Бірыңғай тарифтік кестенің
негізінде, мүмкіндігінше зауыттық тарифтік
жүйені жасау.
Тұтынуға, еңбек ақы қорына,
жаңалық ашуға және кәсіпкерлік қызметке,
акция бойынша пайыздар мен дивиденттер
төлеуге қорларды тиімді бөлу.
start="4"
Еңбек ақыны ұйымдастыру
шарты жөнінде ұжымдық келіссөздер жасау.
Бөлімдер, цехтар, бөлімшелер
бойынша еңбек ақы қорын бөлу әдістемесін
жасау және енгізу.
Кәсіпорында еңбек ақы төлеудің
үддемелі жүйесі мен формаларын таңдау
Тарифтік жүйе келесідей элементтерден
тұрады: бірыңғай тарифтік кесте, тарифтік
ставка, тарифті-біліктілік анықтамалары.
Еңбек ақыны
ұйымдастыру жүйесі заңды орналасқан
және өзара байланысты элементтердің
бірлігін көрсетеді: тарифтік жүйе,
мөлшерлеу, жалақының формалары
мен жүйесі.
1.2. Еңбек ақы
функциясы және оны дифференцияциалаудың
қағидалары
Еңбек ақы ұйымдастырудың белгілі
бір қағидаларына нгізделеді және әр түрлі
функцияларды орындайды.
Еңбек ақы жүйесі мен формаларының
қисындылығы мен ашықтық қағидасы олардың
мәнінің кең ақпараттануын қамтамасыз
етеді. Жұмыскерлерге еңбек ақы мен сыйлық
ақының шартын нақты көрсетуі қажет. Осы
жағдайда ғана олар өндіріс тиімділігінің
өсуіне қызығушылық білдіреді. Бұл қағидаға
ұдайы өндіріс функциясы сәйкес келеді.
Еңбек ақы нақты арттыру қағидасы
өндіріс тиімділігінің өсу шамасына қарай,
қажеттлікті арттырудың экономикалық
заңының әрекет етуімен байланысты, осыған
сәйкес, өз еңбегіне көп материалды игіліктер
алу мүмкіндігін кеңейткенде ғана толық
қанағаттанады.
Кесте- 1.1. –Еңбек ақының функциялары
мен қағидалары
Қағидалары |
Функциясы |
Еңбек ақы жүйесі мен формаларының
логикалылығы және мүмкіндігі |
Ұдайы өндірістік |
Еңбек және өндіріс тиімділігінің
өсуіне қарай нақты жалақының артуы |
Реттеушілік |
Тең еңбекке тең еңбек ақы төлеу |
Ынталандырушы |
Мемлекеттік реттеу |
Өлшеуші-орналастырушы |
Жұмыс күші нарығына ықпалын
есепке алу |
Ресурстық орналастырушы |
Дифференциация |
Халықтың төлемге қаблеттлігін
қалыптастыру |
Тең еңбекке тең еңбек ақы төлеу
қағидасы еңбек ақы арқылы бірдей еңбекті
адекватты бағалауды ұйғаратын кәсіпорын
ішіндегі бөлуде әділдікті сақтау.
Мемлекеттік реттеу қағидасы
жалақы және әлеуметтік нормативті саясаттың
негізгі бағыты мемлекеттік деңгейде
жасалуы қажеттілігн білдіреді.
Еңбектің күрделілігі бойынша
дифференциациялау қағидасы неғұрлым
күрделі еңбек қарапайым түріне қарағанда
үлкен құн тудыратынын білдіреді. Бұл
қорытынды батыс экономистеріменде қолдау
табады, және оны қаблет пен жұмыскерлердің
әр түрлі топтарын дайындау деңгейі арасындағы
айырмашылық деп атайды.
Еңбек шартындағы
айырмашылық физикалық энергияның
әр түрлі шығындарын талап етеді
және сәйкесінше жұмыс күшін ұдайы өндіру
бойынша шығындарға ықпал етеді.
Еңбек ақының территориялық
дифференциациясының негізінде жұмыс
күші бағасының деңгейіндегі айырмашылықты
ескеретін экономикалық, табиғи-климаттық,
әлеуметтік, экологиялық факторлар жатыр.
