Индустриалды-инновациялық қаржыландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:35, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновацияның қалыптасуын жан-жақты сараптай отырып, оның негізінде ұйымдастырылған жалпы өндірістің, оның өнімдерінің бәселестік қабілетін арттыру тетіктерін негіздеу және оны қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
индустриалды-инновацияның және инновациялық үрдістердің мәнін ашу тетіктерін зерттеу;
дамыған елдердің инновациялық істі басқару және қолдану бойынша тәжербиесін зерттеу;
Қазақстандағы индустрия-инновацияны қолданудың негізгі принциптері мен оның даму барысын зерделеу;
Қазақстанның индустриалды-инновацияны жетілдіру жолдарын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ

ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері..........................5
Шет елдердегі индустриалды-инновацияның даму
барысы.....................................................................................................10

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ
БАРЫСЫ

2.1. Қазақстандағы индустриалды-инновацияның қазіргі жағдайы және
даму барысы..............................................................................................15
2.2. Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы
ретінде........................................................................................................23

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Индустриалды – инновацияны жетілдірудің аймақтағы негізгі
басымдылықтары......................................................................................32
3.2. Индустриалды-инновацияны қолданудың экономикалық
тиімділігі....................................................................................................39

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................45

Вложенные файлы: 1 файл

Индустриалды инновация курсовая.doc

— 436.50 Кб (Скачать файл)

Ғылыми парктерге  қарағанда зерттеу орталығы техникалық прототиптерден тыс  өндірісті өсіретін өндірістік қуатты құруды  қарастырмайды.

Инновациялық  орталықтар  аймақта жаңа ғылымды  көп қажет ететін кәсіпорындардың  құрылуына бейімделеді.

Аталған барлық ғылыми парктерді құру ұзақ процесс  болып табылады және ол екі кезеңнен тұрады:

1.Инфрақұрылымды (қонақ жайлар, қызмет көрсететін  кәсіпорындар, банктер) құру. Паркте  негізін қалағанірі көшбасшы  ұйымның артынан шағын фирмалар  да құрыла бастайды.

2.Ғылыми парк  көлемінің қарқынды өсуі, сырттан  жұмылдыру және жаңа компаниялардың пайда болуы (бірінші кезеңнен бірнеше жылдан соң).

Жоғарыда айтылғандай, ғылым мен өндірісті интеграциялаудың тиімді түрі-ғылыми парк құру болғандықтан, біздің пікірімізше, аймаққа ғылыми өнеркәсіпті  жұмылдыру үшін көз  қызығарлықтай өмір сүру жағдайы жақсы, ірі техникалық университеттер, ірі ғылыми-зерттеу орталықтары және мамандандырылған жұмысшы күші қажет.    

Инновациялардың үнемі тоқтаусыз туындап отыратын ортасы – бұл АҚШ-тың Сан-Франсиско  және Солтүстік Калифорниядағы  Сан-Хосе  аралығында созылып жатқан «Силиконды дала» өнеркәсіптік ауданы. Оның «Силиконды дала» болып аталуына СССР-де 1956 жылы құрылған Жаңасібірлік ғылыми қалашық (академиялық қалашық) «Алтын даламен» 1971 жылы танысқан американдық журналисттер себеп болды [35].

«Силиконды  даланың» үлесіне әлемнің инновацияға  салатын жылдық капитал салымдарының үштен бір бөлігі түседі. Ғылыми парк ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп саласын дамытуда зор  жетістіктерге жетті. Бүгінгі күнде  ұйым әлемдегі өте ірі инновация  өндіруші болып табылады. Жыл сайын венчурлық кәсіпкерлер «Силиконды далада» пайда болатын инновациялық фирмаларға 5 млрд. долларға жуық қаржы инвестициялайды. 1992 жылдан бастап Силиконды дала ірі инновациялық орталық ретінде алға шыққан кезде, мұнда 250 мың жаңа жұмыс орны пайда болды. Әрине, бұл Лос-Анжелесте құрылғаннан екі есе төмен, алайда Силиконды далада жұмыс істейтіндердің орташа жылдық еңбек ақысы 50 мың долларды құрайды, бұл орташа ұлттық табыстан 1,5 есе жоғары. «Хьюлетт-Паккард», «Палароид», және т.б. атақты фирмалар осы технопарктен өз істерін бастаған болатын.

АҚШ-та 80-ші жылдары  технопарктердің саны бірте-бірте  өсе бастады. Бүгінгі күнде мұнда 160-тан астам (әлемдегі жалпы технопарктер санының 30%-ын құрайды)  технопарк  бар [34].

Силиконды даланың бәсекелесі Израиль болып табылады. Бүгінгі күнде мұндағы технопарктер мен инкубаторлар үшін бұрынғы СССР-дан шыққан біліктілігі жоғары біраз мамандарды жинап алған. Әрбір 10 адамға 135 ғалым және инженерден түседі, ал бұл Америкада небәрі 18   адамды құрайды.Инновациялық жобаларға салынатын жыл сайынғы венчурлық капиталдың мөлшері 30-35 пайызға өсіп келеді. Жоғары тәуекелді жобаларға  мұнда 4 млрд-дан астам қаржы бөлінеді. Израильде ғылыми зерттеулері марапаттаудағы рөлі арнайы заңмен бекітілген.

Еуропада технопарктер 70-ші жылдардың басында пайда болды. Солардың ішінде алғашқылар - Эдинбургтегі Хэриот-Уатт университетінің Зерттеу-жүргізу паркі, Кембридждегі  Тринити-колледж маңындағы ғылыми парк, Бельгиядағы Левен-ла-Нев, Ниццедегі София-Антиполис және Гренобльдегі  ғылыми және техникалық жаңалықтар мен өндіріс Зонасы  (ZIRST ) болып табылады. Олар ғылымға бизнес ретінде қарап, толығымен АҚШ технопарктерінің  моделін қарастырды [33].

Польшадағы  төрт бизнес инкубаторды қарастырып кетейік.

 Калиштік бизнес инкубаторы 1993 жылы Калиштік қалалық кеңестің шешімімен құрылды, қала инкубатордың құрылуына ғимарат және 250 мың доллар бөлді. Негізгі жалға орын жалдап, жұмыс істегендердің бірі-тігін кәсіпорыны болды. Бүгінгі күнде бизнес-инкубатордың табысы айына 20 мың долларды құрайды. Бизнес-инкубатор келесідей жеңілдіктерге ие болды: ғимарат коммуналды меншік иелігінде болды, яғни ол амортизациялық шығынға ұшыраған жоқ;бизнес –инкубатор 1998 жылға дейін жылжымайтын мүлік салығын төлемеу мүмкіндігіне ие болып келді. Бизнес-инкубатор ссудалық қормен, кәсіпкерлікті қолдау Орталығымен және Еуропалық Одаққа интеграциялану Орталығымен бірге ассоциацияға кіреді [33,35].

Остжешувтік бизнес-инкубатор- бұл 15 мың халқы бар Остжешув қаласында 1994-1995 жылдары өнеркәсіптік зона(электр-магниттік муфты зауыты күйзеліске ұшырағаннан кейін) негізінде құрылған және ол 2800 шаршы метр жерді алып жатыр. Автокөліктер үшін  электр сымдарын дайындау бойынша маманданған «Оппель» компаниясы бизнес-инкубатордың негізгі жалдаушысы болды. 1994 жылы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Ассоциация құрылды. Ассоциацияжаңа бизнес инкубаторлар құра алады. Бизнес инкубатор мүлік салығынан босатылған. Заңды жиналыстың шешімімен егер де жаңадан құрылған фирмалар бизнес-инкубатордан орын жалдап әрекет ететін болса, кемінде 2 жыл бойы мүлік салығынан босатылады [33,35].

Зелювтік  бизнес-инкубатор- бұл 8,5 мың халқы бар, маңызды көлік жолдары өтпейтін, пайдалы қазбалары жоқ және жер игеруге жері жарамсыз қала. 1991 жылы Зелювтің даму Қоры құрылды, оның басы ерекшелігі–жергілікті даму бағдарламасынжасауға 100 адам қатысты. 1993-94 жылдары бағдарламаға Еуропалық Одақ 660 мың экю бөлді. Жобаның жүзеге асырылуымен  Зелювтің даму Қоры айналысты. Бағдарламаның басты мақсаты – үш құрылымдық элемент: оқу-кеңес беру орталығы; кәсіпкерлік Орталығы (банктік несиелерді кепілдендіру және қарыз қаржаттар); бизнес-инкубатор арқылы тұрақты экономикалық даму.

 Кәсіпкерлікті  қолдау Қоры іс-әрекетінің негізгі  мақсаттары келесіден тұрады:

- шағын және  орта кәсіпорындардың банктік қаржыландыруға қол жеткізуін жеңілдету;

- аталған тұтынушылардың  несиені қайтару қабілеттігін  жоғарылату нәтижесінде банктің  шағын және орта бизнеске  деген  қатынасын бірте-бірте жақсарту;

- кәсіпкерлердің  білім деңгейін жоғарылату. 

1995 жылдан бастап  қор банктік несие ала алмайтын, жаңадан өз ісін бастаушыларға  несие бере бастады.

Мелецтік  бизнес–инкубатор – Мелец қаласында 1989 жылы құрылды, ол Мелецтің аймақтық даму жөніндегі Агенттігінің дербес бір бөлімі болып табылады. Ол 5000 шаршы метрді алып жатыр. Бүгінгі күнде бұл- жапондық үкіметтің көмегімен  құрылған еркін экономикалық зона.

Бизнес-инкубатордың мақсаттары келесідей:

-Жаңа фирмалардың  құрылуы үшін жағдайлар жасау  және шағын және орта кәсіпорындардың іс-әрекетін кеңейту арқылы кәсіпкерлікті қолдау;

- Бизнес-инкубаторда  жұмыс істейтін фирмалардың бірте  –бірте және тұрақты өсуі;

- Жаңа жұмыс  орындарын құру арқылы Мелецте  және жақын жатқан аймақтарда  жұмыссыздықты жоюмен күресуге  өз үлестерін қосу[36].

Ал Сингапурда ғылыми саланы приоритетті дамытуға көшу «Джуронг» индустриалды паркін құрудан басталды. Оның құрылу тарихы 1960-жылы Сингапурдың оңтүстік –шығыс бөлігінде орналасқан жүк тасмалдау  теңіз портымен байланысты. Бүгінгі  күнде 1700-га жерді алып жатқан« Джуронгтің» териториясында өз өнімдерін шығаратын 72 компания орналасқан, олардың жылдық табысы 13 млрд. АҚШ долларынан асады. Жақын арада Сингапур өкіметі ғылыми өндірістік парктердің желісін кеңейтуді жоспарлап отыр, мұнда ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін жаңа технологияларды құруға үлкен көңіл бөлінетін болады. 

Жапонияда сонымен  қатар, сыртқы сауда және өнеркәсіп  министрлігінің жоспары бойынша, ірі  қалалар маңында  болашақта 40-қа жуық ғылыми парк құрылатын болады. Солардың бірі – Кюсю аралығындағы Индзукадағы технологиялық институт, мұнда жасанды интеллект, басқару жүйелері сияқты облыстарда ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізетін 200-дей қызметкер жұмыс істейді. «Мацусита» фирмасы  Индзукада ғылыми-зерттеу орталығын ашқан алғашқы фирма болды. 

Қытайда   технопарктер «экономикалық және технологиялық  даму» аймақтары деп аталады. Мұнда алғаш технопарктер 1985 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Технопарктердің  саны  5 жылдың ішінде 26-ға көбейсе, 1995 жылдың басында бұл көрсеткіш 52-ге жеткен.

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ  

      ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ 

      БАРЫСЫ

 

2.1. Қазақстандағы  индустриалды-инновацияның қазіргі  жағдайы және  

       даму барысы

 

Әлемде орын алған қаржы дағдарысының басты себебі - әлемдік валюта АҚШ долларының шектен тыс көп мөлшерде шығарылуы деп баспасөз беттерінде жиі жарияланатын болды. Алайда, бұл дағдарыстың себептері Елбасынының «Дағдарыстан шығу кілті» аты мақаласында нақты әрі тереңінен қарастырылып, оған келесідей анықтама беріледі: «Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет»

Қазіргі таңда  әлемдік экономика индустриалдық  даму кезеңін артқа тастап, постиндустриалдық кезеңге аяқ басты деуге толық негіз бар. Себебі, индустриалдық кезең экономикалық құрылымда өнеркәсіп үлесінің басымдығымен, тікелей байланыстардың күштілігімен ерекшеленсе, постиндустриалдық кезең жаңа материалдарға, озық техника мен жоғары, ғылыми сыйымдылығы мол технологияға негізделуімен, капиталдың, өндірістің және сауданың жаһандануымен, инфрақұрылымдардың рөлінің күшеюімен ерекшеленетініне бүгін бәріміз куәміз. Осы жағдайда экономикасы кеңес заманынан біржақты шикізат өндіруге бағытталған, өңдеуші өнеркәсібі тиісті деңгейде дами алмай қалған Қазақстан шикізатқа деген әлемдік сұранысқа, оның ойнамалы бағасына тәуелді болып отыр. Бұл тәуелділіктен құтылудың жалғыз жолы экономиканы білімге, яғни инновацияға негіздеп қайта құру болып табылады. Басқа ешқандай жол бізге еліміздегі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемін 15 жылда 2-3 есе өсіруге мүмкіндік бермейді. Жаһандану заманында өнімнің көлемінің өсуі ғана емес, ең бастысы шығарған өнімнің бәсекелестікке қабілетті бола алуы елдің ғылыми-техникалық дамуына, оның ішінде инновациялық дамуына тікелей байланысты.

Біздің еліміз де бұл үрдістен сырт қалып отырған  жоқ. Ол Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық стратегиясында лайықты көрініс  тапқан. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін бірнеше Даму институтары құрылды. Олардың қаржысын көздеген мақсатқа пайдалану ниетімен, ҚР Президентінің 2006 ж 16 наурыздағы № 65  «ҚР индрустралды-инновациялық  саясаты шеңберіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін әрі қарай арттыру бойынша іс шаралары жайлы» Жарлығын іске асыруда ҚР үкіметінің 2006 ж 15 сәуірдегі №  286 қаулысымен ««Қазына» орнықты даму қоры» АҚ (одан әрі қарай «Қазына» АҚ) құрылды. (2008 жылы ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып қайта құрылды).

Қор құрылған кезден бастап 178,6 млрд. теңгеге 32 жоба қаржыландырылған,  оның ішінде Қордың қосқаны- 34,2 млрд. теңге. Қазіргі күні Қор Қазақстанда  жүзеге асыруға жоспарланған 30 үздік  жобалардың тізіміне қосылған бір жобада қатысуын растады, оның тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен.

     Қазақстанның инновациялық индустрияландыруы - дамудың жалғыз ғана дұрыс жолы. Елімізде инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді.

Ұлттық инновациялық қор осы уақытта венчурлық  инфрақұрылымды дамытатынын ескерткiм  келедi: ҰИҚ мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік қағидалары негізінде отандық  инвесторлармен бiрге құрылған Қазақстанның алты венчурлық қорында әрiптес болып  табылады. Қазақстандық венчурлық қорлардағы ҰИҚ-тың еншiсі – 49 пайызға дейiн жетеді. Олардың инвестициялық саясаты келешекте экспорттық әлеуетке иеленетін перспективті салаларда жобалар iздестiру және оларды тартуға бағытталған.

Инновациялық  қор 2003 жылдан бері жергілікті инвесторлармен біріге отырып 5 отандық венчурлық қор құрды. Қордың бұл венчурлық қорлардың жарғылық капиталындағы мойнына алған үлесі 2008-жылдың 1 қаңтарына 6,5 млрд.теңгені құрады. Оның іс жүзінде орындалғаны 1,93 млрд.теңге немесе 29,67%.

Еуропада 1995 жылы инновациялық шағын кәсіпорындарға құйылған 2,6 млрд.евродан 2004 жылы 37 млрд.евроға дейін жетті. Венчурлық қаржыландырудың ең басты қызметінің бірі – оның шағын инновациялық кәсіпорындарға қолдау көрсететіндігінде. 

ҰИҚ индустриалды-инновациялық дамудың алдағы бес жылда венчурлық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша өз жұмысын жалғастырады. Ұлттық инновациялық жүйені әлемiнiң бiр елiнде де нарық өз еркімен қалыптастырмаған, оның себебі жекеменшік сектор тарапынан бастамашылықтың болмауы және тәуекел етуге бармауы деп атап өту керек. Сондықтан, жүйенiң белсендi қатысушысы (локомотиві) рөлiн атқару, мемлекетке тап болып қалады.

Әрине, жаңаша көзқарастың  қалыптасуына бірталай уақыттың кететіні сөзсіз. Алайда, мұндай игі бастаманың алғашқы қадамын Қазақстан жасап та үлгерді деп айтуға болады. Оған 2003-2015 жж. арналған ҚР Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы дәлел. Ғылыми-технологиялық саясат – экономиканың тұрақты дамуының басты тетігі. Алайда, елде ғылыми зерттемелерге деген сұраныстардың болмауы және осының салдары болып табылатын өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның ролін бағаламаудан туындайды. Шын мәнінде, өндіріс факторларының өнімділігіне тек қана ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Информация о работе Индустриалды-инновациялық қаржыландыру