Әлеуметтік серіктестік қоғамда
әлеуметтік бейбітшілікті бекітуге қаблетті
келісімге қол жеткізетін ыңғайларды
өңдеуге жағдай жасауы тиіс. Қазақстанда
бұл үдеріс Бас келісім, салалық және аймақтық
тарифтік келісім, ұжымдық келісім-шарт,
сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қызметімен
көрінеді. Осы келісім шарттарды қарастырайық.
Еңбек ақыны басқаруды жетілдіру
жолдарының бірі оның тарифті реттеу механизмін
дамытудан көрінеді.
Мемлекеттік реттеудегі директивті
әдістен экономикалыққа акценттердің
араласуы серіктестікке апарады. Сондай-ақ
жалақы категориясының кәсіпорынның шаруашылық
есеп кірісінің бір бөлігі ретінде өзгеру
үдерісі қазіргі кезеңде еңбек қатынастарының
барлық түрінде келісімдік реттеу механизмін
құру негізінде мүмкін.
Жоғарыда айтылып кеткендей,
еңбек ақы , сыйақы берудің барлық сұрақтарын
кәсіпорындар өз бетінше шешеді. Мемлекет
минималды жалақы мөлшерін бекітеді, бірыңғай
тарифтік кестені жасайды (БТК), жұмысшыларға
бірқатар кепілдіктер береді (мерзімнен
тыс жұмыстар, жұмыскердің күнәсінсіз
тоқтауларға еңбек ақыны төлеу реті және
т.б.). Брақ өтпелі кезеңде жалақы саясатын
анықтауда мемлекеттің рөлі үлкен. Ол
жөнінде бірінші тарауда айтылған болатын.
Әлеуметтік серіктестіктің негізінде
жалақыны тарифтік реттеудің қажеттілігі
бар. Әлеуметтік серіктестік арасынағы
ұжымдық келісімдер еңбек қатынасын реттеудегі
әмбебап құрал болып табылады.
Ол тек заңды, әкімшілік актілерді
ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлер
мен жалдамалы жұмыскерлердің нақты жағдай,
кәсіп, аймақ, сала спецификасын ескеретін
келісімді шешемдерге қол жеткізетін
икемді механизмін ұсынады. Ұжымдық келісім
жеке еңбек келісім-шарты мен мемлекеттік
заңды актілері арасындағы аралық жағдайды
алады. Дәстүрлі келісім-шартта көбнесе
екі талап орындалады. Біріншіден, жұмыс
орнында дискриминацияға қарсы бірқатар
баптардан тұрады. Екіншіден, елдегі қоғамдық
тәртіпке қайшы келмеуі тиіс. Еңбек пен
капитал арасындағы күрделі қатынасты
реттеудегі мемлекеттің рөлі келісімді
ұйымдастырудағы екі жақтың теңдей құқылығын
заңды қамтамасыз етуге әкеледі.
Еңбекті халықаралық ұйымдастыру
пікірі бойынша трипартизмді тудыратын
үш жақты бірлесу, демократиялық қоғамды
қалыптастырудағы жаңартушы рөлді ойнайды.
«Трипартизм» жалпы мақсатқа жету үшін
өзінің спцификалық функцияларын жүзеге
асыратын, тәуелсіз бөлшектер болап табылатын
мемлекет, кәсіпкер, кәсіподақтар шегіндегі
өндірістік қатынастар жүйесі. Бұл ұғым
өндірістік қатынастағы әр түрлі жақтардың
қызмет етунің, құрылымының сұрақтарын
қамтиды: бейбіт өмір сүру, екі жақты ұжымдық
клісім, үш жақты кеңес және үкімет, кәсіпкер,
еңбеккерлер арасындағы келіссөздер,
еңбектегі келіспеушілікте, кәсіпорында
шешім қабылдауда жұмыскерлердің қатысуы.
Әлеуметтік серіктестік келісім
және нәтижеге қол жеткізу – екі жақтың
келісімі мен белгілі бір шешімін өңдеу
мақсатында , қөатысушылардың бірлесуі
негізінде қоғамдық қатынастарды реттеу
және ұйымдастырудың тәсілдері. Серіктестік
қатынастың негізінде құрылатын, қоғамдық
қатынастар мәжбүрлік пен келіспеушіліктің
негізінде құрылатындардан ерекшеленеді.
Қазақстанда әлеуметтік серіктестіктің
заты мемлекеттің әлеуметтік еңбек саясаты
болып табылады.
