Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа
Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.
КІРІСПЕ
Дипломдық тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет құру міндеттері азаматтардың ең негізгі конституциялық құқықтары мен бостандықтары мүмкіндіктерінің құқықтық кепілдемелерін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Конституциялық құқық пен бостандық мазмұнын дұрыс түсіне білу оның ескірген және қайшы келетін нормативтік актілерді жоққа шығару жағдайындағы қазіргі заңдылықтармен кепілдеме беруіне қолданыстағы және жаңадан қабылданған заң актілерінің қолданылуын байланысты.
Құқықтық мемлекет құрудағы маңызды мақсаттардың бірі, қылмыстылықпен күресті күшейту болып табылады. Бұл салада қылмыстық заңдарды реформалау, оның нормаларын қазіргі даму кезеңінің қоғам қажеттілігіне сәйкестендірудің маңызы өте зор.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету курсы, қоғам өмірінің барлық жағын демократияландыру, заңдылықпен құқықтық тәртіпті көтеру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ету, әлеуметтік әділеттілік принциптерін қатаң сақтау, өз көрінісін қылмыстық құқық нормаларында да табады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті бекітудегі тәжірибелік мәселелерді шешуде, маңызды рөлді қылмыстылықпен күресті қамтамасыз ететін, қоғамдық -құқықтық жүйе элементі ретінде қылмыстық құқық атқарады. Жаза – қылмыстық құқықтың орталық институты ретінде; саяси, экономикалық және басқа да қоғамдық қатынастарды қорғау үшін пайдаланылатын мемлекеттің қолындағы құрал. Ол – қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асырудың бастапқы формасы және сонымен қатар адамдар қылығын құқықтық нормалар талабына сәйкестендіруді қамтамасыз етуші күш.
Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.
Жаза тағайындауды мазмұнына қарай былайша түсінуге болады:
а) қоғамға қауіпті нақты іс-әрекетті істеген адамға мемлекет, қоғам тарапынан кінәні бетіне басу;
б) қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану. Мысалы, Г.Ф. Поленовтың берген түсінігін дұрыс деп ұғынуға болады. «Қылмыстық жауаптылық – бұл тек қылмыс жасаған адамның мемлекет алдында жауапты болуы ғана емес, сонымен қатар қылмыстық-құқылық шараның қолдану нәтижесінде пайда болған кінәлінің қиналуы, күйіп өкінуінен тұратын және мемлекеттік заң алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты болуы»[1; 7]. Мемлекет тарапынан қылмыстылықты анықтау алдын ала тергеу органдарымен жүзеге асыра отырып, жасаған қылмыс үшін сотпен заңды түрде баға беруден және қылмыскер деп танудан тұрады. Бірақта мемлекет тарапынан қолданылатын қудалау әрқашанда кінәліге жаза тағайындаумен аяқталып қана қоймайды. Қылмыстық заң басқа да қылмыстық-құқылық шараларды қылмыс жасаған адамға қолдана алады.
Қылмыстардың жиынтығы – бірнеше қылмыс жасаған айыпты адам оның әрқайсысы үшін жеке-жеке алып қарағанда да, барлығын бірге алып қарағанда да жауап беруге міндетті болып келетін іс-әрекеттердің көптігі жағдайын жан-жақты ашып, анықтап, талдау үшін қылмыстық құқықпен қолданылатын ерекше категория. Бұл барыста қиын түйіні көп, күрмеулі мәселелер жетіп артылады, олардың әрқайсысы нақтылы назар аударып, байыпты баға беруді талап етеді. Мәселен, жиынтыққа енетін түрлі жазаларды біріктірудің қандай тәсілі болуы керек, оларды біріктіру механизмін қандай қағидалар анықтайды. Қылмыстық жаза тағайындау – бір жағынан, оны қабылдауды жеңілдету мақсатында жан-жақты ашып көрсетуді, екінші жағынан, қолданудың тиімділігіне жету мақсатында жинақтауды талап ететін өте күрделі процесс.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыс жаңа қылмыстық заңдылықтар, соттық-тергеу тәжірибесін теориялық жинақтау және әдебиеттерін талдау негізінде жаза тағайындау қағидаларының мазмұны мен қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша қылмыстық жазаны оқып-зерттеудің ерекшеліктерін жан-жақты қарастырып, жаңа аспектілерін аша түседі.
Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми өңделгендігі. Дипломдық жұмыстың теориялық негізі ретінде Қазақстанның және шетелдік қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу, қылмыстық атқарушылық құқық салаларындағы жетекші ғалымдарының еңбектері қолданылды: Н.О.Дулатбеков, Д.С.Чукмаитов, Н.А.Бекбергенов, Г.Ф.Поленов, Л.Л.Кругликов, Г.А.Кригер, Н.И.Бажанов, Е.В.Благов, М.А.Скрябин, П.П.Осипов, Л.А.Прохоров, В.П.Малков, Г.С.Гаверов, Н.Ф.Кузнецова, И.С.Ной, В.Б.Беляев, Н.С.Таганцев, М.Д.Шаргородский, В.К.Дуюнов, А.Л.Цветинович, П.Пономарев, И.И.Карпец, И.Анденес, Козаченко И.Я., Незнамовой З.А., Горелик А.С., Д.М.Молчанов, З.А.Николаева, А.В.Ушаков, С.Г.Келина, В.Н.Кудрявцев, В.Попрас, Ю.Солопанов, В.Шмелев, М.Становский, В.И.Малыхин, И.Л.Морагулова, Г.Анашкин, Воронин А.И, Рогова И.И. және Рахметова С.М.
Зерттеудің ақпараттық
негізі болып Қазақстан
Зерттеудің эмпирикалық негізі болып периодикалық басылымдарда жарияланған мәліметтер, тәжірибе материалдары табылады.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу, қылмыстық атқарушылық құқық саласындағы, атап айтқанда, қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Зерттеу пәні. Қылмыстардың жиынтығы – қылмыстардың көптеген түрін жасау кезінде жаза тағайындау мен оны дәрежелеудің қағидалары мен ережелерін анықтайтын қылмыстық құқықтың құқықтық дәрежесі немесе тіпті тұтас бір институты.
Үкімдердің жиынтығы – қылмыстардың біріншісі үшін сотталған және сол үшін жазасын өтеп жүрген адам жаңа қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде қайталануының ерекше түрі кезеңінде ортақ жаза анықтаудың тәсілі.
Диплом жұмысының мақсаты. Қылмыстардың жиынтығы бойынша және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ерекшеліктерін, ұстанатын қағидаларының мән-жайын ашып зерделеуім, жаза тиімділігінің түсінігін ашу болып табылады. Жұмыс барысында монографиялық, нормативті әдебиеттердің белгілі көлемін қарастырдық.
Диплом жұмысының жоспарын мынадай үлгіде құрдық. Ол шағын кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Егер диплом жұмысының зерттеу нысанасына алынған тақырып туралы көңіл аудара алатын пікір білдіре алсақ, онда ол алға қойған міндеттің орындалғаны деп есептер едік.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер анықталды:
Осы ретте мақсаты айқындалған жұмыс бойынша жалғасын тапқан зерттеулердің басты міндеттері анықталды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде статистикалық мәліметтерді қолдана отырып жазылды.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында жаза тағайындаудың жалпы түсінігі мен қағидалары, жаза тағайындаудың жалпы негіздері және жазаның мақсаты қарастырылса, екінші тарауда Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау түсінігі, қағидалары және қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың тәжірибесі мәселелері зерттелген. Жұмыстың үшінші тарауында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың түсінігі және маңызы, үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың маңызды мәселелері және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың тәжірибесі жүйесі назарға ұсынылған.
Қорғауға ұсынылатын мәселелер.
І ТАРАУ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
1.1 Жаза тағайындаудың түсінігі мен қағидалары
Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес сот билігін тек сот қана жүзеге асырады [2]. Тек сотқа ғана тұлғаның қылмыстың жасалуына кінәлілігі туралы біржолата қорытынды жасау және жаза тағайындау құқығы берілген. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан азаматтар мен ұйымдардың, оның ішінде қылмыс істегені үшін жаза тағайындалғандардың да құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
Жаза істелген қылмысқа назар аударудың қажетті әрі өте қатал құралы болып отыр. Жазаның тағайындалуы соттың қылмыстың жасалуына кінәлі деп танылған адамға айыптау үкімінде жазаның түрі мен мөлшерін таңдауды білдіреді.
Жаза тағайындауды құқықтық реттеу мәселелеріне ҚР қолданыстағы ҚК-нің Жалпы бөлімнің 4-бөлімі арналған. 1959 жылы Қазақ КСР ҚК-інде [3] де жаза тағайындау мәселелеріне арналған арнайы тарау болған. Жаза тағайындау мен қолдануды мұқият реттеу және ғылыми негіздеу кінәлілер тиісінше жазасын алуы үшін, әділділік талабы сақталуы үшін және қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары жаза мақсаттарына қол жеткізу қажет болғанда және қол жеткізуге жеткілікті шектерде ғана пайдаланылуы үшін жүзеге асырылады.
Жаза тағайындау үрдісін мұқият реттеу кінәлілерге дәйекті және әділ жаза таңдауды кепілдеуге арналған. Бірақ соңғы жылдардағы соттық статистика шығарылатын үкімдердің сапалы көрсеткіштерінің төмендеуінің келеңсіз тенденциясын көрсетіп отыр. Л.Л. Кругликовтың мәліметтері бойынша сот қателіктерінің 35-тен 45-ке дейінгі пайызы жаза тағайындауға қатысты. Жаза тағайындау аясына тән сот қателіктеріне мыналарды жатқызуға болады: жаза тағайындаудың заңдық шектерін бұзу; жазаны үкімді іс жүзінде атқару мүмкін емес болатын реттерде белгілеу; жазаның әлдебір шарасын қолдануға қатысты ҚК-тің Жалпы бөлімнің нұсқамаларын елемеу; таңдалған жазаны күмәнді дәйектеу; іс бойынша мәліметтерді елемеу немесе жеткілікті түрде толық ескермеу; ҚР ҚК-інің 55-56, 59-баптарында қарастырылған ережелерден ауытқу [4; 10-12].
Жаза тағайындау саласындағы сот қателіктерінің кең етек алуын обьективтік және субьективтік сипаттағы бірқатар себептермен түсіндіруге болады: Біріншіден, жаз тағайындау адамзат қызметінің баға беруші сипатқа ие және мұқият әрі толық нақтылануға келмейтін күрделі салаларының бірі болып табылады. Осыған байланысты жаза тағайындау барысындағы мәселелердің басым көпшілігінің шешімі соттық қарауға жатқызылған. Екіншіден, соңғы жылдары жаза тағайындау институты елеулі өзгерістерге ұшыраған, ал сәйкес заң ережелерін біркелкі қолдану тәжірибесі әлі орныға қоймаған. Үшіншіден, жаза тағайындаудың құқықтық реттелуінде жеке кемшіліктер бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңы (ҚК-тің 56-57, 59, 80-баптары) жаза тағайындаудың жеке (арнайы) негіздерін бекітеді, бірақ олардың жаза тағайындаудың жалпы негіздерімен ара-қатынасының мәселесі күні бүгінге дейін шешімін таппаған. Сонымен қатар, қолданыстағы Қылмыстық кодексті қабылдау уақытына жаза тағайындау туралы нормалардағы жеке ақаулықтар қазіргі кезде жойылған. Жаз тағайындау саласындағы қателіктердің кеңінен тарауын түсіндіретін субьективтік факторлар қатарында соттардың субьективизімін, назар аудармаушылығын және құзіретсіздігін атауға болады.
Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары