Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа
Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.
Осыған орай, біздің ойымызша, заңға (ҚР ҚК 79-б. 7-бөлігінің екінші сөйлемі етіп) мынадай мазмұндағы түзету енгізу қажет: «Егер қылмыстардың немесе бірнеше іс-әрекет кәмелетке толғаннан кейін жасалған болса, онда қылмыстық жауаптылықтың ең жоғарғы шегі қылмыстық кодекстің тиісті бабының қылмыстық-құқықтық санкциясы бойынша белгіленеді».
Онша қатаң емес жазаның неғұрлым қатаң жазадан басымдығы қағидасы. Заң (ҚР ҚК 52-б. 2-б.) қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс екендігін атап көрсетеді. Сөйтіп ол қудалау шараларын үнемдеуге көңіл қояды. Жасалған қылмыс үшін көзделгендердің ішінен жазаның неғұрлым қатаң түрі, егер оның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын жағдайда ғана тағайындалады.
Айталық, жоғарыда аталып кеткен Жоғары сот Пленумының қаулысында мынадай кепілдеме берілген: «Егер сол бойынша адам айыпты деп танылған заңның санкциясы жазаның әртүрлі (баламалы) түрлерін көздейтін болса, соттарға ҚК 52-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалғандығын не заңда жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындау арнайы көзделгенін ескере отырып, олардың арсынан онша қатаң емес жаза тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені қарастыруы және қабылданған шешім жөнінде үкімде ашып айту керек».
Қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде онша қатаң емес жазаның неғұрлым қатаң жазадан басымдығы қағидасы соттың түпкілікті жиынтық жаза тағайындау тәсілін таңдай отырып, қылмыстардың жиынтығы үшін жауаптылықты арттыра отырып қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу ережелерін міндетті түрде басшылыққа алуға тиістігінен көрініс табады. Қалыпты шектерді жөнсіз өсіру (бұл шектер заңмен емес, соттардың құқытық санасымен шектеледі) жазаның өзіндік ерекшеліктерін, оның тиімділігін жоғалтуға алып келуі мүмкін (сотталушының қатыгезденіп кетуі, мұрат-мақсаттардың құлдырауы, т.б.).
Жаза тағайындауды жеке даралау қағидасы жауаптылықтың дербестігі қағидасынан келіп шығады. Ол ерекше ұстанымды білдіреді – сот нақтылы бір іс-әрекетке және айыпкердің жеке басына жазаның деңгейлестігін (сәйкестігін) анықтау мақсатында, оларды тікелей талқыға салады. Судья үшін, заң шығаруға қарағанда, қылмыстық құқықтық нормада жүзеге асырылатын қылмыс туралы наақтылы, екі ұшты ұғым-түсінік жоқ. Ол нақтылы айыпты адам жасаған нақтылы іс-әрекетті қарастырады. Дәлме-дәл ұқсас қылмыстар болуы мүмкін емес, олардың қашанда бір-бірінен айырмасы болады – қылмыс құрамы белгілері, қосағы мен-жайлар не басқада сипатты өзіндік ерекшелері бойынша. Алға қойылған міндеттер есебімен барынша оңтайлы шешім табу жаза тағайындау кезінде тек жеке, дұрыс тұрғыдан келгенде ғана мүмкін болады.
Жиынтық жазаны анықтау кезінде жаза тағайындауды жаңа жазалау қағидасы жеке жауапкершілік қағидасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке жауапкершілік қағидасы жаңа жиынтық бойынша тағайындалған барлық жазалар қатаң түрде жеке дараланған, жеке-жеке айшықталған дегенді білдіреді. Олардың әрқайсысы жиынтықтың бөлшектеген жағдайында өздерінің құқықтық мән-маңызын жоймайды және өз алдында дербес қолданылуы мүмкін.
Тағайындалған жазаның үшінші тұлғаларға кері әсер жол берілмейтіндігі қағидасы. Бұл жаза, шындығында, құқық бұзушыға ықпал етудің жеке дара құралы, тікелей бағытталған дербес сипатқа ие дегенді білдіреді. Жаза тағайындай отырып сот қолданылған қылмыстық заңның әрекет ету аумағына тікелей енбейтін үшінші тұлғаларға елеулі түрде залал келтірілуінің мүмкіндігі туралы мәселені анықтап алуы қажет. Мәселен, сотталушы адамның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілуі мүмкін (ҚР ҚК 52-б. 3-б). Бас бостандығынын айыруға сотталған адамның кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, қарусыз қалған басқа да асырауындағы адамдары бар болған кезде, сот айыптау үкімін қабылдаумен бір мезгілде аталған адамдарды қамқоршылыққа немесе туысқандарының не басқада адамдардың немесе мекемелердің қорғаншылығына өткізу туралы, ал соттаушының қараусыз қалған мүлкі немесе үй жайы бар болған кезде оларды күзету жөнінде шара қолдану туралы қаулы шығарады (ҚР ҚІЖК 388-б. 1-б).
