Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция
Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"
Геоэкология табиғи-антропогендік жүйелердің экологиялық жағдайын физикалық-геоэкологиялық провинциялар, аудандар, ландшафттар, т.б. рангінде зерттейтін болғандықтан, геоэкологиялық аудандауға басты негіз жалпы ғылыми физикалық-географиялық аудандау бола алады.
Экологиялық жағдайы зерттеліп отырған аймақтардың табиғат қасиеттерінің бірдей болуы, осы геожүйелердің орнықтандыру мен табиғатын қорғауға бағытталған шаралар жүйесінің бірдей болуына мүмкіндік береді.
Физикалық-географиялық аудандаудың жалпыға белгілі мақсаты - барлық табиғи жағдайының ұқсастығы мен айырмашылығы негізінде жер бетін бір-біріне ұқсайтын табиғи аймақтарға бөлу. Геоэкологиялық аудандаудың алғашқы кезендерінің де негізгі мәселесі осы.
Физикалық-географиялық аудандаудың геоэкологиялық мақсатта қолданылатын ең объективті критериі ретінде генетикалық ұстанымды аламыз. Бұл ұстаным аумақтың түрлі деңгейдегі елдің, зоналар, провинциялар, округтер, аудандар (ландшафттар) табиғи аймақтық бірліктерге физикалық-географиялық топтануының себептерін, уақытын, сипатын көрсетеді.
Азоналық қатардағы ең жоғарғы (ірі) таксондық бірлік - физикалық- географиялық ел. Ол тектоникалық және геологиялық құрылысының бірыңғайлығымен, макрожер бедері мен макро-климатының ортақ белгілерімен, белдеулік ландшафттык зоналылықтың болуы не болмауымен сипатталады.
Ландшафттық зонаның ерекшелігі - жылулық және ылғалдану жағдайларының, топырақ және өсімдік жамылғысының, экзогенді- динамикалық процестерінің бағытының ортақтығы.
Елдер ішінде физикалық-географиялық провинциялар бөлінеді. Олардың маңызды қасиеттері - орографиясы мен жер бедерінің, жер беті тау жыныстарының, топырақ және өсімдік жамылғысының ортақ белгілері. Провинциялар физикалық-географиялық зоналар ішінде орналасады да, оның шегінен шықпайды.
Физикалық-географиялық аудандаудың ең төменгі және ең негізгі бірлігі - физикалық-географиялық аудан немесе ландшафт. Физикалық- географиялық аудан дегеніміз - пайда болуы, геологиялық құрылысы бірдей, жер бедері бір типті, климатының, гидротермиялық тәртібінің, топырағы мен өсімдігінің сипаттары ортақ аумақ.
Геоэкологиялық аудандау, әдетте, физикалық-географиялық аудандаудың жоғарыда аталған таксондық бірліктеріне негізделеді, оның мақсаты - әрбір бөлінген аймақтың экологиялық жағдайын кеңістікте сипаттап, көрсету. Сол себепті физикалық-географиялық аудандаудың таксондық бірліктерін геоэкологиялық аудандаудың бірліктер жүйесіне ұқсатуға болады. Дегенмен, аудандаулардың екі схемасының елеулі айырмашылықтары да бар. Мысалы, геоэкологиялық аймақтың арнайы атаулары. Бұл атаулар табиғи қасиеттерімен бірге бөлінген бірліктің экологиялық фонын да (экологиялық шиеленісу деңгейі) көрсетеді.
Фактілік деректердің аздығы, геоэкологиялық аудандау әдістемесінің жеткілікті зерттелмеуі Қазақстанның геоэкологиялық аудандалуын біз атаған схема бойынша, яғни геоэкологиялық аудандар (ландшафттар) рангінде көрсетуге мүмкіндік бермейді. Осы жағдайға және зертелетін барлық аймақтар бойынша экологиялық деректердің жоқтығына байланысты біз геоэкологиялық аудандаудың аралық қосымша таксондық бірлігін бөлдік. Белгілі бір шектеулі өнеркәсіптік, қалалық ауданның нүктелік локалды, қалпынан жоғары ластануы, осы экологиялық қасиеттері бойынша қоршаған қолайлырақ жағдайдан ерекшеленетін осындай аномалды аймақты геоэкологиялық анклав деп атадық (ғылыми әдебиеттерде анклавты қасиеттері басқа кеңістікпен қоршаған аудандық жағынан бөлектенген үлескі деп түсіндіреді).
