Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 19:56, дипломная работа
Теміржол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады.
Кіріспе…………………………………………..................………………………5
1. Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері және теміржол көлігінің экономикалық маңызы
1.1 Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері…………..…………...............8
1.2 Қаржылық жоспар жүйесінің ерекшеліктері............................................11
1.3 Теміржол көлігінің экономикалық маңызы………………….................... ...16
2. "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдау
2.1 "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің кұрылысы............................23
2.2 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің технико
-экономикалық көрсеткіштерін талдау................................................................ ..25
2.3 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің шығындары мен табыстылығын талдау.......................................................................................30
3 . “Қазақстан темір жолы” ҰК” қаржысын жоспарлау және жобалау
3.1 “Қазақстан темір жолы” ҰК”-ның Мемлекет экономикасын тиімді пайдалануда жаңа темір жол торабтарын енгізу....................................................45
3.2 Темір жол көлігінің даму перспективалары.....................................................48
Қорытынды…………………………………..................………………………..60
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................63
Қосымша
Көлікке деген қоғамдық қажеттілік, айналым саласы қажеттілігінен емес, ал қоғамдағы еңбек бөлінісімен байланысты қоғамдық өндіріс қажеттіліктерінен туындайды.
Көлік мемлекеттерді, облыстар мен аудандарды байланыстырып, халық шаруашылық қажеттіліктерін, адамдар мен жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бұл оның ірі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени маңызы.
Республикамыздың территориясының үлкендігіне байланысты көліктің барлық түрлерінің, әсіресе теміржол көлігінің ролі тоқтамай өсуде.
Жалпылай айтқанда, көлікті мемлекеттің және оның экономикасының күре тамыры дейді. Ол тұтас бір шаруашылық кеңістікке кәсіпорындармен халық шаруашылық салаларын біріктіреді.
Теміржол көлігінің дамуы мен оның жұмысының жетілдірілуі мемлекеттің өндіріс күштерінің және қоғамдық өндірістің дамуымен тығыз байланыста, сонымен қатар адамзаттың өмір деңгейімен, олардың әл-ауқатымен мәдени өсуімен қалыптасуда. Неғұрлым қоғамның даму деңгейі жоғары болса, көлік солғұрлым адамзат қызметінің барлық салаларына көбірек енеді.
Нарықтық экономика жағдайында, көлік қоғамдық өндірістің және сауданың Қазақстан ішінде және басқа шетел мемлекеттерімен қалыпты жұмыс істеуі мен дамуы үшін анықтаушы ролін атқарады. Осыдан көліктің айналым саласындағы өндіріс процессін жалғастырушы маңызды ролі анықталады.
Көлік өнімін тұтыну, яғни өндіретін пайдалы нәтижесіне келетін болсақ, онда бұл жерде де ол басқа тауарлардан ерекшеленбейді. Егер көлік жеке тұтынуға келетін болса, онда тұтынумен бірге оның құны да жоғалады; егер ол өндірісте тұтынылса, яғни тасымалдаудағы тауар өндірудің кезеңі болса, онда оның құны тауарға қосымша құн ретінде ауысады.
Теміржол көлігі және оның өнімін білу үшін, оның ең маңызды ерекшеліктерін танып алу қажет:
-көлік өнімінің заттай түрі жоқ, көлік жаңа заттарды өндірмейді, ол тек басқа материалдық өндіріс салаларында өндірілген өнімді, тауарларды тасымалдайды;
-көлік өнімін қор ретінде сақтап, жинауға болмайды, сондықтан да көлік локомотив, вагондар қорынсыз жұмыс істей алмайды;
-көлікте, оның өніміне баға
-тасымалданатын жүк көлік
-көлік, тасымалданатын тауарларға заттай ештеңе қоспайды және өндірмейді.
Бұдан көлік құралдарының айналымының ерекшеліктері пайда болады.
Жалпы, көлік процессімен айналымды тездету, бір жағынан қоғамда қалыпты шаруашылық байланыстармен кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге, екінші жағынан- көлік жұмысшылары еңбегімен құралатын қосымша құн мен тасымалдау құнын тез өткізуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, тауарлар және жұмысшы күшін тасымалдау процессін тоқтата немесе тездете отырып, көлік жұмысшы күші мен материалды игіліктердің кеңейтілген ұдайы өндіріс процессін қамтамасыз етіп немесе бұза отырып, өндіріс процессін жаңартуға тікелей әсерін тигізеді. Көлік капиталының айналым формуласы көліктің өз ерекшеліктерін көрсетеді: заттай тауар түрінде дайын өнімнің жоқ болуы; уақыт бойынша өнімді өндіру мен тұтыну қызметтерінің дәл келуі; өндіріс құралдары құрамында шикізаттың жоқ болуы.
Теміржол көлігінде өнеркәсіп салаларының барлығына ортақ тауар өндіріс заңы жұмыс істейді. Белгілі бір тауарды, белгілі бір жерге дейін тасымалдауға заттай және тірі еңбек неғұрлым аз жұмсалса, солғұрлым еңбектің өндіріс күші жоғары болады, және керісінше.
Жүктерді тасымалдау, оның құнын транспорт шығындары және жұмысшыларымен құрылған қосымша өнім көлеміне көбейтеді. Көлік ұлттық табыс пен қоғамдық өнімнің жиынтығын құруға қатысатын материалды өндіріс саласы болғандықтан, көлік жұмысшыларының еңбегі құнмен қосымша өнім өндіруші еңбек болып табылады. Көлік өнімі, яғни адамдар мен тауарлардың ауысуының пайдалы әсері, өндірістік тауарлар сияқты құнға ие. Оны өткізу арқылы көлік жұмысшылары еңбегімен құрылған қосымша өнімнен пайда алуға болады. Бұдан, қоғамға объективті түрде қажетті тасымалдау көлемі неғұрлым көп болса, ұлттық табыстағы көліктің үлесі соғұрлым көп болады деген тұжырымға келуге болады.
Тауарларды тасымалдауды жүзеге асыра отырып, теміржол көлігі қоғамдық өнімді және қоғамдағы тауарды айырбастау құралы ретінде ең активті және объективті қажетті фактор ретінде жұмыс істейді. Ол қоғамдық өндірістің жедел өсуіне қолайлы жағдайлар жасайды. Мұнда айта кететін жайт, көлік тауардың айналым жылдамдығына және қоғамдық өндіріс процессінің тоқтамай жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді. Өндірілген өнімді тікелей тұтынушыға жеткізу оны дайын өнім ретінде ұсынады. Мысалы, шахтада табылған көмір сол шахтада керегі жоқ.Ол осы көмірге сұранысы бар тұтынушыға қажет. Ал бұл көмір тұтынушыға жеткізілгеннен кейін, ол тұтынушылық құн немесе жай құнға ие болады.
Өндірілген өнімді тасымалдау және осымен байланысты қосымша шығындар ұдайы өндіру процесі үшін объективті қажетті болғандықтан, қоғам транспорт шығындарын төмендетуге қызығушылығын көрсетеді.
Теміржол көлігі өндірістік қорларды төмендету және айналым құралдарының айналымының жылдамдығына үлкен әсерін тигізеді. Осыған байланысты теміржол және басқа да көлік түрлерінің қозғалыс жылдамдығының өсуі маңызды сұрақ болып табылады. Барлық тасымалдау процесін жылдамдату және жолаушылар мен жүк жеткізу уақытын азайту экономиканың объективті талаптары.
Қазіргі жағдайда көлік жұмысының тиімділігін көтеру, интенсивті даму және жоғарғы соңғы нәтижеге жету үшін: өндіріс жоспарларын тепе-теңдікке келтіруді, өнімді жеткізу, өткізу мен тасымалдау; тасымалдауды көлік түрлері арасында бөлу;өнімнің тасымалдауында минималды шығындарға жетуді қамтамасыз ету керек.
Көлік және халық шаруашылығының басқа салаларын дамытуда дұрыс жоспарлау саясатын қолдану қажет. Бұл көлік құралдарын тиімді пайдаланып, қоғамдық еңбектің максималды экономикасына қол жеткізіп, тасымалдау процесіне байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан теміржол көлігінің маңызды ерекшелігі болып, жүк айналымының өсу көлемі, өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемінен құндық дәрежеде баяу өсуі. Өнеркәсіптік өнім құрамында құнды жүктердің үлесі көбеюде. Жүк массасы да, құнына қарағанда баяу өсуде. Экономиканы реттеу арқылы, кәсіпорындармен өндіріс салаларын шикізат, отын және дайын өнімді тұтыну аудандарына енгізуге мүмкіндік береді. Мемлекет экономиканы реттеу арқылы көліктің барлық түрлерінің тиімді жұмыс істеп, максималды пайда табуына көмек етуі мүмкін. Бұл үшін, дұрыс жоспарланған, ұзақ мерзімді көлік саясаты болу керек. Яғни мемлекет, көліктің кейбір салаларына дотация, субсидия, қолдау көрсету арқылы өз меншігінде ұстап, ал екіншілерін жекешелендіру арқылы бәсеке жағдайына апаруы керек. Сол сияқты басқа да шараларды қолдану арқылы мемлекет өз көлік жүйесін қадағалап реттеуі тиіс.
Ал енді жалпылағанда, көліктің экономикадағы маңызын, ролін әрбір адам жетік білмесе де өз алдына елестете алады. Көліксіз экономика өспейді, дамымайды. Көліктің қандай да түрі болмасын мемлекет өмірінде, халық шаруашылығында, өндірістегі ролі өз алдына бөлек. Қазіргі кезде мемлекеттің интеграция процесіне қатысуы, глобализация жағдайында көлік саласы- ең маңызды фактор, негіз. Сол себепті, әрбір мемлекеттің жас мемлекет немесе дамыған мемлекет болсын өз алдына бөлек, тиімді жоспарланған көлік саясаты, ұзақ немесе қысқа мерзімді бағдарламасы бары тән.
2. "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдау
2.1 "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің кұрылысы
"Қазақстан темір жолы" Ашық
акционерлік қоғамы Жолаушы
Филиалдың жеке балансы бар. Оның мүлігі және құралы қоғамның жалпы балансында ескеріледі. Өз іс - әрекетін жүргізу және ұйымдастыру үшін филиал заңды тәртіпте құрылған бланкілерде ағымдағы шоттарын ашады. Филиалдың қоғамдық ортамен және тасымалдаушылармен, тауар белгісімен, өз атымен алынған мөрі, штампі және бланкісі болады.
Филиал өздігінен қалыптасқан поездарда және вокзалдарда және Қазақстан темір жолында қызмет ететін басқа да мемелекет шекараларындағы қалыптасқан темір жол әкімшілігінде жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Филиал кірісі орындаған жұмыс көмегінің ауқымынан, жүк және жолаушыларды тасымалдау қызметінен Ашық акционерлік қоғамының тағайындаған есеп айырысу құнының деңгейіне байланысты қалыптасады. Сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңдылығы тиым салынбайтын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырылуына байланысты эксплуатациалаушы жұмысының көрсеткендіктерін орындау үшін есеп айырысу бағалары "Жолаушы және жүк тасымалдау" Ашық акционерлік қоғамымен бекітіледі.
"Жолаушы және жүк тасымалдау" Ашық акционерлік қоғамы және филиал арасында есептеулер жүргізу және шоттарды көрсету ай сайын жүргізіледі. Есеп жағдайлары ай сайынғы балансты құруда анықталады. Мемлекеттік тапсырыс: жолаушыларды жөнелту;
Есептік көрсеткіштер: жолаушылар саны, еңбек ақы қоры, қызмет және жұмыстың өзіндік құны, таза табыс және оның таратылуының бағыты. Филиал өзінің қызметін тікелей бағынышты бөлімшелерге ие: вокзалдар, жолдың қауіпсіздгін ұйымдастырудың вокзалдық кешендері, сызықтық билетінің кассалары.
Филиалдың негізгі мақсаты болып:
Филиалдың негізгі есебі болып:
Филиал өзіне жүктелген есептеулеріне байланысты келесі қызметтерді орындайды:
жолаушыларды тасымалдаулармен олармен байланысты жұмыстардан
түскен кірістердің уақтылығына және толықтылығына бақылауды
қамтамасыз етеді, қаржылық және жоспарлы - экономикалық
жұмыстарды жетілдіреді.
Филиалды жалпы басқаруды қоғам жүзеге асырады. Филиалды басқару бойынша Қоғам компетициясына кіреді:
2.2 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Маңғыстау облысының темір жол бөлімінің 2007-2008 жылғы қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері төмендегі кестеде келтірілген.
Жылжымалы құрамдардың жұмысының өсуі Кесте 1.
Көрсеткіштер аты |
Өлшем бірлігі |
2007 ж. |
2008ж. |
% |
Жүк айналасын пайдалану |
Млн.т/км |
164685 |
181318 |
110,1 |
Электровоздар күші |
82208 |
87634 |
106,6 | |
Тепловоздар күші |
82477 |
93776 |
113,7 | |
Жүк айналасының ыдысы мен бірге салмағы (брутто) |
Млн.т/км |
277557 |
307533 |
110,8 |
Жүк айналысының ыдысы |
Млн.т/км |
112872 |
126304 |
111,9 |
Электровоздар күші |
50672 |
53966 |
106,5 | |
Тепловоздар күші |
62200 |
66367 |
106,7 | |
Локомотивтер жүрген жолы |
Лок -км |
95090557 |
10536033 |
110,8 |
Электровоздар күші |
42363335 |
45667675 |
107,8 | |
Тепловоздар күші |
52727222 |
59687215 |
113,2 | |
Локомотивті пайдалану орташа, тәулікке |
Бір |
468,8 |
514,2 |
109,7 |
Электровоздар |
187,0 |
198,0 |
105,9 | |
Тепловоздар |
281,8 |
317,5 |
112,7 | |
| ||||
Жалпы вагондардың жүргені |
Мың ваг/км |
4698240 |
5224442 |
111,2 |
Электровоздың күші |
2197757 |
2349402 |
106,9 | |
Тепловоздың күші |
2500483 |
2880336 |
115,2 | |
Соның ішінде: жүктелуі |
2896710 |
3229832 |
111,5 | |
электровоздар күші |
1343382 |
1445479 |
107,6 | |
тепловоздар күші |
1553328 |
1787880 |
115,1 | |
Бос вагондар |
1793784 |
1987513 |
110,8 |