Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2015 в 08:03, курсовая работа
Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.
Ғимараттың ішкі кеңістігінің сипаты мен меңгерудің салдары ортаның үлгілік құрылымы туралы жалпы мнемондық көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін және көрермендердің есінде қалдырылатын түрлі визуалдық әсерлерді береді.
Интерьер дизайнерлері бөлменің көлемі мен ондағы заттардың көлемі туралы айтқанда «масштаб» терминін қолданады. Жиһаз, шамшырақтар және декор элекменттерін таңдау кезінде пропорционалдық қағидасын сақтана отырып, олардың көлемдерін ескеру қажет. Бұл қағида барлық элементтердің бір бірімен үндестікпен үйлесуі. Алайда элементтер тек көлемі жағынан ғана емес, түс, ұзындығы және де пішіні бойынша да үндестікте болуы керектігін есте сақтаған дұрыс.
Масштаб үйлесімі қағидасы сонау Ежелгі Грекияда да қолданылған. Гректер ғибадатханаларының пропорциялары мен көлемдерін адаммен арақатынасты етіп салуға ұмтылған. Сондықтан олар адамзат дене пішімін мүшелердің пропорционалды арақатынасы ережесі бойынша мұқият зерттеген. Дәл осындай ережелер кейін ғимараттар құрылысына да қолданылған. Осының арқасында антикалық құрылыстар қазіргі таңда әсемдік пен үйлесімділіктің мұраты болып табылады. Тіпті ең зор грек сарайлары, өз ғаламаттығымен адамды еңселемей, оған көлемі жағынан үйлесімді келеді.
Осы қағидалар қазір интерьелерді жобалауда қолданылып, олардың функционалдығын қамтамасыз етіп келеді. Мысалы, жиһаздар мен архитектуралық элементтердің барлығын көлемі кәдімгі орташа адамның дене бітімін сәйкес келуі тиіс. Төсектердің ені, үстелдер мен жұмыс жазықтықтарының биіктігі, саты өлшемдері – барлығы бізге күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы етіп анықталады.
Үш бөлмелі пәтер интерьеріне мыналар кіреді: дәліз, ас бөлмесі, ас үй, қонақжай, жатын бөлмесі, ванна, дәретхана.
Тұрғылықты ортасын ұйымдастыру бойынша өзінің кез-келген әрекетінде сәулетші мен дизайнер үш негізгі кеңістікпен жұмыс жасайды. Адам әлемді көзімен бағалайды, яғни оның мынадай ерекшеліктерін: жазықтығын, көлемділігін, тереңдігін және осы әлем бөліктеріне: ішкі және сыртқы қатынасы бойынша өзінің жағдайын қоса қарастырады. Көзбен көру әсері жобалау объектісі ретіндегі кеңістіктің әр түрлері туралы көзқарасты қалыптастыады.
Ортаны кеңістіктік ұйымдастыруды, оның орыны мен ондағы іс-әрекеттерді және адамдардың жүріс-тұрысын байланыстыратын тетіктерді әлеуметтік-кеңістіктік заңдылықтар, – деп атайды Қоғам дамуының экономикалық және мәдени деңгейі неғұрлым өскен сайын, тұрғыни ортаға деген қала салушылық мақсаттарды анықтауға әлеуметтік қажеттіліктердің жоғары деңгейі соғұрлым өз ықпалын тигізеді. Қазіргі қала тұрғызу өз құрамына экология және әлеуметтік психология мәселелерін де енгізеді. Бұл дегеніміз – сәулеттік дизайн үшін конструкциялар мен көрермендік қабылдау заңдылықтарымен қоса, әлеуметтік психологияны да меңгеру қажеттілігін көрсетеді. Бұнда жобалау барысында біз әлеуметтік үрдістерді ұйымдастырудың кеңістіктік астарына, яғни қандай да бір іс-әрекеттерге арналған тұрғыни ортаның әрқилы учаскелерінің пішіндері, өлшемдері, бағдарлануы мен қызметтік жабдықталуына назар аударамыз.
Тұрғыни ортаны тікелей тұрғын үйдің сыртқы, қосымша бөлігін, тікелей үйге жақын аумақты ғана емес, сонымен қатар елдің күнделікті тұрмыстық және тынығу (рекреация) қажеттіліктері іске асырылатын скверлері, көшелері, қалтарыстары (переулок) деп қарасыру қажет. Бұндай анықтама тұрғыни ортаның ауқымын кеңейтіп, оның қаладағы орынын, әлеуметтік қызметтері мен қалыптасу әдістерін жаңаша бағалауды қажет етеді. Жобалауға орта тұрғысынан кірісуді енгізу - авторлық тұрғыны зерттеу және жобалау материалына, яғни табиғатқа, қоғамға, адамға - қалыптасушы ортаның сапасын биоценоз, әлеуметтік-мәдени үрдістер, сәулетті тұтынушының субъективті-жекебастық қасиеттері тұрғысынан қарастыруға ауысуды білдіреді.
Ең алдымен кеңістіктің көлемі мен шектеу нысаны қабылданады. Қала ортасындағы тұрғындар архитектуралық санаттар бойынша, оның көлемдік өлшеміне сәйкес келетін тұрғылықты кеңістікті тепе-теңдікте ұстауға бейім келеді. Иерархияны супер кеңістік – құрылыстары мен коммуникациялық артериялары бар қала бастайды; орта кеңістік звеносы ретінде – мезокеңістік – функционалды түрде негізгі бүтіндікті білдіретін тұрғылықты, қоғамдық және өндірістік кешендер қабылданады; мезокеңістікке сонымен қатар сыртқы ортаға өту кезінде буферлі болып табылатын ғимараттың кеңістік бөлігін де жатқызуға болады; соңынан, кеңістік астына үлкен масштабты градациядағы көлемді ғимараттың бөліктерін: ірі залдарды, қызметкерлер үшін жұмыс бөлмелерін, үйдегі қонақ бөлмені, оқушының жұмыс бұрышын жатқызуға болады. Аталған кеңістіктің осы түрлері архитектуралық ұйымның өзіндік ерекше нысаны, жобалау объектісі ретіндегі ерекшеліктермен сипатталады.
Қала ортасының ірі масштабтары осы ортаны қабылдау динамикасында оның нысаны бойынша кеңістікті жіктеуде анық танылған және нақты үлесті қосады. Изоляциялау деңгейі бойынша кеңістік аралық үйлесімділіктегі кең көлемді шкаладаға ашық немесе жабық ретінде қабылданады. Тұрғылықты кеңістікті шектеу абсолютті болмайды, тіпті тұйық аумақ немесе ғимараттың өзінде кем дегенде бір кіретін есігі болады. Кеңістікті шартты шектеудің тиімділігі визуалды ұйым үшін ашық аумақ ретінде және интерьер ретінде де сәтті қолданылады. Ашық кеңістікке көзбен бағалаудағы көзқарастан тежеуді алып тастау және оны жалғастыруда визуалды жағдайы бар кеңістік жатқызылады. Бұл жағдай кеңістіктің дамуын бақылау есебінен, тік силуэт бағдарларынан ажырату, қорғайтын құрылыстардың, оның жоғарғы қабатының геометриялық деформациясы есебінен жасалынады.
Көп жағдайда геометриялық дұрыс, көлемі бойынша шағын, орталықтандырылған және шапшаң жиектелген кеңістік жабық әсер туғызады, ал жоспармен силуэт бойынша күрделі, желілі құрылыстар, динамикалық визуалды зерттеуде бақылаушыны бағдарлайтын ассиметриялық құрылыстар ашық әсерді туғазады, яғни кеңістіктің ұлғаюы кезінде күшейе түседі.
Әрбір адам өзіндік жекешелікпен ерекшеледі. Сонымен қатар, көршілік, іскерлік, тұрмыстық, өндірістік байланыстар негізінде пайда болатын кіші әлеуметтік топтар да жекешелікке ие. Осы ұжымдардың ортажасаушы іс-әрекеттерін құптау және жетілдіру, яғни үйлердің түсін, жасыл желектердің сипатын, балалар мен спорт алаңдарын т.б. тұрғындардың өздері таңдау мүмкіндігін беру.
Құрылыс пен реконструкцияның, жобалау қарқынының артуы үзіліссіз болып, дамуды басқару тетігіне айналдырып отыр. Соған байланысты, жобалау нысандарының түрі де өседі: үйді емес, тұрғыни орынды, нақтылы адамдар топтарына (контингент) арналған қоғамдық ғимараттар жүйесін жобалау; ықшамдалған қызметтік схемалар бойынша емес, ортаны тұрғызу мен игерудің жергілікті заңдылықтарына сай жобалау.
Информация о работе Үш бөлмелі пәтер интерьерін жобалаудағы теориялық негіздер