Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.
КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5
1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5
1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10
1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35
2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35
2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44
2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63
3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63
3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67
3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79
ҚОРТЫНДЫ
84
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жиынтық аналитикалық көрсеткіштердің бағыттарымен қатар коммерциялық банктер жеке бағыттар бойынша банктің несиелік портфелін талдау, бағалы қағаздар портфелін талдау, клиенттің несиелік қабілетін талдау, меншікті капиталдың жеткіліктілігін талдау және т.б. аналитикалық жұмыстар жүзеге асырылады. Көрсетілген аналитикалық жұмыстардың материалдары банк тәуекелін басқару облысында саясатты жасау үшін қолданылады.
Банк менеджмент жүйесіндегі реттеу коммерциялық банктерді мемлекеттік қадағалаумен берілген шарттардың ерекшелігімен анықталынады. Банк қызметі «өзге» ақшаларды қамтып, тәуекелі көп болатындықтан мемлекеттік реттеу банкті лицензиялауға қағидалы талаптар қатарын, олардың қызметтерінің сферасын шектеу, капитал жеткіліктілігін, өтемпаздығын міндетті резервтер құрауын қарастырады. [10, 146 б].
Осы байланыста өзін -өзі реттеу жүйесі, яғни банк ішіндегі реттеу бірінші кезекте мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген міндеттер мен нормативтерді орындауға бағытталады. Банк ішінде реттеу жүйесі келесі дербес бағыттардан тұрады:
- Банктік қызметті басқару сапасын көтеретін шешім қабылдау процедурасын, нұсқаулық және методикалық материалдарды жасаумен жаңарту;
- Нақты қалыптасқан жағдайды еске ала отырып, бантік саясатты жүзеге асырудың әдістері, мақсаттары мен басымдылықтарын дұрыстау;
Банктік қызметті бақылау ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді:
Сыртқы бақылау Ұлттық Банкпен және сыртқы аудиторлармен жасалынады. Банк ішіндегі бақылауды банк ұйымдастырады. Банк ішіндегі бақылау банк менеджментінің бөлігі болып табылады. Оның функцияларын менеджерлер өз өкілеттілігі бойынша және ішкі аудит органдары орындайды. Банктің жұмысындағы жетіспеушілік пен кері тенденцияларын табу үшін құрылатын жедел жүйені құру және оларды жою үшін әрекет жасау банк ішіндегі бақылаудың басты мақсаты болып табылады.
Сыртқы және ішкі бақылаудың арақатынасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік актілері мен заңдылықтарын, банкаралық ережелерді, сыртқы бақылаушы органдардың жазылымдарын орындаудан тұрады.
Банк менеджментінің құрамы басқару сферасының жұмысында нақты көрініс табады. Банк менеджментінің сферасы 2 блоктан тұрады: қаржылық менеджмент және персоналды басқару.
Қаржылық менеджмент ақшалай өнімдердің қозғалысын басқарудан, нақты банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны құралудан және орналастырудан тұрады. Қаржылық менеджменттің негізгі бағыттары болып табылады:
Бірыңғай банктік жүйе шегінде банк процедурасын ұйымдастыру мен экономикалық процесстерді басқарудың біркелкілік технологиясының болмауы қаржылық менеджменттің ерекшелігі болып табылады. Әр банк ақша нарығында өзінің жеке стратегиясын және тактикасын жасайды; тұрақты өзгеріп тұратын экономикалық жағдай банк ісін жүргізудегі қалыптасқан әдістерді жаңарту мен түзетуді талап етеді.
Банк менеджментінің екінші сферасы – персоналды басқару банк қызметкерлерінің тәжірибесіне және білімді оңтайлы пайдалануға бағытталынады. Ол еңбекті мотивациялаудан, кадрларды орналастырудан, қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудан, кадрларды дайындау мен қайта дайындау жүйесінен, еңбекті төлеу механизмінен, ынталандыру мен көтермелеу қызметі бойынша көтерілу жүйесінен, бақылау ұйымынан, ұйымда араласу қағидаларынан тұрады. Персоналды басқарудың ғылыми негізі болып психология және іскерлік этика табылады, олардың көмегімен әр жұмыскерге деген тәсілдемені дифференциациялауға, жұмыс карьерасын жоспарлау мен материалды және моральды ынталандыруды ұйымдастыруға болады.
Шетел тәжірибесінде банкті басқару сапасына үлкен көңіл бөлінеді, себебі оған нақты банктің және жалпы банк жүйесінің сапасы тәуелді.
