Еңбек ақы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 09:00, курсовая работа

Краткое описание

«Еңбек ақы» курсының мақсаты – еңбек ақының функцияларын, қағидаларын, мәнін және олардың тәжірибеде жүзеге асуын үйрету. Бұл оқу құралы студенттердің еңбек ақы жүйесіндегі білімін тереңдетуге мүмкіндік береді: жалақыны ұйымдастыру, кәсіпорында жалақы қорын қалыптастыруға талаптарды және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорының еңбек ақы ерекшеліктері мен шаруашылықтандыру әдістері.

Содержание

1.Нарық шартындағы еңбек ақы
1.1. Нарықтық қатынастыр жүйесіндегі жалақының мәні
1.2. Жалақы функциялары және оны дифференцияциалау қағидалары
1.3. Кәсіпорында жалақыны ұйымдастыру. Құрамы мен құрылымы
2.Еңбек ақы жүйесінің және формасының экономикалық мәні, олардың жіктемесі
2.1.Еңбек ақының мерзімді жүйесі
2.2.Кәсіпорындағы еңбек ақының кесімді жүйесі
2.3.Еңбек ақының тарифсіз жүйесі
3.Қазақстан Республикасындағы тарифтік жүйеге сипаттама
4.Негізгі жалақыға қосымшалар және үстеме ақылар
5.Кәсіпорындағы еңбек ақының сыйақы жүйесі
5.1.Кәсіпорындағы еңбек ақының сыйақылы жүйесі
5.2.Сыйлық беру жүйесі
6. Жалақы қорын жоспарлау
7. Кәсіпорын бөлімшелері арасында жалақы қорларын реттеу
7.1. Ұжымдық жалақыны бөлу әдістрі
7.2. Инженерлі техникалық жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек ақысын ұйымдастыру
8. Ұйым персоналдарының қызмет нәтижесін бағалау
8.1 Ұйым персоналдарының еңбек нәтижесін бағалау
8.2 Персоналды басқару бөлімшелерінің және ұйымның қызметін бағалау
9.Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
9.1. Нарықтық экономикада жалақыны реттеу қағидалары
9.2. Еңбек ақысын ұйымдастырудың құқықтық аспектілері
9.3. Минималды жалақыны және есеп көрсеткішін бекіту. Кедейшілік
белгілерін анықтау.
9.4.Еңбек ақыны реттеудің аймақтық аспектілері
10. Қазақстанда әлеуметтік серіктестікьі дамыту
10.1. Әлеуметтік серіктестік жүйесінде Бас келісімнің рөлі
10.2. Салалық және аймақтық тарифтік келісімнің сипаттамасы
10.3. Кәсіпорындағы ұжымдық келісім
10.4. Еңбек келісімі. Келісім-шарт
11. Жалақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
11.1. Сыйақылы марапаттаудың шетелдік тәжірибесі
11.2. Жапониядағы өмірлік жалдау жүйесі
11.3.Франциядағы бонустар жүйесі
11.4. Шет елдерде икемді еңбек ақының дамуы
Тесттік тапсырмалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Еңбек ақы.docx

— 340.92 Кб (Скачать файл)

а) сағаттық тарифтік ставка;

в) жай кесімді еңбекақы;

с) төлемдер жіне жеңілдіктер;

д) жай мерзімді;

е) сый ақылра мен қосымша төлемдер;

15. Бір уақыт брілгендігі  жұмысшы категориясы мен әртүрлі  топтардың еңбек ақысының абсолютті  мөлшері-

а)   тарифтік ставка;

в)  жанама-кесімді бағалау;

с) 1-разрядтық;

д)  жеке кесімді бағалау;

е)   неғұрлым құрайтын еңбек ақысының деңнейі;

 

 

 

 

Өз бетінше дайындалу сұрақтары:

  1. Еңбек ақы формасының жіктелуі және олардың анықталуы

  1. Мерзімді еңбек ақы  жүйесінің  қолданылуының негізгі  шарттары  

  1. Кесімді еңбек ақы  жүйесінің қолданылуының негізгі  шарттары 

  1. Еңбек ақының тарифсіз жүйесінің  сипаттамасы

  1. Қазақстан Республикасындағы тарифтік жүйенің ерекшеліктері

  1. Қазақстан Республикасындағы Бірыңғай тарифтік кестенің сипаттамасы

 

 

 

 

  1. Негізгі еңбек ақыға қосымша және үстеме ақылар

 

 

 

 Қосымша ақы тікелей міндеттемелерден басқа қосымша орындалатын жұмыстың  шеңберін қамтитын, әр түрлі төлемдердің жиынтығы.

