Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

diplomnaya.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Жоғарыда айтып кеттім ғой, еліміздегі барлық банктің несие қоржындарының 35 пайызы үмітсіз несиені құрайтынын. Егер ол 40 пайыздан  айналатын болса, онда банктер құрдымға кетіп, банкротқа ұшырайтын болады.  Менің бір баса айтқым келетіні – нарық бәрін шешеді деген тұжырымның бекер екендігі. Нарық ештеңені шешпейді.  Мемлекеттің қуаты, Үкіметтің пәрменділігі шешеді. Ұлттық банк осының бәрін ескере отырып, күштеп болса да өз талабын орындатуы тиіс. Несие саясатындағы бұл оның ең басты жұмысы болып табылатынын ұмытпауы  қажет деп ойлаймын. Ал  шынтуайтына келгенде, нарық өздігімен ештеңе шешпейді [32, б.10].

Қазақстан Ұлттық банкі өзі  қойып отырған талапты орындата ала ма, жоқ па, оны тағы да уақыт көрсетеді. Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша, коммерциялық банктер проблемалық қарыздарды еншілес филиалдарына беріп, өз баланстарын тазалаған кейіп көрсетумен айналысады. Әйтсе де бұл проблеманы шешпейтіні белгілі. Банктердің тек активтерінің көрсеткіштері жақсарған кейіп танытып, шын мәнінде қаржылық топтардың шоғырландырылған балансында қала береді. Сонда ҰБ талабы тағы да тек коммерциялық талап ғана болып шықпақ.

Теңгенің құнсыздануы, қымбатшылық, еліміздегі бірнеше жекеменшік банктердің банкротқа ұшырау қаупі туралы қауесеттің тарауы адамдардың күдігін қоюлата түскен. Құзырлы органдар да, үкімет пен Елбасы да елді сабырға шақырды. Өткен аптаның соңында кәсіпкерлікті ынталандыру және қаржы секторын сауықтыру мәселелері жөніндегі кеңесте ҚР Президенті Н.Назарбаев қаржы, банк саласы, экономиканы қолдау, шағын және орта кәсіпкерлік, индустриалдық бағдарламаны жүзеге асыру үшін қыруар қаржы бөлінетінін айтты: «Сыртқы қаржыландыру көздерінің біз үшін қолжетімділігі аз және бөлінетін несиелер өте қымбат. Банк жүйесіндегі ішкі резервтер шектеулі, өйткені отандық банктер дағдарыстан енді-енді шыға бастады. Осыған байланысты, өздеріңіз білетіндей, экономиканы, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ елімізде индустрияландыруды жалғастыру мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге мөлшерінде қомақты қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Ол азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды, еңбекақыларын төлеуді қамтамасыз етеді және жалпы тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік тудырады». Қазіргі бағаммен алғанда, 1 трлн. теңге – 5 миллиард 405 миллион долларға жуық ақша. ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтындағы дерекке жүгінсек, 2014 жылдың қаңтарында Ұлттық қордағы қаржы көлемін 71 миллиард, 142 миллион доллар деп көрсетіпті.

Ел экономикасы тығырыққа тірелген сәт бір бұл емес. Әлемдік қаржылық дағдарыс соңы ушыға бастаған тұста, анығы, 2008-2009 жж. Ұлттық қордан отандық экономиканы қолдау мақсатында аса мол көлемде ақша бөлінді. Соның арқасында экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа зиян келмегенін еске салған Н.Назарбаев: «Қазақстан экономикасы қыспақтан құтылды, сол кезде бүкіл әлемде орын алғандай зейнетақының, еңбекақының төмендеуіне жол берілген жоқ. Өздеріңізге белгілі, Еуропаның көптеген елдері әлі күнге дейін еңбекақы, зейнетақы және барлық басқа да төлемдерді азайтып, оның зардабын тартуда. Бүгінгі шешім Ұлттық қор құру жөніндегі біздің қадамымыз дұрыс болғандығын тағы да дәлелдеп отыр. Әлемдік дағдарыс әлі де жалғасып жатқанын ескерсек, мемлекеттің аяқ астынан туындайтын қиын жағдайларға арналған резервтері болуға тиіс», – деді  [33].

Бір кездері оппозиция өкілдері Ұлттық қордағы қаражатты халыққа теңдей бөліп беруге ұсыныс жасаған еді. Бірақ билік бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы болған. Қордағы қаражаттың тек экономикалық кешенді мәселелерді шешуге бағытталатынын айтқан Елбасы 1 трлн. теңге негізінен өңдеу өнеркәсібін дамытуға, экспортқа сапалы өнімдер шығаруға арналатын жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатынын жеткізді. Ақшаның қайда және қалай жаратылатынын анықтайтын арнайы комиссия құрылады.

Соңғы кездері отандық қаржылық нарықты шатқаяқтатуға, ел ішінде дүрбелең туғызуға тырысқан арандатушылық әрекеттер де байқалды. Өткен аптада жұрт депозиттері салынған 3 банктегі салымдарын алып кетуге жанталасты. Оған себеп: ұялы телефондар, әлеуметтік желілер арқылы біреулердің банктерге қатысты жағымсыз ақпарат таратып, адамдарға салымдарын банктерден алып кетуге кеңес бергені. Аталған банктерге орасан зор көлемде шығын келтіргендерді құзырлы органдар құрықтады. Олар енді заң алдында жауап бермек. Өкініштісі сол, теңгенің құнсыздануы, базарлар мен дүкендердегі қымбатшылық жүйкесіне тиген жұртты банкротқа ұшырау туралы сыбыс кәдімгідей әбігерге салған еді. Осыған орай арнайы мәлімдеме жасаған Н.Назарбаев: «Біздің экономикамыз ойдағыдай және ешқандай да күйреу болған жоқ. Елдегі бірде-бір банк бүгінде банкротқа ұшырамайды [33]. Біз 2009 жылы БТА және өзге банктерге қатысты да мұндайға жол берген жоқпыз, себебі оларда азаматтарымыздың салымдары болды. Біз қазір де бұған жол бермейміз. Біз халықтың басым көпшілігінің қаражаты сақталатынына кепілдік береміз. Ал банктер айналасында дүрбелең тудырғандар қазір табылды және жауапкершілікке тартылатын болады. Бәріміз елімізде тыныштық пен тұрақтылықтың болғанын қалаймыз, бұл – барша қазақстандықтардың міндеті. Жоспарлағанымыздың барлығын біз әрдайым орындап келдік», – деп сабырға шақырды [33].

Ақпанның он біріндегі теңгенің құнсыздануынан кейін еліміздегі бірнеше банк жекеменшік тұлғаларға несие беруді тоқтататындықтарын мәлімдеген. Банктен борыш алуға құқылы азаматтар арасында тек жалақысын сол банктен алатындар ғана бар. Қаржылық қауіпсіздіктеріне алаңдаған әрі бұрынғыдай шет елдерден келетін арзан да пайыздық мөлшерлемесі төмен несиеден қағылған банктер әр қадамын аңдап басуға көшті. Қайтарымсыз несиелердің көбеюі, банктердің бірін бірі несиелеуге құлықсыз болуы, несие қоржындарының қаржылық және қарыздық дағдарыстың кесірінен орталанып қалуы банктерге кәдімгідей ауыр соққы боп тиді. Әрі кешегі девальвация да оларға қосымша жүк. Өйткені сырттан алатын қарызды олар доллар күйінде алып, борышты теңге түрінде алғысы келетін халыққа теңгемен таратады. «Жығылған үстіне жұдырық» демекші, ипотекалық несие алуға құлшынатындар санының күрт төмендеуі де қаржылық құрылымдардың мүмкіндігін шектеді. ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов Ұлттық банктің доллардың бағамын күштеп ұстап тұрудан бас тартатыны туралы мәлімдеме жасаған күннің ертеңіне-ақ бірқатар ірі құрылыс компанияларының басшылары еліміздегі құрылыс нысандарының бағасы қымбаттайтынын, өйткені құрылыс материалдарының басым бөлігі Қазақстанда шығарылмайтынын, шет елдерден импортталатынын айтты. Теңге құнсызданды деген сәтте бірнеше ірі сауда орындары мен базарларда баға шарықтады. Себеп біреу-ақ: азық-түлік, тұтыну тауарлары т.б. бәрі дерлік жатжұрттықтардан тасымалданады. Кешегі кеңесте Елбасының «өндіріске көңіл бөлеміз, несиелеу қарқынын арттырамыз» деуінің астарында да импорт көлемін шектеп, отандық өндірушілерге қолдау көрсету жатыр. Тағы бір маңызды жайт, Қазақстан Тәуелсіздік алғалы 23 жылға жуық уақыт өтсе де экономиканың дербестелмеуі, яғни диверсификация жасалмауы, шикізат өндіруден бастап тауар шығаруға дейінгі процесті қамтитын кластерлік жүйенің қалыптастырылмауы, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің өнім өндіруден гөрі алыпсатарлықпен айналысуы т.б. келеңсіздіктер отандық экономиканың, әлеуметтік ахуалдың, өндірістің дамуына кедергі. Оған әбден дендеген сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты тағы қосыңыз. Демек, халықтың қалтасынан, Ұлттық қордан бөлінетін 1 трлн. теңге «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпей, қатаң қадағалауда болуы шарт. Сосын Министрлер кабинеті, құзырлы органдар «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп мақтануға арналған науқаншылдықтан арылып, нақты іске, нәтижелі еңбекке көңіл бөлгені абзал. Сонда ғана экономика алға басады, ал жұмыссыздық, баспанасыздық, қымбатшылықтан титықтаған жұрт әлеуметтік наразылықтарға бой ұрмайды. Керісінше, қолдарынан келгенше Қазақстанды дамытуға атсалысады.

 

 

3.2 Қазақстан Республикасы  банктік жүйесін жетілдірудің  кейбір жолдары

 

 

Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.

Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев  банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: «Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге үшырады« деп мақтанышпен атап өткен болатын [33].

Кәсiпкерлiк деңгейi  жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.  

 Қазақстан Республикасының  банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне  екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен  байланысты болып келедi. Жоғарыда  атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа үшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты.

Банктердің және тауарлы –ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметтінің бардық деңгейіндегі басқару мен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдесіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдардың халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқада бос ақша қаражаттарын тарта отырып қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.  
 Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үйлестіру мханизімін қамтамасыз ету арқылы маңызда халықшаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді  жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады. 
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының « тобын » құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және балық қаржылық капитал арқылы нарықты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасынын аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып « нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін.

Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерствовалар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты жұмыс істейді.

Несиелі-банктік жүйе қазіргі Қазақстанның экономикалық құрылымында ерекше рөлді ойнайды.  Қаржылық институттар, жекелеп алғанда, банктер кредиттік ресурстарды жеткізушілер мен тұтынушылар арасында делдалдық қызметті атқарады.  Банктер белсенді қызмет етіп отырған капиталды шоғырландырып, бос ақша қаражаттарына айналдырады, әртүрлі көптеген операцияларды атқарады.  Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің арқасында кәсіпорындар мен халықтың төлемдері мен ақшалай есептерінің мәнді ағымы жүзеге асырлады.

Сонымен қатар, банктер, қаржылық делдалдар ретінде үлкен көлемде операцияларды жүзеге саырады және осыған орай қоғамның бірқалыпты экономикалық өміоін қамтамасыз етеді, банктердің ерекше рөлі банктің ерекше табиғатымен анықталады – банктерге үлкен ақша қаражаттары сенімділкпен тапсырылады.  Сонымен қатар атап кету керек, қаржылық сфера уникалды сфера болып табылады, өйткені тек оған ғана банктік шоттардан массалық қаражаттарды алу нәзіктілігі мен ерекше сезімталдылығы тән.

