А) 3=Тс* Фот
Б) 3=Р*В
В) 3=М* Т(1+(Р+К*П):100
Г) 3=Р*В (1+(р+k*П):100
Д) Дұрыс жауабы жоқ
Өз бетінше дайындалу сұрақтары.
1.Сыйақы жүйесіне сипаттама.
2.Сыйақы көрсеткіштерін
анықтау.
3.Сыйақы мөлшері мен
шкаласы.
4.Жеке сыйақы беру.
5.Ұжымдық сыйақы беру.
6 Еңбек ақы қорын
жоспарлау
Нарықтық экономикаға өту жұмыскердің
жеке кірісін қалыптастыруға кәсіпорынның
жұмсаған, қорларын реттеуге ыңғайды өзгертті.Өйткені
жалақы жұмыскердің кәсіпорындағы қызметі
үшін немесе жұмыс күшінің бағасына айырбастп
алатын ақшалай эквивланет болып табылады,
сәйкесінше әрбір нақты жұмыскер үшін
өз жұмыскерлері үшін жұмыс берушінің
еңбек ақы шығындары нарыққа шығарып,
оны сату үрдісінде орнын толтыратын өнім
өндірісінің жалпы шығындарының үлкен
бөлігі болып табылады.
Жұмыс күшіне жұмыс берушінің
жұмсайтын шығындары көбнесе жалданып
жұмыс істейтін жұмысшылардың санымен,
олардың еңбегіне ақы төлеу шартымен,
заңмен қарастырылған ұжымдық келісім-шарт,
тарифтік келісім, жеке еңбек шарты, жалданып
жұмыс істеушілердің еңбегінің тиімділігімен
анықталады.
Еңбек ақы қорының арнайы құжаттарымен
аталатын жалақы қоры еңбек ақы шартын,
жұмыс берушімен жұмысшылармен ұжымдық
және еңбек келісім-шарттарымен анықталынған
кепілдіктерді, жәрдемақыларды көрсетеді
және жұмыскерлердің жеке жалақысын қалыптастырады.
Заңмен бекітілген еңбек ақы мөлшері,
кепілдіктер, жәрдемақылар кәсіпорын
қызметінің қаржылық нәтижелерін дұрыс
есептеу үін қолданылатын есептік шама
ретінде келісім-шартта болады. Олар кәсіпорыннан
алынатынсалық, қауіпсіздік төлемдері
және басқада төлемдердің мөлшерін анықтау
үшін қажет.
Осылайша қазіргі уақытта жалақы
қоры жұмыс берушінің жұмыскерге оны жабу
көзінен:өзіндік құн, пайда, арнайы қорлар,
немесе қандайда бір мақсатты түсімдерден
тәуелсіз жеке жалақылардың жиынтығын
көрсетеді.
Жалақы қорының құрамына кәсіпорынның
жұмыс атқарған және атқармаған уақыты
үшін ақшалай және натуралды формадағы
есептеген еңбек ақы соммасы, ынталандырушы
қосымшалар, үстемеақылар, жәрдемақы төлемдері,
сондай-ақ тұрғын үй, тамақ, жылу сияқты
тұрақты сипаттағы төлемдер енгізіледі.
Жалақы қорының құрамы және
әлеуметтік сипаттағы төлемдер жөніндегі
нұсқау жалақы қорына келесілерді жатқызуға
болады:
Атқарған уақыты үшін еңбек
ақы:
Атқарған уақыты үшін қызметтік оклад және тарифтік мөлшер бойынша жұмыскерлерге есептелетін жалақы.
Өгнімді сату табысынан пайызбен
алынатын кесімді бағалау бойынша жұмыскерге орындаған жұмысы үшін есептелетін жалақы.
Натуралды еңбек ақы ретінде берілетін өнімнің құны.
Төлем көзінен тәуелсіз мерзімді
немесе тұрақты сипатта болатын ( натуралды
сыйақының құнын қосқанда) сыйақылар.
Қызметтік оклад және тарифтік
мөлшерге ынталандырушы қосымшалар мен
үстеме ақылар (кәсіби шеберлігі, мемлекеттік құпияға рұқсатының болғаны, кәсіпті және қызметті бірлестіргені үшін).
Қызмет еткен жылна, жұмыс стажына (үстемеақлар)ай сайын немесе тоқсан сайын сыйақлар.
Еңбек шартымен жұмыс режиміне
байлансты жрдем ақы төлемдері.
Еңбек ақыны аудандық реттеумен
негізделген төлемдер.
Ауыр жұмыстардағы, қауіпті
және зиянды жұмыс шарттарындағы жұмысы
үшін қосымшалар.
Түнгі уақытттағы жұмысы үшін
қосымшалар.
Мереке және демалыс уақыттарындағы
жұмысы үшін төлемдер.
Жұмысты вахталы ұйымдастыру
әдісінде жұмысуақытының мөлшерлі уақытынан
тысжұмыспен байланысты ұсынылған демалыс
күндеріжәне басқада заңмен қарастырылған
басқада жағдайлар үшін еңбек ақы
Жер асты жұмыстарымен айналысатын
жұмыскерле үшін олардың шахтадағы мөлшерлі
қозғалыс уақыттары үшін қосымшалар.
Негізгі жұмыстан босатылған
және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру,
қайта даындау және дайындау үшін тартылған
білікті жұмысшылар, жетекшілер, мамандар,
кәсіпорын мамандарының еңбек ақысы.
Штатты брокерлер, штатты сақтандыру
агенттерін комиссионды сыйақылар беру.
Газет, жұрнал редакциясының және басқада жаппай ақпараттандыру қорларының жұмыскерлерінің тізімдік құрамында болатын жұмыскерлерге үстемеақылар.
Жалақдан алынатын сақтандыру жарналарын аудару бойынша жұмыскерлердің жазбаша тапсырмаларын орындағаны үшін бухалтерия жұмыскерлерінің қызметі үшін еңбек ақы
Жұмыстағы арнайы үзілістер
үшін еңбек ақы.
Өткен жұмыс орны бойынша қызметтік оклад мөлшерін белгілі бір мерзімге дейін сақтап, басқа кәсіпорындар немсе ұйымдардан келген жұмыскерлерге айырмашылықтарын төлеу.
Уақытша орын алмастыру кезінде қызметтік оклад айырмашылығын төлеу.
Арнайы келісім-шартқа сәйкес
кәсіпорындағы жұмыс үшін тартылған тұлғаларға орындалған жұмыс үшін есептелетін соммалар.
Бірлесіп жұмыс жасайтын тұлғаларға еңбек ақы.
Тізімдік емес құрамдағы жұмысшылардың
еңбек ақысы
Кәсіпорынның жұмыскерлерінің
тізімдік құрамында тұрмайтын тұлғаларға
азаматтық келісім-шарт бойынша орындаған
жұмысы үшін еңбек ақы Сонымен қатар бұл
физикалық тұлғаларға төленетін еңбек
ақы мөлшері төлемдік құжаттар мен келісім-шарт бойынша орындалған жұмыстың сметасына байланысты анықталады.
Тізімдік емес құрам жұмыскерлерінің қызметіне (аудармалар, кеңес беру, лекция оқу, теледидар және радиодан сөз сөйлеу жне т.б.) еңбек ақы. Көрсетілген пунктерде 1.17.1 және 1.17.2 Еңбек бойынша есептеме соммасы кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің тізімдік құрамдағы жұмыскерлердің жалақы қорында ескерлімейді
Кәсіпорын жетекшілігі жалпы
жалақы қорын жоспарлайды, бөлім, цех және
өндіріс бойынша ӨӨП категориялары бойынша
жалпы қорды бөледі. Мемлекеттік реттеу
тарифтік ставкамен қызметтік еңбек ақыны
міндетті қолдану; еңбек өнімділігін есептеу
үшін қабылданған, көрсеткіш бойынша өнім
(жұмыс) көлемінің өсуінің (кему) әрбір
пайызы үшін жалақы нормативтері; орташа
жалақы мен еңбек өнімділігінің өсу қарқынының
нормативті арақатынасы. Кәсіпорынның
жалпы жалақы қоры кезекті жылға норматив
бойынша өнімнің (жұмыстың) көлемінің
өсуінің (кемуінің) әрбір пайызы үшін есептелетін
базалы жалпы қормен және осы қордың артуымен
(кемуімен) қалыптасады. Жалақының базалы
қоры жалақы қорының салыстырмалы шығындалған
соммасының артуымен бірге жыл шарты бойынша
бекітіледі.
