Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа
Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.
Соттың жаза түрі мен мөлшерін таңдаудағы қызметінің заңдылығын қамтамасыз ететін қылмыстық құқықтық құралдар кешенінде жаза тағайындау қағидаттары ерекше орын алады. Жаза тағайындау қағидаттарының мәселесі жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы мәселемен тығыз байланысқан.
Тұңғыш рет қылмыстық заңдағы жаза тағайындаудың жалпы негіздеріне нұсқамалар 1958 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамасының негіздерінде [5] пайда болған. Одан соң Негіздердің сәйкес нормасының мәтіні 1959 жылы Қазақ КСР ҚК-інде [3] қайталанған болатын. 1997 жылы ҚР ҚК-інде [6] де жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы арнайы норма бар.
1958 жылы Негіздердің [5] қабылдануына дейін кеңестік қылмыстық заңнамада жаза тағайындаудың жалпы негіздері сияқты түсінік болмағандықтан, ол кеңестік қылмыстық құқық теориясына да беймәлім болған. Бұл кезеңде кеңестік қылмыстық құқық ғылымы «қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық құқық нормаларында бекітілген қылмыстық жазалау шараларын қолдану негіздерін, шарттары мен тәртібін белгілейтін ережелер» деп анықталған жаза тағайындау қағидаттары түсінігін қолданған. Осы ережелердің бірсыпырасы жаза тағайындау үшін жалпы қағидатты маңызы ие болған, сондықтан олар жаза тағайындаудың жалпы қағидаттары деп орынды атаған.
1958 жылы Негіздер [5] қабылданған соң жаза тағайындаудың жалпы негіздері қылмыстық құқықтық әдебиеттерде жаза тағайындаудың қағидаттарымен қатар көрсетіле бастаған. Бірақ кейбір авторлар жаза тағайындаудың қағидаттары туралы мәселенің жеке ажыратылуына қарсы шыққан. Мысалы, Г.А. Кригердің айтуынша, жаза тағайындау қағидаттары жаза тағайындаудың жалпы негіздерінде көрініс табады, сондықтан бір ережені қайта қайталанудың қажеттігі жоқ [7].
Қазірге кезде жаза тағайындауды
зерттеуші ғалымдардың басым
көпшілігі жаза тағайындаудың қағидаттарының
жаза тағайындаудың жалпы
Бұл позицияның негізгі уәжі – жаза тағайындаудың жалпы негіздері қылмыстық заңның арнайы бабында ғана бекітілгендігі, ал жаза тағайындау қағидаттары қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің көптеген нормаларында орын алатындығы.
Жаза тағайындау қағидалары – бұл қылмыстық заң нормаларында бекітілген немесе одан талқылау нәтижесінде түсінілетін соттардың қылмыстың жасалуына кінәлі деп танылған адамдарға жаза қолдану бойынша қызметін анықтайтын негіз салушы, жетекші идеялар, ережелер. Жаза тағайындау қағидаттарының маңызы туралы айта келе, Л.Л.Кругликов олар жаза тағайындау институтының дамуы мен қызмет етуінде бағыт беруші роль атқаратындығын көрсетеді [4].
Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде жаза тағайындаудың қағидаттарын ажырату туралы мәселе ғана даулы емес, тіпті жаза тағайындау қағидаттарын ажырату қажеттігін пайымдаушы авторлардың арасында да көптеген мәселелер бойынша ортақтық жоқ: а) қағидаттардың шеңбері бойынша (саны мен түрлері); б) жеке қағидаттардың мазмұны туралы; в) қағидаттардың ара-қатынасы, субординациясы бойынша; г) олардың жаза тағайындаудың жалпы негіздерімен және қылмыстық құқық қағидаттарымен жүзеге асыру құралдары туралы және тағы сол сияқты.
