Жер салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 12:10, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылға арналған жолдауында: “Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.
Эканомикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................3
I.Салықтардың мәні,мазмұны қағитаттары, қызметтері түрлері
1.1 Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері...................................................................................5
1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері..............18
1.3 Жер салығын салудағы шет елдік тәжірибе..................…...29
II. Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен салықтарға, түсімдерге экономикалық талдау
2.1 Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттерінің қызметіне экономикалық талдау......................39
2.2 2001-2005 жылдардағы Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен жер салығының түсімдеріне экономикалық талдау..........................................47
III. Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар және оны жерілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар.........................................................63
3.2 Жер салығын салуды жетілдіру жолдары...........................68
Қорытынды...........................................................................73
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................75

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Жер-салығы-және-жер-қатынастарын-реттеудегі-рөлін-ашу.doc

— 859.50 Кб (Скачать файл)

Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншікке берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттік бағалау мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерінің негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты жасалады. Жер учаскелері паспортының нысанын жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен оны беруді жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар жүзеге асырады.

Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерге салынатын жер салығының базалық ставкалары – азаматтардың жеке қосалқы шаруашылық жүргізуіне, бау-бақша және сая-жай құрылысына арнап берген жерлерін қоспағанда, 1 гектар есебімен белгіленіп, топырағының сапалығына қарай белгіленеді. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 329-шы бабына сәйкес Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкасы төмендегі кестеде көрсетілген.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 329-шы бабына сәйкес Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкасы

  Кесте – 1

Жер салығының  классификациясы

Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкасы

1 - ден 10- ға дейін

11-ден 20-ға дейін

21-ден 30-ға дейін

31-ден 40-қа дейін

41-ден 50-ге дейін

51-ден 60-қа дейін

61-ден 70-ке дейін

71-ден 80-ге дейін

81-ден 90-ға дейін

91-ден 100-ге дейін

100-ден жоғары

0,48 – 2,41

2,89 – 4,82

5,31 – 9,65

14,47 – 24,12

28,95 – 38,60

43,42 -53,07

57,90 – 82,02

86,85 – 110,97

115,80 – 144,75

149,57 – 193,00

202,65


 

Арнайы жер қоры. Жерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің арасында қайта бөлу мақсатымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жермен босалқы жер есебінен арнайы жер қоры құралады. Санитарлық нормалар мен талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге мүмкіндік бермейтін жер учаскелері арнайы жер қорына енгізілмейді.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелері. Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылым) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен Жер Кодексіне  және Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарына сәйкес беріледі. Жер учаскесін шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін алуға басым құқықты жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзінде жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын азаматтар пайдаланады.

Елді мекендер жері.  Қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер жерінің санатына жатады. Елді мекендердің жері өзге әкімшілік-аумақтық құрылымдардың жерінен қаланың шегі, кенттің шегі, ауылдық елді мекеннің шегі арқылы шектеледі.

Елді мекендердің жерлеріне салық салынатын алаңға құрылыс пен ғимараттардың алып тұрған жер учаскесі, оларды ұстауға қажетті учаскелер, сондай-ақ, егер олар басқа азаматтар мен ұйымдарға берілмеген болса,  әрі жалпы пайдаланымдағы жерлер болмаса, санитарлық-қорғау аймақтары, техникалық және өзге де аймақтар енеді. Жергілікті өкілді органдар өз құзыры шегінде жер учаскесінің орналасқан өңіріне, оның сумен қамтамасыз етілуіне, шаруашылық жүргізудің өндірістік және басқа жағдайларына байланысты жер салығының базалық ставкасын азайтуға немесе көтеруге құқылы, бірақ 20% артық көтермеуге тиіс.

Жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығаруды өз құзыретіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері жеке меншікке оларды ортақ пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп  танылады. Бұндай жерлерді пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен белгіленеді.

Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілері орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, соның ішінде  олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады. Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тәртіппен бекітілген нормаларға немесе  жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі.

Автомобиль, теңіз, өзен, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып табылады.

Көлік жері. Автомобиль, теңіз, өзен, ішкі су, темір жол, әуе және өзөге де көлік түрі объектілерін дамыту, салу және қайта жаңарту үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының көлік туралы заңдарында көзделген тәртіппен жерді резервте ұстау жүзеге асырылуы мүмкін.

Темір жол көлігінің жері:

- магистраль жолдарына  және солармен технологиялық  байланыстағы құрылыстар мен  ғимараттарға (темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер,  сигналдық жабдықтар, техникалық- қызметтік үйлер);

-   кірме жолдарға;

- энергетика, локоматив, вагон, жол және жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелері, қызметтік және темір жол көлігіне қызмет көрсетілетін арнаулы мақсаттағы өзге де объектілер бар темір жол станцияларына;

-  темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймақтарына бөліп берілген жер жатады.

Автомобиль көлігінің жері. Автомобиль көлігі қажеттеріне арналған жерге:

- автомобиль жолдарына, олардың конструкциялық элементтері мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар және  ғимараттарға;

- автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлігінің  басқа объектілерін және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын,  ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшін қажетті жол шаруашылығы объектілерін орналастыру үшін;

-   автомобиль жолдарына бөлінетін  белдеулерді белгілеу үшін бөлініп берілген жер жатады.

Автомобиль көлігінің қажеттері үшін бөліп берілетін белдеуге арналған жер учаскелері жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде беріледі.

Теңіз және ішкі су көлігінің жері. Теңіз және ішкі су көлігінің қажеттеріне арналған жерге теңіз және өзен порттарын, айлақтар, гидротехникалық ғимараттар, жер беті және жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану,  күтіп-ұстау, салу және басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Әуе көлігінің жері. Әуе көлігінің қажеттеріне арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерілу-қону белдеулерін және жер беті  мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу және басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары  жатады. 

Байланыс пен энергетика жері. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерге тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жер.

Энергетика жерлері су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станциялары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын орналастыру. Электр таратудың әуе желілерін, электр таратудың кабель желілерінің жер бетіндегі құрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пунктерін, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер учаскелерін атауға болады.

Қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер. Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскери-оқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы міндеттерді атқаратын басқа да әскерлердің объектілері мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі берген жер учаскелері қорғаныс қажеттеріне арналған жер деп танылады.

Өнеркәсіп, байланыс, көлік, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерінде орналасқан өңіріне, коммуникациялар болуына және басқа факторларға қарай 20% асырмай азайтуға немесе арттыруға құқығы бар. Сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы жердің құрамына кіретін және ауыл шаруашылық мақсатына  пайдаланылатын учаскелер ауыл шаруашылық мақсатына арналған жерлер үшін көзделген тәртіп пен шарттар негізінде салық салуға жатады.   

Орман қоры жерінің құрамына кіретін және ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланылатын учаскелер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін көзделген тәртіп пен шарттар негізінде салық салуға жатады.

Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары. Тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік объектілері мен өзге де объектілерді пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында аймақтар белгіленеді, аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне олардың шегінде шек қойылады немесе тыйым салынады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреакциялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне биосфералық, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік қорық аймақтарының, мемлекеттік табиғи қорықшалардың, мемлекеттік зоологиялық парктердің және басқа да табиғи қорықтары жатады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін өзге қажеттерге алып қоюға жол берілмейді.

Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріндегі ауыл шаруашылығы алқаптары аталған мақсаттар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасындағы елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілуі мүмкін.

Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелері жатады. Адам ауруының алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау, сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгіленеді. Сауықтыру мақсатындағы жердің күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимін жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайды.

Рекреакциялық мақсаттағы жер. Халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демалысы мен туризміне арналған жерлер және сол үшін пайдаланылатын жер рекреакциялық мақсаттағы жер деп танылады. Рекреакциялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектілері, туристтік базалар,  стационарлық және шатырлы  турситік-сауықтыру лагерьлері және сол сияқты басқа да объектілер орналасқан жер учаскелері кіруі мүмкін.

Тарихи мәдени мақсаттағы жерлерге тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, тұрақтар, қала орындары), сәулет – ландшафт кешендері, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жер деп танылады.

Орман қорының жеріне орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскелері орман қорының жері болып саналады. Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады.

Су қорының жеріне су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады.

Су қоры жерінің құрамына кіретін және ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланылатын учаскелер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін көзделген тәртіп пен шарттар негізінде салық салуға жатады. Су шаруашылығы органдарының үйі, ғимараты және басқа объектілері тұрған су қорының жері елді мекендердің жерлеріне көзделген тәртіп пен шарттар негізінде салық салуға жатады. [11]

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады. Қорға деп сақталған жерлер және әдетте, табиғат қорғау мен тарихи-мәдени, сауықтыру және қалпына келтіру мақсатындағы жерлер, орман және су қорының жерлері, салық салынады деп көрсетілген жерден басқасы, салық салуға жатпайды.

Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 339-бабына сәйкес салықты есептеу мен төлеу тәртібі төмендегідей бекітілген:

1. Салықты есептеу әрбір  жер учаскесі бойынша жеке  салық базасына тиісті салық  ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Салық Кодексіне сәйкес жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі. Жер  учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеледі.

Информация о работе Жер салығы