Қазақстанның ұсынылып отырған геоэкологиялық аудан-далуының ең төменгі бірлігі-геоэкологиялық анклав. Бұл физикалық-географиялық провинцияның табиғи ортасының орнықсыздану деңгейі доминантты фонмен салыстырғанда жоғары бөлігі. Бұл экологиялық жағдайы антропогендік әсерден шиеленіскен ареал. Ол физикалық географиялық округ, ауданның бөлігі болып табылады, кейде оның шекарасымен сәйкес келеді (геоэкологиялық анклавтардың экологиялық касиеттері А.В.Чигаркиннің жұмысында берілген /36/).
Сонымен, геоэкологиялық аудандау белгілі бір аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайдың кеңістіктік заңдылықтарын қөрсетеді. Экологиялық жағдайы бағаланатын аймақтардың экологиялық қасиеттерінің бірдейлігі, осындай геожүйелерде экологиялық жағдайды жақсарту, қалпына келтіруге бағытталған шаралардың да бірдей болуына мүмкіндік береді.
Табиғатты пайдалану мәселелерін шешуде геоэкологиялық аудандаудың маңызы зор. Осы ұғымға табиғат құбылыстары мен процестерін қоғамға қолайлы бағытта өзгертуге арналған шаралар кешені де енеді. Бұл жағдайда жергілікті табиғат жағдайларының ерекшеліктері жан-жақты ескерілуі қажет. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қалпына келтіруге бағытталған еңбекті және қаржыны көп қажет ететін шаралар кешенін біз геожүйелерді экологиялық реконструкциялау стратегиясы деп атаймыз.
Геоэкологиялық аудандау
Қазақстанның табиғат жағдайларының басқаға ұқсамайтын күрделілігі мен алуан түрлілігі осы аумақты табиғи аудандаумен айналысқан ғалымдарды түрлі ғылыми тұжырымдар жасауға мәжбүр етті.
Геоэкологиялық аудандау негізіне Қазақстанның Б.А.Федорович /12/, Н.А.Гвоздецкий мен В.А.Николаев /6/ ұсынып, А.В.Чигаркин /31,33,35/ толықтырған табиғи аудандау схемасы алынды.
Авторлар аймақтар атауларына елеулі өзгерістер, шекара-ларына, табиғаты мен экономикасы туралы деректерге анықта-малар енгізді. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен табиғатты қорғауға байланысты материалдар бірінші рет беріліп отыр. Табиғи аудандаудың физикалық географияға дәстүрлі таксондық бірліктер жүйесі қабылданған: физикалық-географиялық елдер, ұсақ бірлігі - геоэкологиялық анклавтар.
Геоэкологиялық аудандау схемасының арнайы мазмұнының негізінде Қазақстанның белгілі табиғи шаруашылық аймақтарындағы экологиялық жағдайдың шиелінісу белгілері жатыр. Экологиялық жағдай алдымен 1994ж. А.В.Чигаркин жасаған Қазақстанның геоэкологиялық (ландшафттық- экологиялық) картасы негізінде жасалды /29/. Айта кетейік, ландшафттық- экологиялық картаны жасағанда адамды қоршаған экологиялық қолайлы жағдайды сақтауды қамтамасыз ететін кейбір ингредиенттердің ауадағы, судағы және топырақтағы мейлінше шоғырланудың рауалы шегі (ШРШ) (концентрациясы) ескерілген. Бұл интегралды көрсеткіштер Мүмкіндігінше Шектелген Экологиялық Жүктемені (МШЭЖ) сипаттайды /35/.
Қазақстанның геоэкологиялық картасының негізіне салынған экологиялық ақпаратты кешенді сараптау фактілік материалды геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты жүйелеуге мүмкіндік берді. Геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуі - адам тіршілігінің қалыпты жағдайының өзгеруі, табиғи ресурстардың азаюы не таусылуы, геожүйенің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиетінің төмендеуі не жоғалуы.
Келеңсіз экологиялық жағдайдың себебі, әдетте, антропогенез, сирек жағдайда табиғи процестер (1 кесте).
Қазақстанның геоэкологиялық аудандау схемасының әрбір геоэкологиялық провинциясы экологиялық бұзылудың белгілі бір деңгейіне (сыныбына) жатқызылған.
Экологиялық бұзылуды бағалау критериін таңдау геожүйелерді ранжирлеуді жалғастыруға, яғни табиғи аймақтарды экологиялық бұзылудың одан да төмен реттік деңгейлеріне бөлуге мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау жағдайлары бойынша табиғи аймақтарды біріктіру
1- кесте
Қазақстанның геожүйелерінің экологиялық бұзылу деңгейлері
Экология- лық бұзылу деңгейі |
Табиғи ортаның экологиялық бұзылу критериі |
Балл |
Апаттық |
Табиғат компоненттерінің қөпшілігінің терең, қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырауы |
5 |
Қауіпті |
Табиғат компоненттерінің көпшілігінің терең, бірақ қалпына келетін өзгеріс терге ұшырауы. |
4 |
Шиеленіс кен |
Табиғаттың кейбір компоненттерінің елеулі, бірақ қалпына келетін келеңсіз өзгерістерге ұшырауы. |
3 |
Қанағат- танарлық |
Табиғаттың құрамдас бөліктерінің құрылымының елеулі, бірақ қалпына келтіруі жеңіл өзгерістерге ұшырауы. |
2 |
Қолайлы |
Келеңсіз экологиялық өзгерістердің болмауы |
1 |
экологиялық жағдайын қалыптастыруға бағытталған бірдей шаралар жүйесін жасауға жағдай туғызады /36/.
Жоғарыда аталған ұстанымдарға сәйкес Қазақстанның геоэкологиялық аудандау схемасында 8 физикалық географиялық елдер бөлінген, олар 47 геоэкологиялық провинциялардан тұрады (2 кесте). Провинция атауларында экологиялык жағдайды анықтайтын негізгі табиғи және антропогендік факторлар, оның ішінде табиғи зоналылық, экономика мен табиғи ресурстарды пайдаланудың басты бағыттары көрсетілген.
Қазақстанның геоэкологиялық провинцияларын талқылайық. Провинциялар мен геоэкологиялық анклавтардың табиғи-экологиялық қасиеттері және А.В. Чигаркиннің /32-35/ материалдары қолданылды. Қоршаған орта жағдайы туралы деректерінен табиғат ресурстары және қоршаған орта министрлігінің 1996-2000 жылғы деректері /9,10/ және басқа да мәліметтерден /27,42/ алынды. Кейбір табиғи-антропогендік объектілер бойынша мұндай деректер жоқ. Қазақстан геожүйелерінің экологиялық бұзылу деңгейін автор есептеді (1 кестені қараңыз).
2 - кесте
Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы
Физикалық-географиялық |
Геоэкологиялық провинция | ||
Ел |
зона |
таулы аудан | |
1 |
2 |
3 |
4 |
А. Шығыс- Еуропалы қ (Орыс жазығы) |
дала |
І.Еділ-Сырт құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу). 2.Орал-Елек құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу - урбоөнеркәсіптік). | |
шөлейт |
3.Еділ-Жайық шөлейт (мал шаруашылығы) 4.Жайық алды шөлейт (мал шаруашылығы - мұнай өндіру). | ||
шөл |
5. Каспий маңы шөл (мал шаруашылығы - мұнай өндіру). | ||
Б.Орал таулы елі |
І.Оңтүс- тік Жайық |
| |
В.Батыс Сібір жа- зығы |
орман- ды дала |
| |
В.Батыс Сібір жазығы |
дала |
урбоөнеркәсіптік). 17.Ерейментау-Баянауыл құрғақ дала (мал шару ашылығы-урбоөнеркәсіптік). | |
Г.Сары- арқа (Қа- зақ ұсақ шоқылы- ғы) |
шөлейт |
18.Ұлытау шөлейт (мал шаруашылығы). 19.Сарысу-Қызылжар шөлейт (мал шаруашылығы-кен өндіру) 20.Қызылтас шөлейт (мал шаруашылығы) 21.Шынғыстау шөлейт (мал шаруашылығы) | |
шөл |
22.Солтүстік-Балқаш маңы, шөл (мал шаруашылығы- урбоөнеркәсіптік). | ||
Д.Тұран жазығы |
дала |
23.Солтүстік-Торғай құрғақ | |
шөлейт |
24.Оңтүстік-Торғай шөлейт (мал шаруашылығы). |
1 |
2 |
3 |
4 |
шөл |
25.Маңғыстау шөл (мал шаруашылығы-мұнай өндіру). 26.Үстірт шөл (мал шаруашылығы). 27.Солтүстік Арал маңы шөл (мал шаруашылығы). 28.Бетпақдала шөл (мал шаруашылығы). 29.Мойынқұм шөл (мал шаруашылығы - урбоөнеркәсіптік). 30.Балқаш маңы - Алакөл шөл (мал шаруашылығы - жер өңдеу). 31.Төменгі Сырдария шөл (мал шаруашылығы - жер өңдеу). 32.Сырдария маңы шөл (жер өңдеу-урбоөнеркәсіптік). 33.Солтүстік Қызылкұм шөл (мал шаруашылығы). | ||
Е.Алтай таулы елі |
ІІ.Ал- тай |
34.Батыс Алтай таулы (урбоөнер | |
Ж.Сауыр- Тарбағата й-Жетісу |
III. Сау- ыр- Тарба- ғатай |
36.3айсан тауаралық шөлейт (мал шаруашылығы).
38.Тарбағатай таулы (мал шаруашылығы- рекреациялық). 39.Барлық-Майлы таулы (мал шаруашылығы). | |
Ж.Сауыр- Тарбағатай-Жетісу |
IV. Жетісу |
40.Жетісу Алатауы таулы (мал шаруашылығы- рекреациялық). 41.Батыс-Жетісу таулы (мал шаруашылығы - рекреациялық). | |
З.Тянь- Шань таулы |
^.Сол- түстік - Тянь- Шань |
42.Шу-Іле таулы (мал шаруашылығы). 43. Іле тауаралық шөл (мал шаруашылық-жер өңдеу). 44.1ле сырты таулы (урбоөнеркәсіптік- 45.Қырғыз жотасы таулы (мал шаруашылығы- рекреациялық). 46.Қаратау таулы (мал шаруашылығы кен өндіру). | |
VI. Батыс Тянь- Шань |
47.Өгем-Талас таулы (мал шаруашылығы- рекреациялық). |
А. Шығыс-Еуропа жазығы елі
Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігі Орыс платформасының оңтүстік- шығыс шетін - Каспий маңы синеклизасын алып жатыр. Өте терең жатқан (10 км-ден терең) гранитті-гнейсті кристалл фундаментімен сипатталады. Оның үстінде жоғарғы палеозойдың (пермь) және мезозойдың саздымергелді тау жыныстар қабаты жатыр. Көп шақырымды шөгінді жыныстар қабатың жарып (тұзды-күмбезді тектоника) шыққан тас тұздың қалың штоктарынан (күмбез) тұратын көптеген тұзды күмбездер кездеседі. Орыс платформасы Жайық алды шетіндегі иінмен (үстіртпен) шектеледі (Жайық алды үстірті), бұл жерде жоғарғы бордың бор мен мергелді шөгінді жыныстары басым.