 

  Неғұрлым көп  қоданылатын қосымша төлемдердің  түрі өте зиянды, өте ауыр, берілген  мөлшерден ауытқитын  зиянды және ауыр, еңбек шарттарына  берілетін қосымша ақылар болып табылады. Бұл конвейірлі, толасыз, автоматтандырылған тізбектегі қарқынды еңбек; шахтаның механикаландырылған орталарында  өнімділігі жоғары бригадалардың жұмысы. Мұнда сонымен қатар мереке күндердегі жұмысы және түнгі уақыттағы жұмысы үшін, берілген квалификациядан төмен  тапсырмалар үшін бюерілетін қосымша ақылар жатады. Жұмыс күнінің қысқаруымен байланысты жұмыс істейтін жас өспірімдерге, жас сәбилі аналарға және басқаларға қосымша ақылар беріледі. Қосымша ақы мөлшері тарифтік ставкаға немесе абсалютті шамаға пайыздық қатынаста  анықталады.

Қосымша ақының басқа тобы орындалатын жұмыстың ерекше сипатына байланысты қосымша ақылардан тұрады – жұмыс объектісінің белгісіздігі, мезгілдік  және  қашықтығы. Олар демалыс күндердегі жұмысқа, 2 сағаттық үзілісімен күннің бөлінген графигі бойынша,  көп аусымды режим, мөлшерленбеген жұмыс күнін   қарастырылған.

Бекітілген жұмыс уақтынан тыс жұмыс  үшін төленетін еңбек ақ келесідей болп жүргізіледі:

  1. Мерзімді ебек ақ кезінде  бекітілген жұмыс уақтынан тыс жұмыс уақыты бір жарм есе көлемінен төмен болмауы тиіс. Кесімді еңбек ақыда мұндай қосымша жұмыскердің бекітілген тарифтік мөлшердің  (қызметтік оклад) 50 пайзынан  төмен болмау тиіс.

  1. Мереке жне демалыс күндеріндегі жұмыс үшін еңбек ақы жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерінің біржарым  есе мөлшерінде төленеді.

  1. Жұмскер р түрлі квалификаиядағы жұмстард орндаған жағдайда еіңбек ақ  жоғар квалификаия  жұмс  бойнша төленеді.

  1. Жұмскер бір ұймыда негізгі жұмыс мен қатар басқа қзметтегі немесе басқа міндеттегі қосымша жұмсты уақытша келмеген жұмсшы үшін орындайтын болса, негізгі жұмсынан босатылмай, қосымша ақы есептеледі.

Қызметтерді бірлестіргені үшін  қосымша немесе уақытша болмайтын жұмыскедің міндеттерін орындағаны үшін  қосымша мөлшері жұмыс берушімен бекітіледі.

5.Ұжымдық немесе еңбек  келісім-шартымен жаңа өндірісті  игеру кезінде жұмыскердің бұрынғы  еңбек ақысын сақтау қарастырылуы  мүмкін.

Қосымша ақылар келесі формуламен анықталады:

Дн =  (Дд * 100) /  (100+Т)                           (4.1)

мұндағы:

Дн, Дб – еңбек шарты үшін қосымша ақы мөлшері жаңа және бұрынғы әрекет етуші тарифтік ставкаға сәйкес жұмыскер разрядына берілген тарифтік ставкаға  %-бен;

Т -  бұрынғы әрекет етуші тарифтік ставка мен қызметақымен салыстырғандағы кәсіпорын жұмыскерінің қызметақысымен тарифтік ставкасының өсімі, %.

Үстемеақылар – басқа жұмыскерлермен салыстырғанда, еңбектің неғұрлым  тұрақты және жоғары көрсеткіштеріне жеткен жұмыскерлрді  қосымша марапаттау үшін жұмыс берушілердің қолданылатын сыйақы төлемдерінің  бір түрі, жалақы бөлігі.

Оған жататындар:

  • кәсіпті бірлестіргені үшін;

  • орындалатын жұмыстың көлемінің артуы немесе қызмет көрсету зонасының кеңеюі;

  • келмеген жұмыскердің міндеттерін орындағаны үшін;

  • кәсіби шеберлігі үшін;

  • біліктілігінің жоғары деңгейі үшін, еңбектегі жоғары жетістігі үшін мамандарға;

  • әлемдік стандартқа сәйкес өнімнің едәуір үлес салмағын қамтамасыз еткен үшін, өнім экспортын  кеңейткені және өндірістің техникалық деңгейін жоғарлатқаны үшін;

  • негізгі жұмыстан босатылмаған жұмысшылар санындаға бригадирлер үшін.

Қосымшалар  және үстеме ақылар кәсіпорын жетекшісінің қызметтегі және бөлімдегі тиімсіз  жұмысы  және жолдамасының ұзақтығы үшін бекітіледі.

Шетелдік фирмалардағы үстемеақы бағдарламалары қызығушылық тудырады, мұнда, өндірістік үдерістің барлық қатысушылары өзінің жеке қызметі үшін жыл нәтижесі бойынша үстемеақы алады. Жалақыдан жоғары сомманы, егер қызметкер  белгілі бір уақыт аралығында (6 ай) максималды еңбек ақыны алса, және егер орташадан жоғары нәтижені алған жағдайда төленеді.

 

 

Өз бетінше дайындалу сұрақтары:

  1. Ксіпорындағы қосымша және үстемақыны анықтау

  1. Қосымша мен үстемақыны есептеу шарттары

  1. Сыйақы төлемдерінің қандай түрлері үстемеақыға жатады.

 

 

 

 

5.Кәсіпорындағы  еңбек ақының сыйақылы жүйесі

 

 

5.1 Кәсіпорындағы  еңбек ақының сыйақылы жүйесі

 

 

Сыйақы беру – белгілі бір көрсеткіштерді орындағаны үшін бекітілген жалақыдан жоғары қосымша сыйақы төленетін, еңбектің көтермелеу формасы. Жұмысшыларға, жетекші жұмыскерлерге, құрылымдық бөлімшелердің  қызметкерлеріне сыйақы беру ретін кәсіпорындардың  өз бетінше жасауына және бекітуіне құқық  берілген. Сыйақы ереже бойынша, негізгі жалақының алдын-ала анықталынған бөлігі ретінде бекітіледі.

Материалды ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуде, өзіндік құнды төмендетуде, еңбек өнімділігінің өсімінде өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыруда сыйақының ынталандырушы рөлі күшейеді. Сыйақыны еңбек ұжымына  бөледі, ал оның ішінде еңбек ұжымының шешімі бойынша бөледі. Жаңа жүйе бұрынғы арнайы жүйелердің барлығын алмастыруды қарастырады.

Жұмыскерлерге кәсіпорын  үлесінде қалған пайда мен жалақы қоры есебінен сыйақы береді.

Жұмыскерлерге норматив бойынша қалыптасқан  жалақы есебінен  сыйақы беру, жалақыны ұйымдастыру жүйесімен, атап айтқанда еңбек ақының мерзімді –сыйақылы және кесімді-сыйақылы  формасының болуымен негізделген. Жұмысшыларға сыйақы берудің негізгі көзі жалақы қоры болып табылады, құрылымдық бөлімшелердің  бір жыл, бір кварталдағы жұмысының қорытындысы бойынша оларға пайда есебінен сыйақы беріледі. Жұмысшылар мен ұжымсдық бригадаларға жалақы қорынан төленетін сыйақы мөлшері, тарифтік ставкадан әр түрлі пайызбен, бір айға құрылуы мүмкін. Бригада мүшелеріне сыйақы бөлінген сомма шегінде, сараланып анықталады, олар жұмыстың жалпы нәтижесіне әрбір мүшенің салған салымынан тәуелді болады және мөлшері бойынша шектелмейді.

Жұмысшылар және бригада ұжымына жалақы қорынан, өндірістік тапсырманы, еңбек өнімділігінің өсімін орындағаны үшін, өнім сапасын жақсартқаны, жаңа техника мен технологияны игергені және ресурстың барлық түрін сақтағаны үшін, техникалық негізделген нормаларды орындағаны және асыра орындағаны үшін беріледі. Сыйақыға ресурстарды үнемдегені үшін алынған үнемділік соммасынан 50 пайыз, ал олардың жекелеген  маңызды түрлері бойынша 60-90 пайыз қолданылуы мүмкін.

Функционалды бөлімдердің ұжымына сыйақы беру көрсеткіштері кәсіпорын, ұйым, бірлестіктің шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесімен өзара тығыз байланысты.

Кәсіпорын, ұйым, бірлестіктің  жетекші жұмыскерлері халық тұтынатын тауарлар  өндірісі, объектілер құрылысы мен өндірістік қуаттың енгізілуі, ғылыми техникалық прогресті жеделдету, өнімді сату көлемін 100 пайызды орындаумен сипатталатын шаруашылық қызметтің негізгі нәтижесі үшін сыйлық ақы алады. Келісім-шарт бойынша өнімді сату көлемін орындағаны үшін сыйлық ақы шаруашылық қызметтің негізгі нәтижелері үшін сыйлық ақының жалпы соммасынан 50 пайыз мөлшерінде бекітіледі. Бұл сыйақы  келісім-шарт  бойынша өнім көлемін жеткізуді 100 пайыз орындаған жағдайда ғана төленеді. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, басқа көрсеткіштер үшін бөлінген  сыйақының 50пайызы сақталып, жыл соңына дейін жеткізілмеген өнім  толықтырылған жағдайда ғана төленеді.

Бірлестік, кәсіпорын, ұйым, цех, бөлім немесе басқада құрылымдық бөлімшелер бойынша жалақы қоры шығындалған жағдайда, сәйкес жетекші жұмыскерлер, мамандар, қызметкерлер, ғылыми жұмыскерлердің шаруашылық қызметінің негізгі нәтижесі үшін сыйақы,  күнтізбектік жылдың келесі  кезеңдерінде  жіберілген шығындарды толықтырудың соммасында ғана сақталады. 

 

     Сыйақы беру жүйесі

 

 «Еңбек кодексі жөніндегі»  ҚР заңына сәйкес Қазақстанда жұмыс беруші сыйақы беру жүйесін өз бетінше таңдайды  немесе жасайды. Сыйақы жүйесін жасаудың талаптары болады: сыйақы беру көрсеткіштері мен шарттарын, сыйақы мөлшерін, сыйақы берілетін жұмыскерлерді, сыйақы беру кезеңдерін  қарастыру қажет.

 

   Сыйақы беру  жүйесі  - белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерді орындау және асыра орындау деңгейімен негізгі еңбек ақыны байланыстыратын жүйе. Сыйақы – белгілі бір көрсеткіштерді орындағаны және асыра орындағаны үшін жұмыскерлерге жұмыс берушінің  төлейтін, материалды және материалды емес сипаттағы көтермелеу түрі.

Сыйақы беру деңгейі сыйақы  мөлшері мен сыйақы көрсеткіштерін орындау деңгейі арасындағы тәуелділікті анықтайды.

Сыйақы мөлшері жұмыс нәтижесін жақсартқаны үшін көтермелеу  шамасын анықтайды.

Сыйақы берілетін жұмысшылар – сыйақы жүйесі таралатын жұмыскерлер құрамы.

Сыйақы беру шарты сыйақыны берудің сандық және сапалық белгілерін анықтайды.

Сыйақы беру кезеңдері – сыйақы шарты таралатын уақыт аралығы.

Сыйақы беру көрсеткіштері сыйақы берілетін тізімге енгізілген, жұмыскерлердің еңбек күшін ұсыну бағыттарын  анықтайды.  Сыйақы беру көрсеткіштері бөлімшедегі өндіріс міндеттеріне сай, жұмыскерлердің нақты еңбек күшінен тәуелді болуы  керек.

Мысалы,  өнімді жеткізу бойынша келісім шарт міндеттерін сақтау көрсеткіштерін енгізу кезінде оның орындалуына  бірінші кезекте кәсіпорын жетекшілері мен өнім шығаратын цехтардың жетекшілері, сондай-ақ басқару қызметі жауап беретіндігін ескеру қажет. Сондықтан осы категорияның  жұмыскерлері үшін  бұл көрсеткішті қарастырған жөн.

Сыйақы беру жүйесінің тиімділігі  тиімділікті бағалау кезеңінде, базалы кезеңдегі көрсеткіштің орындалу деңгейімен салыстырғанда, сондай-ақ эффектіні ақшалай түрде анықтау және сәйкес сыйақымен экономикалық эффектіні анықтау кезеңінде сыйақы көрсеткіштерінің орындалуының қол жеткізілген деңгейін анықтауды ұсынады.

Сыйақы жүйесінің  абсалютті тиімділігі  дегеніміз  (АЭ)  қарастырылып отырған кезеңдегі сыйақы беру көрсеткіштерінің деңгейінің өзгеірістерінен  (Э) алынған эффектімен осы өзгерістерге сәйкес әлеуметтік қауіпсіздендіру  (П) төлемдерін ескергендегі сыйақы шамасының  айырмашылығы. Абсалютті тиімділік  есебін жалпы түрде келесідей етіп көрсетуге болады:

АЭ = Э-П                                                                    (5.1)

Салыстырмалы тиімділік дегеніміз сыйақы беру көрсеткіштерінің деңгейінің өзгерістерінен алынған экономикалық эффектінің  сыйақы соммасына қатынасы:

ОЭ = Э/П                                                                    (5.2)

Информация о работе Еңбек ақы