Индустриалды-инновациялық қаржыландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:35, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновацияның қалыптасуын жан-жақты сараптай отырып, оның негізінде ұйымдастырылған жалпы өндірістің, оның өнімдерінің бәселестік қабілетін арттыру тетіктерін негіздеу және оны қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
индустриалды-инновацияның және инновациялық үрдістердің мәнін ашу тетіктерін зерттеу;
дамыған елдердің инновациялық істі басқару және қолдану бойынша тәжербиесін зерттеу;
Қазақстандағы индустрия-инновацияны қолданудың негізгі принциптері мен оның даму барысын зерделеу;
Қазақстанның индустриалды-инновацияны жетілдіру жолдарын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ

ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері..........................5
Шет елдердегі индустриалды-инновацияның даму
барысы.....................................................................................................10

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ
БАРЫСЫ

2.1. Қазақстандағы индустриалды-инновацияның қазіргі жағдайы және
даму барысы..............................................................................................15
2.2. Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы
ретінде........................................................................................................23

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Индустриалды – инновацияны жетілдірудің аймақтағы негізгі
басымдылықтары......................................................................................32
3.2. Индустриалды-инновацияны қолданудың экономикалық
тиімділігі....................................................................................................39

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................45

Вложенные файлы: 1 файл

Индустриалды инновация курсовая.doc

— 436.50 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі күнде  индустриалды дамыған елдер инновациялық даму жолына түсіп, ғылым және өндірістің тығыз байланысуын – елдің  индустриалды инновациялық даму фактиоры деп санайды, сондықтан Қазақстан Республикасында болып жатқан маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және олардың қарқынды дамуы өтпелі экономиканың жалпы теориясының қалыптасуын білдіреді. Бүгінгі күнде күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті белгілегендей, жаңа индустриалды саясат мәселелері алдыңғы кезекке қойылған, яғни басты мақсат – ұлттық инновациялық жүйені құру әлемдік тәжірибеде мемлекеттің ғылыми-техникалық прогрессті қолдаудағы рөлі күрт артып келеді. Мысалға АҚШ-та ғылыми-зерттеу жұмыстарына (1998 жылы 65 млрд.долл) ірі мемлекеттік қаражаттар бөлінді. Бұл Жапонияның автокөлік құрылысы, электроника және телекоммуникациядағы бәсекелестігін жаулап алуға септігін тигізді. Дамыған елдерде ғылыми-зерттеу саласын дамытуға ірі қаражаттарды жеке меншік компаниялар бөледі.

       Елбасы бай табиғи ресурстарды атай отырып, жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіру кезінде олардың кешенді мүмкіндігіне үлкен көңіл бөледі. Дәл осы шикізаттық база негізінде қазіргі өнеркәсіпті құру болжанады, ол 9 трлн. Долларға бағаланып отыр, нәтижесінде мемлекетке әлемдік және аймақтық интеграция жүйесінде өзінің экономикалық орнын алуына мүмкіндік туады.

       Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық мәселелері болып бәсекеге қабілетті өнімдер алуға бағытталған отандық ғылыми сиымдылығы мол өндірістерді дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды дайындау мен игеру, сондай-ақ республиканың өндірістік және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін сақтап қалу мен дамыту арқылы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.

Нарыққа көшерде  ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда  стратегиялық шикізат ресурстарына бай Қазақстан әлдеқайда қолайлы  экономикалық жағдайда болды. Экономика  әсіресе қазіргі таңда ғылым  мен техниканың жетістіктерін пайдалана  отырып, ресурстарды үнемдеуші технологияларды өндіріске енгізе отырып қана дами алады.

Бұл өнеркәсіптік өндірісті инновациялық, инвестициялық  және құрылымдық тұрғыдан қайта құрумен, қызметтің жаңа түрлерінің дамуымен тікелей байланысты. Шикізатқа деген  тәуелділікті азайту үшін отандық экономика салаларын әр-тараптандыру, жіліктеу әрі олардағы жоғары технологиялы кәсіпорындарды қарқындата дамыту керек. Осы факторлардың бәрі бүгінгі таңдағы ең басты мәселеге – экономиканың бәсекелестікке қабілетті болуына жұмыс істейді.

Бәсекеге қабілетті болу үшін Қазақстанға әлемдік нарықтағы өз «қуысын», яғни жақын болашақта бәсекеге жарай алатын өнеркәсіп салаларын  таба білу әрі дамыта алу  қажет. Бүгінгі заман тауарларының құндылығы олардың бойындағы озық ғылыми-техникалық жетістіктердің молдығымен ерекшеленетіндіктен, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық даму деңгейімен өлшенеді.                                                                           

Қай елдің болсын ғылыми-техникалық әлеуеті сол елдің алдында тұрған экономикалық дамуды шешуге мүмкіндік беретін мамандық, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық ресурстардың жиынтығынан тұратыны мәлім. Қазақстанда отандық ғылыми сыйымдылығы мол өндірісті дамытуға, жаңа ақпараттық технологияны жасауға және меңгеруге, нәтижеде бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қолға алуға бағыт-бағдар қабылданды. Осы жолда жаңа технологияны енгізу үшін, ғылымның өндірістен алшақтығын жою үшін, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатыр. ҰИҚ индустриалды-инновациялық дамудың алдағы бес жылда венчурлық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша өз жұмысын жалғастырады.

Еуропада 1995 жылы инновациялық шағын кәсіпорындарға құйылған 2,6 млрд.евродан 2004 жылы 37 млрд.евроға дейін жетті. Венчурлық қаржыландырудың ең басты қызметінің бірі – оның шағын инновациялық кәсіпорындарға қолдау көрсететіндігінде. 

 

1 кесте - Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге                               

7590,6

10213,7

12849,8

16052,9

Зерттеулер  мен әзірлемелерге жұмсалған  ішкі шығындар қолданыстағы бағада,млн.теңге                        

21527,4

24799,9

26835,5

34761,6

ЖІӨ, %

0,28

0,24

0,21

0,22

Зерттеулер  мен әзірлемелерді 

орындаған ұйымдар  саны 

390

437

438

421

Мемлекеттік сектор

149

151

134

104

Жоғары білім  секторы                                                  

114

123

133

126

Кәсіпкерлік сектор 

112

152

155

166

Бейкоммерциялық жеке сектор

15

11

16

25

Зерттеулер  мен әзірлемелермен

айналысатын персонал саны

/жыл соңында/, адам                                                       

18912

19563

17774

16304

Соның ішінде: зерттеушілер                    

11910

12404

11524

10780

Одан: Ғылым  докторлары

1106

1157

1166

1191

Ғылым кандидаттары                                                             

3018

3147

3058

2861

Зерттеулер  және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі қаражаттары, млн. теңге

 

14584,2

 

19247,7

 

8782

 

19176,7


 

Бұл кестеде  ең бірінші көзге түсетіні – зерттеу  мен әзірлемеге жұмсалатын шығынның 4 жылдың ішінде 13,2 млрд.теңгеге өскеніне қарамастан ЖІӨ-нің көлеміне шаққандағы онсыз да жарты пайызға жетпейтін деңгейінің соңғы жылдарда өсудің орнына кеміп бара жатқандығы. Екіншіден оларды орындаған ұйымдар саны 12%-ға өсіп жатқанымен (2008 жылы тіпті кему үрдісі орын алып отыр) сол ұйымдағы қызметкер ғалымдар мен зерттеушілер санының 13%-ға кеміп бара жатқандығы. Ғылым кандидаттары мен докторлары санының өсу динамикасы да мардымсыз. Ғылым докторлары 2008 жылы 2005 жылғыдан 85 адам, ал 2006 жылғы көрсеткіштен 34 ғалым артық дайындалып шығарылған болса, ғылым кандидаттарының саны 2006 жылдан бастап азаю үстінде - 2008 жылы ғылым кандидаттары 2006 жылмен салыстырғанда 286 адамға, ал  2005 жылғыдан 157 ғалымға кем дайындалған.      

  Техника саласындағы аспиранттар санына өсу тенденциясы тән болса, экономика саласында да сол үрдіс. Экономика ғылымын зерттеушілер саны математика-физика, химия және биология секілді үш бірдей іргелі ғылымды зерттеушілер санымен пара-пар, техника саласындағылар саны одан да көп, және ол үрдіс 5 жыл бойына сақталып отыр.

 

2-кесте – Зерттеулер мен әзірлемелерге арналған негізгі құрал-жабдықтар және негізгі капиталға жұмсалған инвестиция (нақты құны бойынша, млн.т.)

 

Көрсеткіштер

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны, млн.теңге. Одан:

14584,2

19247,7

18781,9

19176,7

Машиналар мен  жабдықтар

7105,7

9809,8

10005,4

9654,5

Негізгі құрал-жабдықтардың тозу дәрежесі,%

32,6

29,7

27,5

31,3

Негізгі құрал-жабдықтарды  жаңарту  коэффиценті,%

18,6

14,5

16,2

10,6

Негізгі құрал-жабдықтарды  жою коэффиценті,%

1,4

3,2

1,2

2,0

Негізгі капиталға  жұмсалған инвестиция, барлығы  

11582

13382

15448

17778

о.і.құрылыс-монтаж жұмысына

4247

4177

6880

10146

Жабдықтар

5284,2

6072

6555

7375

Инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі, %

0,48

0,47

0,46

0,42


 

     Жоғарыдағы 2-кестеде негізгі құрал-жабдықтардың бағасының өсуі байқалып тұр, оның ішінде негізгі қордың белсенді бөлігі саналатын машиналар мен жабдықтардың үлесінің өскені зерттеу мекемелерінің капиталдық шығынын қаржыландыру жұмысы жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Негізгі құрал-жабдықтардың тозу дәрежесінің 30% төңірегінде қалып отыруы, яғни жоғары болуы, ал оларды жою коэффициентінің төмен болуы, негізгі құрал-жабдықтарды жаңарту коэффициентінің көтерілудің орнына 4  жылда үнемі кеміп бара жатқандығы – басты мәселелердің бірі.

Негізгі капиталға  жұмсалған инвестиция көлемі соңғы 4 жылда 11582 млн.теңгеден 17778 млн.теңгеге, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмысына бөлінген қаржы 2,4 есеге өскенімен оның жалпы инвестицияның көлеміндегі үлесі өсудің орнына 0,48%-дан 0,42%-ға дейін кеми түскен. 

Өнеркәсіптің  жалпы ішкі өнімдегі үлесі соңғы 5 жылда іс жүзінде өзгермей, 29% көлемінде  тұр. Тіпті кейінгі үш жылда 29,8%- дан 29,3 %-ға төмен түсу динамикасы байқалады. 2000 жылғы 33,3%  деңгейге жете алмай қалып отырмыз. Қызмет көрсету саласы соңғы 5 жылда 2,6%, соңғы 3 жылда 2,2%- ға ғана өсіп, 1995 жылғы деңгейден 1,9%- ға ғана асып отыр.

Яғни, өндіруші өнеркәсіптің жалпы өнеркәсіптегі  үлесі төмендеудің орнына өсіп келе жатқанын, ал өңдеуші өнеркәсіптің үлесі керісінше көбеюдің орнына азайып бара жатыр. 1998 жылы өндіруші өнеркәсіп үлесі 24,3%-ға, өңдеуші өнеркәсіп 56,2%- ға ие болса, 2001-2004 жылдары тиісінше 44,3; 47,9; 48,4 және 53,4%-ға, ал, өңдеуші өнеркәсіп 46,9; 43,3; 42,9 және 39,7 % ие.

Өңдеуші өнеркәсіпке  үш жылда құйылған инвестиция салыстырмалы түрде өндіруші өнеркәсіпке құйылған қаржыдан да көп болып тұрғанымен – тиісінше 3,0 есе де 2,5 есе, оның абсолютті басым бөлігі, 75%-дан  астамы металлургияға, оның өзі түгелдей дерлік түсті металлургияға кеткен.

Машинажасау мен  тоқыма және тігін өнеркәсібіне бөлінер  болмашы қаржы соңғы жылы тіпті  төмен түсіп кеткен. Мысалы, машинажасауға 2006 жылы 4,2 млн.доллар, 2007 жылы 0,2 млн.доллар бөлінген. Тоқыма, тігін өнеркәсібіне тиісінше 3,0 және 2,1 млн.доллар, аяқкиім, былғары, былғары ұйымдарына 1,7 млн.доллар және 0,3 млн.доллар бөлінген.  Технологиялық инновацияға байланысты сатып алынатын машина мен жабдықтарға жалпы қаржының жартысынан астамы жаратылып келеді. Кәсіпорындардағы техника мен құрал-жабдықтар әбден ескіргені себепті солай болуы заңды да. Сол себепті де 2007 жылы жаңа технология сатып алуға арналған қаржы көлемі 2003 жылғы шығыннан 3 есе аз. Осының салдарынан барып кәсіпорын жаңа технологияның бұрынғыға қарағанда биіктеу сатысына көтерілуі кешіге түседі.

Дегенмен, жаңа өнімдерді, өндірістік үдерістерді  зерттеу мен дайындап шығаруға арналған шығындар да бес жылда 8 есеге жақын  өсіп отыр.

 

3 кесте – Қаржы көздері бойынша технологиялық инновацияларға жұмсалған шығын (млн.теңге)

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж

2008 ж.

Барлығы

35360,3

67088,9

79985,9

83523,4

113460,1

Республикалық бюджет

1905,9

5381,8

6478,4

4359,7

5613,2

Жергілікті  бюджет

10,3

106,1

2321,2

184,5

36,9

Кәсіпорынның жеке қаржысы  

32058,3

43936,9

68407,3

70576,3

96860,0

Шетел инвестициялары

1385,8

14994,7

2762,7

8379,7

9413,6

оның ішінде  ТМД елдері   

6,4

70,0

0,7

46,6

46,4

Даму институттарының  қаржысы  

-

2669,4

16,3

23,2

1536,3


 

Инновациялық  ғылымды қаржыландыру ең басты міндеті болып табылатын Даму институттарының қосқан үлесі ауызға алуға тұрмайды. Шетел инвестициясының үлесінің төмен болуын қазақстандық өнімнің өтімді болуын қаламайтындықтарымен түсіндіруге, ал белгілі бір деңгейде қаржы да бөліп отырғанын шетелдік корпорациялардың ғылыми еншілес мекемелерінің қызмет етуімен түсіндіруге болады.

Республикалық бюджет пен шетел инвестициясы бір  көтеріліп, бір түсіп, тұрақсыздық  түр танытып тұрған кезде кәсіпорындардың  технологиялық инновацияға бөлген өз қаржысының үлесі тек қана өсіп, жалпы қаржының 90,9%-на жетіп отырғаны өндіріс басшыларының нарық заманында ең алдымен тек өз күшіне сенгені ғана дұрыс екендігін түсінгендігінің белгісі.

Тағы бір  назар аударатын жағдай, «басқа шығындар»  деп аталатын шығын түрінің ашып айтылмайтыны. Бірақ, осы мақсатқа деген шығын қаралып отырған 5 жыл мерзімде 3 еседен астам өскен. Мысалы, 2007 жылы бұл шығынның көлемі жаңа технология алуға бөлінген шығыннан 10 есе, 2008 жылы 2 есеге жуық көп, ал жаңа өнімдер мен үдерістер дайындауға деген шығыннан 2 есе артық. Шығын ішінде республикалық бюджет үлесінің  үнемі өсіп отыруы (төмендегі 4-кестені қараңыз) отандық ғылым мен технология саласына барынша қолдау көрсетуге тырысып отырған мемлекет саясатының көрінісі. Ол көрсеткіш 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есеге,  2006 жылы 2005 жылдағыдан 1,2 есеге өсті. Тек әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты 2007 жылы 2006 жылғыдан 1,4 есеге, 2008 жылы 2006 жылғыдан 1,15 есеге төмендеп қалды.

Информация о работе Индустриалды-инновациялық қаржыландыру