Жер салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 12:10, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылға арналған жолдауында: “Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.
Эканомикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
I.Салықтардың мәні,мазмұны қағитаттары, қызметтері түрлері
1.1 Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері...................................................................................5
1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері..............18
1.3 Жер салығын салудағы шет елдік тәжірибе..................…...29
II. Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен салықтарға, түсімдерге экономикалық талдау
2.1 Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттерінің қызметіне экономикалық талдау......................39
2.2 2001-2005 жылдардағы Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен жер салығының түсімдеріне экономикалық талдау..........................................47
III. Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар және оны жерілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар.........................................................63
3.2 Жер салығын салуды жетілдіру жолдары...........................68
Қорытынды...........................................................................73
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................75

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Жер-салығы-және-жер-қатынастарын-реттеудегі-рөлін-ашу.doc

— 859.50 Кб (Скачать файл)

                                                                                                                                                         

Мазмұны

 

Кіріспе...................................................................................3

I.Салықтардың мәні,мазмұны  қағитаттары, қызметтері  түрлері                                                                                                                  

1.1 Салықтардың экономикалық  мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері...................................................................................5

1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері..............18

1.3 Жер салығын салудағы шет елдік тәжірибе..................…...29                                         

II. Алматы облысы, Қаратал  ауданы бойынша салық комитеттеріне  түскен  салықтарға, түсімдерге  экономикалық талдау

2.1 Алматы облысы, Қаратал  ауданы бойынша салық комитеттерінің қызметіне экономикалық талдау......................39                                                                                  

2.2 2001-2005 жылдардағы Алматы  облысы, Қаратал ауданы  бойынша  салық комитеттеріне түскен жер  салығының түсімдеріне экономикалық талдау..........................................47

III. Қазақстан Республикасының  жер салығын салудағы кездесетін  проблемалар және оны жерілдіру  жолдары

3.1 Қазақстан Республикасының  жер салығын  салудағы кездесетін  проблемалар.........................................................63

3.2 Жер салығын салуды  жетілдіру жолдары...........................68                                                 

Қорытынды...........................................................................73                                                                                                    

Қолданылған әдебиеттер  тізімі.............................................75

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына  2006 жылға арналған жолдауында: “Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.

Эканомикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.

Өндірісті дамыту мен кеңейту мақсатында қосымша құн салығының мөлшерлемесін төмендету қажет деп санаймын.

Ірі салық төлеушілерден түскен салық түсімдерін жинауды тексеру үшін Қаржы министрлігінің Салық комитетінде арнаулы бөлім құруды ойластыру керек. Ол бөлім тексеру ісіне мүдделер қайшылығынан ада халықаралық аудиторлық фирмаларды тартуға тиіс.

Қатаң бюджет және салық тәртібі сақталуға тиіс”. [1]

Салықтар- мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Жер салығын енгізудегі ең бастысы жерді және басқада ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру және шығынға қарсы механизмді құру. Сонымен қатар ол жерде әртүрлі шаруашылықты жүргізуге мүмкіндік беруі қажет. Рентаны төлеу бұл жер үлесін пайдалануға төлем емес, ол  жақсы учаскесі барлардың ерекше монополиясы мен артықшылықтарын пайдалануына төлем. Бұл барлық азаматтардың жерге деген құқықтарын теңестіру құралы болып табылады.

Жер салығын енгізу және өндіріп алу жөніндегі мәселелермен  шетелдік, ресейлік және қазақстандық ғалым экономистер айналысқан. Қазақстандық авторларды атап өтсек: Ілиясов Қ.Қ.,  Аубакиров Я.А., Махмудов Ф.О., Алиев Р., Құлпыбаев С.,  Нұрғалиева Г.К., Мухитдинов М.Т.,  Ермекбаева  Б.Ж.

Қазақстан Республикасында жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынандай мақсаттарды көздеген: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері үшін (бірқатар жағдайларды қоспағанда) міндетті болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғанынан бері жаңа құқықтық-нормативтік заңнамалар қабылданып, жаңа өзгерістер өріс ала бастады. Оның ішінде жер мәселесі, оның экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау шараларын т.б. ары қарай зерттеуді талап етеді. Осы мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді

Дипломдық жұмыстың мақсаты- “Жер салығы және жер қатынастарын реттеудегі рөлін” ашу, теорияны практикамен ұштастыру. 

Дипломдық жұмыстың міндеті-  салықтардық мәні мен мазмұнын, атқаратын негізгі қызметтері мен қағидаттарын кеңінен ашу, Алматы облысы мен Қаратал ауданын бойынша салық комитеттеріне соңғы жылдардағы түскен жер салығының түрленуіне талдау жасау мен оның жергілікті бюджеттегі атқаратын рөлін анықтау, теориялық білімді бекіту мен кеңейту болып табылды. Жалпы жер және жер ресурстары экономикада өзінің мазмұнына қарай маңызды қызмет атқарады. Жер әр мемлекеттің негізгі байлығы, соның ішінде еліміздің қазіргі жағдайында үлкен рөл атқарады. Міне осы сияқты мәселелерді қарастыру болып табылады. 

Дипломдық жұмыс  кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары және қызметтері сонымен қатар жер салығының мазмұны мен салық салу обьектілері  және жер салығын салудағы шет елдік тәжірибесі жөніндегі мәселелер қарастырылған.

Екінші бөлімінде Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттерінің  негізгі атқаратын қызметтері, 2001-2005 жылдардағы Алматы облысы, Қаратал ауданы  бойынша салық комитеттеріне түскен жер салығының түсімдеріне экономикалық талдау  жасалынған.                                                              

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының жер салығын  салудағы кездесетін проблемалары мен жер салығын салуды жақсарту  жолдары  аталған.                                     

   

 

 

 

 

 

 

 

 

I.  Салықтардың мәні, қағитаттары, қызметтері мен жер салығының алатын орны

1.1Салықтардың экономикалық  мәні, қызметтері, қағитаттары, түрлері

 

Салық салу  қазіргі кезеңде ең маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Ол қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік- экономикалық сфераларды қамтиды. Бірде бір мемлекет салықтық түсімдерінсіз бола алмайды. Қоғамдық категория ретінде салықтар мемлекеттің және адамдардың өмірінің нақты тарихи- экономикалық жағдайларын бейнелейді.

Салықтарды зерттеу барысында ғалым экономисттер әр түрлі анықтама берген. Мәселен, Д. Рикардоның ойынша:  “Салықтар үкіметтің басқаруына түсетін елдегі өнім мен еңбектің үлесін құрайды ”. [2]             

Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. 

Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді,игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық- экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табысымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың борышы деген еді. [3, 211 б.]             

Салықтар- мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сиппата болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. 

Салықтардың экономикалық мәні:

  • салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілері мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
  • шаруашылық жүргізуші субьектілері мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесін жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтардың фискалдық, реттеуші және қайта бөлу қызметтері белгілі. Фискалдық қызметі- барлық мемлекеттерге тән негізгі қызмет. Бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті анықталды. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс т.б. шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көзі салықтар. Қазіргі кезде еліміздің бюджетінің кіріс көзінің 90 пайызы салықтардан тұрады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі ұлғайған сайын салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі,салықтардың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты, өндіріс бар жерде табыс бар, онан алынатын салықтарда бар. Сондықтан салықтар өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасау қажет.

Реттеушілік қызмет-салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктері салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтың реттеушілік тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай сонымен қатар ақша және баға саясатын, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Әрине салықтың реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқада экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтардың мөлшерлемесін көбейту мақсатында салық ставкасын шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына әкеліп соғуы мүмкін.

Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады, ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру дәрежесін көрсетеді. [3, 213 б.]              

Салық жүйесі-бұл мемлекетте өндіріліп алынатын салықтар мен міндетті төлемдердің, сонымен қатар олардың бекіту әдістері мен түрлерінің, өзгертулерінің, бақылау, төлену мен өндіріп алулардың жиынтығы.

Салық салудың төмендегідей элементтері болады:

  • Салық обьектісі- заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын: табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. тауарлы материалдық игіліктер.
  • Салық субьектісі- бұл салық төлеуші, яғни жеке және заңды тұлға.
  • Салық көзі- табыстан төленетін салық.
  • Салық ставкасы-бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
  • Салық жеңілдігі-салық төлеушіні толығымен немесе жартылай салықтан босату.

- Салықты төлеу мерзімі-салықтар  мен басқада міндетті төлемдердің  бюджетке төлеу уақыты. [2, 65 б.]             

Салықтарда ежелден салық жүйесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан: пайда (алынған игіліктер) қағидаты, “қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

Салықтық төлемдердің мәнін терең түсіну үшін ең алдымен салық салудың негізгі қағидаларын анықтап алу қажет. Адам Смит классикалық қағидаларға айналған төрт жағдайларды бөліп көрсеткен. Олар келесілер:

1. Мемлекеттің қол астындағылардың әрқайсысы өз мүмкіндігінше Үкіметтің шығындарын жабуға ат салысуы керек,  яғни Үкіметтің қорғауында бола отырып, мөлшерленген табысына сәйкес. Бұл  жағдайды орындау немесе орындамау салық салу барысында теңдікке немесе теңсіздікке алып келуі мүмкін.

2. Әрбір адам төлейтін салық нақты анықталған болуы қажет. Салықтың мөлшері, төлеу мерзімі және тәсілі салық төлеушіге түсінікті, әрі жариялы болуы керек.

3. Әрбір салық салық төлеушіге ең ыңғайлы уақытта және тәсілмен өндіріліп алынуы қажет.

4. Әрбір салық салық төлеушінің қалтасынан мемлекеттің кассасына түсетін қаражаттардан әлде қайда аз қаражат алынуы қажет. [2, 157-158 б.]              

Қазіргі таңдағы салық салудың қағидалары:

1. Салық ставкасының  деңгейі салық төлеушінің мүмкіндіктерін  ескере отырып бекітілуі қажет, яғни табыс деңгейіне байланысты. Табыстан алынатын салық прогрессивті  болуы қажет. Бұл қағида кейде қолданылмайды, себебі көптеген елдерде салықтарды пропорционалды түрде есептейді.

Информация о работе Жер салығы