Осылайша, еңбектің территориялық
ұсынысында және шартында, күрделілігіндегі
айырмашылық жалақының дифференциациясының
объективті белгілерін көрсетеді. Кейбір
батыс экономистері еңбектің халық шаруашылық
мәні мен жұмыскердің еңбек үлесінің формасы
факторларының қызметтің соңғы нәтижесіне
ықпалын теріске шығарады. Бұл тәуелділік
жалақының өзгермелі бөлігінде көрінеді,
яғни сыйақының әр түрлі жүйесі арқылы.
Ұдайы өндірістік функциясы
өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру,
жұмыс күшін ұдайы өндіру құралы ретінде
көрінеді және еңбек ақының абсалютті
деңгейін анықтайды.
Еңбек ақының реттеуші функциясы
жалақының минималды деңгейін мемлекеттік
реттеу, Бірыңғай тарифтік кесте жасау
арқылы әрекет етеді. Оның мәні жұмыс күшінің
сұранысы мен ұсынысының арақатынасына,
персоналдың қалыптасуына, жұмыскерлер
санына және олардың жұмысбастылық деңгейіне
ықпал етуінде.
Ынталандырушы функциясы өндірісте
жоғары нәтижелерге жету материалды ынталандыру
арқылы жүзеге асады, оның мақсаты – еңбектің
нәтижесі, сапасы және санынан тәуелді
жалақы деңгейін бекіту.
Ресурстық орналастырушы функциясы
кәсіпорын, сала, аймақ бойынша еңбек ресурстарының
орналасуын тиімді ету. Еңбек ресурстарын
оналастыру сферасында мемлекеттік реттеу
минимумға келтірілгенде, тиімді жұмыс
күші нарығын қалыптастыру басталады,
өмірлік деңгейін арттыруға жұмыскердің
ұмтылуы оның өз қажеттілігін қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін жұмысты іздеуге ауысуын
ескереді.
Халықтың төлемге қаблеттлігін
қалыптастыру функциясы – тұтынатын тауарлар
өндірісі мен ақша қорларымен қамтылған
сатып алушылар қажеттілігінің көріну
формасы түсіндірілетін төлемге қаблетті
сұраныстың үйлесуі. Төлемге қаблетті
сұраныс қажеттілік пен сұраныстың ықпалымен
қалыптасатын болғандықтан, нарық шартында
жалақы көмегімен тауарлы сұраныс пен
ұсыныстың арасында пропорция бекітіледі.
Еңбек ақының қағидалары мен
функциялары кәсіпорындарда тікелей еңбек
ақыны ұйымдастыру үшін қажетті әдістемелік
негізді құрайды.
1.3 Кәсіпорында
еңбек ақыны ұйымдастыру. Құрамы
мен құрылымы
Көп түрлі меншік формасында
жалақыны ұйымдастыру екі негізгі деңгей
арасындағы, жұмыскермен жұмыс берушінің
қатынасын көрсетеді.
Бірінші деңгей-бұл еңбек нарығындағы
жұмыс берушіге жұмыскер ұсынатын еңбек
қызмттерінің бағасы немесе жұмыс күшінің
бағасы анықталатын өзара әрекет. Экономикалық
мағынасы бойынша «жұмыс күші» және «еңбек
қызметі» ұғымдары идентины: бұл
жұмыстың белгілі бір түрлерін орындауға
жұмыскердің қаблеті (өнім немесе қызмет
түрінде) деп түсіндіріледі. Жұмыс күшінің
(еңбек қызметінің) бағасы бұл жұмыс беруші
төлеуге дайын, ал жұмысшы белгілі бір
меншік иесіне (мемлекетке, акционерлік
қоғамға, жеке тұлғаға және т.б.) тиісті
ұйымдарда немесе кәіспорындарда өзінің
қаблетін белгілі бір уақыт ішінде пайдаланғаны
үшін алуға жұмыскердің келіскен ақшалай
сыйақысы.Көптеген елдер ақшалай формамен
қатарнатуралды формадағы сыйақаны қолданады,
бірақ оның шегаралары өте тар және көбнесе
заңмен келісіледі. Қазіргі жағдайда жұмыс
берушілер мен жұмысшылар жұмыс күшінің
бағасы жөнінде келіседі немесе өзінің
өкілдері арқылы тікелей немесе әр түрлі
деңгейдегі ұжымдық келіссөздер жүргізу
арқылы, жеке келісім шарттар (жекелеген
жағдайларда) жүргізу арқылы келіседі.
