Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 12:10, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылға арналған жолдауында: “Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.
Эканомикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.
Кіріспе...................................................................................3
I.Салықтардың мәні,мазмұны қағитаттары, қызметтері түрлері
1.1 Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері...................................................................................5
1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері..............18
1.3 Жер салығын салудағы шет елдік тәжірибе..................…...29
II. Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен салықтарға, түсімдерге экономикалық талдау
2.1 Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттерінің қызметіне экономикалық талдау......................39
2.2 2001-2005 жылдардағы Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен жер салығының түсімдеріне экономикалық талдау..........................................47
III. Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар және оны жерілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар.........................................................63
3.2 Жер салығын салуды жетілдіру жолдары...........................68
Қорытынды...........................................................................73
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................75
Салық салу обьектілері салық салынатын айналым, салық салынатын импорт. Төлеушілер жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер. Тауар айналымы 12000 айлық есептік көрсеткіштен асқан жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті
4. Акциз салығы бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акцизднр көрсетілетін қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Акциздер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және оның аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет түріне салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа), ойын бизнесі, лотореяны ұйымдастыру мен өткізу. Акциз мөлшерлемесін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен немесе заттық нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгілейді. [6, 137-138 б.]
Қазақстан Республикасының аумағында: акцизделетін тауарлар шығаратын, акцизделген тауарларды кедендік аумағына импорттайтын, бензиннің және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын, қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы
үшін белгіленетін салық
Келісімшарттардың негізгі түрлеріне қарай жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі үлгісі белгіленген: жер қойнауын пайдаланушының Салық кодексінде көзделген салықтар мен басқада міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін, сондай-ақ салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқада міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді. [3, 237-240 б.]
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнаулы төлемдері:
- Үстеме пайдаға салынатын салық;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері: бонустар (қол қойылатын, коммерциялық табу), роялти;
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.
6. Әлеуметтік салық еліміздің салық жүйесіне 1999 жылы енгізілген тікелей салық. Қазақстан Республикасының резиденттері , сондай- ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет ететін резидент емес заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылады.
Салық салу обьектілері- резидент және тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын резидент емес заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық салу обьектісі жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары, ал жеке кәсіпкерлер, нотариустар мен адвокаттар үшін әлеуметтік салық обьектісі болып салық төлеушінің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің саны болып табылады. Салық ставкасы- 20 пайыздан 5 пайызға дейін сараланады.
7. Көлік құралдарына салынатын салықты меншік құқығында салық салу обьектісі бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері төлеушілер болып табылады. Уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу обьектілері болып табылады. Жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын крьерлік автосамосвалдар, мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу обьектілері болып табылмайды. Салық ставкасы көлік құралдарының двигателінің көлеміне қарай, қуатына немесе жүк көтергіштігіне қарай айлық есептік көрсеткіштерге белгіленген және көлік құралдарының түрлері бойынша сараланған. Аталмыш салықтан Ұлы Отан соғысына қатысушылыр, көп балалы аналар, мүгедектер жоғары наградалармен марапатталған адамдар (салық салу обьектісі болып табылатын бір автокөлік құралдары бойынша), мемлекеттік мекемелер, мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша біріңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер босатылған.
8. Мүлікке салынатын салық тура нақтылы салыққа жатады. Оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты. Еліміздің аумағында меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару және меншік құқығында салық обьектісі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлікке салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар мен материалдық емес активтер салық салу обьектісі болып табылады. Жеке тұлғалар үшін салық салу обьектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және т.б. құрылыстар мен ғимараттар болып табылады. Жеке тұлғалар үшін мүлік салығының ставкасы 0,1 пайыздан 1 пайызға дейінгі аралықта сараланған, ал заңды тұлғаларға бір пайыздан жоғары. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызмет ететін ұйымдар, негізгі қызметі кітапханалық қызмет болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау қызметтерін іске асыратын мекемелер, жұмыскерлерінің 51 пайыздан астамы мүгедектер болып келетін кәсіпорындар салық салу обьектілерінің орташа жылдық құнына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын төлейді. [3, 242-247 б.]
9. Жер салығының мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, территориялардың әлеуметтік – мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандару. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылыс еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Дамыған елдерінің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90% құрайды.
Қазақстан Республикасының бюджеті екі жүйеге бөлініп, қазіргі таңда республикалық және жергілікті бюджетті құрап отыр. Республикалық бюджетке: корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, бонустар, роялтилер, ҚР территориясын өткені үшін алым, кедендік төлемдер, және басқа да салықтық емес түсімдер кіреді. Ал жергілікті бюджетке жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, бірыңғай жер салығы тағы басқа да алым және төлем түрлерін атауға болады.
1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері
Жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржыларының бір бөлігін жерге төлем ретінде мемлекеттің өзіне алуын жер салығы деп аталады.
XX ғ. басында Н. Сухановтың
жүргізген теориялық
1992 жылы жер салығы
енгізіліп, оның көздегені жерді
рационалды қолдану, жердің құнарлығын
арттыру үшін түрлі қажетті
шараларды жүзеге асыруды
Жер салығының мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, территориялардың әлеуметтік – мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандару. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылыс еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады.
Қазіргі іске асырылып жатқан салық заңдарына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың меншігі жыл сайын салық салуға жатады.
Жер салығын төлеушілер болып, Қазақстан Республикасының азаматтары, ұйымдар, серіктестіктер, мекемелер, сонымен бірге кәсіпорындар, халықаралық серіктестіктер және ұйымдар, шетел заңды тұлғалары және азаматтары, жер учаскесін пайдаланатын резидент еместер.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы арналымы мен тиістілігіне қарай санаттарға бөлді. Жердің белгілі бір немесе өзге санаттарға жататындығы жер заңнамасымен белгіленетін болды.
Салық салу мақсатындағы барлық жерлер оладың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға және салық салу обьектілеріне бөлінеді:
Салық мөлшерлемелері жердің сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланған және жер алаңының бір өлшеміне гектарға, шаршы метрге белгіленген. Базалық мөлшерлемелерге Үкімет жыл сайын белгілейтін болды. Бюджетке жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленетіні заңмен бекітілді.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды: елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері, алаңдар, көшелер, жолдар, өткелдер, жағалаулар, парктер, скверлер, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады. Ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері. Ортақ пайдаланудағы кесіп берілеген белдеудегі мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлік жүріп өтетін тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелері мен жасыл желектер орналасқан жерлер. [2, 70 б.]
Негізінде жер салығының мөлшері жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар және жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің дерекетері негізінде есептеледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салық- ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникацилар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жерлер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарынының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен жайлымдар жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер:
- жеке меншікке – Қазақстан
Республикасының азаматтарына
- жеке меншікке немесе
жер пайдалануға – Қазақстан
Республикасының жеке және
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы арналмаған жерді пайдаланушы заңды тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың 20ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашада тең үлеспен төлейді.