Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:35, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновацияның қалыптасуын жан-жақты сараптай отырып, оның негізінде ұйымдастырылған жалпы өндірістің, оның өнімдерінің бәселестік қабілетін арттыру тетіктерін негіздеу және оны қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
индустриалды-инновацияның және инновациялық үрдістердің мәнін ашу тетіктерін зерттеу;
дамыған елдердің инновациялық істі басқару және қолдану бойынша тәжербиесін зерттеу;
Қазақстандағы индустрия-инновацияны қолданудың негізгі принциптері мен оның даму барысын зерделеу;
Қазақстанның индустриалды-инновацияны жетілдіру жолдарын анықтау;
КІРІСПЕ
ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері..........................5
Шет елдердегі индустриалды-инновацияның даму
барысы.....................................................................................................10
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ
БАРЫСЫ
2.1. Қазақстандағы индустриалды-инновацияның қазіргі жағдайы және
даму барысы..............................................................................................15
2.2. Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы
ретінде........................................................................................................23
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Индустриалды – инновацияны жетілдірудің аймақтағы негізгі
басымдылықтары......................................................................................32
3.2. Индустриалды-инновацияны қолданудың экономикалық
тиімділігі....................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................45
4-кесте Қазақстан Республикасында жаңа технологияны құру және қолдау
Көрсеткіштер |
2004 ж. |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж |
2008 ж. |
Жаңа технология құрған ұйым саны |
98 |
125 |
135 |
135 |
124 |
Құрылған жаңа технология саны |
355 |
577 |
665 |
506 |
578 |
Жаңа технол.қолданған ұйым саны |
58 |
133 |
127 |
110 |
84 |
Қолданылған жаңа технология саны |
244 |
210 |
255 |
196 |
245 |
Ғылыми қызмет соңғы нәтижеге жұмыс істегендігімен – қорғау құжаттарының, жаңа технология жасаған ұйымдар мен олар жасаған технология санының көбеюімен, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің артуымен, соның арқасында өнеркәсіп өнімінің ішіндегі инновациялық өнімнің үлесінің артуымен құнды. Қазақстанда қорғау құжаттарына өтініш беру үдерісі мен оны алу – екеуі біріне-бірі тікелей байланыссыз үдерістер. Өтініш берудің динамикасы негізінен оң сипатқа, ал, берілген құжаттардың динамикасы көбіне теріс сипатқа ие, сондай-ақ берілген өтініштер саны мен алынған құжаттар санының арасындағы айырма үлкен.
Жаңа технологиялар мен техника нысандарын құрған ұйымдар мен құрылған жаңа технологиялар мен техника нысандар санының (4-кесте) 2008 жылы 2005 жылғы, қолданылған жаңа технология санының 2004 жылғы деңгейге қайта түскені, жаңа технология мен техника нысандарын пайдаланған ұйымдар санының соңғы 4 жылдағы динамикасы тек төмендеу үстінде екендігі, құрылған жаңа технология көлемі 2004 жылғыдан 1,6 есе өскенімен оны пайдаланған ұйымдар санының 2004 жылғы деңгейден өспегендігі және осы көрсеткіштердің барлығының ширегінен жартысына жуығы бір ғана Алматының еншісіне тиіп отырғаны инновация жайының қаншалықты мүшкілдігінен хабардар етсе керек. Бұл - кәсіпорындар сырттың технологиясын көп қолданып, отандық технологияны енгізуге құлықты болмай отыр деген сөз.
Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде зерттеу жүргізілген кәсіпорындар саны 1,5 есе өскен болса, инновацияны қолдайтын, енгізуге, жасап шығаруға әрекет етіп жатқандардың үлесі 3 есе өскен. Яғни, заман талабын түсіну бар, соған қарай қимылдау бар. Соған сәйкес инновациялық белсенділік 2 еседен астам көтерілген. Бірақ, оның деңгейі әлемдік тұрғыдан келгенде өте төмен.
Қазақстандағы ғылымның дамуына басқа индустриалды дамыған елдердегімен салыстырғанда түбегейлі ерекшеліктер тән. Дамыған елдерде іргелі және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруға кететін шығындарға жыл сайынғы өсім, ғылым мен жекеменшік сектордың интеграциясы арқасында ғылыми жаңалықтарды жедел іске қосу, ғылымның корпоративтік секторын құру мен дамыту, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді пайдалану тән.
Қазақстанның
ғылыми-технологиялық саясаты
Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіптік өндіріс құрамындағы және еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып, сәйкесінше 2,8-3,2% және 12,0-14,0% құрап отыр. Бұл көрсеткіштер индустриалды дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есе аз.
Ірі кәсіпорындармен салыстырғанда шағын инновациялық кәсіпкерліктердің дамуына олардың бәсекеге қабілетті өнім өндіре алмауы кедергі жасап отыр. Ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерліктердің ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету бойынша табиғи монополиялардың қызметтерін шағын бизнестің бәсекелік ортасына ауыстыру тетіктерін жасау қажет. Сондай-ақ, шағын бизнестегі инновациялық және ғылыми сиымдылығы мол өндірістердің дамуына жағдай жасау қажет, мәселен, лизинг бойынша жабдықтар мен технологиялар алу және франчайзингтік қатынастарды дамыту.
Қазақстан ғылымының қазіргі кезде көптеген аяқталған зерттемелері бар, алайда олар өндірістің сұранысына ие болмай отыр. Бұл үлкен мүмкіншіліктер береді және оның іске асуы - инновациялық қызметті дамытудың басты міндеттерінің бірі. Инновациялық қызметті дамытудың маңызды факторы болып зияткерлік меншікті пайдалану мен оның құқықтарын қорғау табылады. Инновациялық дамудың базалық моделінің негізінде инновацияның ішкі (өсіру) және сыртқы (трансферт) қайнар көздерінің арақатынастары жатады. Инновацияны өсіру стратегиясы көшбасшы-елдер АҚШ-қа, ГФР-ге, Ұлыбританияға, Жапонияға тән, бұл елдер өзіндік іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарына негізделген өздерінің технологияларын жетілдірумен айналысады. Трансферт стратегиясы өзіндік іргелі әрі қолданбалы зерттемелері жоқ және осы мақсаттарға арналған шектеулі ресурстарға ие елдерге тән.
«Қазақмыс» корпорациясы үшін холдинг институттары кейбір технологиялық үдерістерді жетілдіруге, алынатын өнім көлемін арттыруға, қалдықтар құрамында қалып қоятын құнды құрауыштар көлемін азайтуға арналған регламенттер дайындап берді. Мұндай жұмыстар АҚ «Алтыналмас», АҚ «Өскемен титан-магний комбинаты» үшін де жүргізілді.
Холдингтің құрылуына аз-ақ уақыт өткеніне қарамастан, қыруар жұмыстар жасалынып жатыр. Инновациялық салаларда жұмыс жасайтын компаниялар дағдарыстарға төтеп бере алатындығын тарихтан көруге болады. Мәселен, 1998 жылғы азиаттық қаржылық дағдарысқа төтеп бере алған компаниялардың 41% инновациялық технологияларды пайдаланған болатын. Ал бүгінгі таңда дүниежүзін шарлаған экономикалық дағдарысты көптеген көреген экономистер мен қаржыгерлер инновацияны дамытуға үлкен түрткі болады деп пайымдайды. Бұл дағдарыс алыпсатарлық экономиканың күйрегенін көрсетеді. Ғылыми-техникалық зерттемелерге бай қазақстандық ғылым үшін мемлекет пен жекеменшік серіктестік арқылы өзара тиімді негізде бизнес үшін қажетті болу мүмкіндігі туындап отыр.
5-кесте Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығынның қаржы көздері (млн.т)
Көрсеткіштер |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж |
2008 ж. |
Барлық ішкі шығын |
21527,7 |
24799 |
26835,5 |
34761,6 |
Оның ішінде: Бюджет қаржысы |
11015,6 |
14165 |
13664,7 |
14747,7 |
Ұйымдардың өз қаржысы |
4392,7 |
3505 |
4837,1 |
7822,7 |
Тапсырыс берушілер қаржысы |
5688,0 |
6747,0 |
7855,6 |
11429,7 |
Шетел инвестициясы |
331,4 |
253 |
448,2 |
332,2 |
Даму институттарының қаржысы |
99,7 |
128 |
20 |
40,0 |
Енді осы даму институттарының жұмысы индустриалдық-инновациялық стратегияны іске асыруға қаншалықты негіз бола алып жатыр, стратегия бірінші-кезеңде алдына қойған мақсатына жете алды ма, соған талдау жасап көрейік. 2008 жылы ішкі шығын бір жылда 7926,1 млн.теңгеге өскен, біз бұдан зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығынның динамикасы өте баяу екенін көріп тұрмыз. Әсіресе даму институттарының шығыны соңғы жылда күрт төмен түскен.
2.2 Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы ретінде
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім территориясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Саясаттың басты
мақсаты шикiзаттық бағыттан бас
тартуға ықпал ететiн
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және
экспортқа негiзделген
Бәсекеге түсу
қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың
экспортқа шығарылатын
Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi:
- жеке сектормен серiктестiк;
- инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
- өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
- қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
- тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
- индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
- жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
- жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi.
Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.