Жұмыскерлер мен жұмыс берушілер
қатынасының екінші деңгейі бұл кәсіпорын
ішіндегі өзара әрекет. Жұмыс беруші мен
жұмысшы өзіне қажеттісін алуы үшін, яғни
еңбегі тиімді, қаблеттері жүзеге асуы
үшін, кәсіпорында жұмыс дұрыс ұйымдасуы
қажет, жұмыскер қызметінің тиімділігін
сипаттайтын жұмыс күшінің бағасы мен
көрсеткіштер арасында кәсіпорындағы
жалақыны ұйымдастырудың пәні болып табылатын,
белгілі бір өзара байланыс бекітілуі
қажет.
Көмекші менеджменттің және
моделдеудің негізгі қағидасын келесідей
етіп қалыптастыруға болады:қызметкерлдердің
жұмысының нәтижесі еңбек ақы тиімді болуы
шарт, өйткені еркін кәсіпкерлік шартындат
тиімсіз әрекет етуші компания бәсекегеқаблеттілігін
жоғалтып, әрекетін тоқтатады.
Ереже бойынша, ішкі фирмалық
саясатында, әрбір жұмыстың нәтижесі мен
оның сыйақысы арасындағы өзара байланысты
табысты пайдалана алатын, сондай-ақ жекелеген
қызметкердің нақты үлесімен жалпы нәтижені
шеберлікпен ұйымдастыра алатын компания
жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы
шартында жалақыны ұйымдастыру жөніндегі
сұрақтарды өз бетінше шешуге құқығы бар
кәсіпорындар бұл үшін әртүрлі моделдер
мен ыңғайлар қолданады.
Еңбек ақының ұйымдастыру қағидалары
мен функцияларының негізінде кәсіпорында
еңбек ақының ұйымдастыру жүйесі құрылады.
Еңбек ақыны ұйымдастыру дегеніміз
оның құрылуы, еңбек саны мен оның еңбек
ақысының мөлшерінің өзара байланысын
қамтамасыз ету, сондай-ақ құрамдас элементтердің
жиынтығы. Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың
негізгі элементтері тарифтік жүйе, жалақының
формалары мен жүйесі, еңбекті мөлшерлеу
болып табылады.
Еңбек ақыны
ұйымдастыру келесідей реттілікпен
жүргізіледі:
1. Жұмыскерлерге квалификациялық
талаптар және жұмыстың белгілі бір түрлерінің
күрделілігі жұмыс пен жұмысшылардың
кәсібінің Бірыңғай тарифтік квалификациялық
анықтамасының, жұмысшылардың кәсібінің
тарифтік-квалификациялық сипаттамаларының,
жетекшілердің, мамандардың және басқада
қызметкерлердің квалификациялық анықтамасының,
сондай-ақ жетекшілердің, мамандардың
және басқада қызметкерлердің типтік
квалификациялық сипаттамаларының негізінде
бекітіледі.
2. Орындалған жұмыстың белгілі
бір күрделілікке жатқызылуы және жұмыскерлергі
квалификациялық разрядтармен категориялардың
берілуі жұмыс пен жұмысшылардың кәсібінің
Бірыңғай тарифтік квалификациялық анықтамасына
жұмыс пен жұмысшылардың кәсібінің тарифтік
квалификациялық анықтамасына, жетекшілердің,
мамандардың және басқада қызметкерлердің
типтік квалификациялық сипаттамаларына
сәйкес беріледі.
3. Жұмысшылардың кәсібінің
тарифтік квалификациялық сипаттамаларын
қолдану реті және бекіту, жасау, қайта
қарау еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік
органдармен анықталады.
Тарифтік жүйе – географиялық
оналасуы, еңбек шарты, біліктілігіне
тәуелді жұмыскерлер жалақысының деңгейін
бекітетін әр түрлі нормативті материалдардың
жиынтығы.
Еңбек ақының формалары мен
жүйесі – бұл еңбек сапасы мен санынан
тәуелді жалақы мөлшерінің бекітілу механизмі.
Еңбекті мөлшерлеу – ғылыми
негізделген еңбек шығындары мен оның
нәтижелерін бекіту ( жалпы нәтижедегі
жұмыскерлердің жеке үлесін ескеру мүмкін
емес уақыт мөлшері, саны, қызмет көрсету,
өнімділік, мөлшерленген тапсырмалар
).
Уақыт мөлшері – белгілі
бір ұйымдастырушылық – техникалық жағдайда
сәйкес жұмыскерлер тобымен немесе жұмыскермен
жұмыс бірлігін орындау үшін бекітілген
жұмыс уақытының шығындар шамасы.
Өндірім мөлшері - белгілі
бір ұйымдастырушылық – техникалық жағдайда
жұмыс уақыты бірлігінде сәйкес біліктіліктегі
жұмыскерлер тобы немесе жұмыскер орындауға
міндетті бекітілген жұмыс көлемі.
Қызмет көрсету мөлшері
– белгілі бір ұйымдастырушылық – техникалық
жағдайда жұмыс уақыты бірлігінің ағымында
сәйкес біліктіліктегі жұмыскерлер тобы
немесе жұмыскер орындауға міндетті өндірістік
объектілер саны.
Тапсырманы мөлшерлеу – мерзімді
төленетін жұмыстағы айда, жұмыс аусымында
жұмыскерлер тобы немесе жұмыскер орындауға
міндетті бекітілген жұмыс қөлемі.
Тарифтік жүйенің элементтері
тарифтік кесте, тарифтік ставка, тарифтік
разряд.
Тарифтік кесте – жұмыскерлер
біліктілгі және орындалатын жұмыстың
күрделілігінің белгілері бойынша дифференциациялануды
қарастыратын тарифтік коэффициенттер
және тарифтік разрядттар жиынтығы.
Тарифтік айлық ( жалақы мөлшері)
– уақыт бірлігінде белгілі бір күрделіліктегі
(біліктіліктегі) еңбек мөлшерін орындағаны
үшін (еңбек міндеттерін) берілетін жұмыскердің
еңбек ақысының бекітілген мөлшері.
Тарифтік разряд – берілген
жұмысты орындау үшін қажетті, квалификациялы
деңгей көрсеткіші және жұмыстың күрделілік
деңгейі.
Тарифтік коэффициент берілген
разряд мөлшерлемесі бірінші разряд мөлшерлемесінен
қанша есеге артатындығын анықтайды.
Еңбек ақының тарифтік шартына
тарифтік айлық жүйесін толықтыратын
тарифтік сипаттағы қосымшалар жатады:
орындалатын жұмыстың ерекше сипатына
байланысты қосымшалар және орташадан
ауытқитын еңбек шарты үшін қосымшалар.
Еңбек ақының барлық формаларында,
бекітілген тарифтік айлық және қызметтік
жалақы мөлшерінде минималды жалақы мөлшері
және бюджеттік сфера жұмыскерлерінің
еңбек ақысы үшін Бірыңғай тарифтік кесте
қолданылады.
Еңбек ақы негізгі және қосымша
болып бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы дегеніміз
нақты кезеңнің тарифтік айлығына сәйкес
келетін, еңбек ақының бөлігі. Кесімді
ақы алушы үшін бұл бағалау бойынша нақты
дайындалған өнімге берілетін еңбек ақы,
мерзімділер үшін - тарифтік айлық немесе
жалақы мөлшері бойынша нақты уақытқа
берілетін еңбек ақы.
Қосымша еңбек ақы дегеніміз
еңбектің негізгі мөлшерімен қарастырылған,
оның міндеттерінің шеңберінде кеңейтілетін
және шығатын көрсеткіштерге қол жеткізуге
бағыттайтын еңбек ақының бөлігі.