Индустриалды-инновациялық қаржыландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:35, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновацияның қалыптасуын жан-жақты сараптай отырып, оның негізінде ұйымдастырылған жалпы өндірістің, оның өнімдерінің бәселестік қабілетін арттыру тетіктерін негіздеу және оны қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
индустриалды-инновацияның және инновациялық үрдістердің мәнін ашу тетіктерін зерттеу;
дамыған елдердің инновациялық істі басқару және қолдану бойынша тәжербиесін зерттеу;
Қазақстандағы индустрия-инновацияны қолданудың негізгі принциптері мен оның даму барысын зерделеу;
Қазақстанның индустриалды-инновацияны жетілдіру жолдарын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ

ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері..........................5
Шет елдердегі индустриалды-инновацияның даму
барысы.....................................................................................................10

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ
БАРЫСЫ

2.1. Қазақстандағы индустриалды-инновацияның қазіргі жағдайы және
даму барысы..............................................................................................15
2.2. Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы
ретінде........................................................................................................23

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Индустриалды – инновацияны жетілдірудің аймақтағы негізгі
басымдылықтары......................................................................................32
3.2. Индустриалды-инновацияны қолданудың экономикалық
тиімділігі....................................................................................................39

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................45

Вложенные файлы: 1 файл

Индустриалды инновация курсовая.doc

— 436.50 Кб (Скачать файл)

Бұл ретте күнкөрiстiң  төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы  өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.

Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика  салаларын әртараптандыру арқылы дамудың  шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың  перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.

Қазіргі уақытта  елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі  елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты  экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық  жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен өндіріс құрылымының технологиялық деңгейі, мемлекеттік институттардың сапасы сияқты факторлар әсер етеді.

Ғылым мен технология да елдің экономикалық өсуіне әсер ететін маңызды факторларының бірі болып келеді. Оны қолданыста жүрген ресурстарымыздың басым бағыттарының өзгеруінен, яғни шикізаттық бағытта ғана жүруден бас тартып,  интеллектуалдыққа немесе білімге қарай ауысқанымыздан көруге болады. Әлемді шарқыған білімнің бәсекеге қабілеттілігі идеясы елдің даму стратегиясының негізі ретінде қалыптасты.

Қазақстанның  дамуының стратегиялық мақсаты - ғылым  мен технологияны дамыту, яғни олардың  нәтижелерін жаңа бағытта дамытуы  мен коммерциялық пайда әкелуі арқылы, және де, экономикалық өсуді қолдайтын  қолайлы инновациялық ортаны құру арқылы «білім экономикасын» қалыптастыру болып табылады. Ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы және экономиканың барлық секторының ақпараттық-коммуникациялық технологияларының дамуы да, осы аталған мақсатта жетуге жағдай туғызады.

Өз алдында стратегия ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін басымды әрекеттің қабылданған бағыттары мен ресурстарын орналастыруды болжайды. Ұзақ мерзімді мақсатты анықтау – ол стратегиялық мақсаттың логикалық тұрғыда қол жетерліктей бір жүйеге келуін білдіреді. Әрекеттің қабылданған бағыттары – бұл алға қойылған мақсаттың басты бағыттын және жүзеге асыру әдістерін таңдау болып табылады. Ресурстарды тиімді орналастыру стратегияның жүзеге асыру үрдісін қолдаудың басты тетігі болып келеді.

    Қазақстанның «Технологиялық алға басу» Стратегиясына өтуі ғылымның және бизнестің дамуының перспективті бағыттарына қаржылық ресурстардың және ғылыми-технологиялық әлеуеттің жұмылдырылуы, экономиканың «интелектуалдануы» негізінде экономикалық қызметтің жаңа саласына шығуға мүмкіндік береді. Осы Стратегияның жүзеге асуы нәтижесінде жаңа өндірістер құруға арналған басым бағытты жобалар арқылы құрылатын ғылыми сыйымды және жоғары технологиялы салалар қалыптасуы мүмкін.

 Бүгінгі  таңда біздің еліміз – Қазақстан  Республикасы әлемдік экономикада тым үлкен салмаққа ие мемлекеттер қатарына жатпайды. Мысалы, дүниежүзілік мұнай өндірісіндегі оның үлесі 2,0 %, түсті металдар өндірісіндегі үлесі 5 %  шамасында. Солай бола тұрса да Қазақстан экономикалық болашағы зор мемлекет деуге толық негіз бар. Және ол ең алдымен аса мол қазба байлықтарға байланысты. Қазіргі күнге 1225 минералдық шикізаты бар 493 кен орыны белгілі. Оның үстіне 2000 жылы аса үлкен Қашаған кен орынының ашылуы Қазақстанды мұнай қоры жөнінен бірінші бестікке кіргізіп отыр.

Рейтінгілік көрсеткіштердің осындай мәнге ие болу заңдылық та. Себебі,  бүгінгі таңда өндіруші сектор мен өңдеуші сектор арасындағы үлкен дисбаланс өсе түспесе азайып отырған жоқ. Тіпті артқа кетіп бара жатқан жағдайымыз бар. Біз индустриалды экономикадан инновациялық экономикаға әлі өтіп бола алған жоқпыз, есесіне индустриалды әлеуетімізден айрылып қалдық. Олай дейтініміз, өнеркәсіп өнімінің ЖІӨ-дегі үлесі жылдан-жылға артудың орнына 2000 жылғы 33,3%  2007 жылы 29,3% түсіп кетті, 2003 жылдан бері 29 % көлемінен шыға алмай келеді. Ал, дәл осы уақытта өнеркәсіптің жалпы көлемінде өндіруші сектордың үлесі жылдан жылға кемудің орнына артып келеді. Ол көрсеткіш 1995 жылы 24,6% , 2000 жылы 44,5% тең болса, 2008 жылы 61,1% құрады. Дәл осы мерзімде өңдеуші сектордың үлесі тиісінше 51,7% , 46,5%-дан  33,6%-ға құлады. Егер газ бен мұнайдың өнеркәсіп өнімінің көлеміндегі үлесі 1990 жылы 2,4%  болса, 1995 жылы – 9,8% , 2000 жылы – 38,1%  2008 жылы – 51,7% тең болды.

ҚР индустриалдық-инновациялы  дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы осындай келеңсіз бағытты түзету үшін жасалған болатын. Бірақ, оның өзі де өңдеуші өндірістің рөлін күшейтуге тырыспайды. Стратегияда бар болғаны ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесінің төмендеп бара жатқан тенденцияны азайту керек деген ғана тапсырма қойылған. 2000 жылы оның үлесі 13,3%  болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 12-12,6%  құрауы тиіс (егер индустриалдық саясат жүргізбегенде де бұл көрсеткіш 10,9%  құрар еді). Бірақ, Стратегияның орындалу барысы бұл тапсырмаға қол жету қиындау болатынын көрсетіп отыр. Себебі, 2003 жылы өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ үлесі 12,5 % болса, 2005 жылы ол 10,8%, ал 2008 жылы 11,6%  құрады.

 

6-кесте.  ҚР кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2003ж

2004ж

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж

2008 ж.

Респонденттер саны

7212

8055

10392

10591

10889

11172

олардың ішінде:

инновация барлар 

148

184

352

505

526

447

2,1

2,3

3,4

4,8

4,8

4,0

Инновац. активтік деңгейі, %  

363

463

677

724

763

745

Ғылыми-зерттеулер саны

25215,4

35360,3

67088,9

79985,9

83523,4

113460,1

Техн.инновациялар шығыны (млн.теңге) 

           

Шығарылған  өнім

көлемі (млн. теңге) 

65020,3

74718,5

120408,3

156039,8

152500,6

111531,1

оның ішінде:    Қазақстаннан сыртқа

43944,8

48076,0

65686,1

81149,9

82841,6

60655,7

Жаңа немесе түбегейлі өзгертілген өнім 

9538,9

21384,7

44133,1

88416,5

107585,8

89650,3

Жетілдірілген өнім

46963,7

48004,1

70870,1

56570,1

38818,0

15492,4

Өзге инновациялық өнімдер  

8517,7

5329,7

5231,2

10835,5

5936,5

5474,9

Көрсетілген инновац.қызмет 

4380,9

1917,4

5866,7

6431,1

7512,5

18240,4


 

Жоғарыдағы 6-кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылы жаңадан енгізілген өнімнің жалпы инновациялық өнім көлеміндегі үлесі 36,7 %-ға тең болса, 2006 жылы 56,8%-ға, бұл көрсеткіш 2008 жылы 80,3 %-ға жеткен  Ал, жетілдірілген өнімдер үлесі 2005 жылы – 59 %, 2006 жылы – 36,3%, 2007 жылы – 25,5%, 2008 жылы – 13,8%. 

     Сонымен, еліміздің инновациялық әлеуетіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады: ЖІӨ-гі ғылымның үлесі өте төмен; зерттеу ұйымдарының саны зерттеушілер санына қарағанда жоғары қарқынмен өсуде; мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін зерттеушілердің үлесі азаю үстінде; ғылымға құйылар инвестиция өсуде, ғылымға жас мамандар аздап болса да келе бастады; орындалған жұмыстар көлемі өсуде, бірінші кезекте бюджеттік қаржының көбеюі арқасында; қорғау құжаттарының саны аз; Қазақстанда жасалып жатқан технология негізінен ендірілмей қалып отыр; кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі өте төмен; өнеркәсіп өнімінде инновациялық өнімдердің үлесі де төмен.

Енді осы  даму институттарының жұмысы индустриалдық-инновациялық стратегияны іске асыруға қаншалықты негіз бола алып жатыр, стратегия  бірінші-кезеңде алдына қойған мақсатына  жете алды ма, соған талдау жасап  көрейік.

2008 жылы ішкі  шығын (25кесте) бір жылда 7926,1 млн.теңгеге өскен, біз бұдан зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығынның динамикасы өте баяу екенін көріп тұрмыз. Әсіресе даму институттарының шығыны соңғы жылда күрт  төмен түскен.

Бір сөзбен айтқанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі мен өсу үрдісі ғылым мен техниканы қаржыландырудың тым төмен екенін, ғылым мен технологияның даму деңгейі нашар екендігін және ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың жоқ екенін куәландырып отыр. Мысалы, еуропалық дамыған елдерде технологиялық инновациямен айналысатын кәсіпорындар үлесінің 40-50 пайызға шыққанына көп болды.Инновацияны дамытуға бөлінген сол мардымсыз қаржының өзі тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Парламенті Есеп комитеті төрағасының 2008 жылы 24 маусымдағы сөзінде «Инновациялық қор 2005-2006 жылдары 10 жобаға арналып бөлінген 2,2 млрд.тг. талаптарға сай жаратылуын қамтамасыз ете алмады, бұл жобалардың бір де біреуі іске қосылған жоқ» деп атап өтілді.

Қаржыны тиімсіз  жаратудың тағы бір мысалы - «Казсат-1» спутнигінің кепілдік берілген 10 жылының 2 жылы өтпестен істен шығып қалғаны.

Экспорт пен  импорттың тауарлық құрылымы Индустриалдық-инновациялық стратегияның іс жүзінде орындалмай жатқанын және Қазақстан экономикасының шикізаттық сипаты сол күйінде қалып отырғанын, сондай-ақ экспорқа бағытталған өндірісті дамытудағы нәтиженің жоқ екендігін көрсетеді. Мысалы, машиналар, жабдықтар, көлік құралы, приборлар мен аспаптардағы экспорт пен импорттың арасалмағына көз салсақ, 2002 жылғы экспорт 1,9%-дан 2005 жылы 1,2%-5-ға дейін құлдырап, 2007 жылы 2,0%-ға қайта шыққан. Ал, импорт үлесі 43,3 %-дан 46,6 %-ға дейін көтерілген.

Инновациялық  дамудың арнайы экономикалық аймақ (АЭА), әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация, индустриалды аймақ секілді оның басқа құралдарының тым тиімді жұмыс істеп жатқаны байқалмайды. Бұл туралы да Есеп комитеті мәселе қойды. «2007 жылы өздеріңізге белгілі, республикалық бюджеттен қаржылық активтерді сатып алуға 370 млрд.теңге бөлінді. Бұл бюджеттің  18% немесе ЖІӨ 3%. Бюджет есебінен 30-дан астам АҚ мен 7 ӘКК қаржыландырылды. Біз бұл жерде осы активтердің ел экономикасын өркендетудегі, қазақстандық өндірістің инновациялық құрамының деңгейін көтерудегі үлесі қанша деп сұрағымыз келеді». Елбасының нұсқауларын басшылыққа ала отырып Үкімет жасаған Индустриалды-инновациялық стратегияның жаңа редакциясы 2008 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің №617 Жарлығы түрінде жарық көрді. Үкімет кейін сол Жарлық негізінде 2008-2010 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын түзді. Онда межелі нәтижелер бұрынғыдан төмендетіліп берілген.

 «Стратегияның  іске асырылу жылдары өңдеуші  өнеркәсіп көлемі 38,4% немесе 1 189,38 млрд. тенге. өсті. Әйтсе де, өңдеуші  өнеркәсіп көлемінің ЖІӨ-гі үлесі  төмендеп бара жатқан үрдіс  байқалуда. Мысалы, 2003 жылы бұл  көрсеткіш 14,2 %, болса, 2006 жылы ол 11,6 %-ға дейін төмендеді.Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіп саласының үлесі 2003 жылғы 42,9 %-дан 2006 жылы 37 %-ға дейін төмендеді, ал 2007 жылы ол ЖІӨ-нің 36,7 %-ын құрады».

Стратегияның  жаңа нұсқасы инновацияны дамыту жолын былай кестелейді: «Инновациялық қызметті, отандық және шетелдік ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай және солардың негізінде бәсекеге қабілетті өндіріс құрмай Өнеркәсіптің еңбек өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін емес. Инновацияны дамыту облысындағы мемлекеттік саясат ұлттық инновациялық жүйенің төмендегі элементттерін: ғылыми әлеуетті, инновациялық инфрақұрылымды, қаржылық инфрақұрылымды және инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 3 жыл бойына дерлік 3 % деңгейінде тоқтап тұр, бұл дегеніміз ЕО елдерінің көрсеткішінен ғана емес, өтпелі экономикалы Эстония - 36 %  және Венгрия - 47 %  сияқты елдердің көрсеткішінен де төмен...»

Бірақ, бізде Стратегияның жаңа нұсқасының қабылданғанына бір жылдан асса да тиісті заңнамалық өзгерістер әлі жасалмай отыр. Соның салдарынан 2009 жылдың қыркүйек айының 4-5 жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен ғылымның болашағы жайлы жиында Елбасы өндіріс ошақтарын қазақ ғылымына мойын бұруға мәжбүрлейтін, екінші жағынан ынталандыратын заң қабылдау қажеттігін атап өтті. Біздің айтып отырғанымыз да осы ой.

 Сонымен,  еліміздің инновациялық әлеуетіне  талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады: Индустриалдық-инновациялық стратегияның 1-кезеңі, нақтылап айтқанда құқықтық-заңнамылық негіз салу және оны жетілдіру, көптеген инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру екінші кезеңнің алғашқы екі жылында күткен үмітті ақтаған жоқ. Өндіріс күштері мен өндіріс қуаттарын біртұтас жоспарсыз салу экономиканың дисбаланс пен диспропорцияға, қаржының шашыраңқылығы мен жетіспеушілігіне, маман жұмыс күшінің жетіспеушілігіне алып келуі әбден мүмкін. Одан бөлек жобалар инфрақұрылым мен электр қуатының жоқтығынан тез өндіріске енбей жатыр. Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға арналған нақты жоспардың болмауы шығарған өнімімізді ішкі нарықта да бәсекеге қабілеттілігінен айыруы мүмкін.

Қазақстанның  нарықтық экономикасы бар ел ретінде танылуы – экономиканы диверсификациялау мен оның шикізат тәуелділігін азайтуға және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай туғызуға бағытталған ҚР-ның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының құрылуын анықтап берді. Оның басым бағыттары мұнай-химия, отын-энергетикалық кешені, тау-кен өндіру және металлургиялық өнеркәсібі саласындағы, ауылшаруашылық және ғылыми бағыттағы тауарларды өндіру және сақтау салаларындағы инновациялық жобаларды игерумен байланысты болып табылады.

Стратегияның  институтционалдық-дайындау этапының (2003-2005ж.) жүзеге асырылуы заңдық актілерге  өзгерістер енгізумен басталды. Нәтижесінде  жобалардың бастапқы этапында мемлекеттің  қатысуы, инновациямен айналысатын  компанияларға салықтық жеңілдіктердің берілуі, даму инститтарының құрылуы анықталды. Сонымен қатар білім және ғылым жүйесіндегі реформаларында стандартизациялау және сертификациялау үрдісі жүргізілді. Бірінші этапта инновациялық қызметтің екі деңгейлі инфрақұрылымын құру басталған. Ұлттық және аймақтық деңгейдегі технопарктер жүйесі және венчурлық қаржыландыруы жүйесі бар қаржылық инфрақұрылымдарының құрылуымен толықтырылды. 

 Екінші кезең  (2006-2010 ж.) «индустриалдық жаңашылдандыруда»  халықаралық стандарттарға сәйкес  өнеркәсіптің инновациялық әлеуетін арттыру үрдісі басталды. Осының нәтижесінде өңдеу және ғылыми сыйымды секторлардың өндірістік қуаты құрылуы тиіс. Кәсіпорындардың инфрақұрылымдық қызметі әлемдік нарыққа шығу үшін IT секторларының бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады. 2010-жылға дейін ЖІӨ-нің екі еселенуі туралы стратегиялық мақсатына тек мұнай және тау-кен саласының өсуі арқылы ғана емес, өңдеу өнеркәсібінің өркендеуі мен диверсификациялануы нәтижесі де арқылы қол жеткізуге болады.

Информация о работе Индустриалды-инновациялық қаржыландыру