Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.
КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5
1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5
1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10
1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35
2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35
2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44
2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63
3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63
3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67
3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79
ҚОРТЫНДЫ
84
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Активтер құрылымындағы қарыз қаражаттарының басым болуы жағдайында активтерді басқару проблемасы негізінен банк өтімділігін ұстаудан көрінеді және несиелерді кайтару сенімділігіне тығыз байланысты болады.
Сонымен банк балансы өтімділігіне банк берген несиелердің қайту сенімділігі, банктің несие қоржыны сапасын дұрыс баскару, әр жеке қарыз бойынша несие тәуекелі мөлшері мен дәрежесін анықтау әдісін меңгеру елеулі әсер етеді.
Коммерциялык банктер активтерінің жеткіліксіз диверсификациялануы, қарыз операциялары үлесінің басым болуы банк өтімділігі тәуекелін арттырып, активтерді баскару сапасын төмендетеді.
Қарыз бойынша мүмкін шығындар резерві сақтық принципіне сай құрылып, активтерді төмендегілер үшін реттеуі керек:
- қарыз бойынша болашақта
Резерв несие тәуекелі деңгейіне байланысты эрклиенттің карызы бойынша кұрылуы керек. Резерв размері есеп беру күнгі несиенің жалпы сомасына және олардың әрқайсысы бойынша тәуекел дәрежесіне байланысты болады. Ол ешқашан есеп беру кезеңіндегі берілген несие сомасына байланысты болмайды.
Тәуекел дәрежесіне шыға отырып, несие активтерін активтерді басқару және оның сапасын арттыру үшін банкке қажетті резерв размерін есептеу үшін 5 шартты топка бөлуге болады.
Бірінші топқа, қаржылық жағдайы тұрақты төлем қабілеттілігі рейтингі жоғары, берілген қарызды уақытында қайтаруы күмән тудырмайтын және ол бойынша есептелген пайызды төлейтін қарыз алушылар жатады.
Екінші топ қаржылық жағдайы жақсы қарыз алушыларга берілген несиені қамтиды. Бірақ олардың қаржылык жағдайының жекелеген аспектілері біраз күдік келтіреді (мысалы, тиелген өнім үшін төлемнің уакытылы түсуі қамтамасыз етіле ме?). Қарыз алушы ұзақтығы 30 күнге дейінге қарыз бойынша уақыты өтіп кеткен борышка жол беріп алады.
Үшінші топқа қаржылык жағдайы күдік тудыратын қарыз берушілерге берілген несиелер жатады (мысалы, басқа қарыздар, оның ішінде уакыты өткен карыздар бойынша борышы көп, дайын өнімді өткізуге қиыншылықтары бар). Қарыз алушы ұзақтығы 60 күнге дейінгі банк қарызды бойынша уақыты өткен борышка жол берді.
Төртінші топқа меншік айналым қаражаттары жеткіліксіз, пайда бойынша тапсырма орындалмайтын, 60 күннен 180 күнге дейінгі уақыты өтіп кеткен борышы бар, сот аркылы басқа банктің қарызын қайтарып алғаны туралы факт бар қарыз берушілерге берген несиелер жатады: Өзіне алған міндеттемені орындау кепіліне деген сенімсіздік туады.
Ең соңында, бесінші топқа өтімсіз балансы бар қарыз алушылар мен кабылданған тәртіп бойынша банкрот деп жарияланған қарыз алушыларға берілген несиелер жатады. Қарыз алушы борыш уақытын 180 күнге дейін созып алды немесе қарыз алушы туралы ешқандай нақты ақпарат және қарызды өтеу туралы ешқандай кепіл жок.
Несие тәуекелін өтеу резервінің сомасы тәуекел тобы және олардың әрқайсысы бойынша орнатылған тәуекел коэффициенті, борыш шамасына сай белгіленген пайызбен несие тәуекелішкаласы бойынша банк балансы құрылған күнге есептеледі.
Басқаша айтканда, қарыз бойынша мүмкін ысыраптар үшін резерв құрудың экономикалык мәні құрылған резерв сомасы банк қызметінің экономикалык нормативтерін есептеу кезінде оның меншік қаражаттары құрамында есептелмейтігінде болып отыр. Сондықтан банктің өтімділік потенциалын берілген қарыз бойынша мүмкін ысыраптар шамасына азайтады, оның активтері сапасын төмендетіп, банктін несие қоржынын баскаруға деген қатты назар аударуды талап етеді.