Абсалютті және салыстырмалы
үнемділік түсініктері экономикады өте
маңызды. Жалақыға қатысты сөз нақты қорды
реттелген жоспарлы қормен тікелей салыстыру
жөнінде болмақ.
Егер еңбек өнімділігінің өсімі
өспелі қорытындымен есептелсе, сәйкес
жылдың берілген жоспарына тең немесе
одан артса мұндай реттілік жұмыстағы
жетістіктермен жақсаруларды бағалауға
мүмкіндік береді және ұжымға базалы жалақы
қорының минимумымен кепілдік береді.
Бірақ ұжым бекітілген өсім нормативі
бойынша бағаланатын, өндіріс көлемінің
арту шамасында базалы қор өсіміне ұмтыла
алады.Өнімнің өсмінің әрбір пайызына
0,4-0,5 пайыз жалақы өсімінің орташа нормативі
бекітілген.
Нормативтің жұмыскерлер санынан
тәуелсіздігі олардың босатылуын реттейді,
жұмыскерлдерді қысқартуға және өнімнің
еңбек сиымдылығын төмендетуге қызығушылық
тудырады.
Еңбек ақы қоры: тарифтік
мөлшерлеме бойынша еңбек ақыдан, қызметтік
ақыдан, кесімді бағалаудан, жалақы қорынан
төленетін ИТЖ және жұмысшылардың сыйақысынан;
мереке күндердегі, түнгі уақыттағы және
мезгілден тыс жұмысы үшін қосымша ақылардан;
сәбилі аналар жұмысындағы үзілістер
үшін еңбек ақылардан оқушылардың оқуы
үшін еңбек ақыдан, қызмет еткен жылына
төлемдер; алыс орындағы жұмысы үшін төлемдер,
кезекті демалыс, сондай-ақ заңға сәйкес
мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді
орындағаны үшін жұмсалатын уақыттырға
төлемдерден тұрады. Жалақы қорына кірмейтіндер:
ауырған қағазы бойынша, жүктілік демалыстары
бойынша еңбек ақылар. Сәйкес үзілістер
әлеуметтік қауіпсіздендендіру бюджеті
есебінен төленеді.
Жалақының сағаттық, күндік,
айлық, жылдық қорлары болады. Бұл атаулар
әрект етуші заңға сәйкес төленетін атқарылған
және атқарылмаған уақыттарды есепке
алу дәлдігімен байланысты.
Сағаттық қорға бірінші кезекте
тарифтік ставка (қызметақы) және кесімді
бағалау бойынша орындалған жұмыстың
еңбек ақысынан тұрады. Сонымен бірге
сағаттық тарифтік ставкалар алынады.
Сағаттық қорға сондай-ақ жалақы қорына
енетін сыйақылар; өндірісте оқушыларды
оқыту ақысы; түнгі уақыттағы жұмыс ақысы
бригадаға жетекшілік еткені үшін және
оқушыларды дайындағаны үшін білікті
жұмысшыларға қосымша еңбек ақы кіреді.
Күндік қорға толығымен сағаттық
қор, сондай-ақ сәбилі аналар үшін үзілістер
мен еңбек жөніндегі заң бойынша жұмысқа
жіберілтен жас жеткіншектерге жеңілдік
сағаттар үшін еңбек ақылар кіреді.
Сағаттық және күндік қорға
мереке күндер мен мерзімнен тыс сағаттар
үшін еңбек ақылар кіреді.
Еңбек ақының айлық және жылдық
қорлары күндік қордан және жұмыскерлердің
толық күнді шықпаулары: кезекті демалыс,
қызмет еткен мерзіміне байланысты сыйақы,
мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді
орындаған уақыты үшін еңбек ақы үшін
қосымшалардан тұрады. Сондай-ақ негізгі
және қосымша жалақы түсініктері бар.
Негізгі жалақы жұмыс істелінген уақытқа
беріледі (тариф, сыйақы, түнгі уақыттағы
жұмыс, бригадаға жетекшілік еткені үшін
және оқушыларды оқытқаны үшін жұмыс уақытының
айлық мөлшерін асыра орындағаны үшін
қосымша ақы). Қосымша жалақы жұмыс істелмеген
уақыт үшін, жалақы қоры есебінен заң бойынша
толықтырылатын барлық төлемдерден тұрады
(сәбилі аналар үшін үзілістер мен еңбек
жөніндегі заң бойынша жұмысқа жіберілтен
жас жеткіншектерге жеңілдік сағаттар
үшін еңбек ақылар).
Түнгі уақыттағы жұмысы үшін
Lн қосымша еңбек ақы келесі формуламен
анықталады:
Lн = L т Кн * 1/3 ∑ Ғ р
(6.1)
мұндағы:
L т – сағаттық тарифтік
ставка;
Кн – түнгі уақыттағы 1 сағат
жұмыс үшін қосымша ақы коэффициенті;
Ғ р – жоспарланған жұмыс уақытының
қоры.
Мезгілден тыс уақыт мөлшерінің
әрбір сғаты үшін сәйкес разрядттағы мерзімді
еңбек ақы алушылардың 0,5 сағаттық тарифтік
ставкасынан қосымша ақы бөлінеді:
Lн = 0,5L п Ғп Л яв*12 (6.2)
мұндағы:
L п – уақыт мөлшерінен
асыра орныдағаны үшін қосымша
ақы:
Ғп – 1 айдағы бір жұмысшының
асыра орындаған сағаты;
Л яв- тәулігіне ке сағатқа дейнгі
уақыт түнгі уақыт деп есептеледі.Түнгі
уақыт жұмыскердің күндізгі (сағаттық)
мөлшерлемесінен біржарым немесе одан
жоғары мөлшерде төленеді.
Мереке және демалыс күндеріндегі
жұмысы үшін еңбек ақы екі есе мөлшерінде
төленеді.
Еңбек кодексінде әйелдер еңбегінің
және жанұялық міндеттері бар тұлғалардың,
бірлесікен жұмыс істеушілердің ауыр
және зиянды , мерзімді жұмыстарда істейтіндердің,
үй жұмыскерлері мен мүгедектердің қызмет
кер азаматтардың, кіші кәсіпкер субъектілерінің
мемлекеттік қызметкерлердің, Парламент
және маслихат депутаттарының құқық қорғау
органдарының әскери қызметтегі тұлғалардың
ерекшеліктерін анықтайтын баптар бар.Бригадаға
жетекшілік еткені үшін босатылмаған
бригадирлерге қосымша еңбек ақылар бригадирдің
тариф бойынша жалақысынан 10-15 пайыз мөлшерінде
бекітіледі. Жалақының сағаттық қоры жоғарыда
бекітілген қосымша ақы сыйлық ақы және
тарифтік қор соммасы ретінде анықталады.
Бұдан соң орташа сағаттық жалақы есептеледі.
Сәбилі аналар үшін үзілістер мен еңбек
жөніндегі заң бойынша жұмысқа жіберілтен
жас жеткіншектердің қысқартылған сағаттары
үшін еңбек ақылар Lпер келесі формуламен
анықталады:
Lпер = Lч tпер Лсп (6.3)
мұндағы: L ч – орташа
сағаттық жалақы;
tпер – сәйкес үзілістер
уақыты (жұмыс уақыты балансынан);
Л сп – жұмысшылардың тізімдік
саны.
Мереке күндеріндегі жұмысы
үшін еңбек ақы Lпр
Lп = Lт tс Дпр Ляв (6.4)
мұндағы: tс – жұмыс
аусымының ұзақтығы;