Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:35, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновацияның қалыптасуын жан-жақты сараптай отырып, оның негізінде ұйымдастырылған жалпы өндірістің, оның өнімдерінің бәселестік қабілетін арттыру тетіктерін негіздеу және оны қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
индустриалды-инновацияның және инновациялық үрдістердің мәнін ашу тетіктерін зерттеу;
дамыған елдердің инновациялық істі басқару және қолдану бойынша тәжербиесін зерттеу;
Қазақстандағы индустрия-инновацияны қолданудың негізгі принциптері мен оның даму барысын зерделеу;
Қазақстанның индустриалды-инновацияны жетілдіру жолдарын анықтау;
КІРІСПЕ
ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері..........................5
Шет елдердегі индустриалды-инновацияның даму
барысы.....................................................................................................10
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ
БАРЫСЫ
2.1. Қазақстандағы индустриалды-инновацияның қазіргі жағдайы және
даму барысы..............................................................................................15
2.2. Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы
ретінде........................................................................................................23
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Индустриалды – инновацияны жетілдірудің аймақтағы негізгі
басымдылықтары......................................................................................32
3.2. Индустриалды-инновацияны қолданудың экономикалық
тиімділігі....................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................45
Шумпетердің көзқарасы бойынша инновация кірістің басты қайнар көзін білдіреді: «кіріс, мәні жағынан жаңа үйлесімдікті орындаудың нәтижесі болып табылады». Ол инновацияға берілген түрлі анықтамаларға талдау жасау инновацияның өзіне тән мазмұнын өзгертеді дейді [3].
Ол инновацияға берілген түрлі анықтамаларға талдау жасау инновацияның өзіне тән мазмұнын өзгертеді, ал инновациялық істің басты функциясы өзгеру функциясы болып табылады деген қорытынды шығарады.
Осы бағытта И. Шумпетер бес қарапайым өзгерістерді атап көрсетеді: 1) жаңа технологияларды, жаңа технологиялық процестерді қолдану немесе өндірісті жаңа нарықпен қамтамасыз ету (сату-сатып алу); 2)жаңа қасиеттері бар өнімдерді енгізу; 3) жаңа шикізаттарды қолдану; 4) өндірісті және материалдық қамтамасыз етудегі өзгерістер; 5) жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.
Бұл қағидаларды Шумпетер 1911 жылы құрған болатын. Кейінірек, 30-шы жылдары ол жаңа тұтыну тауарларын, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, нарықтарды, өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатында инновацияны өзгерістер ретінде қарастырды.
Шумпетердің көзқарасын
талдау көрсетіп отырғандай, біздің пікірімізше,
Шумпетердің теориясының
1980 жылдары ұлттық
инновациялық жүйелердің
ХIХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғ. басындағы ресейлік
философ-идеалисттер бұл
Ресейлік ғылым және мәдениет қайраткерлері еңбек қатынастарының адамгершілікке бастайтын бастамасын «еңбек – құрушы», «еңбек-ар», «еңбек-бақыт» түсініктерінен іздеді.
В.Соловьев және Л.Толстой еңбек қатынастарын діни адамгершілік негізі бар рухани құбылыс деп қарастырса, С.Франк, И.Ильин және П.Новгородцев негізгі белгілері адам бостандығы және қызметтестігі болып табылатын азаматтық қоғамдағы руханияттан іздеді [19].
Оның құрған моделінде ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыру үшін капиталдар ағымының мүмкіндіктері қарастырылды және белгілі бір жағдайда тепе-теңдік траекториясына жуықтау шамасына қарай трансұлттық корпорацияларды құруды болжайды.
Инновациялар қандай-да бір облыстағы, қандай да бір өзгерістер формасына сүйене отыра, құн және материалдық байлықты құрады, жаңа сұраныстар құрады. Негізгі капиталдардың орнын алмастырудың жаңа әдістерін және пісіп жетілген нарықтарды қолданады.
Инновациялар ресурстардың аса жоғары өнімділік және түсімділік саласына алмасуына септігін тигізеді. «Инновация» жаңалық енгізу немесе жаңалық терминдерінің синонимі болып табылады. Ресей Федерациясының 1998-2000 жылдарға инновациялық саясатының Концепциясы бойынша инновация нарықтағы жаңа немесе жетік меңгерілген өнім, іс жүзінде қолданылатын жаңа немесе жетік технологиялық процестер түрінде жүзеге асқан инновациялық істің ақырғы нәтижесі [20].
Инновациялар мәні жағынан ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесі бола отыра, онымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 3 шілдеде жарық көрген «Инновациялық іс туралы» Заңы бойынша инновациялық іс-нәтижелері экономикалық өсім және бәсекелестік үшін қолданылатын, түрлі өндіріс салалары мен басқару саларында жаңа ой-пікірлерді, ғылыми-білімдерді, технологияларды және өнім түрлерін енгізуге бағытталған инновациялық іс [21].
Ал инновация – жаңа немесе жетік өнімдер(жұмыс, қызметтер), жаңа немесе жетік технологиялық процестер түрінде жүзеге асатын инновациялық іс нәтижесі, сонымен қатар, қоғамды басқару салаларына және түрлі өндіріс облыстарына прогрессивті әсер ететін әр түрлі қоғамдық қатынастар аясындағы ұйымдастырушылық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешімдер.
Отандық ғылымдағы
инновация мәселелеріне көптеген жұмыстар
арналды. Әрбір зерттеуші инновацияны өз аспектісінде
қарастырады. Мысалға, Б.А.Кембаев және
тағы басқа ғалымдар инновацияны - әртүрлі
сипаттағы жаңалықтар, жаңа немесе жетік
тауар (қызмет) өндірісін ұйымдастыру
үшін ұйымдастырушылық, технологиялық,
техникалық және басқа да қолданылатындар
деп қарастырады. Сонымен қатар, автор
инновациялық іс аясында қолданылатын
бірқатар терминдерге анықтама береді.
«Инновациялық іс» терминін автор жаңа
өнеркәсіптік өнім түрлерін өндіруге
бағытталған іс-әрекет, тауарлар мен қызметтердің
бәсекелестік артықшылықтарына жету және
қолдау, ұйымдастырушылық,
«Инновация» түсінігі қазақстандық тағы бір танымал зерттеушілердің бірі -С.Абдыгаппарованың ғылыми жұмысында кеңінен қарастырылған. Ол «жаңалық енгізу» жағдайында ұдайы өндірісті өзгертудің басты жолы «жинақтау» түсінігін дамыту және жаңа ұғымдармен толықтыру болып табылады деп тұжырымдайды. Автордың көзқарасы боынша инновация – бұл шаруашылық етуші субъектілердің жаңа ғылыми негізделген ой-пікірлерді зерттеуін, жасап шығаруын және енгізуін қамтитын мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы қоғамдық өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған мақсатқа жету процесі [23].
Отандық әдебиеттерде «жаңалық енгізу», «инновациялық процесс», «инновациялық өндіріс» түсініктері әлі де жетік меңгерілмеген.
Инновация мәселесі аясында бірқатар Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының (ары қарай ТМД) ғалымдары да үлкен үлес қосуда.
Ресейлік ғалым П.Завлин «инновация» терминін екі негізгі әдіспен сипаттайды. Біріншіден, инновация ретінде – ғылым және техника жетістіктеріне негізделген жаңа тұтынушылық құн, яғни объект танылса, қоғамдық қажеттіліктерді пайдалылығы жоғары тиімділікпен қанғаттандыру қажеттілігіне көп көңіл бөлді. Оның пікірінше инновация түсінігін жаңа өнімге немесе қызметке, оны өндіру әдісіне, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми зерттеу және басқа да салалардағы жаңалықтарға, шығындарды үнемдеуді қамтамасыз ететін және осылай үнемдеуге жағдай жасайтын қандай-да бір жетістіктерге таратылады [24].
Инновация – бұл өзгеріс, ал инновациялық істің басты қызметі өзгеру болып табылады деп есептейді С.Д.Ильенкова [25].
Бұл түсінік мағынасы, мәні жағынан «жаңалық ашу» немесе өнертабыс түсініктеріне сай келмейді, бұл түсініктер өнеркәсіптегі және экономикадағы техникалық прогрестің жалғыз ғана қозғаушы күші ретінде қарастырылды. Олар ең бастысы келесі элементтерімен ерекшелінеді: 1) өнертабыс немесе жаңалық ережеге сай негізгі деңгейде (бу машинасы,электр жарығы және т.б.), ал инновация - технологиялық деңгейде, яғни қолданбалы тәртіпте (транзисторлар, пластмассалар; 2) жаңалықты бір ғана өнертапқыш жасап шығаруы мүмкін, ал инновация кешенді өнеркәсіптік зертханаларда туындайды; 3) жаңалық мәні жағынан ниетсіз іс болса, ал инновацияның мақсаты - өндіріс немесе басқару процесінде жаңалықты енгізу нәтижесінде өнімділікті жоғарылату болып табылады; 4) жаңалық кездейсоқ пайда болады, ал инновация элементтерді кешенді қолданудың нәтижесі (жүйелік техникалық зерттеулер, ғылыми-зерттеу бағдарламалары) болып табылады. [26].
Әрбір мемлекет барлық даму қайнар көздерін бір уақытта қолданады. Алайда, басымдылық елдің өндіріс және инвестициялар негізінде емес, халық шаруашылығындағы негізгі, ғылымды көп қажет ететін салалар облысында инновациялық істерді белсендендіру негізінде дамуына берілуі керек. Осы орайда Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясының маңызы зор екендігін айта кету керек.
1.2. Индустриалды-инновацияның әлемдік озық тәжірибелері
Ішкі және сыртқы нарыққа үнемі сұраныстағы, бәсекелестік қабілеті жоғары тауарлар мен қызметтерді шығару - инновациялық типтес экономиканың міндеті,әртүрлі елдерде түрлі жолдармен шешіледі.
Әртүрлі шет мемлекет ғылыми-техникалық және өнекәсіптік саясатты жасау және оны жүзеге асыру тәжірибесін талдау біздің елде де ескерілуі тиіс аса маңызды сәттерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Инновацияның дамыған елдердегі даму тенденциясын қарастыратын болсақ, ХVII ғасырда әлемдік экономикалық ғылыми прогрестің нағыз ортасы Батыс және Солтүстік Еуропа, ең алдымен Англия, Нидерланды, Швейцария, Венеция, Швеция болды. Дәл осы мемлекеттерде әлемдік ғылыми-техникалық және экономикалық инновацияның маңызды бір бөлігі шоғырланған. 90-шы жылдары бесінші толқынды өнеркәсіп салаларын дамыту және инновацияның шоғырлануы нәтижесінде АҚШ Еуропаны, Жапонияны, Шығыс және Оңтүстік Азияның жаңа индустриалды жолбарыстарын артқа қалдырғандығы анықталды [30].
Мәскеу мемлекеттік университет
Қалайша жаңалық енгізуге болады?, тамақтану индустриясы сияқты қарапайым салада да жаңалық енгізуге болады, бұған мысал – “Mc Donald’s”. Өнімді стандарттап, осыған байланысты өнімнің өзіндік құнын және жіберілетін бағаны төмендету, жаңа өндірістік бағыт, білікті мамандар дайындау және орташа және жанұялық сатып алушыға шағып есептелген тиімді маркетинг арқылы “Mc Donald’s” жаңа өнім-жоғары сапалы гамбургерді ойлап тауып қана қалған жоқ, сонымен қатар, ол қызметтер нарығында тіптен жаңа категорияны құрды.
1974 жылы “Sony”
фирмасы бүкіл әлемге паш
Ғылым және технология
аймағы технопарктерден,
Алдыңғы қатарлы шет елдік тәжірибені талдау бойынша ғылым мен өндірісті интеграциялаудың тиімді бір түрі – бұл технопарктер құру. Технопарктер жоғары технологияны негізгі зерттеу облысынан өндіріске өткізуде маңызды рөл атқарады және ғылымның қаржыландырылуына септігін тигізеді.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопарктер көрсететін қызметтерінің көлемі, құрылымы және масштабы, ғылымды көп қажет ету деңгейі, қатысушыларының құрамы бойынша ерекшелінеді.
Технопарк- әрқайсысы инновациялық қызметтердің мамандандырылған жинағын жүзеге асыратын орталықтардың жиынтығын білдіреді.
Технополис- бұл қаланың өмір сүруін қамтамасыз ететін технопарктердің, инкубаторлардың және түрлі құрылымдар кешенінің жиынтығы.
Батыс германдық әдебиеттерде «технологиялық парк» термині зерттеу және өндіріс қызметтері, қызметтер көлемі және басқа да концептуалды белгілері: зерттеу паркі, технологиялық парк, өнеркәсіптік парк, арасындағы қатынасымен, бейімделуімен ерекшелінетін парктердің төрт түрін ажыратып қарайды.
Зерттеу парктері –бұл ірі ғылыми орталықтар, ең бастысы университеттер маңында топталған ғылымды көп қажет ететін фирмалардың жиынтығы. Олардың міндеті - негізгі және қолданбалы зерттеулердің өзара үйлесіп әрекет етуін қамтамасыз ету.
Өнеркәсіптік парктер – бұл жер учаскесін, өндірістік және қызметтік жайларды бірлесіп, ортақ қолдануға негізделген фирмалардың бірлестігі. Барлық фирмаларға қойылатын жалғыз ғана ортақ талап – бұл жаңалық енгізуге бейімделу. Өнеркәсіптік парктердің қызметіне көп жағдайда орналасатын жерді таңдауға қандай да бір себептермен шектеу алған фирмалар жүгінеді.
Грюндерлік орталықтар – бұл қайта өңдеу облысындағы жас кәсіпорындарға арналған өнеркәсіптік парктердің бір түрі. Іскерлік қызмет көрсету тізімі әсіресе өздеріне қауіпті бастапқы кезеңде кәсіпорындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жобаланған. Көптеген коммерциялық және басқару мәселелерін шешуге жиі кеңес береді.
Технологиялық
орталықтарда жоғары технологияларға
бейімделген қайта өңдеу
Ұлыбританияда «ғылыми парк» термині жалпы қарастырылып отырған құбылысқа жатады. Сонымен қатар, ғылыми парк деп ғылымды көп қажет ететін компаниялар орналасатын арнайы бөлінген үлкен территориясы бар, университеттің немесе қандай да бір басқа жергілікті зерттеу орлығының ғылыми-техникалық зерттеулеріне негізделген орталықты атайды [34].