Банктің негізгі құралдарға, күрделі шығындарға және дебиторлық борышты, инкассирланған түсімді, баланстың бірқатар басқа баптарын қамтитын басқа активтерге салынған салымдары ең төмен өтімділікке ие болады. Активтердің осы түрін қалыптастыру негізінен банктің меншік қаражаттары есебінен іске асырылады. Сондықтан олардың шамасы банк активтерін басқару тұрғысынаң банктің өтімділік деңгейіне елеулі әсер етпейді. Бірақ олардың үлесі баланс валютасының 10%-ьшан аспауына және дұрыс құрылымы мен активтер диверсификациясы принциптеріне сай келуіне бақылау жүргізіп отыру керек.
Жоғарыда айтылғандар келесідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Қазақстанның коммерциялық банктерінің активтерінің қазіргі құрылымы өзінің диференцияланбайтындығымең ерекшеленеді. Банктер активтері құрылымында банк өтімділігі мен оның активтерін басқару деңгейіне елеулі әсер ететін өтімді активтер мен несиелік салымдар басым болады.
Несиелік салымдар берілген қарызды уақтылы өтемеу және созбаумен сипатталады. Бұл банктерді активтерді басқаруда қосымша ресурстар тартуға итермелейді. Бұл банк өтімділігі мен төлем қабілеті деңгейіне жағымсыз әсер етеді. Сондықтан қазір активтерді басқаруда қайтаруы сенімділігі мұқият бағалау шешуші кезең болып табылады. [11, 129 б].
Бұл кезде қарыз бойынша мүмкін болатын ысыраптардың орнын толтыру үшін резерв құруға көңіл бөлу қажет. Оның шамасын орнату қарыз борышы размерін түзетуге. Сонымен қатар активтер табыстылығын қолдауға бағытталған бірқатар шараларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне елеулі әсер етеді. Егер қарыз алушылар өз қарыз бойынша пайызды төлемесе, банктің таза пайдасы азаяды. Өз кезегінде, төмен табыстар өтімділікпен болатын проблемалар себебіне айналады. Ақша түсімдері жетпеген жағдайда банкке әкімшілік шығындарды және әрекет етуші займдар бойынша пайыздарды төлеу үшін жаңадан заим жасауға тура келеді. Тұрақсыз төмен пайда ішкі ресурстар есебінен банк капиталын өсіруге мүмкіндік бермейді. Активтердің нашар сапасы да капиталға тікелей жағымсыз әсер етеді. Егер қарыз алушы өз борышының негізгі сапасын төлемесе, активтер құндылығын жоғалтып, капитал азаяды. Өтелмеген заимдардың өте көп болуы банктердің төлем қабілетсіздігінің ең кең тараған себебі болып табылады.
1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
Қазіргі жағдайда коммерциялық банктер харекеті бәсекелестіктің күшеюімен, орталық банктердің бақылауының қаталдануымен және пайданың қысқаруымен сипатталады. Бірақ капитал рентабелділігі мен пайдалылығын арттыру мақсатында банктер жаңа қызметтер түрлерін енгізуді, клиенттерге қызмет көрсету деңгейінің тәжірибесін көтеруде, өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын қысқартуды, ұйымдық құрылым негізінде ресурстарда үнемдеуге, банк капитализациясы мен өсуінің өзара тиімді қатынасын табуға тырысуда.
Басқару үдерісі екі негізгі жағдайдан тұрады: жоспарлау мен бақылаудан. Банк қабылдаған шаралардың толық жүзеге асуы үшін банктің жоспарлау мен бақылау төмендегі үлгі 1 кесте түрінде үдерісі жетілдіру керек.
Кесте -1.
Банктің басқару үдерісі
Жоспарлау |
бақылау |
Банкті басқару | ||
стратегиялық |
жедел |
пайдалылық |
өнімділік | |
Мүмкін болатын жағдай
Стратегияны таңдау
Қаржылық тәуекелділікті бағалау
Стратегиялық жоспар |
Банктің жылдық бюджеті
Жауапкершілік орталықтар бойынша жылдық бюджеті
Клиенттер бойынша бюджет |
Банктің экономикалық ресурсы
Жауапкершілік орталықтар бойынша эономикалық ресурстар
Клиенттер бойынша ресурстар |
Кадрларды және жұмыс жүктілігін басқару
Құндылық бақылау
Үрдістерді және құрылымды талдау |
Ұйымдық қайта жобалау |
Кез – келген ұйымның бәсекелес ортадағы өмір сүрудегі негізгі элементі стратегиялық және ағымдық жоспарлау болып табылады. Банк страгиялық даму жоспарлау кезінде экономикалық мүмкіншіліктің болашағын болжамдайды: актив көлемін, банк пассивін өсу көздерін, тәуекелді қаржылық нәтиже мен материалдық базаны.