Қағидаттардың санына келсек, Л.Л.Кругликов олардың оннан артығын ажыратады: жазаның заңдылығы, негізделуі, адамгершілігі, әділ болуы, жеке даралануы, мақсатқа лайықтылығы, болмай қоймайтындығы, жазаның үкімде анықталуы, жазаны дәйектеудің міндеттілігі және тағы басқа [9]. Қазақстандық автор Н.О. Дулатбеков жаза тағайындау қағидаттарының қатарына Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің ережелерінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттайтындығы, жазаны субьективтік бағалау негізінде анықтау, жеңілдетін және ауырлататын мән-жайларды міндетті түрде ескеру және тағы басқа қағидаттарды жатқызады [10].
Соттың жаза түрі мен мөлшерін таңдау саласындағы қызметін анықтаушы жаза тағайындау қағидаттары туралы мәселеде мұнда қылмыстық құқықтың жалпы құқықтық және салалық қағидаттары өз көрінісін табатындығын ескеру керек.
Жаза тағайындау қағидаттары қылмыстық құқықтың көптеген нормаларында өз көрінісін табады, ал олардың қатарында жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы норма ерекше орын алады. ҚР ҚК-інің 52-бабын қылмыстық құқықтық санкцияларды қолдану саласындағы белгілі идеяларды жаза тағайындау институтының қағидаттары ретінде бекітетін базалық норма деп атауға болады. Дегенмен, жаза тағайындау институтының қағидаттары тек жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы нормада ғана көрсетілген деп тұжырымдау қағидаттары (немесе олардың аспекттері) бекітілген ҚР ҚК-інің Жалпы бөлімі нормаларының толық емес тізімін келтіреді: 10, 11, 13, 17, 20, 21, 29, 38, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 63 және т.б. баптар.
ҚР ҚК-інің 52-бабы 1-бөлімінде қылмыстың жасалуына кінәлі деп танылған адамға әділ жаза тағайындау талабы бекітілген [6].
Әділдіктің жалпы мағынасы – бұл өзінің мән-мағынасы бойынша ақиқат ереже, шындық. Құқықтың жалпы теориясы бойынша әдебиеттерде әділдікті бірнеше құбылыстардың адамдар арасында жақсылық пен жамандықтың таралуы тұрғысынан ара-қатынасын бағалауға арналған, әр алуан құбылыстар мен істердің осы қоғамда танылатын моральдық құндылықтарға айтарлықтай сәйкес болуының шамасы ретіндегі моральдың айрықша нормативтік ұғымы ретінде таниды.
Л.Л Кругликов бойынша идеалды түрінде әділ жаза «шығару» былайша орын алуы керек: әділділік этикалық баға ретінде шешімнің дұрыстығының жігі болып келеді, ал сонымен бірге әр алуан, кейде тіпті өзара қарама-қайшы талаптар мен мүдделерді салыстырудың өлшемі ретінде де бола алады [11; 60-62].
Жаза тағайындау қағидаты ретінде әділдік, ең алдымен, жазаның қылмыстың ауырлығына сай болуында көрінеді. Бұл қағидат істелген әрекет шамасы мен жаза шамасы арасындағы алшақтылықты жояды. Осы себепке бола, әділ емес, яғни істелген қылмыстың ауырлығы мен сотталушының тұлғасына сай келмейтін жаза тағайындау үкімнің қысқартылуына негіз бола алады (ҚР ҚІЖК-інің 414-бабы) [12].
Жаза, егер ол қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне, оның істелуінің мән-жайларына, қылмыскер тұлғасына сай болса, онда әділ саналады, себебі мұндай жағдайда ғана жаза мақсаттарына қол жеткізуге болады.
Қағидат ретінде әділдікке «екі қарама-қайшы аспект – теңестіруші және үлестіруші қырлары тән». Олардың біріншісі сотты жаза тағайындағанында баршаға «ортақ масштабты» қолдануына – жаза тағайындаудың ортақ шектерін, жаза таңдаудың ортақ жіктерін, қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің тек дәрежесін ғана емес, оның сипатын да ескеруге міндеттейді. Келесі, үлестіруші аспектіге сәйкес сот іс бойынша бүкіл нақты мәліметтерді, істелген іс-қимыл мен кінәлі тұлғасының барша ерекшеліктерін ескеруге тиіс, қорыта келе, таңдалған жазаның істің мән-жайларына сай болуын қамтамасыз етуі керек.
Жазаның әділеттілігі оның
мақсаттарын заттандырумен
Осы аталғандар, әрине, әділеттілік институционалдық қағидатының мазмұнын толық ашар емес. Мысалы, жаза тағайындағанда ҚК-тің Ерекше бөлімнің бабында қылмыс белгісі ретінде көрсетілген мән-жайды қайта ескеруге салынатын тыйым (ҚР ҚК-інің 53-бабы 3-бөлімі және 54-бабы 2-бөлімі) қарастырылушы қағидаттың мазмұнын көрсетеді.
ҚР ҚК-інің 52-бабының 1-бөлімінде қылмыстың істелуіне кінәлі деп танылған адамға ҚК-тің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, ерекше бөлімнің сәйкес бабында бекітілген шектерде жаза тағайындалуға тиіс талап бекітілген [6]. Жаза тағайындау шектері туралы бұл заң ережесі заңдылық институционалдық қағидатының маңзды аспектісін көрсетеді.
Жаза тағайындаудың заңдық шектері – бұл сот белгілі бір қылмыс үшін нақты адамға нақты жаза таңдауға тиіс болатын заңда бекітілген жазаның минималды (төменгі) және максималды (жоғары) шектері. Демек, жаза тағайындаудың заңды шектері болып ҚК-тің Ерекше бөлімі бабының санкциясы саналады. Жаза тағайындаудың заңды шектері анықталуымен сипатталады және қылмыстың түріне байланысты болады.
Ықпал етудің сот қолдана
алатын қылмыстық құқықтық құралдарының
түрлері, әдетте, ҚК-тің ерекуше бөлімі бабының санкциясында
көрсетілгендерден көп не аз болатындықтан,
санкцияны жаза тағайындау шектерін анықтау
тұрғысында артық бағалауға және абсолюттендіруге
болмайды. Мысалы, ҚР ҚК-тің Ерекше бөлімі
баптарының әрбір төртеуінің үшеуінде
баяндалған жаза түрлерінің минимумы
көрсетілмеген; қылмыстық заң ҚК-тің Ерекше
бөлімі нормасының санкциясында көрсетілмеген
жағдайларда да қолданылуына болатын
қосымша жазаларды да қарастырған (мысалы,
ҚР ҚК-нің 41-бабының 3-бөлімі ); заңда жазаның
нақты түрін адамдардың белгілі санаттарына
қолдануға тыйым салынған (мысалы, ҚР ҚК-нің
42-бабы 3-б., 43-бабы 3-б., 45-бабы 3-б., 46-бабы
3-б., 49-бабы 2-б.).
Осылайша ҚК-тің Жалпы бөлімінің ережелері
кейбір жағдайларда ерекше бөлім баптарының
санкцияларын түзетеді, атап айтсақ, олардың
минималды және (немесе) максималды шектерін
өзгертеді немесе санкцияда көрсетілген
әлдебір жазаның қолданылуының мүмкіндігін
немесе мүмкін еместігін анықтайды. Аталған
жағдайларда жаза тағайындаудың
жаңа шектері туралы айтқан жөн. Жаза
тағайындаудың жаңа шектері туралы мәселе
ҚР ҚК –нің 55,56 және 59-баптарын қолданғанда
да туындайды.
Қылмыстық құқық теориясында жазаны ҚК-тің бөлімінің ережелеріне толық сәйкестікте таңдау талабының дербес рөліне байланысты бұрыс көзқарас орын алған. Жазаны Жалпы бөлім ережелерін ескере отырып таңдау туралы ескертудің ҚК-ке енгізілуінің мағынасын жазаның істелген қылмыс үшін жауапкершілік қарастыратын бапта көрсетілмеген шектерін нақтылау болып табылатындығын айқан Е.В.Благовтың ойымен [13] келіскен жөн.
ҚР ҚК-інің 52-бабы 2-бөлімінде жазаның мақсатқа лайықты болуы қағидаты келесі түрде көрініс тапқан: «қылмыс жасаған адамға оның түзелуі мен жаңа қылмыстарының алдын ала қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс».
Жазаның мақсатқа лайықтылығы сот тағайындаған жаза өзінің түрі мен мөлшері бойынша оның алдында тұрған мақсаттарға жеткілікті құрал болуға тиіс екендігн білдіреді. Алайда, мұндай қасиетке минималды қажетті жаза да, сол сияқты түрі мен мөлшері жағынан одан асып түсетін жаза да ие бола алады. ҚК-тің Ерекше бөлімі нормаларының санкциялары баламалы, салыстырмалы анықталған және кумулятивті екендігін ескерсек, қарастырып отырған қағидаттың іс жүзінде орындалуының қаншалықты қиын екеніне көз жеткізе аламыз. Мұнда келесі ережені ұстануға болады: жаза шектен асқан болмауға тиіс, ол өз алдындағы мақсаттарға жетуге қажетті және жеткілікті болуы керек.
ҚР ҚК-інің 52-бабы 2-бөлімінде қылмыстық қудалауды үнемдеу қағидаты қалыптастырылған: «істелген қылмыс үшін қарастырылған жазалар қатарынан оның неғұрлым қатал түрі тек егер оның жеңіл түрі жаза мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда ғана тағайындалады».
Бұл қағидатқа сәйкес, сот қылмыстық құқықтық ықпал ету мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге минималды жеткілікті шаралармен және оның көлемдерімен шектелуге тиіс. Мысалы, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза заңда қарастырылған жазалар қатарындағы неғұрлым қатал түрі саналады, сондықтан ол сотталғандарды түзеу және жаңа қылмыстардың алдын алу неғұрлым жеңіл жаза түрлерін тағайындағанда мүмкін емес болғанда ғана тағайындалуы мүмкін. «Егер адамды кінәлі деп таныған қылмыстық заң бас бостандығынан айырумен қатар жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін де қарастырған болса, онда соттар үкім шығарғанда бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жазаларды тағайындау туралы мәселені талқылауға тиіс». Демек, қудалуды үнемдеу қағидаты тұрғысынан жазаны «артығымен» анықтауға жол берілмейді.
Жаза тағайындаудың
ҚК-тің 52-бабының 3-бөлімінде бекітілген жазаны жеке-даралау қағидатының мәні қылмыстық жауапкершілік туралы мәселені шешуге істелген қылмыстың ерекшеліктерімен қатар оны істеген адамның да ерекшеліктерін ескере отырып қарауды білдіреді. Қылмыстық заңда сот жаза тағайындағанда істің мән-жайларын ескере отырып нақтылауға тиіс болатын үлгі санкциялар кездеседі.
Жазаны жеке-даралау – бұл ҚР ҚК бойынша жауапкершілік жекелендірілген болуынан шығатын қағидат: ол нақты қылмыстың істелуіне кінәлі нақты адамға қатысты ғана туындайды (ҚР ҚК-інің 3-бабы).
Қылмыстық жауапкершілік пен жаза қылмыс істелінгенде және оның істелуі үшін туады. Демек, қылмыс (қылмыс құрамы) – жауапкершіліктің негізі, сонымен бірге жаза өлшемі. Қылмыстың қауіптілігі, оның нақты мазмұны жазаны жеке-даралауға негіз болады. Тек қылмыстар ғана емес, сонымен қатар оларды істеген адамдар да өзара жеке-даралығымен ерекшеленеді. Жаза мақсаттары қатарында сотталғандарды түзеу мен арнайы превенция аталғандықтан, тұлғалық ерекшеліктерін ескермей мақсатқа лайық жаза тағайындау мүмкін еместігі анық. Демек, жазаны жеке-даралау қылмысты да, кінәлінің тұлғасын да ескеруді көздейді. Жеке-даралау үрдісін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар тереңдете түседі.
Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары