да қолданылады. Бұл ұғымды әр түрлі авторлар
түрлі түсінік береді. Біздің пікіріміз
бойынша неғұрлым сиымды анықтамасы, еңбекақының
орындалған жұмыстың белгілі бір саны
үшін қандайда бір марапаттау, жұмыс күшінің
бағасы болуында.
Нарықтық экономика шартында
еңбек нарығы қалыптасады, оның субъектілері:
еңбек ресурстарының белгілі бір санына
сұранысты тудыратын жұмыс берушілер
(өндіріс қорларының иелері) мен жалдамалы
жұмыскерлер (еңбек ресурсының иелері),
яғни еңбек нарығында ұсынысты қалыптастыратынкәсіби-квалификациялық
сипаттамалар мен саны.
Еңбек ақы – Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексіне және Қазақсатн Республикасының
басқада нормативті құқықтық актілеріне,
сондай-ақ келісімдермен, еңбек, ұжымдық
келісім-шарттарға және жұмыс берушінің
актілеріне сәйкес жұмыскерге оның еңбегі
үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін
жұмыс берушінің қамтамасыз етуімен байланысты
қатынастар жүйесі.
Жалақыны номиналды және нақты
деп екіге бөлу қажет.
Номиналды еңбек ақы жұмысшылардың
еңбегі үшін алатын ақшалай сый ақысы.
Нақты еңбек ақы– номиналды
жалақыға сол кездегі баға деңгейінде
алуға болатын тауарлар мен қызметтердің
саны.
Жұмыс күшінің бағасы
– жұмыс күшінің нарығында сұраныс пен
ұсыныс арасындағы арақатынасты ескере
отырып, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне
қажетті шығындардың дифференциацияланған
деңгейін көрсететін, оның құнының ақшалай
өрнектелуі.
Еңбек нарығы – экономикалық
белсенді халықтың сұранысы мен ұсынысының
қалыптасу сферасы.
Жұмыс күшінің нарығы – азаматтардың
еңбектік мүддесінің заңды қорғалуында,
кәсіпкерлердің жұмысшыларды еркін жалдануын,
адамның қызмет түрлерін таңдауда еркіндігін
қарастыратын, оған деген сұраныстың және
ұсыныстың ықпалымен пайда болатын жұмыс
күшінің иесімен оны сатып алушылардың
арасындағы экономикалық қатынастың жиынтығы.
Еңбек нарығында
келісімдер объектісі ретінде
нақты жағдайда қандайда бір
уақыт ағымында белгілі бір
сападағы еңбек ресурсының бірлігін
пайдалану құқығы орын алады. Еңбек бірлігінің
нарықтық бағасы – уақыт бірлігінде нақты
ксіби-квалификаиялқ сипаттамалар бар,
еңбек ақы деңгейін анықтайтын жне келісім-шартта
негізделген жалақы мөлшері. Еңбек нарғындағы
субъектілердің экономикалық мүдделерінің
балансын ескере отырып, қарастырылып
отырған сападағы еңбек бірлігінің нарықтық
бағасы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының
ықпалымен қалыптасады.
Еңбек ақы
мөлшерінің шамасы мен нарық
конъюнктурасына келесідей факторлар
ықпал етеді:
1) өндіріс кезінде қолданылатын,
тауарлармен қызметтер нарығындағы
сұраныс пен ұсыныстың өзгерісі;
2) кәсіпкер үшін еңбек
ресурстарының пайдалылығы;
3) баға бойынша сұранысының
икемділігі;
4) ресурстардың өзара алмасушылығы;
5) тұтынушылық тауарлар
мен қызметтер бағасының өзгерісі.
Еңбек ақы
деңгейне бірқатар нарықтық емес
факторлар әсер етеді:
1) жалақыны мемлекеттік
реттеу шаралары;
2) жұмыс берушілер мен
кәсіподақтар арасындағы күштің
арақатынасы;
3) еңбек қатынастарын жасаудың
барлық деңгейлеріндегі келісім шарттық
реттеу механизмі;
4) кәсіпорын қызметінің
сандық нәтижелері және жұмскердің жеке
еңбек үлесі.
Еңбек ақыны реттеудің екі негізгі
әдісі бар:
1. Орталықтандырылған әдіс
барлық кәсіпорындар үшін немесе
жекелеген салалар мен кәсіби
топтар үшін міндетті еңбек
ақы мөлшерін заңды бекіту.
2. Локальді әдістер кәсіпорындар
өз бетінше жасайтын жалақыны
ұйымдастыру әдістерінен, механизмдерінен,
барлық проедураларынан тұрады.
Бұл еңбек ақы жүйесін таңдау,
тарифтік мөлшерді бекіту, еңбек
ақыға ақша қорларының мөлшерін
бекіту, әр түрлі қосмшалар мен үстемелер
енгізу, сондай-ақ сый ақы жөнінде ережелер
жасау.
Еңбектік серіктестік - жұмысбастылықтың
мемлекеттік және жеке агентстваларының
көмегімен халықты еңбекке тартуға қатынасу.
Жұмысбастылықтың мемлекеттік
және жеке агентствалары бос орын жөнінде
ақпараттар, еңбек бойынша кеңестер, жұмыс
іздеуге көмек, қажет болған жағдайда
кадрларды оқыту және қайта оқытуды ұсынады.
Мақсаттық топтар – жұмысқа
орналасуда қиындықтарға кездесетін және
әлеуметтік қорғуды қажет ететін тұлғалар.
Мақсатты топтарға жататындар:
аз қамтылған азаматтар, 21 жасқа дейінгі
жастар, балалар үйінің тәрбиешілері,
жетім-балалар, жалғыз, көп балалы ата-аналар,
зейнетақыға шығу алдындағы жастағытұлғалар,
мүгедектер. Мұндай азаматтарға Қазақстанда
мемлекет жұмысқа орналасу және жұмысты
таңдауға қатынасу дикриминациясынан
қорғауға кепілдік береді.
Сөздің кең мағынасында еңбек
ақы ұғымына әр түрлі жұмыскерлердің еңбек
ақысын кіргізеді: әр түрлі мамандықтағы
жұмысшылар; біліктілігі жоғары мамандар,
білімге көп шығын жұмсауды қажет ететін
еңбек, дәрігерлерді, оқытушыларды, заңгерлерді
және т.б. – арнайы оқыту, халыққа тұрмыстық
қызмет (тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша
шеберлер, шаштараздар және т.б.) көрсететін
майда кәсіпорын иелері.
Сөздің тар мағынасында еңбек
ақы бұл белгілі бір уақыт ағымында- сағат,
күн және т.б. еңбек бірлігін пайдаланғаны
үшін төленетін баға.
Жұмысшы үшін еңбек ақы– жеке
басты және негізгі бабы, жанұясының әл
аухатын көтеру және ұдайы өндіріс құралы.
Жұмыс беруші үшін жұмысшыларының
еңбек ақысы - өндірілетін тауарлар мен
қызметтің өзіндік құнындағы шығындардың
негізгі баптарының бірін құрайтын, жұмыс
күшін жалдау бойынша жұмсалатын қорлары.
Сонымен қатар жұмыс беруші өнім бірлігіне
жұмсалатын жұмыс күшінің үлестік шығындарын
төмендету мүмкіндігіне қызығушылық білдіреді.
Еңбек ақы деңгейі еңбек нарығындағы тұрақты
өзгеріп отыратын жұмыс күшіне деген сұраныс
пен ұсыныстың шартында жұмысшы мен жұмыс
берушінің мінез құлқына едәуір әсер етіп
отырады.
Тарифтік жүйе келесідей элементтерден
тұрады: бірыңғай тарифтік торлама, тарифтік
мөлшер, тарифтік – квалификаиялық анқтамалар.
Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі
заңды орналасқан және өзара байланысты
элементтер болып табылады: тарифтік жүйе,
мөлшерлеу, жалақының формасы мен жүйесі.
Еңбек ақы негізгі және неғұрлым
күшті ынталандырушы (мотиватор) ретінде
әрекет етеді.
Мотивация жеке қажеттіліктерді
қанағаттандыру арқылы, кәсіпорын мақсатына
жету үшін қызметкерлерді жұмысқа ынталандыру.
Қажеттілік, әділдік, мәжбүрлік, күту,
мақсатты қою сияқты белгілі мотивациялық
теориялар ішіндегі неғұрлым атақтысы
А.Маслоудың қажеттілік, әділдік теориясы
болып табылады.
Мемлекет реттеуші
функциясын орындайды және инфляция
шамасына қарай өзгерістер енгізіп отырады.
Бұл:
Кәсіпорын типін және оның стратегиясын
таңдаудан тәуелді болатын тұтынудың
максимум қорларын алуға персоналдың
жан-жақты күресі.