Стратегиялық жоспардың соңғы сатысы банкке актив көлемін өсуіне жағдай туғызып, оған әсер ететін қаржылық тәуекелділіктерді азайтатын қажетті капитал көлемін анықтау. Банктің стратегиялық жоспары нақты мәселелерді шешуге бағытталған ағымдық жоспарларды жүзеге асыру арқылы орындайды. Қазіргі кезде банктік басқару көбінесе өзінің жеке тәуелсіз табыс пен шығыс бюджеті бар бөлімше орталықтар негізіндегі орталықтанбаған жүйеге сүйенеді. Клиенттер табыстылығы мен өнімдерді басқару мақсатында да осыған ұқсас бюджет қалыптастырылады. Мұндай басқару жүйесі банк басшылығына әр түрлі саладаның рентабелділігін, банк ұсынатын қызметтері мен өнімдердің пайдалылық деңгейін анықтауға және клиенттерді табыстылығына қарай бөлуге мүмкіндік береді.
Банк өзінің алдына қойған мақсатын үздіксіз бақылауында ұстау керек. Сонымен қатар бақылау банк бөлімшер харекетінің экономикалық көрсеткіштеріне, қаржылық және кадрлық ресурстарды пайдалану тиімділігіне қарап отыру қажет. Егер банктің ұйымдық бөлімше құрылымы қойылған талаптарға жауап бермесе, жаңадан қойылған басқару міндеттеріне сай банк құрылымын қайта жобалау қажеттілік туады.
Ұйымдастыру құрылымы аудандық, жоспарлау және бүкіл банктік деңгейде орындала алады. Аудандық деңгейдегі ұйымдастырылу аудандық басқару жүйесінге бөлімдер мен филиалдардың және олар атқаратын операцияларға бақылау орнату арқылы жүргізіле алады. Жоспарлау харекет деңгейінде банк маңызды бөлімшелерді қайта құруға, әр қызмет бөлімшелердің мақсатын анықтауға, басшылықты күшейтуге, басқару мен бақылауды жетілдіруге немесе операциялар тиімділігін арттыруға, клиенттерге қызмет көрсетуін жақсартуға болады. [18, 126 б]
Фундаменталді қайта құру кезінде банктің болашақ дамуына қарап нақты мәселелеріне көңіл аудару керек, қабылданған стратегиялық жоспарларға байланысты құрылымдық өзгерістер өткізу.
Алдымен банктің стратегиясы мен қайта құруды басқаратын маңызды бөлімшелерді анықтап алу қажет. сондықтан төмендегі талаптарды орындау қажет:
Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банк менеджментінің жалғыз ғана мақсаты болуға тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, менеджмент қоғамдық тұтыну қажеттігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген сөз.
Банктік менеджменттің басты бағыты - банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Соңғы айтылған сөйлемнің маңызы зор. Өйткені, қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелдікпен байланысты. Көп пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банк менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табу керек.
Банк менеджментінің негізін қалаушы жағдай – ала қойған мақсатын анықтау және де оған жетудің керекті құралын дұрыс сайлау.
Банк қызметі ойлаудың ерекшеліктері мен қызметкерлердің жүріс-тұрысын анықтайтын арнайы бизнес сферасын көрсетеді, ал ол міндетті түрде банк менеджментінде көрсетіледі.
Банк менеджментінің құрамы перспективті және ағымдық жоспарлаудан, талдау, реттеу және бақылаудан тұрады.
Жоспарлау арқылы банктер перспективаға мақсат, сфера, масштаб және қызметтің нәтижелерін құрайды, оларды құралу көздермен және шығындармен өлшейді, салыстырады. Бұлардың бәрі қызметкердің жұмыс істейтін шекарасын анықтайтын ағымды және перспективті жоспар-болжауларды құрудың көмегімен іске асырады.
Жиынтық көрсеткіштердің көмегімен банк қызметінің барлық тараптары өзара байланысады, ақша нарығындағы бәсекелестік шарттарға байланысты жаңа сфераны іздеудің бағыттары мен қызметтерінің әдістері анықталады.
Банктің барлық бөлімшелерін қамтитын және банктің дамуының жалпы және локальды перспективасын анықтайтын жоспарлаудың нәтижесі банктің бизнес жоспарын құру, сонымен қатар жеке бағыттар, яғни: несиелік, депозиттік, пайыздық, кадрлық, инвестициялық және басқа саясат бойынша оперативті жоспарлар құру болып табылады.
Талдау банктің қызметтерін жалпы және жеке бағыттар бойынша бағалау үшін өткізіледі. Ол нақты орындалған нәтижелерді болжанған нәтижелермен салыстыру арқылы іске асырады. Талдаудың материалдары банктің дамуындағы кері және оң тенденцияларын, қолданбаған резервтерді, жоспардағы жетіспеушіліктерді және шешім қабылданғандағы дұрыс емес шешімдерді шығаруға көрсетеді.
Белгілі ракурста өткізілген баланстың мәндерінің талдауы банктің жиынтық аналитикалық жұмыстардың негізін құрайды. Талдаудың басты бағыттары болып табылады: