Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 19:56, дипломная работа

Краткое описание

Теміржол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………..................………………………5
1. Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері және теміржол көлігінің экономикалық маңызы
1.1 Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері…………..…………...............8
1.2 Қаржылық жоспар жүйесінің ерекшеліктері............................................11
1.3 Теміржол көлігінің экономикалық маңызы………………….................... ...16

2. "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдау
2.1 "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің кұрылысы............................23
2.2 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің технико
-экономикалық көрсеткіштерін талдау................................................................ ..25
2.3 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің шығындары мен табыстылығын талдау.......................................................................................30

3 . “Қазақстан темір жолы” ҰК” қаржысын жоспарлау және жобалау
3.1 “Қазақстан темір жолы” ҰК”-ның Мемлекет экономикасын тиімді пайдалануда жаңа темір жол торабтарын енгізу....................................................45
3.2 Темір жол көлігінің даму перспективалары.....................................................48

Қорытынды…………………………………..................………………………..60
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................63
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Темір жол көлігі - ЖД транспорт.ДИПЛОМ.ӨЗГЕР.doc

— 753.00 Кб (Скачать файл)

Сегізіншіден, бұл аймақтардың географиялық жағынан тиімділігі де көз алдында. Биік таулар мен төбелер немесе тегістеуге тура келетін ойпаттар кездеспейді. Жер бедері тегістігімен ерекшелінеді. Ал мұның өзі темір жолды аз шығынмен, жеделдетіп салуға мүмкіндік береді.

Осыған айта кететін күрделі бір мәселе, ол Арқалық қаласының күннен күнге жойылып кету қаупі. Осы тамаша қаланы сақтап қалу үшін мұнда бірнеше зауыт пен фабрикалар ашып халықты жұмыспен қамтамасыздандыру керек. Сол арқылы ел экономикасына көмек көрсету міндет болу керек. Ал тұрғылықты халықтың ауыл шаруашылығымен айналысып шығарған өнімдерін басқа аудандарға апару үшін темір жол қажеттілігі көрініп отыр. Ал егін шаруашылығымен айналысатын шаруаларға өнімдерін тікелей Ақтау кемежайы арқылы экспортқа (Иранға) шығаруға мүмкіндік туады.

Темір жолды осы бағыт арқылы тартсақ, талай күпті көңіл сергіп, осы өңір адамдарының болашаққа деген сенімі нығая түсетіндігі даусыз. Мен жоғарыдағы мәселелерді ойлай отырып, осы жобаны жүзеге асыру үшін өз ойымды білдірдім.

 

3.2 Темір жол көлігінің даму перспективалары

 

Темір жол көлігін дамытудың негізгі мақсаттары:

      • қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, республиканың жолаушылар, жүк, почта және багаж тасымалына қажеттілігін толық және толассыз қанағаттандыру;
      • саланың 2006 жылға қарай одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа сапалы деңгейге көшіру;
      • отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығындарын төмендету, көлік қызметтерінің сапасын арттыру, олардың ассортименттерін кеңейту;
      • теміржол көлігінің қызмет етуінің экономикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;
      • баламалы көлік коридорлары арқылы тасымалдар бәсекелестігінің тұрақты үдеуі жағдайында Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру;
      • жоғары технологиялық импорт алмастырудың көлемін арттыру болып табылады.

Темір жол саласы басымды орын алатын Қазақстан көлігінің тұрақты жұмыс істеуі шикізаттық бағдардағы экономикамыздың қызмет етуінің ажыратылмас шарты болып табылады.

Сала дамуының жаңа деңгейі Қазақстан темір жолының техникалық жарақталуын айтарлықтай жақсартуға, оны 2015 жылы дүниежүзілік стандартқа жақындатуға, транзиттік әлеуетті арттыру арқылы бәсекелестіктің жоғары деңгейіне, жылжымалы құрам паркін отандық жаңа локомативтермен және вагондармен жинақтауға, ипорт алмастыру деңгейін арттыруға, көліктік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Отандық өндірістік өнімдердің өзіндік құнындағы көліктік шығындарды азайту экономикалық өсуге және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға әсер етеді.

Отандық көлік жүйесінің экономикалық қауіпсіздік проблемасы республика қауіпсіздігі үшін ерекше маңызы бар, сондықтан оны шешу үшін мемлекеттің жан жақты қолдауы қажет. Қандай да болмасын жағдайда экономиканың өмірлік маңызды қажеттіліктерін және тұрғындардың тасымалға деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын әрі төтенше жағдайларда оның жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз ете алатын көліктің даму деңгейін қамтамасыз ету талап етілді, оның өзіндік ішкі және сыртқы қатерлерге қарсы тұра алуы қажет.

Жүк айналымы көлемін болжамдық есептеу өткен жылдар динамикасын, 2003 жылғы шын мәніндегі мәлеметтерді талдаудың негізінде және Қазақстанның, Рессейдің және басқа да ТМД елдерінің, Қытай мен басқа да елдердің келешектегі ІЖӨ болжамдары ескеріліп жасалған. Барлық жүктердің транзиттік тасымалының жүк айналымы дүниежүзілік экономиканың дамуы жөніндегі мәлеметтер (“Plan Ekon Peview and Out Cook for the Former soviet Replics” басылымы)   негізінде болжанады.

Автомобиль көлігі жағынан бәсекелестіктің дамуымен байланысты     2004 жылы тасымал көлемі азаяды және тұрғындар санының әрі республика экономикасы дамуының тұрақтануы, тұрғындар кірістерінің кезең кезеңмен өсуі және жолаушылар тасымалы көлемінің өсу қарқыны бұдан әрі жыл сайын     1%-ға дейін артады деп болжамдауға мүмкіндік береді.

Теміржол көлігімен жүк тасымалаы мен жолаушы тасымалы көлемінің өсуінде қалыптасқан пропорциялар ескеріліп даму жоспарында жүк айналымы мен жолаушылар айналымының тиісті өсу қарқыны көзделген. Оның өзінде жүк айналымының өсуі 2005 жылға бардық жүктер бойынша былай деп болжамданып отыр:

      • республикаішілік қатынаста-15,0%
      • экспорттық-10,5%
      • импорттық-22,5%
      • транзиттік-15,9%

Тасымалдау процесі теміржол көлігінің негізгі өндірісі болып табылады, сондықтан оны ұйымдастыру “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ- тың барлық техникалық кешеніне қойылатын сандық және сапалық талаптарды            анықтайды, оның салдары ретінде оны жүзеге асырудың қажетті материалдық және еңбек рессурстарын белгілейді.

Дүниежүзілік тәжірибені алға тартсақ операциялық қызметті оңтайландыру жөніндегі іс шаралардан болатын тиімділікті тасымалдау қызметінің ағымдық шығындарын 7-10% үнемдеу деп бағалауға болады.

Тасымалдау процесін ұйымдастыру жалпы желілілік технологияның оңтайлы вариантын таңдауды және ең аз пайдалану шығындарды қамтамасыз ететін жоспарланып отырған жүк ағындарын (вагон ағындарын ұйымдастыру, поездар қозғалысының графигін әзірлеу, локомотивтер мен локомотив бригадаларыг үйлестіру және т.б) игеруді қамтамасыз етуі тиіс. Тасымалдау процесін тиімді басқару шын мәніндегі тасымалдау процесін жүзеге асыруда әзірленген графиктен ауытқуын азайтуға бағытталуы тис.

Қолданылып жүрген операциялық жоспарды қайта қарау дегеніміз ең алдымен станциялар жұмысының технологиялық процестерін жетілдіру және кірме жолдардың сұрыптау жұмысын азайту есебінен поездарды қалыптастыру жоспары мен поездар қозғалысының графигін оңтайландыруды, поездар құрамының салмағы мен ұзындығының нормаларын экономикалық негізде қолдануды, локомотивтер мен локомотив бригадалардың жұмысында айналымучаскелерінің тиімді сызбасын ізірлеуді білдіреді. Бұл ағымдық және күтіліп отырған жүк тасымалдарын жүзеге асыратын станциялардың және жылжымалы құрамның санын қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтсақ, жаңа операциялық жоспар “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ құрамынан шығарылуға тиіс артық активтерді белгілеуге мүмкіндік береді, яғни саланы қайта құрылымдау процесіне ықпал етеді.