 Жоғарыда айтылғандарды есепке  ала отырып Қазақстан Республикасының  екніші деңгейдегі банктерінің  қызметінің сферасы мемлекет  жағынан бақылау мен ерекше көңіл бөлінетін объект болып табылады.  Қазақстанның банктік заңданамалары көптеген нұсқаулардан тұрады, соның арасында банктік қызметті лицензиялау, банктік қызметтердің түрлерін шектеу мен тыйым салу бойынша талаптар, қазақстанның Ұлттық Банкі жағынан екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне қадағалау, банктік іс-әрекетті сақтандыру, сенімсіз мен сенбеушілік туғызатын активтерге қарсы провизия (резервтер) және резервтік капиталды құру құралымен банктерді банкроттықтан құлақтандыру бойынша шаралар, ссудалық операциялар бойынша шектеулер белгілеу.

Ссудалық операцияларды реттеуде ерекше көңіл банктермен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге бөлінеді  [34, 7б].

Нақты уақытта Қазақстанда банктермен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаларға жеңілдетілген жағдайлар беруге тыйым салынған.  Осылай, заңданама банктермен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жеңілдетілген жағдайлар көрсету түсінігін анық анықтайды.  Жеңілдетілген жағдайлар беру көрсетеді:

  1. мәмілеге кіру, оның табиғаты, мақсаттары, ерекшеліктері мен банк тәуекелдері бойынша онымен ерекше қатынастармен байлансты тұлғалар болып табылмайтын клиенттерімен байланысқа түспеуі керектігін анықтайтын;
  2. банктік операцияларды орындағанына төлемдер мен сыйақыларды алу немесе басқа клиенттерінен талап етілетін мөлшерден төмен қамтамасыз етуді қабылдау.

Сондай-ақ заңданамалық тәртіпте ерекше қатынастарда банкпен байланысты тұлғалардың түсінігі анық белгіленген.  Банктермен ерекше қатынастардағы тұлғалар деп есептеледі:

а) белгіленген банктің басқарушы жұмысшысы немесе кез-келген дәрежелі тұлға, сонымен қатар олардың жақын туысқандары;

ә) нақты банктің үлкен акционері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар, не банктің күрделі қатысушысының дәрежелі тұлғасы, сондай-ақ олардың жақын туысқандары;

б) жоғарыдағы а) және ә) бөлімшелерінде көрсетілген тұлғалар ірі қатысушылары болып табылатын заңды тұлға;

в) нақты банк үлкен қатысушысы болып табылатын заңды тұлға, осы заңда тұлғаның дәрежелі тұлғалары, олардың жақын туысқандары.

Заңданамада ірі қатысушының деталдық анықтамасы берілген: заңды тұлғаның үлкен қатысушысы болып осы заңды тұлғада дауыс беру құқығымен акцияның оннан артық пайызына тікелей немесе жанама иелік етуші танылады.

Өзара байланысты топтағы заңды тұлғалардың біреуімен ерекше қатынасы бар тұлға олардың әр қайсысымен ерекше қатынаспен байланысты тұлға болып танылады.  Екі және одан жоғары заңды тұлғалар өзара байланыстағы тұлғалар тобы болып табылады.

Банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаларға жеңілдетілген шарттар беруге тыйым салудан басқа, оларға несие берудің де ерекше тәртібі белгіленген: банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға несие беру (кепілдіктер беру, банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаларға жауапкершілік (поручительство) банктің директорлар кеңесі шешімі бойынша ғана іске асырылуы мүмкін (жабық қлғамдарда бұл органнның болмауына байланысты – акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша).

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері