Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

diplomnaya.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

 

Кесте 23 -  «АТФ Банк» АҚ -ның депозиттердің түрлері бойынша талдау

 

Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Өзгеруі, 2013/2012жж

млн тг

%

Талап етуге дейінгі 

907499

1013917

1082379

68462,058

6,8

Мерзімді 

411984,7

408058,7

530144,8

122086,07

29,9

Жинақтық 

96271,34

135500,4

86658,28

-48842,13

-36

Барлығы

1415755

1557476

1699182

141706

9,1

        Ескертпе - «АТФ Банк» АҚ-ң  жылдық есеп негізінде құрастырылған


Талап етуге дейінгі  депозиттері 2011 жылы 907499 млн. теңгені құрады, ал 2012 жылы 1013917 млн. теңгеге жетті, 2013 жылы 68462 млн. теңгеге немесе 6,8 % өсіп, 1082379 млн. теңгеге жетті. Мерзімді  депозиттер 2011 жылы 411984,7 млн. теңгені  құрады, ал 2012 жылы 408058,7 млн. теңгеге жетті. 2013 жылы 122086,1 млн. теңгеге немесе 29,9% өсіп, 530144,8 млн. теңгеге жетті [29]. Жинақтық  салымдар 2011 жылы 96271,34 млн. теңгені  құрады, ал 2012 жылы 135500,4 млн. теңгеге дейін артып, ал 2013 жылы 48842,13 млн. теңгеге немесе 36 %  артты, 86658,28 млн. теңгеге жетті.

 «АТФ Банк» АҚ-ғы  валютасына байланысты депозиттерді талдау 24 кестесінде  көрсетілген [29].

 

        Кесте 24 -«АТФ Банк» АҚ-ғы  валютасына байланысты депозиттерді талдау

 

Валюта түрлері

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Өзгеруі, 2013/2012жж

млн тг

%

КZT

1149593,1

1283360,2

1420516,2

137155,9

10,7

ЕАВ

266161,9

274115,8

278665,8

4550,1

1,7

Барлығы

1415755

1557476

1699182

141706

9,1

        Ескертпе - «АТФ Банк» АҚ-ң  жылдық есеп негізінде құрастырылған


 

Теңгедегі депозиттердің жалпы көлемі 2011 жылы 1149593,1 млн. теңгені құрады, ал 2012 жылы 1283360,2 млн. теңгеге артты. 2013 жылы 137155,9 млн. теңгеге немесе 10,7% өсіп, 1420516,2 млн. теңгеге жетті. Шетел валютадағы депозиттердің 2011 жылы 266161,9 млн. теңгені құрады, ал 2012 жылы 274115,8 млн. теңгеге жетті, ал 2013 жылы 4550,1 млн. теңгеге немесе 1,7% өсіп, 278665,8 млн. теңгеге жетті [30].

Қорыта келгенде, жасалған талдау негізінде  «АТФ Банк» АҚ банк жүйесіндегі маңызды орынды алады, банктің қаржылық жағдайы жақсарылып, несиелік және депозиттік операциялары өсіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3   Қазақстан Республикасындағы  банктік жүйесін реттеуді жетілдірудің  кейбір жолдары мен даму   перспективалары

 

3.1 Қазақстандағы банк  жүйесінің проблемалары 

 

 

2013 жылы Ұлттық Банк қазіргі уақытта макропруденциалдық реттеуді ендіру шеңберінде рәсімдерді әзірлеу үстінде, бұл рәсімдер жүйелік тәуекелдер мен дисбалансты төмендетуге бағытталған, қаржы жүйесіне ықпал ететін құралдардың бүкіл аясын кешенді пайдалануға мүмкіндік жасайды.Талдау барысында екінші деңгейлі банктердің ресурстарды құру проблемалары анықталды:

- банк өтімділігінің проблемалары;

- банк секторындағы тәуекел;

- банктердің қарыздары.

Банк өтімділігінің проблемаларын шешу үшін банктің функцияларына қаржы институттарына өтімділік беру және, бірқатар елдер бойынша, оларды қорландыру кіреді. Бұл қаржы нарығының негізгі субъектілерін тікелей қолдау, сол сияқты оларды реттеу бойынша шешімдер қабылдауды орталықтандыруды талап етеді.

Банк секторындағы тәуекел қайта қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету қажеттілігі бар

      Бантердің қарыздарына  келетін болсақ,  қаржы дағдарысының  әсерінен пайда болған банктердің  қарыздарының өсуі байқалып, қазіргі  кездегі бұл проблемалары әлі де толығымен шешілмеген. Екінші деңгейлі банктердің проблемалары 9 суретте көрсетілген.

 


 



 

 

 

 

Cурет 9. Екінші деңгейлі банктердің проблемалары

 

       Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында атап айтылғандай, банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделген. Ал мұның өзі түптеп келгенде банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды. Көптеген банктердің банкроттыққа ұшырауларын зерттеу барысында банкроттықтың негізгі себебі болып, несиелендірудің төменгі сапада болуын куәландырады. Сондықтан-да олар несие ресурстарының қайтарылмау мәселелерімен күнделікті соғысып қалады, несие портфелін дұрыс басқара алмау, несие саясатын және несиелік процесті дұрыс ұйымдастырмау салдарынан банктің банкротқа ұшырауы біздің елімізде де алғанын айта кетуіміз керек.

      Несие саясатының жақсы дамуы және процедурасы, қоржынды сауатты басқару, несиелерді нәтижелі бақылау, осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындау тиімді несиелік басқарудың маңызды элементерінің бірі. Дегенмен көптеген банктер несие басқаруларын және несиелік тәуекел процестерін тиімді жайғастыра алмайды. Несиелік портфельге бақылау бағдарламасы банк түріне, оның мамандануына,  несие қабілеттілікті бағалау әдісіне байланысты. Мысалы, өндірістің құлдырауын бастан кешкен салалардағы кәсіпорындарға қарыз берген банк өзінің қарыз алушыларының несиелік ісін жүйелі түрде ай сайын жүргізе алады. Көп жағдайларда дифференциалды қадам қолданылады. Сенімді несиелер тоқсанына бір рет тексеріледі, ал мәселелі несиелер үнемі талдау және бақылауды талап етеді.

Бүгінгі таңда, банк жүйесі үшін клиенттің несие қабілеттілігін анықтаудағы тиімді әдістер мен жолдарды дұрыс таба білу өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Дағдарыс жағдайында тәуекелдерді басқарудың бірдей әдістемесін қолдану мүмкін емес. Қазақстанның коммерциялық банктері алдында барлық уақытта қарыз алушының несие қабілетін талдау әдістемесін таңдау мәселесі тұрады. Бұл сұрақтың туындауы біріншіден, несие қабілеттілікке талдау жүргізетін несиелік қызметкерлердің тәжірибесінің аздығы болса, екіншіден, қарыз алушылар туралы ақпараттың жалаңдығы. Егер шет елдерде бірнеше ондаған жылдар бойы жинақталған ақпараттар табылатын болса, бізде несиелік бюролардың құрылғаны кеше ғана. Үшіншіден, несие қабілеттілікті анықтау бойынша Қазақстанда дайындалған әдістемелік нұсқаулар жоқтың қасы, Ресей немесе шет елдер дайындаған несие қабілеттілікке қатысты әдістемелік нұсқаларды Қазақстандық жағдайға ықшамдау қажет [31, 5б].

Қазақстан банктері көп жағдайда, банктің несие тәуекелділігі жүйесін басқаруда өзіндік тәжірибе мен олқылықтарға көп назар аударады. Оның қандай себептерден болғанын, қандай әдістер мен шешімдер орын алғанын қарастырады. Нарықтық экономика жағдайында және шетелдік стандарттар мен нормативтердің көптеп енгізілуі жағдайында Еуропа мен АҚШ сияқты елдердің миллиондап қаржы жұмсаған зерттеулеріне үлкен мән берген дұрыс сияқты.

Бүгінгі күнге дейін қазақстандық және шетелдік қадағалау ұйымдарының қарыз алушының несие қабілеттілігін, несие тәуекелділігі мен бағалау әдістемесін қолдануында айтарлықтай ерекшелік болмады. Банкті қадағалау бойынша Базель комитетімен қабылданған жаңа талаптар қалыптасқан тәжірибені түбегейлі өзгертті десе де болады. Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау кезінде банктер мен рейтинг агенттіктерінің беретін бағасының маңызы артты.

Отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің еңбектерін зерделей отырып, қазіргі несие нарығындағы және әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты несие қабілеттілікке төмендегідей авторлық анықтама берілді:  «Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу және жою қабілеті».

Несие қабілеттілікті анықтау кезінде бірнеше көрсеткіштер мен белгілерге үлкен мән берген жөн, әлемдік және отандық банктер тәжірибелерін қарастыра отырып қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер сипатталды. Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі  төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу  қабілеті болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында  көңіл аударатын ең бір формалды көрсеткіш болып табылады.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты қарызбен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Отандық және шетелдік тәжірибе несие тәуекелділігі мен клиенттің несие қабілеттілігінің бірнеше анықтаушы белгілерін зерттеді. Банктер тәжірибесінде қолданылатын қарыз  алушының несие қабілеттілігін анықтау мен бағалаудың маңызы мен қажеттілігін зерттей келе, олардың сан алуан әдісі мен әдістемесі бола тұра несие тәуекелдерін басқаруға әлі толық қол жеткізілген жоқ, яғни бұл сала көптеген зерттеулерді талап ететіндігін көруге болады. Біз өз зерттеуімізде, несие қабілеттілік анықтамасыа авторлық анықтама жасап, әр түрлі еңбектерде білдірілген пікірлерге байланысты тұжырым білдірдік және қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілерді жинақтап жүйелендірдік.

Бүгінде банктер экономиканың нақты секторын несиелеуден тек банктердің ғана емес, Үкіметтің де басты проблемасына айналып отыр. Банктердің нақты секторға несие беруге құлықты болмауының себебі,  банктердің экономиканы дамытуға деген ықыласының азайғанынан емес, өздерінің қоржынындағы ресурстар сапасының төмендігіне байланысты амалсыздан болып отыр. Қоржындағы қаржының сапасы төмен. Егер несие алушы жеке тұлға немесе заңды тұлға оны төлеуге қабілетті, сенімді болған жағдайда ол қоржындағы сапалы ресурс болып есептеледі. Көптеген несиелердің қайтарымы төмен, банктердің қолындағы кепіл мүліктер бағасы өспеуде, олар жөнінде қайта құрылымдау туралы әңгіме қозғалуда. Яғни мұндай жағдайда банктердің қоржындағы азды-көпті ресурсты жұмсамай, қолда ұстап отыруына негіз бар деп есептеледі. Мұндай жағдайда біріншіден, банктердің несие қоржынын тазалау керек. Кейбір банктердің несие қоржынының 30-35 % нашар несиеден тұрады [31, б.64].

Қайтарылуы күмәнді несиелері қордаланған банктер үшін 2014 жыл біраз қиындықтар әкелгелі тұр. 

Өйткені  келер жылдан бастап  ешбір банктің қоржынында  20 пайыздан асатын жұмыс істемейтін  несиелер болмау тиіс деген талап қойылмақшы. Бұл нормативке сай келмейтіндердің басына қара бұлт үйіріледі деп күтілуде. Аталған шараның  орынды  екені белгілі. Бірақ  біздің банк секторымыз қайтарылуы қиын күмәнді несиелері бойынша  ТМД-да ғана емес, әлем бойынша бірінші орынды иемденіп, ең ірі әлеуетті деген  банктеріміздің өзінің ондай  несиелері портфельдің 20 емес, 51 пайызын құрап отырған көрінеді. Жалпы, проблемалы несие портфелі жайында  мәселе көтеріліп келе жатқанына талай жыл болды. Экономиканың нақты секторын қаржыландырайын десе, банктердің қолын осы  жұмыс істемейтін несиелер байлап отыр деген пікірлер де талай айтылды. Шындығына келгенде, кезінде бәріне көз жұмып, оңды-солды берілген несиелер бүгін  тамаққа  тіреліп қалған сүйек секілді не ары, не бері  кетпей, кептеліп-ақ тұр. Проблемалы несие қоры да құрылып,  банктердің адымын аштырмай отырған проблеманы жеңілдетейін деп еді. Ол да  ештеңе бітіре алмады.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Елбасы Үкімет пен Ұлттық банкке коммерциялық банктердің бетін экономиканың  нақты секторына  бұрғызуды тапсырғаны есімізде. Оны қалай  бұрғызудың рецепті өкінішке қарай табылмауда. Ол үшін  екінші деңгейлі банктердің  проблемалы несиелерін мемлекет өз мойнына алуы керек деген пікірлер де айтылды.

Проблемалық несиелер қорының ұсынған бағасына  банктер  қордаланған қайтарылмайтын несиелерін төмен бағаға сатқысы жоқ, өзіміз шешеміз деп, одан   айырылғылары     келмейді.    Айналып    келгенде, мұның   бәрі кезінде 

реттеуші  ұйымның  жіберіп алған  ағаттығының нәтижесі болып отыр. 

Біздің ойымызша, Ұлттық банктің талабы дұрыс. Бірақ бас банктің оның  жүзеге аса қоюы қиын.. Бас  бақылаушының талабы бойынша провизия жасаулары керек. Екіншіден,  сенімсіз несиелерді таза табыспен жабуға  болады. Үшінші вариант – банктер жарғылық капиталын көбейтуі тиіс.  Бірақ оған банк иелері  өз еркімен бара қоймайды. Сондықтан да Ұлттық банк  тек айтып ғана қоймай, өзінің талабын  орындатуға да күш салуы тиіс. Осының бәрі айналып келгенде, Ұлттық банктің  несие саясатын нашар жүргізіп отырғанының  көрінісі. Бүгінде  банктердің экономиканың нақты секторына беріп отырған несиесі 32-ақ пайызды құрайды. Қалғанының бәрі сауда-саттық, тұрмыстық қажеттіліктерге беріледі.  Өркениетті елдерде бизнеске несиенің 80 пайызы бөлінеді.  Біз ол деңгейді айтпай-ақ қояйық,  тіпті 50-60 пайызға жеткізуге болады ғой. Банктердің бас артық ақшалары баршылық. Соған қарамастан, экономиканың нақты секторларына несие бергілері жоқ.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері