Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа
Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.
Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту бойынша жүргізілген жұмыс Қазақстанның Дүниежүзілік Банкі «Doing Business» рейтингіндегі бизнес жүргізуге неғұрлым қолайлы жағдай жасалған әлемнің 50 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік берді.
Экономикадағы оң үрдістер, сақталып отырған макроэкономикалық тұрақтылық Standard&Poor`s және Fitch агенттіктері егемен рейтингтерді тиісінше «ВВВ+» және «ВВВ» деңгейіне дейін жақсартуға мүмкіндік берді.
Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің Кеден одағы (бұдан әрі - КО) табысты жұмыс істеуде, Кеден одағының Бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру жұмысы аяқталып, 70 халықаралық келісімді қамтитын Кеден одағының шарттық-құқықтық базасы қалыптастырылды. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттары пакеті өз күшіне енді – бұл біздің мемлекеттеріміздің неғұрлым терең интеграциясын білдіреді.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инветициялық және бизнес ахуалды, институционалдық дамуды, технологиялық және инновациялық даму деңгейін, елдің адами ресурстарының даму сапасын жақсарту, сондай-ақ КО мен БЭК шеңберінде сауда кедергілерін азайту және экономикалық ықпалдасуды кеңейту есебінен қол жеткізілетін болды.
Бизнес-ахуалды жақсарту мақсатында орталық деңгейде, сондай-ақ өңірлік деңгейде әкімшілік кедергілерді азайту және рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жұмысы жалғасатын болды.
2013 жылы Қазақстанның экономикалық мүдделерін әзірлеу және жылжыту әрі КО мен БЭК шеңберінде ашылатын жаңа мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында бизнес қоғамдастықпен белсенді бірлескен жұмыс жалғасатын болды. Жаһандық сауда-экономикалық жүйеге одан әрі ықпалдасу мақсатында сытқы экономикалық саясатта басым мақсаттардың бірі КО бойынша әріптес елдермен тығыз үйлестіре отырып, ДСҰ-ға Қазақстанның кіруі үдерісін жылдамдату болып табылады.
2013 жылы ҮИИДМБ-ны іске асыру шеңберінде экономиканың қайта өңдеу секторларына және елдің инфрақұрылымын дамытуға ішкі және сыртқы инвестициялық ресурстары барынша жандандырылатын болды, Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа индустриялық және инновациялық жобалар қосымша іске қосылатын болды.
Экономика салаларындағы өнімділікті арттыруға ынталандыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ауқымды жаңғырту бойынша «Өнімділік 2020» бағдарламасы қабылданатын болды.
Бизнес үшін қосылған құны жоғары өндірістерді қолдаудың тұтастай жүйелі шаралар жиынтығы, жаңа технологиялар трансферті, отандық инновациялық шешімдерді әзірлеу, өнім экспортын ілгерілету, өнім шығаруға ұзақ мерзімді тапсырыс қамтамасыз етілетін болды.
Инвесторлар үшін экономиканың шикізаттық емес салаларында қосымша ынталандыру шаралары, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар есебінен де жасалатын болды.
Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау үшін Бизнестің жол картасы 2020-ны жүзеге асыру төрт: бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету және кәсіпкерлік әлеуетті күшейту бағыттарында жалғасатын болды.
Мұнайлық емес тапшылықты қысқарту, Ұлттық қор активтерін арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану арқылы теңгерімді бюджетті қамтамасыз ету фискалдық саясатты іске асыру барысында басым міндеттер болып табылады.
Үкiмет халықтың әл-ауқатын арттыру және халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау жөнiндегі шараларды қабылдауды жалғастырады. 2013 жылы бюджет саласында жалақыны және әлеуметтік шығыстарды өсіру көзделген. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының 30 %-ға артуын ескере отырып, оның ең төменгі мөлшері 24047 теңгені (базалық зейнетақыны ескере отырып), орташа мөлшері – 36205 теңгені (базалық зейнетақыны ескере отырып) құрайды. Ағымдағы жылы әлеуметтiк жәрдемақылар мен төлемдер мөлшерi ұлғаяды. Бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы 30 %-ға артады.
Ішкі нарықта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді реттеу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету 2013 жылғы экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болды.
Бұл үшін Үкімет және жергілікті атқарушы органдар тарапынан көтерме (коммуналдық) азық-түлiк базарларын және сауда инфрақұрылымын дамыту, ішкі нарықты отандық өніммен молықтыру, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне баға белгілеуді реттеу жұмыстары жалғастырылады.
Бұдан басқа, бәсекелестікті қорғау, жосықсыз бәсекені анықтау мен оның жолын кесу, баға жөнінде мәміле жасасу, нарық субъектілерінің өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану, алыпсатарлық бағаның өсуі, өнім өндіруші мен түпкі тұтынушылар арасындағы аралық буындарды қысқарту жұмыстары күшейтіледі.
2013 жылы баға тұрақтылығын және жылдық инфляция деңгейін 6 – 8 % аралығында ұстап тұруды қамтамасыз ету Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының басым бағыты болды [27].
Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты құралдарын жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру әрі оның ақша нарығына ықпалын одан әрі күшейту жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкасын, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін стерилизациялаудың негізгі құралдары болып қала береді.
Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуіне сәйкес деңгейде сақталады. Кредит белсенділігін қалпына келтіру проблемасы банк секторындағы құрылымдық қайта құру жолымен шешіледі.
2013 жылы Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін жетілдіру және оны қолдану тиімділігін арттыру жұмысын бастайды.
Қазақстан экспортының негізгі тауарларына қолайлы әлемдiк баға конъюнктурасы және ұлттық валютаның тұрақтылығы жағдайында Ұлттық Банк валюта бағамының басқарылатын құбылмалы режиміне көшуді жоспарлап отыр.
Ұлттық Банктің валюта саясаты саласындағы шаралары әлемдiк конъюнктура өзгерген жағдайда отандық өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне терiс әсер етуi мүмкiн ұлттық валютаның нақты бағамының елеулi ауытқуына жол бермеуге бағытталатын болды.
Тұтастай алғанда, ақша-кредит саясаты қалыптасатын макроэкономикалық ахуалға барабар болды.
2.3 «АТФ банк» АҚ Қазақстан
Республикасындағы банк
«АТФ Банк» Акционерлік Қоғамы, 1995 жылы құрылған, Қазақстандағы банк жүйесінің лидерлерінің бірі болып табылады. «АТФ Банк» Акционерлік Қоғамы өз клиенттеріне кең ауқымды өнімдер, сонымен қоса «Отан» ЖЗҚ бойынша берілетін зейнетақымен қамтамасыз ету қызметтерін ұсынатын универсалды қаржы институты болып табылады. АТФ Банк жеке және заңды тұлғаларға депозиттер, несиелеу, төлем карточкалары, чектер, аударым операциялары, операциялық қызметтер, костадиандық шаруашылық бойынша қызметтер ұсынады. Сонымен қатар, заңды тұлғаларға құжаттық операциялар ұсынылады. Банктің Қазақстан территориясында және одан тыс жерде кең ауқымды филиалдық торы бар. Банктің 2011 жылғы негізгі тапсырмаларының бірі – қосымша кеңселер санын арттыру болды.
2010 жылдың маусым айында UniCredit Group тобының мүшесі болып табылатын, Creditanstalt AG- Австрия банкінің Қазақстан Республикасындағы АТФ Банктің мажоритарлық акция пакетін сатып алу жөнінде қол қою келісімі өтті. Келісім қорытындысы бойынша АТФ Банк клиенттік базасы 40 мың адамнан асатын, 22 елде 9 мың филиалы бар ең ірі халықаралық қаржы тобына кірді .
АТФ Банк 16 жылдық
жұмысы барысында банктік
АТФ Банк өз
беделі мен имиджін 16 жыл бойы
құруда. Құрылған уақыттан бері
банк ірі корпоративтік
АТФ Банк шағын және орта бизнес субъектілерімен тығыз қарым қатынас жүргізуін жалғастыруды , Қазақстан және көршілес елдер нарығында филиалдық торлар мен қызмет көрсету орындарын кеңейтуді жоспарлауда. Сапалы банкттік қызметтерге клиентердің тұтынуын максималды қанағаттандыру, олардың өндірістік-қаржылық шаруашылығының дамуына және оптимизациялануына көмектесу, екі жаққа да пайдалы және ұзақ мерзімді келісімді нығайту АТФ Банктің негізгі мақсаттарының бірі болған, бар және болады.
«АТФ Банк »АҚ банктік шаруашылықтың барлық түрлерін дамыта отырып, экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыруға ерекше көңіл бөлетін универсалды банк болып табылады. Сонымен қатар,АТФ Банк өзінің партнер – кәсіпорындары негізінде сақтандыру, лизинг және зейнетақы қоры қызметтерін ұсынады.
АТФ Банктің Қазақстан мен көршілес елдерде кең ауқымды филиалдық торы бар.
«АТФ Банк» АҚ-ы
банктің жұмысын қамтамасыз
1) жоспарлау, банк қызметін болжау, олардың алдыңда тұрған барлық міндеттерін орындау, ресурстармен оптималды түрде басқару;
2) әр түрлі
банктік қызметтерді
Банктік табысты
әкелетін операцияларды
Есеп-айырысу операциялардың секторының негізгі функциясына кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың төлемдерін қабылдау және өткізуінде негізделетін жұмысты клиенттер бойынша жүргізу болып табылады.
Қолма-қол және
қолма-қолсыз операцияларды
Кассалық операциялардың мен инкассация бөлімі банк қызметінде ерекше орын алуда. Ол ұлттық валютадағы ақшаны жеткізумен, қабылдаумен, берумен айналысады.
Банктің барлық жұмыскерлерінің мамандану деңгейі жоғары болып табылады. Сондықтан банк қызметінің тиімділігі де жоғары болуда.
«АТФ Банк» АҚ жоғарғы басқару органына акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Бұл жиналыста банктің Жарғысы, балансы, есептілік, баланстың бағыты мен мақсаттары бекітіліп, басқарудың төрағасын және мүшелерін және ривизиялық комиссиясын сайлайды. Жиналыста ең өткір стратегиялық міндеттері шешіледі. Акционерлердің жиналысы жыл сайын жүргізіледі. Банктің қызметін бақылау және басқару үшін жиналыста жоғарыда айтылғандай басқару органы сайланады. Басқару органының негізгі функциясына келесілер жатады:
1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және клиенттерге бағытталған саясатын құру (филиалдарды мен өкілеттіліктерді ашу, маркетингтің әдістерін таңдау, жұмыс персоналын қабылдау және оның құрылымын өзгерту және тағы да басқа мәселелері );
2. Басқарушылық
қызметке қызметкерлерді
3. Комитеттерді құру;
4. Ссудалық
және инвестициялық
5. Банктің қызметің тексеру.
Операцияларды
басқару, ресурстарды тарту және
оларды қайта бөлуді жүзеге
асыру функцияларын бөлуінде
жатыр. Акционерлердің жиналысы
басқардың төрағасын сайлайды. Төраға
банктің өкілетшісі ретінде
Банктің ұйымдық
құрылымы департаменттерден
бөлімшесінен тұрады.
Проблемалы несиелерінің
басқармасы өзіне несие
«АТФ Банк» АҚ-тың негізгі даму бағыттары:
-мына ресурстардың есебінен клиенттік базаны ұлғайту: - Ресеймен бірге жұмыс жасауға қызығушылық танытатын ірі корпорациялар; - несиеге және жедел кассалық есеп айырысу қызметіне мұқтаж орта және шағын кәсіпорындар; - депозиттік базаны кеңейтуге және несие портфелін түрлендіруге үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар тұрғындар;
-активтер мен меншікті капиталдың кірісін арттыру, жоғары өтімділікті қолдай отырып тәуекелдіктердің барлық түрлерін басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану, соның салдарынан теңгерімділік пен әртараптандыру. Технологияларды жаңарту, қызмет саласын кеңейту және қызмет сапасын арттыру арқылы пайданы өсіру;
-жаңа акционерлерді тартып, бағалы қағаздар эмиссиясы арқылы меншікті капиталды арттыру актив мөлшерін де өсіруге мүмкіндік береді. Салымдар бірінші кезек экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бөлшекті желілер, құрылыс, машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, көлік және байланыс сияқты салаларына жасалады;