Жеңілдетуші мән-жайларды өз бетінше белгілеу қағидасы. Сот жаза тағайындау кезінде тек ҚР ҚК 53-бабының диспозицияларына ғана байланып қалмайды және жеңілдетуші ретінде қосымша мән-жайларды ескере алады, мәселен, Отан және қоғам алдында сіңірген еңбегінің болуы, жәбірлеушімен туыстық қарым-қатынастарының болуы, жәбірлеуші тарапынан айып-шағымдардың болмауы, т.т. Құқықтық бейімділіктің былайша көрніс табуы заңда қылмыстық іс жүргізу саласында сот төрелігіне барынша адамшылық тұрғысынан келу қажеттігімен түсіндіріледі, соттарға жауаптылықты жеке даралау үшін қолдарында бар құқықтық құралдарды, амал-тәсілдерді барынша кең қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ҚР ҚК 53-бабы [6] өзінің сипаты бойынша диспозитивтіктен гөрі, императивтік болып табылады және сондықтан да онда келтірілген қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлар қолдануға міндетті болып табылады. Сот егер олардың барлығына көзі жетсе, бұл мән-жайларды ескермей кете алмайды. Оларды бағалау мәселесі көпшілік жағдайда соттың құзырына жататындығы – басқа жағдай. Мәселен, сот өз бетінше бағалайды: соттаушының мінез-құлқын «қылмыспен келтірген зиянды қалпына келтіруге бағытталған басқа да әрекеттер» ретінде қарастыруға болама, жоқ па? Немесе қандай мән жайлардың тоғысуы еріксіз қылмыс жасауға алып келеді, материялдық және басқа да тәуелділік қалай анықталады, шын жүректен опық жеу деп нені ұғыну керек және т.б. (бірқатар жағдайларда арнайы баға беру қажет болмайды, мәселен, кәмелетке толмағандық, жүктілік, жас баланың болуы, қылмыстардың санаттары).
Ауырлаушы мән-жайларды міндетті түрде ескеру қағидасы (ҚР ҚК 54-б. 1-б. «м» тармақшасынан басқа) соттың жаза тағайындау кезінде заңда берілген ауырлатушы мән-жайлардың болуын, қылмысты мас күйінде, есірткілік немесе уытқұмарлық заттарды пайдалану арқылы есеңгіреген күйде жасаған жағдайдан басқа реттерде, көпе-көрінеу ескермеуіне хақысы жоқтығы жөніндегі мәлімеден көрініс табады. Алғашқысы міндетті түрде жауаптылықты күшейтуге алып келеді.
Жаза тағайындау туралы мәселеге ықпал етуші мән-жайды екі рет ескертуге жол берілмейтіндігі қағидасы. Бір мән-жай қылмыс құрамын дәрежелеуші белгі ретінде және жауаптылықты ауырлатушы мән-жай ретінде екі рет ескертуге тиіс емес (ҚР ҚК 53-б. 3-б. және 54-б. 2-б. қараңыз). Мәселен, бұрынырақта, дәрежелеу кезінде ескерілген бірнеше мәртелік қылмыстық жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жай болып табылмайды. Қылмыстардың көпшілігі үшін жиынтық жаза тағайындалған кезде де, бұрынырақта, жиынтықты құрайтын жекелеген әрекет үшін жаза тағайындау кезінде ескерілген мән-жайды қайталап өтуге жол берілмейді.
Жазаны субъективтік баға беру негізінде анықтау қағидасы. Бұл қағида осымен бір мезгілде қылмыстық іс жүргізу қағидасы да болып табылады. Судья жасалған қылмысқа және айыпкердің жеке басына құқықтық сананы, заңды және ар-ожданды басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі сенімі бойынша баға береді (ҚР ҚІЖК 25-б.1-б.). Көріп отырғанымыздай, мейлінше субъективтік көзқарас. Дегенмен оны айналып өтуге болмайды, әйтпесе жазаны миханикалық тұрғыда анықтау адамгершілік, әділдік сияқты адами қарым-қасиеттерді жоққа шығаратын үстірт, бір жақты шешімге алып келеді. Сонымен қатар, ол ревалюциялық адасу, мемлекеттілік салалық және т.б. сияқты көлеңкелі көріністердің орын алуы мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Сондықтан да, кей жағдайда, жаза туралы мәселе тек сот органының міндеті болып табылмайды. Бұл мәселемен жазаның тағайындалуы заңдылығы мен негізділігін тексеретін операциялық және қадағалаушы инстанциялар да шұғылданады.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде сот аталған жалпы қағидалардан басқа, сондай-ақ мынадай ережелерді басшылыққа алады.
Бір ізділік қағидасы. Қылмыстардың жиынтығы кезінде алдымен оған енетін іс-әрекеттің жазаланушылығы анықталады. Содан кейін барып ортақ түпкілікті жаза тағайындалады. Мұндай бір ізділік заңмен белгіленген және бұрмалауға тиіс емес. Қорытындыларды құрамдас элементтерден беріп қарау және оның ыңғайына жекеленген жазаларды бейімдеуге жол берілмейді.
Жауаптылықты күшейту қағидасы. Заң шығарушының жиынтықты құрайтын қылмыстардың кең таралған түрлеріне қатысын білдіреді. Жазаларды қосу тәсілін қолдану кезінде көрніс табады. Бұл ретте мынаны есте ұстау қажет: ауырлататын мән-жайлар жағдайында жекеленген қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде жауаптылық нақтылы қылмыстық-құқықтық санкция шеңберінде жүзеге асырылады, жоғарыда айтылғандай, оны күшейту бұл жерде жүргізілмейді. Бұнда біз заңда бапта берілген жаза шегінен шығуға мүмкіндік беретін күшейту жөнінде меңзеп отырамыз. Дегенмен аталған қағида барынша жауаптылық қағидасына қайшы келеді дегенді білдірмейді. Жауаптылықты барынша күшейту де заңмен шектелген (ҚР ҚК 58 және 60-баптарын қараңыз). Жауаптылықты күшейту жазаларды толық немесе ішінара қосу есебінен жүргізіледі. Қосудың ішінаралығы жауаптылықтың күшею дәрежесімен анықталады. Соңғысында мұндай күшейюді шектейтін факторлар ықпал етеді. Жазалардың жиынтығы кезінде (қылмыстардың және жазалардың жиынтығы бойынша) негізгі жаза ауырлығы онша емес қылмыс үшін тағайындалған жазаның бөлігіне толық немесе ішінара қосылады, не мүлдем қосылмайды, өзіне қарағанда соңғысының маңызы төмендігіне орай оны толықтай сіңіріп алады. Жиынтықты құрайтын қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мен оны жасаған сәттегі тұлғаның қоғамдық қауіптілігі арасында қаншалықты айырмашылық болса, қылмыстық жауаптылықты күшейту де соншалықты аз талап етіледі [37; 25].
Қылмыстардың жиынтығы бойынша өз бетінше жаза тағайындау қағидасы түпкілікті жиынтық жаза жекелеген жазалар жөнінде қолданылған ережелер бойынша белгіленеді дегенді білдіреді. Ол жиынтық қылмыстар мен мемлекет тарапынан қарастырылған тиісті қылмыстық-құқықтық қудалаудың ара қатынасының барабарлығын анықтайды. Бұл ретте жиынтықты көпшілік қылмыстар ретінде сипаттайтын жекелеген жазаларды дәрежелеу және тағайындау кезінде пайдаланылмаған барлық мән-жайлар ескеріледі.
Қосымша жазаны негізгі жазаға қосу мүмкіндігі қағидасы оның екеуі де жиынтықты құрайтын қылмыстар үшін тағайындалған жағдайда көрініс табады.
Қорытынды жиынтық жазаны жиынтыққа енетін жекелеген қылмыс үшін тағайындалған жазаның бір түрлі бойынша белгілеу қағидасы соттың бұрынырақта тағайындалмаған жазаның басқа түрлерін қолдану мүмкіндігі шектелген дегенді білдіреді. Мәселен, сот бір қылмыс үшін түзеу жұмыстарын, ал басқа қылмыс үшін – қамауды белгіледі. Соған сай, түпкілікті жаза бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалуы мүмкін емес.
Жиынтық құрайтын бірнеше қылмыс жасаған айыпкер жағдайының, оны дер уақытында соттамауға байланысты, төмендеуіне жол берілмейтіндігі қағидасы. Бірінші рет сотталғанға дейін жасалған жаңа қылмыс анықталған кезде айыпкер адам қылмыстардың жиытығы ережелері бойынша сотталады. Олар үшін түпкілікті жаза ҚР ҚҚ 58-б. 6-б. Тәртібі бойынша, жаңа және бұрыңғы жазаны сіңіру немесе қосу жолымен белгіленеді. Бұл ретте бірінші үкім бойынша өтелген мерзім тағайындалған жазаға толық қосылады. Аталған мерзімді есепке алу оны сіңіруді немесе қосуды меңземейді, ол тек тағайындалған ортақ жаза мен өтелмей қалған жазаның арасындағы айырмашылықты білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұдан сотталушының жағдайы төмендемейді. Егер жаңа істі қарау кезінде ескермеу мүмкін емес жаңа мән-жайлар пайда болмаса, ол мүлдем өзгермейді.
Келтірілген барлық қағидалар жаза тағайындаудың жалпы сипатын анықтайтын басқа да жетекші идеялармен қатар қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелері негізінде жатады.
Әдебиеттерде сондай-ақ басқа да қағидалар ұшырасып қалады. Мәселен, А.С.Горелик мынадай қағиданы атап көрсетеді: бірнеше қылмыс жасаған, бірақ олардың біреуі үшін ғана сотталған және жазасын өтеген адам анығында оның алдында жасалған барлық қылмыстар үшін де жазасын өтейді. Бұл жөнде ол «бәрібір алдындағы үкім бойынша өтелген мерзім аталған қылмытар үшін жаза тағайындау кезінде жиынтық бойынша тағайындалған түпкілікті жаза мерзіміне қосылады» деген пікірді алдыға тартады. Оның мына бір тұжырымы да атап өтеуге тұрарлық: «Егер адам бірнеше қылмыс жасаған, бірақ оның біреуі үшін ғана сотталған және сол үшін жазасын өтеп жатқан болса, онда оған қолданылған шаралар басқа қылмыстарға қатысты үкім шығарылмағанына қарамастан, бұл адамның толықтай түзелуіне ықпал етуі мүмкін. Ақыр аяғында, адам түзеледі және қайтадан тәрбиеленеді, ал ол жасамаған іс-әрекеттерді және түзеу-еңбекпен ықпал ету шараларын әрбір үкім бойынша жасанды түрде бөлу және қолдану мүмкін емес» [38; 23].
2.2 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау қылмыстық жаза тағайындаудың жалпы проблемаларының бір түрі, сонымен қатар қылмыстық жауаптылықты іске асыру механизмінің ерекше мән-жайларымен сипатталатын оның жеке жағдайы болып табылады.
Қылмыстардың жиынтығы – қылмыстардың көптеген түрін жасау кезінде жаза тағайындау мен оны дәрежелеудің қағидалары мен ережелерін анықтайтын қылмыстық құқықтың құқықтық дәрежесі немесе тіпті тұтас бір институты.
«Қылмыстардың жиынтығы» ұғымы жалпы алғанда екі ұшты мағынада қолданылады. Бір жағынан ол іс-әрекеттердің көптігінің ерекше жағдайының сапалық ерекшеліктерін білдірсе, екінші жағынан жаза тағайындау кезінде анықталған қағида ретінде қолданылады. Біріншісі екіншісін анықтайды, сондықтан да қылмыстардың жиынтығының сапалық мазмұнын неғұрлым толық ашық осындай үлгідегі көпшілік жағдайлар бойынша жаза тағайындаудың қағидалары мен ережелері туралы мәселенің нақтылы барынша байланысты болып келеді.
Жиынтық қылмыстардың әрқайсысы басқа құрамдарға сіңіруге немесе қосуға жатпайтын өз алдына дербес құрам құрайды. Олардың сәйкессіздігі толық немесе жартылай болуы мүмкін, мәселен, объективтік жағы бойынша Қылмыстық кодекстің түрлі баптарымен немесе баптың бөліктерімен көзделген, бір-біріне ұқсамайтын іс-әрекеттер дәрежеленеді. Дегенмен тәжірибеде ұқсас қылмыстарды дәрежелеу кезінде шектеушілікті талап ететін жағдайлар да кездесіп тұрады. Бұл, әлбетте, әр типті қылмыстар құрамының құрылымы сәйкес келмеген реттерде орын алады. Мәселен, орындалуы түрлі дәрежедеге қылмыстардың жиынтығы (аяқталған неесе аяқталмаған іс-әрекет). Бір сөзбен айтқанда, қылмыстардың жиынтығы оларды дәрежелеуде, яғни олардың құрамын құрауда айырмашылық болған кезде орын алады.
Қылмыстардың жиынтығының оны бір текті қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерден, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы мен қайталануынан ерекшелеп тұратын күрделі ішкі құрылымы болады. Сондықтан да оның сыртқы формасы да күрделі болып келеді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстардың жиынтығын жасалған іс-әрекеттердің саны бойынша дәрежелеу барынша кең таралған болып табылады:
Қылмыстардың жиынтығын дәрежелеуге негіз ретінде оның пайдалану формасын да алуға болады: бір үкіммен соттау кезінде бір сәттік қолдану немесе түрлі үкімдермен соттаған кезде түрлі уақытта қолдану. Меніңше, бұл жағдайлардың шектеушілік критерийі қылмыстық қудалау органдарының жиынтықты құраушы барлық қылмыстардың жасалуы туралы құлақтандырылуы және олар бойынша істі ұштастырып жүргізудің мүмкіндігі болып табылады.
Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары