Еңбек ақы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 09:00, курсовая работа

Краткое описание

«Еңбек ақы» курсының мақсаты – еңбек ақының функцияларын, қағидаларын, мәнін және олардың тәжірибеде жүзеге асуын үйрету. Бұл оқу құралы студенттердің еңбек ақы жүйесіндегі білімін тереңдетуге мүмкіндік береді: жалақыны ұйымдастыру, кәсіпорында жалақы қорын қалыптастыруға талаптарды және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорының еңбек ақы ерекшеліктері мен шаруашылықтандыру әдістері.

Содержание

1.Нарық шартындағы еңбек ақы
1.1. Нарықтық қатынастыр жүйесіндегі жалақының мәні
1.2. Жалақы функциялары және оны дифференцияциалау қағидалары
1.3. Кәсіпорында жалақыны ұйымдастыру. Құрамы мен құрылымы
2.Еңбек ақы жүйесінің және формасының экономикалық мәні, олардың жіктемесі
2.1.Еңбек ақының мерзімді жүйесі
2.2.Кәсіпорындағы еңбек ақының кесімді жүйесі
2.3.Еңбек ақының тарифсіз жүйесі
3.Қазақстан Республикасындағы тарифтік жүйеге сипаттама
4.Негізгі жалақыға қосымшалар және үстеме ақылар
5.Кәсіпорындағы еңбек ақының сыйақы жүйесі
5.1.Кәсіпорындағы еңбек ақының сыйақылы жүйесі
5.2.Сыйлық беру жүйесі
6. Жалақы қорын жоспарлау
7. Кәсіпорын бөлімшелері арасында жалақы қорларын реттеу
7.1. Ұжымдық жалақыны бөлу әдістрі
7.2. Инженерлі техникалық жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек ақысын ұйымдастыру
8. Ұйым персоналдарының қызмет нәтижесін бағалау
8.1 Ұйым персоналдарының еңбек нәтижесін бағалау
8.2 Персоналды басқару бөлімшелерінің және ұйымның қызметін бағалау
9.Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
9.1. Нарықтық экономикада жалақыны реттеу қағидалары
9.2. Еңбек ақысын ұйымдастырудың құқықтық аспектілері
9.3. Минималды жалақыны және есеп көрсеткішін бекіту. Кедейшілік
белгілерін анықтау.
9.4.Еңбек ақыны реттеудің аймақтық аспектілері
10. Қазақстанда әлеуметтік серіктестікьі дамыту
10.1. Әлеуметтік серіктестік жүйесінде Бас келісімнің рөлі
10.2. Салалық және аймақтық тарифтік келісімнің сипаттамасы
10.3. Кәсіпорындағы ұжымдық келісім
10.4. Еңбек келісімі. Келісім-шарт
11. Жалақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
11.1. Сыйақылы марапаттаудың шетелдік тәжірибесі
11.2. Жапониядағы өмірлік жалдау жүйесі
11.3.Франциядағы бонустар жүйесі
11.4. Шет елдерде икемді еңбек ақының дамуы
Тесттік тапсырмалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Еңбек ақы.docx

— 340.92 Кб (Скачать файл)

В) Уақыт бірлігінде нақты кәсіби квалификациялық сипаттамалар бар, еңбек ақы деңгейін анықтайтын және келісім шартта негізделген жалақы мөлшері

С) Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі заңды орналасқан және өзара байланысты элементтер

Д) Географиялық орналасуы, еңбек шарты, біліктілігіне тәуелді жұмыскерлер жалақысының деңгейін бекітетін әр түрлі нормативтік материалдардың жиынтығы

Е) Ғылыми негізделген еңбек шығындары мен оның нәтижелерін бекіту

23. Тарифтік разряд –  бұл:

А) Берілген жұмысты орындау үшін қажетті квалификациялық деңгей көрсеткіші және жұмыстың күрделілік деңгейі

В) Ғылыми негізделген еңбек шығындары мен оның нәтижелерін бекіту

С) Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі заңды орналасқан және өзара байланысты элементтер

Д) Уақыт бірлігінде нақты кәсіби квалификациялық сипаттамалар бар, еңбек ақы деңгейін анықтайтын және келісім шартта негізделген жалақы мөлшері

Е) Белгілі бір ұйымдастырушылық – техникалық жағдайда сәйкес жұмыскерлер тобымен немесе жұмыскермен жұмыс бірлігін орындау үшін бекітілген жұмыс уақытының шығындар шамасы

24. Тарифтік айлық –  бұл:

А) Уақыт бірлігінде белгілі бір күрделіліктегі еңбек мөлшерін орындағаны үшін берілетін жұмыскердің еңбек ақысының бекітілген мөлшері

В) Белгілі бір ұйымдастырушылық – техникалық жағдайда сәйкес жұмыскерлер тобымен немесе жұмыскермен жұмыс бірлігін орындау үшін бекітілген жұмыс уақытының шығындар шамасы

С) Уақыт бірлігінде нақты кәсіби квалификациялық сипаттамалар бар, еңбек ақы деңгейін анықтайтын және келісім шартта негізделген жалақы мөлшері

Д) Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі заңды орналасқан және өзара байланысты элементтер

Е) Ғылыми негізделген еңбек шығындары мен оның нәтижелерін бекіту

25. Тарифтік жүйе элементтеріне  жатады:

А) Тарифтік кесте, тарифтік ставка, тарифтік разряд

В) Тарифтік торлама

С) Тарифтік разряд

Д) Тарифтік коэффициент

Е) Тарифтік айлық

 

 

 

 

 

 

2. Еңбек ақы  жүйесі мен формаларының экономикалық  мәні, олардың жіктелуі

2.1.Еңбек ақының  мерзімді жүйесі

 

 

Еңбек ақы төлеу жүйесі келесіәдей болып анықталады:

1.Жұмыскерлердің еңбек  ақысы мерзімді, кесімді немесе  еңбек ақының басқада  жүйелерімен төленеді.  Еңбек ақы еңбектің жеке және ұжымдық  нәтижесі үшін төленуі мүмкін.

 

  Еңбек ақы  жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе  аралас жүйелердің негізінде  қалыптасуы мүмкін.

 

  Еңбек ақының  тарифтік жүйесі тарифтік мөлшерден  (қызметтік оклад), тарифтік тордан, тарифтік коэффициенттен тұрады.

 

  Еңбек ақының  тарифсіз жүйесі жұмыскерлердің  кәсіби сапаларын бағалау қағидалары  мен белгілеріне және олардың  соңғы нәтижедегі үлесіне тәуелді  негізделеді.

2.Орындалатын жұмыстың  сапасы мен өндіріс тиімділігін  арттыруға жұмыскерлердің қызығушылығын  арттыру үшін жұмыс берушілерге  сыйақы жүйесімен еңбекті ынталандырудың  басқада формаларын ендіруге  болады.

3.Еңбек ақы жүйесі мен  жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру  ұжымдық келісімнің, еңбек келісімінің  және жұмыс беруші актісінң  шарттарымен анықталады.

4.Еңбек ақы жүйесі еңбек  ақының негізгі  үлесін (жалақының тұрақты бөлігіне салыстырмалы) біруақытты ынталандырушы төлемдерді ескермегенде жұмыскерлердің орташа айлық жалақысының 75 пайызынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі керек.

5.Мемлекеттік бюджетпен  ҚР Ұлттық банк сметасының  есебінде болатын ұйым жұмыскерлерінің еңбек ақы жүйесі ҚР нормативті құқықтық актілермен бекітіледі.

6. Еңбек ақы шарты мен  ұлттық компаниялдардың, акцияның  бақылау пакеті мемлекетке тиісті  акционерлік қоғамдардың жетекші жұмыскерлеріне сыйақы беру  ҚР Үкіметімен бекітілген Типтік ереженің негізінде анықталады.

7.Ұйымдардың жұмыскерлерінің  қызметтерге  (тауарлар, жұмыстар) мемлекеттік реттеу тарифтерімен  (баға, мөлшер, жинақтар) енгізілетін еңбек ақы жүйесінің параметрлерін қарау және келісімдеу реті еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік органдармен  бекітіледі.

8.Еңбек, ұжымдық келісімдермен  және келісім-шарттармен жұмыс  берушінің актілерімен анықталынған  еңбек ақы шарттары  ҚР Еңбек кодексі мен нормативті басқада актілермен бекітілген  шарттармен салыстырғанда нашар болмауы керек.

Еңбек ақы төлеудің екі жүйесі бар: мерзімді және кесімді.

Екі форманың бірін таңдау көбнесе өндірісті ұйымдастыру және технологиясының ерекшеліктерімен, жұмыс күшімен қамтамасыз ету және еңбекті ұйымдастыру формаларымен  негізделеді. Барлық факторлар еңбек ақы формасын сипаттайды, әсіресе техникалық шарттар мен оларды пайдалану сферасын шектеу мүмкіндіктері көзқарасымен сипаттайды. Шын  мәнінде, екі форманы бөлу  басты белгісі натуралды өрнектегі өнім көлемінің жұмыс уақыты шығындарына қатынасы ретінде еңбек өнімділігін өлшеу мүмкіндігі болып табылады.

Қазіргі уақытта кесімді  еңбек ақы формасынан мерзімді жүйесіне өту байқалуда. Тәжірибеде  кесімді еңбек ақыға тиісті  әдістерді пайдалану есебінен мерзімді еңбек ақы шартындағы  өнімділігі жоғары жұмысты ынталандырудың әр түрлі ыңғайлары қолданылуда. Бұл жағдайда, мерзімді еңбек ақыға тән сыйлық ақы жүйесі   үлкен деңгейде қолданылады.

Мерзімді еңбек ақыда, еңбек атқарылған уақытпен өлшенеді, ал жұмысшыға жалақы сәйкес тарифтік мөлшерлемемен немесе нақты атқарылған уақыттың жалақысымен   есептеледі.

Мерзімді жалақының түрлері: жай мерзімді, мерзімді –сыйлық ақылы.

Жалақының есептелу тәсілі бойынша еңбек ақының жай мерзімді жүйесі сағаттық, күндік, айлық болып бөлінеді.

Мерзімді еңбек ақы кезінде, төмендегілер маңызды:

  1. нақты орындалған жұмыстың квалификациялық деңгейін  ескере отырып, жұмысшыларға тарифтік разрядты дұрыс беру, өйткені олардың еңбегін дұрыс бағалау, тарифтік разрядттан тәуелді болады;

  1. әр жұмысшының нақты атқарған жұмыс уақытын  дәл есепке алу.

Мерзімді еңбек ақы кезінде, жұмысшының жалақысы  келесідей болып анықталады:

З = Тс * Фот

мұндағы:

З – белгілі бір кезеңдегі жұмысшының жалақысы;

Тс – уақыт бірлігіндегі  разрядтың тарифтік мөлшерлемесі (сағат, айлық, тенге);

Фот – нақты атқарылған уақыт қоры  (күнмен, сағатпен).

Мерзімді – сыйақылы жалақы кезінде жалақыдан басқа жұмысшыларға  жұмыстағы нақты көрсеткішті орындағаны және асыра орындағына үшін  тарифтік мөлшерлеме немесе айлық ақы бойынша қосымша сыйлық ақы төленеді:

 

 

 

 Зп = Тс * Фот (1+ (р+К*П):100) (2.1.)

мұндағы: Фот – бір айда нақты атқарылған уақыт саны, адам/сағат;

Тс – уақыт бірлігіндегі  сәйкес разрядтың  тарифтік ставкасы  ( тенге/күн);

Р – тарифтік ставкаға сыйлық ақы мөлшері, пайызбен;

К – сыйақы шартын және көрсеткіштерді асыра орындаудың әрбір пайызына сыйлық ақы мөлшері, %;

П – сыйлық ақы көрсеткіштерін асыра орындау пайызы.

Жекелеген мерзімді ақы алушы жұмысшылардың орындаған, жұмысының сипаты мен өндірісінің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты сыйақы берудің әр түрлі көрсеткіштері  бекітіледі.

Көмекші және өндірістік цехтардың  мерзімді ақы алушы жұмысшылары өз бөлімшелерінде қызмет көрсетіп, өндірістік тапсырманы орындаған жағдайда, жұмысты сапалы және өз уақытында орындағаны үшін сыйлық ақы берілуі мүмкін. Сапалы көрсеткіштері үшін, технологиялық жабдықты жөндеумен айналысатын, мерзімді ақы алушы жұмысшыларыда сыйлық ақы алуы мүмкін.

 

 

2.2 Кәсіпорындағы  еңбек ақының  кесімді жүйесі

 

 

 

 Кесімді еңбек ақыда  еңбек жұмысшылардың өндірген өнімімен өлшенеді және жалақы өндірілген өнімнің саны мен көлемінен, сондай-ақ бекітілген кесімді бағалаудан тікелей тәуелді болады.

 

 Еңбек ақының  тікелей кесімді жүйесін дұрыс қолданудың негізгі шарттары:

  1. жұмыскерлердің  өндіріске салған еңбек сапасы мен санын неғұрлым дәл есептеуді қамтамасыз ететін, техникалық негізделген  өнімділік, уақыт мөлшерлерінің болуы және дұрыс қолданылуы;

  1. тарифті квалификациялық анықтамаларға сәйкес жұмысты дұрыс тарификациялау;

  1. нақты орындалған жұмыс көлемін , өнімділікті дәл есептеу;

  1. ақау өнімдердің ақысын төлемеуге мүмкіндік беретін орындалған жұмыс сапасын қатаң бақылау;

  1. барлық жұмыс аусымының ағамында, жұмыспен толық жүктелуді қамтамасыз ететін тоқтауларды және еңбектің өндірістік емес шығындарын мүмкіндігінше жою.

Еңбек ақының кесімді формасында, жұмысшының жалақысы келесі формуламен анқталады:

Зсд = Рсд* ВП (2.2)

мұндағы:

 

               Зсд. – жұмысшының  жалақысы  (тг);

 

               Рсд - өнім бірлігіне  кесімді бағалау  (тг);

 

               ВП - өндірілген өнім саны.