Көп көңіл бұрыс менеджменттің факторларын табуға бөлінеді, оған басшылық пен қызметкерлердің жеткіліксіз құзірет әсерінен болатын басқару процесіндегі техникалық қателер, банкте қалыптасқан қиын қаржылық жағдайларды әрекетті көлегейлеу, есептемені бұрмалау, тікелей алдау мен алаяқтық жатады. Уақытында табылған бұрыс менеджменттің факторларын мемлекеттік құзірет органдары анықтап, осындай банктерге әсер ете алады, тіпті басшылықты жұмыс орнынан босатуға, банкті таратуға дейін барады.
Банк менеджментінің құрамы сонымен бірге банктік ұйымдардың қағидаларын ашады. Банкті ұйымдастыру қағидаларымен оның жұмысын ұйымдастырудың бастапқы жағдайлары, олардың функциялары мен операцияларын орындау түсіндіріледі.
Функцияналдық қағида банкті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады. Банк ірі несиелік мекеме болып табылатындықтан оның басқару аппараттарында несиелік бөлімшелер болуы керек, өйткені банк қолма-қолсыз есеп айырысумен айналысады, сонымен қатар оның құрамына операцияларды басқару кіреді. Банктің масштабы, функциялары және операциялары банктің басқару жүйесін құрауды анықтайды.
Банкті ұйымдастырудың келесі қағидасы - оның жеке бөлімшелерінің билікті өкілеттерінің иерархиясы. Биліктің 2 эшелоны бар. Бірінші эшелонға банктің Басқармасы мен Кеңесі, ревизиондық комиссия мен несиелік комитеті жатады. Ревизиондық комиссия банктің жұмысын басқарудан тұрады. Мысалы, банкте және оның бөлімшелерінде шығыстар сметасын орындау және т.б. Несиелік комитет банктің дербес бөлімшесі болып табылмайды, оның құрамына банк бөлімшесінің лауазымды тұлғасы, сонымен қатар банктің Кеңесімен бекітілген кандидатуралар кіреді. Комитет басқарушылық шешімдердің сапасының жақсаруы мен деңгейінің көтерілуіне жауап береді; несиелік операциялар сферасында стратегияны анықтау несие саясаты үлестіреді және қағидалы сұрақтар бойынша шешім қабылдайды. Комитет өз қызметінде несиелік операцияның дамуының стратегиялық және тактикалық міндеттерін анықтайды, несиелік операцияларды есептеу мен жүргізу бойынша негізгі нормативті-методикалық құжаттарды қарастырады, банктің филиалына қаржылай көмек беру туралы, ірі несиені беру туралы шешім қабылдайды, несиелік операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің деңгейін бекітеді.
Президенттік сарапшы кеңесі биліктің бірінші эшелонына жатады, бірақ ешқандай биліктік өкілеттігі жоқ. Оған білімнің әртүрлі салаларының өкілдері кіреді. Сарапшы кеңес экономиканы дамытудың ірі сұрақтары бойынша, банктің және мемлекеттің саясаты бойынша консультация береді, пропорционалды даму концепциясын жасағанда іске араласады, ғылыми шара дайындауға, персоналдық квалификациясын жоғарлатуды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.
Банктің бөлімшелерінің бағынышты жүйеде екінші эшелонға банктің клиентіне қызмет көрсететін барлық басқарма мен бөлімшелер және барлық службалар жатады (әкімшілік-шаруашылық бөлім, заңды бөлім, кадрлар бөлімі және т.б.).
Банктің жұмысын ұйымдастыру басқа қағидаларға да сәйкес келу керек – қойылған мақсатқа сәйкес келу қағидасы. Банктің мақсаты өзімізге белгілі максималды пайда табу болып табылады. Сондықтан кез-келген банктің жұмысы, банктің табысы әрқашан шығыстан жоғары болатындай ұйымдастырылуы қажет. Бұл жаңа клиенттерді тартумен, банктік операцияларды орындаумен және т.б. айналысатын басқару аппаратының қызметкерлердің топтарымен жүзеге асырылуы банк үшін сыртқы орта шартын сәйкес және банктің жақсы қызмет істеуін қамтамасыз ететің ұйымдастырушылық құрылымын құру өте маңызды.
Басқарудың оңтайлы қағидасы банктің дамуын қамтамасыз етуін білдіреді. Мысалы, жаңа қызмет көрсетулерді енгізу, нарықты зерттеу, шығындарды қысқарту және т.б.
Банкті ұйымдастыру жүйесі бақылауды ұйымдастыру қағидасына сәйкес келу керек. Мұнда міндетті элементі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің нормаларына сәйкес операцияның заңды орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы аудит болып табылады.
Банк бөлімшелерінде ішкі бақылауды қамтамасыз ету қағидасы қызметкерлердің қызметтерін регламенттеу арқылы іске асырады. Ол үшін банктер белгілі нұсқамалары болады. Мысалы, жарғы, бөлімшелер мен службалар туралы ереже, лауазымды нұсқаулықтар. Банктің барлық жұмыстары құжаттарда көрсетілген ережелерді орындауы және өз міндетін орындауы керек.
Сонымен қатар банк несиелік мекемені және тұрақты қамтамасыз етуде шешім қабылдау үшін жедел және жеткілікті информациясы, оны жаңа тәсілдермен өңдеуі керек.
Дамыған мемлекеттерде менеджмент өндірістің тиімділігін көтеретін маңызды факторлардың біріне жатады. Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың ең рационалды жүйесінің жолымен пайда алу.
Банктік менеджменттің белгілі-бір спецификасы бар. Банк қоғамның капиталын сақтайды және жұмсайды және иеленушінің алдында клиенттің ақша қаражатының сақталуына жауап береді және сонымен бірге өзінің жеке мүддесімен қатар қоғамның да мүддесін көрсетеді. Бұл байланыс әрқашанда банкке тән болған.
Жеке және коллективті мүдделерінің бірігуі банк менеджментінің құрамында көрінеді және банк менеджментінің мақсатының спецификасын анықтайды. Ол келесіден тұрады:
Көрсетілген мақсаттар банктік менеджментті сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағытталады.
Банктің қызметінің жалпы нәтижесін бағалау және талдау үшін сандық көрсеткіштер қолданады. Оларға банктің клиенттерінің және олардың шоттарының саны, банкпен көрсетілетін операциялар мен қызметтердің көлемі, депозиттердің, несиелік салымдардың және инвестициялардың көлемі жатады.
Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топ табыс пен шығыс көрсеткіштері көмегімен банктің рентабельділігін басқару жүргізіледі. Айналым құралдарының жылдамдығы, операцияны жүзеге асыруға кететін шығындардың еңбек сиымдылығы, құжаттарды өндірудің жылдамдығы – бұл көрсеткіштер екінші топқа жатады. Үшінші топқа клиенттердің қызмет қөрсету сапасы, құрылымы және көлемі, информацияның сақталуы, іскерлік келіссөздердің құпияда сақталуын қамтамасыз ету бойынша сұрауларын қанағаттандыру деңгейінің көрсеткіштері кіреді.
Әлеуметтік көрсеткіштер коллективтің мүшелерінің профессионалды дайындығының дамуынан, олардың еңбекке қатынасынан және әлеуметтік проблемаларды шешу деңгейінен тұрады.
Банк менеджментінің басқа ерекшелігі ақшалай қаражаттың иеленушінің мүддесін қорғау мақсатында банктің қызметін мемлекет тарапынан реттеуімен байланысты. Сондықтан ұйым бойынша басқару жеке өзі шешім қабылдағанда шекті шекарасы болуы керек.
Банк қызметі басқарушының ерекшелігі басқару сферасының кеңдігі, ақшалай операцияларды орындауда маңызды тәуекелдің болуы болып табылады. Осы тәуекелге бармау үшін банкте жауапкершілігі жоғары шешімді қабылдағанда коллективті шешім қабылдау қағидасы қолданылады.
Қазіргі замандағы шарттар тек қана өте жақсы экономикалық білімді ғана емес, сонымен қатар психология, құқық, іскерлік этиканың негізін білуді қамтамасыз етуді талап етеді.
Банк менеджментінің құрамының белгілі ерекшеліктерінің болуы қызметкерлердің негізгі контингентін әйелдер құрайтындықтан туады. Осыған байланысты коллективтің әлеуметтік проблемаларын шешу, жақсы өндіріс сферасын қамтамасыз ету, конфликтілі жағдайларды туғызбау маңызды орын алады.
Сонымен қатар банк сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістер жөнінде ескеріп отыру ақпарат жинағының тұрақты түрде өсіп отыратындығын айта кету керек. Банктің ақпаратқа деген қажеттілігі сыртқы ортадан келетін қауіптіліктің және ортадан туатын қауіптер қатарына ғаламдану, нарық тұрақсыздығы, клиент талғамдарының жоғарлауы, экономикалық жағдайлардың өзгеруі. Банктің ішкі мәселелерін тудыратын факторларға: жаңа өнімдерді өндіру, ақпараттық технологияны пайдалану, құрылымдық және ұйымдастырушылық өзгерістерді басқару, шығындар жұмсалуын бақылау, тәуекелділікті басқару.
Бұл ақпаратты талдау мен пайдалану банктің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: бизнестің стратегиясын белгілеу, бизнес нарығының дамуы мен құнын бағалау, атқаратын операциялар түрлеріне байланысты бизнесті басқаруын анықтау. Бұл үдерісті екінші сызба арқылы көрсетуге болады.