Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 19:56, дипломная работа

Краткое описание

Теміржол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………..................………………………5
1. Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері және теміржол көлігінің экономикалық маңызы
1.1 Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері…………..…………...............8
1.2 Қаржылық жоспар жүйесінің ерекшеліктері............................................11
1.3 Теміржол көлігінің экономикалық маңызы………………….................... ...16

2. "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдау
2.1 "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің кұрылысы............................23
2.2 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің технико
-экономикалық көрсеткіштерін талдау................................................................ ..25
2.3 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің шығындары мен табыстылығын талдау.......................................................................................30

3 . “Қазақстан темір жолы” ҰК” қаржысын жоспарлау және жобалау
3.1 “Қазақстан темір жолы” ҰК”-ның Мемлекет экономикасын тиімді пайдалануда жаңа темір жол торабтарын енгізу....................................................45
3.2 Темір жол көлігінің даму перспективалары.....................................................48

Қорытынды…………………………………..................………………………..60
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................63
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Темір жол көлігі - ЖД транспорт.ДИПЛОМ.ӨЗГЕР.doc

— 753.00 Кб (Скачать файл)

Ұсынылып отырған көлемдер 2006 жылға инвестициялаудың он жылдық кешіктірілуінің зардаптарын жоюға және саланың барлық шаруашылықтарының негізгі құрамдарының күй жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік туғызады. Темір жол саласының инвестициялық қажеттіліктері 2001-2005 кезеңінде 1184,6 млн АҚШ долларын, ал 2001-2014 жылдары – 3636,2   млн АҚШ долларын құрамақ.

«ДРУЖБА» станциясын дамыту. Ақтоғай - Дружба телімін және Дружба станциясын дамыту үшін Қазақстан Республикасы теміржол көлігінің қуаттылықтарын дамыту жобасы әзірленген болатын. Оның 75% KAZ-P1 заем есебіне және 25%  қазақстандық тараптың “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ бірлесіп қаржыландыру есебінен жүзеге асырылды. Жобаның негізгі мақсаты Ақтоғай - Дружба желісінің өткізу қабілеттілігін жылына 3,6 млн тоннадан 6,6 млн тоннаға дейін арттыру болып табылады. Одан әрі өткізу қабілеттілігін жылына 10 млн тоннаға арттыру көзделіп отыр. Жалпы  2004-2005 ж.ж инвестиция соммасы 9,8 млрд. тенге, оның ішінде республикалық бюджет пен Алматы облысы бюджеті есебінен 2,2   млрд. тенге жобаның рентабельділігінің ішкі нормасы   болып  экономикалық өміршең деп танылып отыр және 2006 жылға қарай Қытаймен жүк тасымалдау көлемі 10 млн тонна жылына, ал 2014 жылы 14  млн тоннаға жоспарланып отыр.

Дружба станциясын дамыту пайдаланылып жүрген қуаттылықтарды қайта құруды және кеңейтуді, сондай ақ әлеуметтік және табиғаттты қорғауға бағытталған объектілердің құрылысын көздейді. Бұл мақсаттарға арналған негізгі инвестициялар “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ тың меншікті қаржысынан жүзеге асырылады.

Автоматтандырылған диспетчерлік басқару орталығын құру.

“Қазақстан темір жолы” РМК тасымалдау үдерісін орталықтандырып басқару - басқарудың автоматтандырылған диспечерлік орталығын (АДБО) құрғанда ғана мүмкін болды. Бірінші кезеңде барлық тасымалдау бөлімшелері диспечерлік орталықтандырумен жарақталады, екінші кезеңде олар бірыңғай диспетчерлік басқару орталығына біріктіріледі, үшінші кезеңде толығымен автоматтандырылады. АДБО құру поездар қозғалысын тасымалдарды басқарудың бірыңғай орталығынан станциялар бойынша кезекшілердің қатысуынсыз басқаруды, поездардың желінің телімдері бойынша өтуін тездетуге, пайдалаеу штаты қызметкерлерінің санын қысқартуға мүмкіндік береді. АДБО құру жөніндегі жобаның құны 9,7  млн АҚШ долларын құрайды. Жүзеге асыру мерзімі 2001-2005 жылдар. Жобаның өзі өзін ақтау мерзімі -4жыл.

Аталған жобаны қаржыландыру көзі кәсіпорынның өз қаржысы мен заемдары болып табылады.

Алтынсарин Хромтау кешені жаңа желінің құрылысы. Желінің құрылысын салғанда жүктерді тасымалдаудың ара қашықтығы Дружба станциясынан Озинки станциясына дейін Қазақстанның солтүстік батысында 500-км ге, ал Астанадан Ақтау кемежайына дейін 2400-км ге қысқарады.

Пайдалану ұзындығы 409 км құрайды. Жобаның құны болжаммен 196 млн АҚШ доллары деп бағаланып отыр. Құрылыс мерзімі -3 жыл.

Жаңа желі бойынша жүк тасымалдарының болжанып отырған жүктің көлемі жағынан 10-12 млн тонна.

 

 

Ақтоғай – Дружба телімі және Дружба станциясы арқылы жүк тасымалы көлемінен түсетін табыс болжамы.

(мың доллар)                                                                                                  9- кесте.  

Көрсеткіш

атауы

Жылдар

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Экспорт

61424

66967

74991

77434

76447

80148

79447

86103

90764

91243

94110

Импорт

8990

9942

11892

13510

13985

15603

17363

19313

20359

21882

23023

Транзит

35828

44096

52364

57876

63388

68900

77168

82680

88192

90948

96460

Барлығы мың доллар

106242

121005

139247

148823

150820

164650

173978

188096

199315

204072

213593


 

 

Сурет 3.1. Инвестициялардың жоспарланып отырған көлемінің динамикасы

 

Аталған жобаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, кредиттер мен “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-тың өз қаржылары   есебінен жүзеге асырылады деп болжамдап отыр. Егер “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-тың  таза кірісі 2003-2006 жылдары осы Жоспарда көрсетілген соммадан артық болса, жоспардан тыс таза кіріс жаңа теміржол желісінің құрылысына бағытталады. Тиісінше мемлекеттік бюджет қаржысынан қаржыландыру көлемі азайтылады.

Басқа темір жолдардың құрылысы бойынша жасалған жобалар Шар Өскемен, Қызылорда Жезқазған және басқа Инвестициялық бағдарламаға енгізілмеген. Оларды жүзеге асыру облыстық әкімшіліктердің, мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдардың жекеменшік капиталды тарту есебіненжүзеге асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы №310  қаулысына сәйкес іске асырылған “Қазақстан темір жолы”  республикалық мемлекеттік кәсіпорын “Қазақстан темір жолы” ҰК”  АҚ етіп қайта құрумен бірінші кезеңнің аяқталуы атап өтілді, бұл саланы реформалаудың кейбір қортындыларын шығаруға мүмкіндік береді.

Оларды ұстау жөніндегі шығындарды ұзақ жылдары бойына жүк жөнелтушілер тариф арқылы өтеп келген әлеуметтік сала объеатілері   мектептер, балабақшалар, медецина мекемелері толық дерлік жергілікті атқарушы органдарға берілген және темір жол кәсіпорындары төлейтін салықтар құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуда.

Қосалқы қамтамасыз ету қызметімен айналысатын барлық еншілес мемлекеттік кәсіпорындар (“Жолжөндеу”, “Жол жөндеуші”- жол жөндеу бойынша, “Локомотивжөндеу” мен “Теміржолмашжөндеу”  локомотивтерді жөндеу бойынша “Теміржолсужылужабдықтау”   кәсіпорындарды сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша, “Көліктелеком”-  телефон және телеграф байланысы қызметтерін қамтамасыз ету бойынша, “Әскерилендірілген темір жол күзеті” және басқалары жеке заңды тұлғалар  акционерлік қоғамдар болып бөлінеді, бұл оларға өз қызметінде акциялар пакеттерін иеленуші “Қазақстан темір жол”  ҰК” АҚ тың тарапынан жасалатын бақылау мен  басқаруды сақтай отырып, икемді, нарықтық тетіктерді қолдануға мүмкіндік береді.

Жылжымалы және тартымдық құрамдарды жөндеу аясындағы қызмет көрсетулердің бәсекелес рыногын кеңейту үшін “Локомотивжөндеу”, “Вагонжөндеу”, “Теміржолмашжөндеу” және “Жолаушылар тасымалы” сияқты кәсіпорындар филиалдарының мүліктік негізінде өндірістік кооперативтер мен жауапкершіліг шектеулі серіктестіктер құрылды.

Сол арқылы жөндеу саласындағы нарықтық қатынастарды дамыту үшін жағдай жасалды, бұл ретте “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ барлық қызметтерді конкурстық негізде атып алуды жүргізеді. Бұл қамтамасыз ету қызметі кәсіпорындары арасындағы бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда, олардың қызметтерін сатып алу бойынша шығындарды азайтты.

Басы артық активтерді шағын, орта бизнес кәсіпорындарына пайдалануға беріп, “Қазақстан темір жолы” ҰК”  АҚ Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдаудың стратегиялық мемлекеттік міндеттерін шешуді айтарлықтай рол ойнады.

Бірінші кезеңнің маңызды шараларының бірі магистральдық темір жол желісінің мүдіктік кешенін белгілеу және оны “Қазақстан темір жолы” ҰК”  АҚ-тың меншігіне беру болды.

Қайта құрылымдаудың бірінші кезеңінің соңы темір жол көлігінің өндірістік және қаржы экономикалық көрсеткіштерінің әрі қарай жақсаруымен атап өтілді.

2003 жылдың соңында локомотив  тартымын беру қызметінің негізгі  түрі болып табылатын “Локомотив” акционерлік қоғамы және мемлекетаралық және арнаулы тасымалдарды жүзеге асыратын “Қазтеміржолкөлік” акционерлік қоғамы құрылды.

Сонымен бірге “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ құрамында құрылымдық бөлімшелер , қызметі магистральдық темір жол желісін пайдалану және күтіп ұстау болып табылатын  Магистралдық желі дирекциясы және поездардың қозғалысын диспетчерлік басқару функциясын орындайтын Тасымалдау дирекциясы құрылды.

90-шы жылдар кезеңінде темір  жол көлік инфрақұрылымының басты  элементі бола тұра, ТМД ның барлық елдеріне тән экономикадағы дағдарыстық процестерге душар болды. Өндіріс көлемдерінің құлдырауы және кәсіпорындар арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы тасымалдау көлемдерінің үш еседен артық төмендеуінен, төлем жасамау проблемасынан және тұтынылатын ресурстар құнының тоқтаусыз өсуінен көрінді.

Экономиканың жүйелік дағдарысы саланы қаржылық және өндірістік құлдырауға алып келді. Сол кезеңдегі темір жол көлігіне тән белгі аз пайдаланылатын желелердің, станциялардың, жылжымалы құрамның, пайдалану және жөндеу кәсіпорындарының, еңбек персоналының басы артық саны болды. Қор қайтарылымының және еңбек өнімділігінің созылмалы түрде төмендеуі осының салдары болды.

Осы жағдайда Үкімет темір жол көлігін қайта құрылымдауда алғашқы қадам жасады. Темір жолды қаржы экономикалық сауықтыру үшін 1997 жылы 31 қаңтарда Үкіметтің қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жолдарын қосу арқылы Қазақстан темір жолы республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылды.

Қабылданған шешімнің дұрыстығын кейінгі жылдардың нәтижелері растады. Барлық қаржы ағындарын біріктіру, қаржылық тәртіпті қатаңдату және басқаруды орталықтандыру саланың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның темір жолы инфрақұрылымға және жылжымалы құрамға инвестициялар жасамай ақ қолда бар активтердің базасында толассыздықтың қажетті деңгейімен тасымалдау қызметін және тарифтердің өсуі салыстырмалы төмен болғанда поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сала нақты бір деңгейде Қазақстанның ірі кәсіпорындарының қалыптасуында және нығаюында басты роль атқарды.

Соңғы жылдары қол жеткізілген Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі қамтамасыз етуші және тасымалдаушы қызметтегі бәсекелестікті дамытуға және жеке меншік инвестицияларды тартуға бағытталған темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау қажеттілігін белгілейді.

Осымен қатар қайта құрылымдаудың негізгі қағидаттарының бірі темір жол желісін мемлекеттің меншігінде сақтап қалу тжәне оны Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттілігін барынша қанағаттандыру және транзиттік әлеуетіе кеңейту мақсатында дамыту болып табылады.

Сонымен бірге одан әрі қайта құрылымдау қажеттілігі Магистральдық желі операторының Ұлттық тасымалдаушыдан қаржылық бөлу және магистральдық желіге барлық тасымалдаушылардың бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету бөлігіндегі оның іс шараларын Темір жол көлігі туралы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай ақ темір жолдың әлеуетті бәсекелестік тасымалдау қызметін табиғи монополиялық қызметтен бөлу бөлігінде Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірумен байланысты.

Темір жол көлігінің мемлекет пен қоғам үшін оңтайлы қызмет ету жүйесіне қол жеткізу қайта құрылымдаудың мақсаты болып табылады.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мына міндеттерді шешу көзделеді:

      • темір жол көлігінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
      • қамтамасыз ету қызметін негізгі қызметтен бөлу
      • магистральдық темір жол желісін тнң пайдалану құқығын беру арқылы тасымалдаушылардың бәсекелес рыногын құру
      • өндірістік қуаттарды оңтайландыру, темір жол көлігінің тиімділігін арттыру
      • жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелерін шешу.

Темір жол көлігі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы Магистралдық желі операторы барлық тасымалдаушылардың магистральдық темір жол желісін пайдаланудың тең құқығын қамтамасыз етеді. Тасымалдау қызметінде бәсекелестік дамыту өз жылжымалы құрамы бар жаңа тасымалдаушылардың пайда болу есебінен қамтамасыз етілді.

Тасымалдаушыларды қалыптастыру процесі Қазақстан Республикасы темір жол көлігінң қызмет еті ерекшеліктерін, жүк айналымының барынша жоғары болатын кезеңдерде тасымалдарды үздіксіз қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі.

“Қазақстан темір жолы” ҰК”  АҚ “Темір жол көлігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Ұлттық темір жол компаниясының қызметтерін жүзеге асырады.

Бұдан басқа, темір жол жүйесін пайдаланудың тең жағдайын қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан темір жолы” ҰК”  АҚ бірнеше жүк жөнелтушілер пайдаланылатын кіпме жолдарды беру жөніндегі қызметтерді қоса магистральдық желінің қызметтерін көрсетуге технологиялық байланысты табиғи монополиялық қызметтерді көрсетумен айналысады. Ол үшін “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-тың меншігіне бірнеше жүк жөнеклтушілер пайдаланатын және «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының меншігіндегі барлық кірме жолдар оңтайлы паркке кірмеген “Қазақстан темір жолы” ҰК”  АҚ-тың вагон және локомотивтер паркіне айырбастау арқылы беріледі. Осы паркке техникалық қызмет көрсету үшін бір пайдалану вагон депосын «Көліктік сервис орталығы» АҚ-тың меншігіне беру көзделіп отыр. Бұл ретте «Көліктік сервис орталығы» АҚ-тың функциялары вагон паркін қалпына келтірі, сату және жалға беру болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)