Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 19:56, дипломная работа

Краткое описание

Теміржол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………..................………………………5
1. Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері және теміржол көлігінің экономикалық маңызы
1.1 Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері…………..…………...............8
1.2 Қаржылық жоспар жүйесінің ерекшеліктері............................................11
1.3 Теміржол көлігінің экономикалық маңызы………………….................... ...16

2. "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдау
2.1 "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің кұрылысы............................23
2.2 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің технико
-экономикалық көрсеткіштерін талдау................................................................ ..25
2.3 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің шығындары мен табыстылығын талдау.......................................................................................30

3 . “Қазақстан темір жолы” ҰК” қаржысын жоспарлау және жобалау
3.1 “Қазақстан темір жолы” ҰК”-ның Мемлекет экономикасын тиімді пайдалануда жаңа темір жол торабтарын енгізу....................................................45
3.2 Темір жол көлігінің даму перспективалары.....................................................48

Қорытынды…………………………………..................………………………..60
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................63
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Темір жол көлігі - ЖД транспорт.ДИПЛОМ.ӨЗГЕР.doc

— 753.00 Кб (Скачать файл)

          7) Әреект етіп отырған жоспарлау жүйесі нарықтағы қызмет жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сенімді бағалауға мүмкіндік бермейді.

          Дегенмен  жоғарғы аталған кемшіліктермен  қатар кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың  шектелуін талап ететін факторлар  да бар. Олардың негізгілері келесілер:

          - қоғамдық  өмірдің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістермен байланысты нарықтағы екі ұштылықтың жоғарғы деңгейі;

          - күрделі  қаржылық жоспарлауды жүзеге  асыруға қаржылық мүмкіндіктері  бар кәсіпорындар үлесінің аздығы;

          -   отандық бизнестің тиімді нормативті – құқықтық базасының болмауы;

          Үлкен  кәсіпорындар үшін тиімді қаржылық  жоспарлауды жүзеге асырудың  мүмкіндіктері жоғары. Қаржы саласында  ауқымды кең жоспарлау жұмыстарын  жүргізетін жоғарғы білікті мамандарды  қатыстыруға олардың қаржы құралдары  жеткілікті.

          Ережеге  сәйкес, шағын кәсіпорындарда бұл  мәселелерге қаражаттар болмайды. Шағын кәсіпорындар өз шаруашылық  қызметін қамтамасыз ету үшін  қарыз қаражаттарды қатыстыруға  иүдделі болады. Осының нәтижесінде  олардың болашағы сенімсіздеу  келеді.

          Шаруашылық  субъектілерінің қаржылық жоспарлауының  мәні келесіде:

          - старатегиялық  мақсаттарды нақтылы қаржылық  көрсеткіштер нысанында айналдырады;

          - өндірістік  жоспарда қамтылған қаржы ресурстарымен  дамудың экономикалық үйлесімдерін қамтамасыз ету;

          - бәсеке  жағдайында кәсіпорын жобасының  өміршеңдігін анықтау мүмкіндіктерін  ұсынады;

          -   сыртқы инвесторлардан қаржылық  қолдау құралы қызметін атқарады;

          Нарықтық  экономика жағдайында шаруашылық  жүргізіу тәжірибесі жекеленген кәсіпорындардың дамуын жоспарлаудың нарықтағы нақтылы жағдайларды ескеру арқылы меншік иелерінің мүддесіне сай әдістерін дайындайды.

          Кәсіпорын  қаржылық жоспарлауының негізгі  міндеттері;

          - өндірістік, инвестициялық және қаржылық қыметті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

          - қаржы  салымдарының тиімді жолдарын  анықтау, оның ұтымды пайдаланудеңгейін  бағалау;

          -   ақшалай     қаражаттарды       үнемді      пайдалану    есебінен    табысты 

жоғарылатудың ішкі шаруашылық резервтерін айқындау;

          -   бюджетпен   банктермен   және     контрагенттермен     ұтымды   қаржы 

қатнастарын бекіту;

          -   кәсіпорынның   қаржы   жағдайын,    төлем    қабілеттілігін  және  несие 

қабілеттілігін бақылау;

          Қаржылық  жоспар шаруашылық субъектісінің  кәсіпкерлік жоспарын қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етуге бағытталған, осы  арқылы ол кәсіпорын экономикасына  елеулі ықпал етеді. Ол бірқатар  міндеттемелермен байланысты.       Біріншіден, қаржылық жоспарда нақтылы мүмкіндіктермен қызмет жүргізуге арналған  күтілетін  шығындар  есептеледі  және  түзетулер  енгізу  нәтижесінде

материалдық – қаржылық тепе – теңдікке қол жеткізіледі.

          Екіншіден, қаржылық жоспар баптары кәсіпорын  қызметінің барлық экономикалық көрсеткіштерімен байланысты және кәсіпкерлік жоспардың негізгі бөлімдерімен үйлесілген: өнім және қызмет өндірісі, ғылыми – техникалық даму, өндіріс пен басқаруды жетілдіру, өндіріс, күрделі құбылыста тиімділігін арттыру, материалдық – техникалық қамсыздандыру, еңбек және кадрлар, табыс және рентабельділік, экономикалық ынталандыру және т.б. Сонымен, қаржылық жоспарлау қаржыландыру объектісін, қаржы құралдарының бағыттарын анықтау арқылы шаруашылық субъектсі қызметінің барлық жақтарына ықпал жасайды және еңбек, материал және ақша ресурстарының ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді.

          Сонымен, қаржылық жоспарлау кәсіпорынның  дамуын қажетті қаржы ресурстарымен  қамтамасыз ету және оның болашақтағы  қызметінің тиімділігін арттыру  бойынша қаржылық жоспарлар және жоспарлық көрсеткіштер жүйесін жасау процесі болып табылады.

      

 

1.2   Қаржылық жоспар жүйесінің ерекшеліктері

 

          Қаржылық  жоспарлаудың негізгі құжаты  болып келетін қаржы жоспары  шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттік ақшалай табыстары ( кірістері ) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етіліуін көрсетеді.

          Басқарудың  барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

          Жиынтық  қаржы жоспарлары  жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

          Нысаны  бойынша олар әрқашан жиынтық  жоспарлар болып табылады, бірақ  бұл оның жалғыз ғана белгісі  емес. Сонымен бірге министірліктердің, ведомоствалардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомостваның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және айналымымен ерекшеленеді.

          Қәзіргі  кезде жиынтық қаржы жоспарлары  жалпы мемлекеттік, салалық аумақтық  жоспарларды, кіріктіреді. Мыналар  жалпы мемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

          Жиынтық  қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған амудың  жалпымемлекеттік болжамының қаржылық  бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп – қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге ( әлеуметтік – мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

          Баланстың кіріс бөлігі мыналарды біріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сырқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

          Шығыстар  бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын  шығыстар (күрделі жұмсалымдарды  қаржыландыру, айналым қаражаттарының  өсіміне жұмсалатын  шығындар, мемлекеттік  субвенциялар);

сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаржаттарының өсімі.

          Шаруашылық  байланыстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс - әрекет ету факторларының екі ұштылығына (неғайбілділігіне) байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп – қисаптар жүргізілуі тиіс. Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістерімен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомсволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке – дара айналымын негіздеу қабілеттігінде болып келетіндігі, осыдан барып олардың айырықша арналымын – бұл объектінің кірістері мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатнастарды анықтау.

          Бастапқы  қаржы жоспарларын топтастырудың  негізіне кірістердің, шығыстардың  құрамы мен оларды есептеудің  әдістемесіне, сондай – ақ мемлекетпен  және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгерлік, кооперативтік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншікті фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажратылады.

          Бұл  топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының  бірқатар ортақтығымен қатар  жеке субъектілердің қаржы жоспарлары  салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай – ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да топтастырған орынды.

          Қаржы  жүйесінің барлық сфераларын, буындарының  қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

          Қаражаттың  айналымы үлкен емес шаруашылық  жүргізуші субъектілен екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын  қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен бөлінетін қаржы кірістердің құрамына, ол бюджетке төленетін төлемдер шығыситардың құрамына кіріктіріледі.

          Кәсіпорынның  кірістері мен шығыстары балансының  ерекшелігі сол, онда шаруашылық  – қаржы қызметінің түпкілікті  нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер – ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.

          Есептеулермен  ақша қаражаттарның айналымдарын  тіркеу (бекіту) арнаулы қаржы жоспарларында  – төлем күнтізбесінде жүзеге  асырылады.

          “Түсімдер” бөлімінде өнімді, өткізуден түскен табыс, банктердің қысқа мерзімді кредиттерінің, мерзімі өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі.

          “Шығыстар” бөлімінде тауар – материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбек ақыға, салықтарды төлеуге, банк несиелерін өтеуге, кредит үшін қарыздарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Төлем күнтізбелігі есеп айырысулар мезгілдерін нақтылау мен олардың дәйектілігі жайында кірістер мен шығыстар балансын толықтырады, бұл олардың уақыттылығын қамтамасыз етеді.

          Нарыққа  өту кезінде кәсіпорын қызметін  тиімді басқарудың шешуші шарты  ретінде фирманың ішкі қаржы  жоспарларының да мәні арта  түсті. Қәзіргі кезде көптеген  фирмалар, акционерлік қоғамдар  және басқа да кәсіпорындар  қаржылық жоспарлауда  да жалпы дүниежүзілік стандаттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын мен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.

          Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл прцесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

Басқаруда және шаруашылық – қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп – қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатнастарының элементін бейнелейді.

          Шаруашылық  жүргізуші төменгі буындарында, мысалы аса маңызды абсолюттік  қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

    • өнімді ( жұмыс немесе қызметті ) өткізуден түсетін табыс;
    • өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;
    • жалпы табыс;
    • кезең шығысы;
    • негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян);
    • табыс салығының сомасы (төленген);
    • таза табыс (немесе зиян);

     Мыналар шаруашылық  жүргізуші субъектілердің көлемдік  көрсеткіштері болып табылады:

    • инвестициялар көлемі;
    • жарғылық капиталдың мөлшері;
    • өндірістік және әлеуметтік даму қорларының мөлшері;
    • жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері;
    • төленген дивиденттердің, үлестердің мөлшері;
    • айналым қаржаттары көздерінің көлемі.

     Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады:

    • табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;
    • акциялар бойынша табыстылық ;
    • негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, негізгі құрал – жабдықтар айналымдылығының коэффициенті, айналымның ұзақтығы);
    • өтімділіктің көрсеткіштері.

Информация о работе Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)