Операциялық жоспар инфрақұрылымға қойылатын шын мәнінде ағымдық және жоспарлы тасымалдарға қажетті талаптарды нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл шамадан тыс жолдардың, сигнализация және байланыс құрылғыларының тізімін және т.б нақтылауға, сондай ақ инфрақұрылымның техникалық дамуының басымдылықтарын белгілеуге мүмкіндік туғызады.

Жолаушылар шаруашылығының қызметін жетілдірудің ең маңызды бағыттарының бірі поездпр қозғалысының мөлшерін (айналым кезеңділігін) және құрам сызбаларын қалыптасатын жолаушылар ағымдарына сәйкестендіру болып табылады.

Соңғы он жылдың ішінде тасымалдар көлемі айтарлықтай азайды, сондықтан бүгінгі күні Қазақстанның темір жол саласында артық активтер бар. Артық активтерді сәйкестендіру және жоюдың мақсаты оларды күтіп ұстаумен байланысты пайдалану шығындарын, сондай ақ оларды қалпына келтіру бойынша залалдарды азайту болып табылады.

Жүк тасымалдарының көлемін, құрылымын және бағыттарын өзгерту бір жағынан артық негізгі қорлар бар (локомотивтер мен жүк вагондары мүккәмал паркінің саны, станциялық жолдар мен аз пайдаланылатын желілердің пайдалану ұзындығы, станциялар мен бөліну қосындарының саны және т.б екінші жағынан жылжымалы құрамның кейбір түрлерінің жетіспеушілігімен ашықвагондар, мұнай құйатын цистерналар, магистральдық тепловоздар        байланысты   олардың тапшылығы байқалады, тасымал жиі болатынтелімдерде инфрақұрылым жағдайларының нашарлауына моральды және табиғи тозған, ескірген автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануға әкеліп соқты. Негізгі активтерді оңтайландыру мақсатында олардың артықтарын жою және қолданылып жүргендерді қалпына келтіру әрі жаңа активтер сатып алудың өгжей тегжейлі бағдарламасын белгілеу керек. Басқа сөзбен айтатын болсақ саланың техникалық кешенін қолданылып жүрген және болжамданып отырған көлемдерге және тасымалдардың құрылымына сәйкеске келтіру керек.

Темір жол. Қолда бар жолдарды талдау және оларға қойылатын талаптар оларды қысқартудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыру қажеттілігіне нұқсайды. Азия даму банкімен Еуропалық қайта құру және даму банкі сарапшыларының бағалары бойынша бас, станциялық және арнаулы жолдардың ұзындығы 2014 жылға қарай 25% қысқарту керек. Негізінен станциялық және кірме жодардың, сондай ақ аз қолданылатын желілердің ұзындығын қысқарту керек. Сонымен бірге жүк жиілігі жоғары емес желілерде оларды қалпына келтіру үшін қажетті күрделі шығындарды азайту үшін қос жолды телімдерді қос қосындылы дара жолға ауыстыру қажет.

Жолдың ұзындығын қысқарту екінші қайта салуға жарамды жолдың үстіңгі материалдарының біразын алуға мүмкіндік береді.

Локомотивтер. Сарапшылардың пікірі бойынша айтарлықтай қысқартуды локомотив паркінде де жүргізу керек. 1997 Жылы басталған үрдісті жалғастыру үшін, қызмет ету мерзімі өтіп кеткен локомотивтер қалпына келтірілмей немесе жөнделмей есептен шығарылатын болады. Локомотивтердің мүккәмал паркі 2006 жылға қарай 1473 бірлікке дейін, яғни 25%  қысқартылды және бұдан әрі локомотив паркін жоспарланып отырған жаңарту ескеріліп 2014 жылға қарай 1200-1300  бірлікке дейін қысқартылды.

Осы кезең ішінде барлық паровоздар есептен шығарылды, магистральдық тепловоз паркі 430 бірлікке дейін, электровоздар 500 бірлікке, маневрілік тепловоздар 380   бірлікке дейін қысқартылды.

Вагондар.“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ- тың жүк вагондар паркінде қызмет ету мерзімі өткен вагондардың жеке салмағы үлкен қолда бар вагондардың  35% түзу күйде емес. 1993-2000 Жылдар ішінде мүккәмал паркінің вагондарын есептен шығарудың орта жылдық қарқыны 3%-дан астам болды. 2014 Жылға қарай қызмет ету мерзімін ұзарту үшін күрделі жөндеудің және вагондар сатып алудың жоспарланып отырған көлемі ескеріліп олардың паркін     мың бірлікке жеткізу көзделіп отыр. Оның ішінде ашық вагондардың жеке салмағы көп болады. Астана және Алматы арасында қатынайтын жүрдек поездың тұрақты қатынасын 2004 жылдың үшінші тоқсанында қамтамасыз етуді межелеп отырмыз. 2003 жылдың  шілде айында Қазақстанға жаң аүлгідегі 44 «Тальго» вагондары жеткізілді. Осы вагондардан жолаушылар құрамы жасақталынды.

Алматы - Астана учаскесінде қозғалыс жылдамдығын дамыту бағдарламасына сйкес биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 200 шақырым темір жол желісі күрделі жөндеуден өткізілмек. Жолдың жоғары құрылымын қайта жаңғырту жұмыстары қазіргі заманғы үлгідегі құрастыру әдістерімен темір бетон шпалдарын пайдалану арқылы жүргізілмек. Бұл жүрдек поезының айырма пунктерінде жылдамдығын арттыруға мүмкіндік туғызып, бәсекелестікке қабілетті, әрі табысты қозғалыс құралы ретінде қалыптасуына зор әсерін тигізбек.

Инвестициялық бағдарламаға келетін болсақ оның негізгі мақсаты саланы      жылға қарай мыналар арқылы жаңа сапалық техникалық деңгейге шығару болып табылады:

      • негізгі магистралдарда қазіргі заманғы жол техникасын қолданып инфрақұрылымды оңалту
      • жаңа теміржол желісінің құрылысы
      • саланы толық ақпараттандыру, автоматтандырылған диспетчерлік басқару орталығы АДБО енетін қазіргі заманғы тасымалдау процесін басқару орталығын құру, талшықты оптикалық байланыс желісінің құрылысы
      • жылжымалы құрамды қалпына келтіру және жаңарту үшін отандық зауыттық жөндеу базасын локомотив пен вагон шығару және жаңа импорт алмастырушы өндірістер құру
      • отандық салалық ғылымды қалыптастыру
      • өндірістік процестерге жаңа ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу,
      • негізгі қорларды жоспарлы алдын ала жөндеу жүйесінен олардың жағдайы және орындалған жұмыс бойынша жөндеу жүйесіне көшу мақсатында қазіргі заманғы диагностикалық құрамдарды қолдану

Бағдарламада көзделген жобаларды жүзеге асыру жылжымалы құрамды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес техникалық экономикалық өлшемдерін арттырып және инфрақұрылым элементтерін жаңарту паркті отандық локомотивтермен және вагондармен жинақтау жолымен жоспарлы ауыстыру арқылы бұдан әрі саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстандық темір жолдардың техникалық жарақталуын 2015 жылға қарай дүниежүзілік деңгейге жақындатуға және бәсекелестің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялық бағдарлама бір жағнан ТМД елдерінің көпшілігіне тән Кеңес Одағының Теміржол желісінің бір орталықтан технологиялық тәуелсіздікте болуы, баламалы транзиттік каридорлардың дамуы, темір жол көлігінің негізгі құралдарының моральдық тозуы, ғылым мен технологияның алдыңғы жетістіктерінен технологиялық артта қалуы, 90-шы жылдары тасымал көлемінің күрт төмендеуімен байланысты артық өндірістік қуаттылықтардың, жылжымалы құрам мен контингентінің мөлшерінің көп болуы сияқты бірқатар тарихи факторлар ескеріліп жасалған. Екінші жағынан саланың шектелген қаржылық жағдайында ауыр экономикалық өсуден ресурс үнемдеуші жоғары технологилардың және саланы басқарудың жаңа жүйесі базасындағы икемді жаңа экономикалық модельге көшумен сипатталатын инвестициялық стратегияны қолдану қажеттілігі ескерілген. Мұндай стратегия экономикалық өсу нүктелерінде инвестициялық рессурстарды шоғырландыру арқылы инвестициялық процесті түбегейлі қайта құруды талап етеді.

Информация о работе Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)