Әлеуметтік серіктестіктің
негізгі қағидасы: заң нормаларын сақтау,
екі жақтың өкілдерінің өкілеттілігі,
келісім кезінде екі жақтың теңдей құқылығы,
екі жақтың жауапкершілігі, контроллинг
және міндеттемелер бойынша шешімдер
қабылдауда еркіндігі.
Әлеуметтік серіктестік субъектілері
болып табылады:
- кәсіподақтар және басқада
өкілетті жұмыскерлер, сондай-ақ
жұмыскерлер тұлғасы;
- сәйкес өкілеттіліктерге
бөлінген жұмыс берушілердің
бірлестігінің өкілетті органдары;
- мемлекет мүддесін қорғайтын
орындаушы билік органдары.
Кәсіподақ-кәсіпкерліктің әлеуметтік
серіктестіктері соңғы уақытта, Қазақстанда
мемлекеттік деңгейде ғана емес, сонымен
бірге аймақтық, салалаық деңгейлерде
бірлестіктермен ассоциацияларды құрай
отырып, едәуір белсендірілді. Нарықтағы
бәсекелестер бола отырып, әр түрлі саяси
көзқарастарды ұстана отырып, кәсіпкерлер
бірлестігіне ұймдасуға мәжбүрлейтін
олардың жалпы кәсіби мүдделері болады.
Сонымен қатар, кәсіподақтар арқылы кәсіпорындар
қызметіне ықпал етуге және өткір әлеуметтік
келіспеушіліктерден бас тартуға болады.
Кәсіпкерлер бірлесе отырып, еңбек ақы,
жұмысбастылық, әлеуметтік кепілдік облысында
кәсіподақтармен келісілген саясатты
жүргізуге ұмтылады. Сондықтан кәсіподақтар
мен кәсіпкерлік бірлестіктер арасындағы
диалог еңбек қатынастарын реттеудегі
маңызды құрал болып табылады.
Кәсіби бірлесулер арқылы кәсіпкерлер
өздерінің мемлекетпен қатынасын реттейді.
Олар мемлекеттік заң және әлеуметтік-экономикалық
саясат сұрақтары бойынша жалпы ыңғайларды
өңдеуге мүдделі. Сонымен қатар, салық
саясаты облысында, еңбек қатынасы бойынша
заңдарда, өз мүддесін қорғау. Саяси қатынастар
арқылы олар көп дегейде мүдделеріне сәйкес
келетін, үкіметтің практикалық шаралары
мен заңды актілерін қабылдауға ұмтылады.
Бұл ҚР «Қазақстан Республикасындағы
еңбек жөнінде» Заңын қабылдауда анық
көрінеді. Бірақ кәсіподақтар мен жұмыс
берушілердің ыңғайлары білім, кәсіби
дайындық, жұмыскерлердің өмір деңгейін
көтеру сұрақтары бойынша жақын болуы
мүмкін екенідігін ұмытпау қажет, өйткені
олар өндірілетін тауарлар мен қызметтердің
негізгі тұтынушылары болып табылады.
Әлеуметтік серіктестік жүйесіндегі
мемлекет жұмыс беруші және мүлік иесі
ретінде көрінеді. Нарықтық қатынастардың
дамуымен еңбек облысында оның функциялары
өзгереді. Қазір мемлекет еңбек қатынастарын
реттеуде ұйымдастырушы және үйлестіруші
ретінде әрекет етеді, делдал және негізгі
бақылаушы болып тбылады. Негізгі функциясы
әлеуметтік серіктестікті ұйымдастыруды
жетілдіру механизмі мен құқықтық негіздерін
жасау, әлеуметтік серіктестік стандарттарының
минималды реті мен мөлшерін бекіту болып
қала береді.
Сонымен, әлеуметтік серіктестік
жүйесінің келесідей деңгейлерін бөліп
көрсетуге болады:
жалпы ұлттық – үкімет, кәсіподақ
және жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы
Бас келісім;
аймақтық - еңбеккерлер кәсіподағы және жұмыс берушілер бірлестігі мен жергілікті билік өкілдері арасындағы облыстық, территориялық келісім;
салалық – үш жақты негізде
тарифтік келісім;
локалді - кәсіподақ және жұмыс
берушілер арасындағы ұжымдық келісімі;
жеке – жұмысшы мен жұмыс берушілер
арасындағы еңбек келісімі мен келісім-
шартын жасау.
1992 ж бастап, тарифтік
келісімді жасауды ұйымдастыру
бойынша белгілі бір жұмыс
ұзартылған. ҚР Үкіметінің 1992ж, 3 тамыздағы
№645 «Әлеуметтік –еңбек қатынастары
облысындағы әлеуметтік серіктестік
жөніндегі» Қаулысына сәйкес, салалық
тарифтік келісімді (республикалық,
салалық, аймақтық) жасаудың реті
жөнінде Ереже бекітілді. Осының
негізінде 1993-1994 жылдары салаларда
тарифтік келісімді жасау әрекеттері
жасалды, бірақ өзгерген экономикалық
жағдай, жаңа заңдардың қабыдануы,
жекелеген пунктердің бүгінгі
күн талабына сай келмейтінін
көрсетті. 1995 жылы әлеуметтік-экономикалық
және еңбек қатынастарын реттейтін және
әлеуметтік серіктестік бойынша тұрақты
әрекет ететін Республикалық комиссия
пайда болды. Онымен облыстық, салалық
Бас келісімдерді дайындау және жасау
Ережесі бекітілді. Оның негізінде1995-2001
жж Бас келісім және бір қатар салалық
келісімдер жасалды.
Ереже бойынша
оған еңбек нарығын дамыту, кіріс
пен өмір деңгейін, әлеуметтік
кепілдік және әлеуметтік қамтамасыз
ету, еңбекті қорғау және эконлогиялық
қауіпсіздік сферасында, экономиканы
тұрақтандыру бойынша шаралар кіреді.
Маңыздысы оның әрекет ету уақытында қарсылық
акциясын жүргізбеуге келісу болып табылады.
Бас келісімді орындау кезіндегі оң мезет
бірлесіп маңызды нормативті құқықтық
актілер жасалды: ҚР «Еңбек жөніндегі»
заңы, «Міндетті әлеуметтік қауіпсіздендіру
жөніндегі заңы», зейнетақы реформасының
тұжырымдамасы және т.б. Ол кезеңдері 1995ж
бірқатар міндеттемелер орындалмай қалды,
өзара төлемдер механизмі жасалмады, жұмыссыздықтың
шекті мүмкін деңгейі бекітілмеді.
1997ж Бас келісімдегі
жаңалық әлеуметтік қауіпсіздік
индикаторын, бюджеттік сфераның
жұмыскерлерінің икемді еңбек
ақы жүйесін, векселді айналым
үшін нормативті құқықтық базаны,
қарыз міндеттемелерін іздетіруді
жасау жөнінде шешімнің қабылдануы
болды.
Әлеуметтік серіктестікті
дамыту жолындағы маңызды қадам Қазақстан
Республикасында «Қазақстан Республикасында
әлеуметтік серіктестік жөнінде» Заңның
қабылдануы болды, 2000жылы 18желтоқсан,
онда құқықтық негіздер, трипартизм жүйесінің
қызмет ету реті мен міндеттері анықталынған,
жалпы әлеуметтік мәнді мақсаттарға жетуге
келісімдер жасау реті бекітілген.
Осы заңның
негізінде 2001ж келесідей маңызды мезеттер
қарастырылған Бас келісім қабылданды:
жалпы ішкі өнім өсімін, мемелекттік
бюджеттің тапшылығы мен инфляциясының
деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету;
отандық өндіріс өсімне ағытталған
экономикалық саясатты қалыптасытру және
бәсекеге қаблетті өнім шығару, импорталмастырушы
өндірісті құру;
ҚР халықты әленуметтік қолдау
және 2000-2002жж кедейшілікпен жұмыссыздықпен
күрес бойынша Бағдарламаның Тұжырымдамасын жасау сондай-ақ еңбек нарығы жағдайының ақпараттық жүйесін құру.
Екі жақтың тең еңбекке теңдей
сыйақы беруді қарастыратын жалақы мен
халықтың кірісі жөніндегі заңды актілерді
қарастыруы, кәсіпкерлер мен жұмыскерлер
арасында кірісті әділ бөлу, минималды
жалақыны бекіту аймақ, сала бойынша орташа
және минималды жалақы арасындағы ара
қатынасты қысқарту ерекше қызығушылықты
тудырады.
Өрнектелген
жағдайға қарамастан, әсіресе Бас
келісімде негізгі кәсіп бойынша минималды
тарифтік мөлшерлеме арақатынасын анықтау
қажет немесе олардың топтары бойынша
еңбек мазмұнын, күрделілігін анықтау
қажет, мұндай тәжірибе Ресейде бар. Өндіріс
тиімділігінің артуы, инфлияция деңгейіне
қарай, еңбк ақының минималды мөлшерін
қайта қарау реті қажет. Біздің республикамызда
бұл сұрақтар, «ҚР еңбек ақыны ұйымдастыруды
жетілдіру жөнінде» Қаулысында қарастырылады.
Бас келісімді жасау кезінде,неғұрлым
жоғары өсімге қол жеткізілген монополист
салаларда және жекелеген аймақтарда
жалақы өсімін шектеу тиімді болып табылады.
Сонымен қатар салалық деңгейде, минималды
ғана емес, сонымен бірге жәрдемақы төлемдерінің
шекті мүмкін мөлшерлерін мақұлдауға
болады. Бірақ бұл жалақыны ұйымдастыру
бойынша кәсіпорынға барлық құқықы беретін,
«Еңбек ақы облысындағы мемлекеттік әлеуметтік
кепілдікпен минималды жалақы жөнінде»
ҚР Заңында ыңғайларды өзгертуді талап
етеді. әлеуметтік серіктестік бойынша
келісімнің тиімділігі екі жақтың өкілеттілігін
қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық
жұмыстан тәуелді болады. Қазақстанда
және сала бойынша жұмыс берушілердің
бірыңғай органының болмауы, бұл сұраққа
кері әсер етеді.
Салалық тарифтік
келісімдер жұмыскерлерді ынталандырудың
негізгі шарттарын, салалық өндірістік
спецификаны неғұрлым толық көрсететін,
салалық тарифтік кестені, түрлерін
және қосымша жәрдемақының, үстеме
ақының минималды мөлшерін қарастыру
қажет. Негізгі кәсіптегі жұмысшылардың
бірінші разрядының тарифтік ставкасын
бірыңғай өндірістік-технологиялық кешенді
көрсететін (көмір өнеркәсібі, байланыс,
темір жол көлігі, электр энергетика) монополист
салалар бойынша анықтауды ұсынады.
Аймақтық келісімдебазалы
счаладағы негізгі кәсіптегі
жұмысшылардың бірінші разрядының
тарифтік мөлшерлемесінің мөлшерін
Бас келісімде анықталған, салааралық
қатынасты ескере отырып, бекітуге болады.
1-ші рарядтың тарифтік ставкасы басқа
салалар бойынша өмір сүру минимумын ескере
отырып, салалық келісімде бекітуді ұсынады.
Салалық және аймақтық
келісімде қарастырылған тарифтік ставкаларұжымдық
келісімді жасау кезінде, еңбек ақының
минималды мөлшері ретінде қолданылуы
тиіс. Әрбір жұмыс беруші, ұжымдық келісімнің
жасалған немесе жасалмағанынан тәуелсіз,
сол келісімге бағытталуға міндетті.
10.2 Салалық және
аймақтық тарифтік келісімге
сипаттама
Сала деңгейінде салалық
тарифтік келісімдер жасалады. Олар, саланың
әлеуметтік-экономикалық дамуының бағытын
анықтайды. Келісімнің қатысушылары сәйкес
кәсіподақтар (басқада өкілетті органдар),
жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің бірлестігі),
Қазақстан Республикасының әлеуметтік
қорғау және еңбек Министрлігі болуы мүмкін.
Салалық келісімдер негізінен
сол саланың жұмыс берушілері мен жұмысшыларының
мүддесіне бағытталады, бірақ салааралық
аспектідегі әлеуметтік-экономикалық
шешімдерді ескеру қажет. Бұл саланың
бірыңғай экономикалық жүйедегі орнын
анықтау және оның жұмысшыларын әлеуметтік
қорғалуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Салалық келісімдер келесілерден тұрады:
жалақының минималды салалық
деңгейі, оның мөлшерінің квалификациялық
топтар бойынша (немесе нақты ставка мен қызметтік ақы) арақатынасы;
жәрдемақы сипатындағы үстеме
ақы мен қосымша ақының кепілденген мөлшерлері;
жалақыны реттеу реті, бағаның
өсімімен, инфляция деңгейімен, өмір құнының
артуымен байланысты минималды кепілдіктер;
жалдау, жұмыстан шығару, еңбекті
қорғау және оның шарты, еңбек және демалу
режимінің ережелері;