Өнім бірлігін кесімді бағалау келесі формуламен анықталады:

Рсд. = Тс*Нвр немесе  Рсд = Тс : Нв (2.3)

 

 

мұндағы:

Тс – уақыт бірлігіндегі сәйкес разрядтың тарифтік ставкасы ( тг/сағ);

Нвр – уақыт нормасы  (сағ);

Нв - өнімділік нормасы  (дана, т, кг).

Кесімді форма келесідей жүйелерден тұрады: тікелей кесімді, жанама кесімді, кесімді-прогрессивті, аккордты – кесімді және кесімді –сыйақылы. Жалақы топтық немесе жеке көрсеткіштерге тәуелді анықталады, әрбір жүйе жеке немесе бригадалық болуы мүмкін. Кесімді – сыйақылы жүйеде жалақы келесідей болып анықталады:

Зп = РхВП  (1+ (р+Кхп):100)  (2.4)

мұндағы:

Зп – жұмысшы жалақысы;

Р – і-ші өнім түрінің бағасы;

ВП – өңделген бұйымның і-ші түрінің  саны, натуралды бірлікте;

К – сыйлықақы беру шартының көрсеткіштерін асыра орындалуының әрбір пайызына сыйлық ақы мөлшері;

р – тарифтік ставкаға пайызбен сыйлық ақы мөлшері;

П – сйылық ақы беру көрсеткіштерінің асыра орындалу пайызы.

Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшының жалақысы нақты өнімге бөлінген негізгі  (тікелей) кесімді бағалаудан, және өндірістік тапсырманы орындау мен асыра орындау , сондай-ақ сапа көрсеткіштері үшін бөлінетін сыйлық ақыдан қалыптасады. Өндірістің ерекшелігінен және орындалатын тапсырманың сипатынан тәуелді өз көрсеткіштері мен сыйақы беру  мөлшерлері  бекітіледі.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысшыларға сыйлық ақы беру шартының неғұрлым кең тараған түрі келесідей көрсеткіштер:

  • өнім өндірісі бойынша тапсырманы орындау және асыра орындау, еңбек өнімділігін арттыру;

  • техникалық негізделген өнімділік мөлшері бойынша жұмыс;

  • өнімді дайындаудың еңбек сиымдылығын төмендету;

  • ақауды төмендету;

  • өнімінің өзіндік құнын төмендету.

Еңбек ақының кесімді-сыйлықақылы   жүйесін тиімді пайдаланудың негізгі шарттары:

  1. жекелеген жұмысшылар тобы үшін сыйлық ақы мөлшері сапалы көрсеткіштерді артыруға және өндіріс көлемін көбейтуге ықпал ететін деңгейін ескере отырып бекітіледі;

  1. сыйлық ақы беру кезеңі ағымында жұмысқа келмеген немесе жұмыста қателіктер жіберген  жұмысшыларға  толық немесе бөлшекті түрде  сыйақы берілмейді;

  1. сыйлық ақы көрсеткіштерінің көптігі және берілген кәсіптегі жұмысшылар шешетін,  негізгі өндірістік міндеттерді көрсететін  орындалуы солардан  шын мәнінде тәуелді көрсеткіштер  қолданылмайды;

  1. өнімнің өзіндік құнының өсуіне ықпал етпейтіндей етіп, сыйақы жүйесін экономикалық негіздеу.

Еңбек ақының кесімді үддемелі жүйесінде алғашқы базаның шегінде жұмысшының өндірген өнімі тікелей кесімді бағалау бойынша  төленеді, ал  артығымен өндірілген өнім жоғары кесімді бағалау бойынша  төленеді.  Нәтижені  табиғи өрнекпен өлшеу мүмкін бөлімдерде, жоғары бағалаумен төленетін алғашқы база, табиғи бірлікте (дана, тонна) бекітілуі тиіс. Кесімді – үддемелі жүйе кесімді сыйақы жүйе бойынша төленетін жұмысшылар үшін енгізілмейді.Үддемелі еңбек ақыны есептеу үшін  кезекті және қосымша демалыстар  (жалақы сақталмаған демалыстар), ауруына, жолдамаға, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді  орындауға байланысты шықпаулар, жұмысшының  қатысуынсыз тоқтаулар, жұмыс күнінің қысқаруларын шегергендегі жұмысшылардың толық саны қабылданады. Уақыт мөлшерін орындаудың пайызын есептеу кезінде артығымен орындалған уақыт күнтізбектік уақытқа  қосылады, ал осы уақыт ішінде орындалған жұмыс осы кезеңдегі өнімділікке енгізіледі, сонымен қатар бекітілген сапа мен сорттағы өнім ескеріледі.

Информация о работе Еңбек ақы