Жер салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 12:10, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылға арналған жолдауында: “Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.
Эканомикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
I.Салықтардың мәні,мазмұны қағитаттары, қызметтері түрлері
1.1 Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері...................................................................................5
1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері..............18
1.3 Жер салығын салудағы шет елдік тәжірибе..................…...29
II. Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен салықтарға, түсімдерге экономикалық талдау
2.1 Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттерінің қызметіне экономикалық талдау......................39
2.2 2001-2005 жылдардағы Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен жер салығының түсімдеріне экономикалық талдау..........................................47
III. Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар және оны жерілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар.........................................................63
3.2 Жер салығын салуды жетілдіру жолдары...........................68
Қорытынды...........................................................................73
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................75

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Жер-салығы-және-жер-қатынастарын-реттеудегі-рөлін-ашу.doc

— 859.50 Кб (Скачать файл)

Кореяда заңдарға сәйкес жерді мұраға беруге, сатуға және банкке кепілдікке қоюға болады. Бірақ бірнеше шектеулер қойылған. Мәселен, ауыл шаруашылық жерлерінің мақсаттық пайдалануы қатаң түрде қадағаланады, сонымен қатар сатқан немесе мұраға алынған учаскелерді бірнешеге бөлуге рұқсат берілмейді.   

Израилде индустриалды, қалалық тұрғын үй және басқада ауыл шаруашылықтық емес құрылыстық мақсаттарға арналған жерлерді жалға алуға сұраныс өте жоғары. Сондықтан 1994 жылдан бастап мұндай жерлерді жалға алу үшін аукцион өткізіліп тұрады. Салық бірлігін есептеу үшін нақты жер учаскесінің 1 дунамының бағасы алынады. Жерді пайдалану мақсаттары мен өзектіліктері және мақсаттардың өзгерілуі салықтың пайызында ескеріліп отырады, ал оны мемлекет жер басқармасы арқылы анықтап отырады. Мемлекет жерге деген бағаны өзгертуге құқы бар.

Түркияда жер ресурстарына деген жеке меншік құқықтарының белгіленген мерзімдері болады және мемлекетпен қатаң түрде қадағаланып отырылады.

Шығыс Еуропа елдерінде мемлекеттің, ұжымдық және бірлескен түрдегі жер иемдену мен пайдаланудың жеке түрлерге ауысулары қарастырылған. Негізінен жеке немесе ұжымдық түрде жер пайдалану мен иемденуге ауысуда. [13]

Белоруссияда жер салығы жерді ұтымды пайдалану, жер сапасын сақтау, аумақтың әлеуметтік дамуын көтеру, бюджеттің кіріс көзін толтыру мақсатында енгізілді. Салықты барлық меншік иелері- заңды және жеке тұлғалар (немесе жалға алушылар) төлейді.

Салық салу мақсатында жер бірнеше категорияға бөлінеді:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
  • елді мекен жерлері;
  • орман және су қоры жерлері;
  • өнеркәсіп мақсатындағы жерлері;
  • көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер.

Салық салу обьектісі болып тұлғаның меншігіндегі, иеленуіндегі және пайдалануындағы жер учаскесі танылады.

Салық мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан жеріне байланысты анықталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін салық мөлшері жердің кадастрлық бағасы негізінде анықталады.

Жер салығын төлеуден:

  • радиоактивті ластанған жерлер;
  • ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер;
  • запастағы жерлер;
  • әкімшілік ғимараттары орналасқан жерлер т.б. босатылады.

Жер салығының ставкасы әр жердің категориясы бойынша бөлек-бөлек анықталған. Жергілікті билік органдары ол ставканы заңмен бекітілген мөлшерде өзгерте (жоғарылатады немесе түсіреді) алады. Бір ерекшелігі- салық ставкасы өткен жылдың желтоқсан айындағы инфляция деңгейін көрсететін коэффицент негізінде жыл сайын қайтадан қаралып отырады. Жер салығы жылына бір рет төленеді.

Қалалардың жерлері бойынша есептелген жер салығының 40 пайызы республикалық, 60 пайызы жергілікті бюджетке түседі. Қалалар жерлерінен басқа жерлер бойынша есептелген жер салығының 25 пайызы республикалық, 75 пайызы жергілікті бюджетке түседі. [14, 121-122 б.]          

Ресейде жер салығы  жергілікті мүлік салықтарының қатарына жатып, иемдену және пайдалану фактісіне қарай өндіріліп алынады. Жер салығының бюджетке түсуі орталықтандырылған: федералдық бюджетке -30 %, РФ субьектілерінің бюджетіне -20 %, жергілікті бюджетке –50  %. Бекітілген жерге төлем: жыл сайынғы жер салығы, жалдық (арендалық) төлем және жердің мөлшерлік бағасы болып табылады. Жерді иемденуі және пайдалануы бойынша (жалдық төлемнен басқа) жерге салық салынады. [4, 204-206 б.]          

Жер салығы мемлекет деңгейінде заңмен бекітіліп, елдің барлық аумағында алынады. Салық ставкасы республиканың заң актісімен немесе аумақтық мемлекеттік билік органының шешімімен бекітіледі. Салық тиісті бюджетке есептеліп, түсу тәртібі жер туралы заңнамалық құжаттармен анықталады.

Қырғызстанда жер реформасын арықарай жалғастыру актуалды проблемаладың бірі болып табылады. Қазіргі кезде жер учаскелерінің үлестері бойынша қиындықтар шешілген, бірақ жер салығын және бірнеше жеңілдіктерді өзгерту бойынша сұрақтар шешілмеген.  2002-2004 жылдар аралығында  бюждетке түскен жер салығына талдау жасау барысында  жер салығы ең аз мөлшерде түскенін көрсетеді. Жалпы салықтық түсімдердің ішінде жер салығы ең аз мөлшерді құрайды- орташа алғанда 3,4 %, ал ЖІӨ-де 0,4 %. 2002 жылы өткен жылмен салыстырғанда жер салығы бойынша түсімдер 16,8 %  төмендеп, 2,2  % болған, ал 2003 52,4 % өсу қарқыны жоғарылап, үлес салмағы 3,0 % құраған, бұл жоғарылау негізінен азаматтардың жер үлестерін пайдалануға құқық алғаннан кейін, жерді ұтымды пайдалана бастағаны мен  байланысты болып келеді. 2004 жылы жалпы салықтық түсімдердегі жер салығының үлесі 2,6 % төмендегені байқалады, 2003 жылмен салыстырғанда 0,4 % төмен (немесе 6 млн. сомға). 2002-2004 жылдар аралығындағы Қырғызстандағы ЖІӨ-гі  және жалпы салықтық түсімдердегі жер салығының үлесін келесі кесте арқылы көруге болады.

2002-2004 жылдар аралығындағы  Қырғызстандағы ЖІӨ-гі  және жалпы салықтық түсімдердегі жер салығының үлесі. (%)

Кесте- 2 

 

 

2002 ж.

2003 ж.

2004.

Жалпы салықтық түсімдердегі жер салығы 

2,2

3,0

2,6

ЖІӨ-гі жер салығы

0,3

0,4

0,4

Қайнар көзі: Қырғызстан Республикасының табыстар жөніндегі Комитетінің мәліметтері




Жер салығының түсуіне бірнеше факторлар әсер етеді:

жер салығының салық салу базасының жоғарылығы;

төмен жер ставкалары;

республика аймақтары бойынша жер учаскелеріне салық ставкаларының дифференциациясы;

жер салығын төлеу барысындағы жеңілдіктердің жоғарылығы;

жер салығын төлеу барысында жеңілдіктерді пайдаланушыладың саны.

Қырғызстан Республикасында жер салығының салық салу обьектісі жер учаскелері болып табылады. Олар өз кезегінде үш топқа бөлінеді:

  • ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерле;
  • ауыл шаруашылығында пайдаланбайтын жерлер;

тұрғын  үй маңайындағы учаскелер. [15]

Өзбекістан Республикасында ұйымдық-шаруашылық құрылымының түрленуінің негізгі міндеті жерге мемлекеттік меншік етуді сақтаумен және азаматтардың өмірбойы пайдалануы мен азаматтардың мұраға ала алу құқығы болып табылады. Мемлекеттен 99 жылдық мерзімге жерді жалға алу және оны субарендаға беру кең көлемде дамыған. Жеке меншік кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін аукционда ғимараттар мен жерлерді сатып алуға мүмкіндік берілген. Бұл жерлерді кепілге қоюға және сатуға болады. [13]

Дамыған елдер мен ТМД елдерінде қолданылатын жер салығының түрлеріне сүйене отырып, Н. Зенец осы елдердегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып жер салығының келесідей элементтерін ұсынған:

  • жер салығының қызметтері- кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтарға жер салығының нақты әсер етуі (фискалдық, реттеушілік);
  • салықтың төлеу көздері- салық төленетін шаруашылықтың табысының бір бөлігі;
  • салықтың мөлшерін белгілеу- салық салудың ауырлығын анықтау тәсілдері;
  • салық салу обьектісі- салық салуға жататын жерлердің құрамы;
  • салық салудың анықтау базасы- мысалы, жердің бағасы, ренталық мөлшері, бағаланған балы;
  • салықты алушылар- аталған салық қай бюджетке түседі (республикалық, жергілікті);
  • басқа салықтармен байланысы- салық салудың жалпы жүйесінде жер салығы және басқа салықтардың арасындағы қызметтерді бөлу;
  • жер салығын төлеушілердің категориялары- кооперативтік кәсіпорындар, аккционерлік қоғамдар және т.б.

Жоғарыда аталған елдердегі жер салығының жүйелерінің талдауын келесі кестеден көруге болады.

Жер салығының жүйелеріне талдау.

    Кесте- 3    

Жер салығын сипаттайтын элементтердің сыныптамасы

ТМД

Еуро одақ

1. Салықтың қызметтері

- жерді ұтымда  пайдалану

- жерді қорғау  шараларын қаржылан/ға қаржыларды  жинақтау

 

+

+

 

-

-

2. Салықты төлеу көздері

- жер рентасы

- жер рентасының  үлесіне байланызсыз барлық табыс

 

+

-

 

-

+

3. Салық салудың анықтау базасы

- жердің бағасы

- рентаның мөлшері; жердің бағаланған балы

 

-

+

 

+

-

4. Басқа салықтармен байланысы 

- дара салық

- табысқа салынатын  салықпен байланысы

 

+

-

 

-

+


Ескерту: “+” элементтік барын көрсетеді, ал “-” жоқ екенін.

Берілген кестеден мынаны байқауға болады. Біріншіден, жер салығының қызметтері мен оны төлеу көздерінің байланысын. Жерді ұтымды пайдалану ТМД-ның барлық елдеріне ерекше тән. Сондықтан жер салығының төлеу көзі жер рентасы болып табылады. Еуро одақ елдерінде ерекше ынталандырудың ешбір қажеттілігі жоқ, себебі бұл қызмет жеке меншік жағдайында, көбінесе ауыл шаруашылық кәсіпкерлігінің отбасылық жүйесінде жемісті орындалуда.

Екіншіден, жер салығының қызметтері мен салық салу жүйесіндегі басқа элементтердің арасында байланыстың бар болуы. Егер жер салығы дара болған жағдайда, ол қарлық қызметтерді, соның ішінде рентаны қайта бөлу қызметін қоса орындайды.  [10]

Үшіншіден, жер салығының базалық ставкасын белгілеу оның қызметтеріне, сонымен қатар ақылы жер пайдалану жүйесінің дамығандығына да байланысты. Жерге деген бағаның болмаған жағдайында салық ставкасы не жердің бағаланған балымен немесе рентаның мөлшеріне байланысты болады.

 Әрбір елде ренталық  төлемдер мен жер салығы әр  түрлі түрде есептеледі. Жер салығынан  түұскен қаражаттар әр түрлі  пайдаланылады. Жер салыға фермалардағы табыстарды реттейтін ауыл шаруашылық саясатының құралы ретінде бола алады. Германияда бес жылда бір рет жерді қайта бағалау заңмен негізделген, бірақ тәжірибе жүзінде бұл интервал әлде қайда ұзағырақ. Егер дамыған елдердің салық салу жүйесін талдап көрсек, онда оның негізі жер кадастрының болуымен байқалады, ал оның құрамдас бөліктері жердің сандық есебі, топырақтың сапалық мінездемесі және құндық бағасы (жердің экономикалық бағасы). Дүние жүзінің көптеген елдерінде жеке секторда жерді сатып алу-сату және пайдалану процесі, соның ішінде жалдық қатынастар мемлекет тарапынан реттеліп отырады, бірақта мемлекеттің қатысуы бірдей емес. Мәселен Германия, Ұлыбритания, Греция елдерінде келісім шарттарды еркін түрде құру қалыптасқан, ал Франция, Бельгия, Италия, Испания, Португалия елдерінде жалға беру қатынастарын реттеуге мемлекет қатаң түрде араласып отырады. Бұл елдердің заңдарында жалға алудың минималды мерзімдері бекітілген.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция және т.б.) жерді кепілдікке қою дамыған. Бұған жылжымайтын мүлікті алынған несиенің орнына кепілге қоюы жатады, яғни ипотека. Ипотекалық жазу егер несие алушы алған қарызын өз уақытында қайтарып бере алмаса қарыз берушіге өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ипотекалық мүлікті өз қалауынша пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай бағалау негізінде жердің бағасы және оны пайдаланғаны үшін ренталық төлемдердің жүйесі бекітіледі. Мәселен, АҚШ-да жер және жылжымайтын мүліктерді кепілге алу несиелік операцияларымен қаржы нарығының негізгі субьектілері жинақ және несие ассоциалары, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, федералды жер банктері, федералды несиелік агенттіктер, кепілдік трасталық қорлар айналысады.  

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалға алу кең көлемде таралған, сонымен қатар ауыл шаруашылығының тиімді пайдаланылуы жерге жеке меншікпен байланысты емес. Мәселе Голландияда жер мемлекеттің меншігінде, ал бұл елдің ауыл шаруашылығы әлемдегі ең жоғары дамыған.    

Сонымен қазіргі жағдайда нарықтық экономикасы бар мемлекеттер активті түрде жер салығын пайдалануда. Сонымен қоса барлық мемлекеттерге тән жағдайлар: ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерге салық салу барысында жеңілдетілген жағдайлар мен режимдер, ал бұл аграрлы сектордың дамуына бірден бір қолайлы факторлар болып келеді Сонымен қатар нарықтық экономикасы дамыған елдердің салық жүйесінің ұқсастығына қарамастан, олардың әр қайсысында тарихи- мәдени дамуына байланысты жер салығы салудың ерекшеліктері бар.

Әртүрлі елдердің салық жүйесінде жер салығы федералды және жергілікті салық түрлерінде де болып келеді, бұл көбіне осы елдердегі оның спецификалық дамуымен, сонымен қатар құқықтық- жер қатынастарыны сипатымен байланысты.

Қазақстанда жер салығының қолданылуы аз ғана уақытты құрап отыр, бірақ оның даму эволюциясы жалпы әлем процесінің бағытына бет алған.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.  Алматы облысының салық комитеті бойынша түскен  салықтарға экономикалық талдау

2.1 Алматы облысы салық  комитетінің қызметіне экономикалық  талдау

 

Алматы облысы бойынша салық комитетінің  өндірістік емес төлемдер басқармасының жер салығының жергілікті бюджетке түсетін сомасына және олардың уақытылы орындалуына бақылау жүргізу. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімі өндірістік емес төлемдер Басқармасының Облыстық салық Комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік актілеріне сәйкес  жүзеге асырады. Бөлім Қазақстан Республикасының салық Кодексімен өзінің қызметтерін ұйымдастырады. Бөлім өзінің қызметін атқаруда Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Президент актілерімен және Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Укіметінің бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының  қаржы Министрлігіндегі  салық комитетімен және жалпы Алматы облысы бойынша салық Комитетінің қабылданған бұйрықтарымен байланысты жүзеге асырады. Бөлім Облыстық салық Комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен бірге ҚР қаржы Министрлігіндегі салық Комитеттерімен  өзара қатынас орната отырып іске асырады. Бөлім қызметі бөлім басшысының ерекше қатысуымен жүреді. Бөлім өндірістік емес Басқармасының басқа да бөлімдерімен, Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің комитеттермен және Алматы облыстық салық Комитетімен, Облыстық ұйымдармен, органдармен  өзара байланыса отырып өзінің қызметтерін іске асырады.

Информация о работе Жер салығы