Лекция по "Географии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция

Краткое описание

Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"

Вложенные файлы: 1 файл

Геоэкология және т.қорғау.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

Қорықтық нысандар:

а) қазіргі бар - жоқ;

ә) ұсынылатын -

  • Ертіс аңғары жайылмаларында Лебяжье зоологиялық қорықшасы;
  • Қашыр ландшафтық қорықшасы - Ертіс өзенінің жайыл-масындағы ормандар мен көлдер.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері:

  • құстар - сұнқылдақ аққу, алакөз сүңгуір, сұр тырна, ақбас тырна;
  • балықтар - таймень.

12. Барама дала (шаруашылық жер өңдеу) провинциясы

Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс шетінде Ертіс өзенінің оң жағалауын алып жатыр. Кайназойдың қалың (2500 м-ге дейін) саз тасты-құм тасты жыныстарымен жабылған палеозойдың қатпарлы жыныстары терең жатыр. Терең емес көлдік қазаншұңқырлары мен эрозиялы қолаттары, құмды жалдары (салыстырмалы биіктігі 5-8 м) кезектесіп кездесетін тегіс төбелі жазықтар басым. Жер бедері батысқа, Ертіс аңғарына аз еңіс.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы -19-20 С, шілденікі 19- 20ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм. Көлдері аз.

Оңтүстік қаратопырақ, шалғынды-қаратопырақ, шалғынды-далалы сортаңдар мен сорлар басым. Табиғи өсімдігі жусанды-бетегелі кешендер. 80%-на дейін жыртылған.

Табиги ресурстары мен экономикасы - құнарлы топырақ базасында тәлімді жер өңдеу, табиғи жем-шөп алаңдары (көктемгі-жазғы-күзгі жайылымдар).

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - жер бедерінің жа-зықтығы мен аз тілімденуі;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - топырағының жеңіл механикалық құрамы дефляция процесіне бейім.

Қазіргі экологиялық жагдайы - қолайлы.

Экологиялық шиеленісу көздері - ауыл шаруашылығының дұрыс жүргізілмеуі мен жел эрозиясы салдарынан қара топырақтың құнарсыздануы, Павлодар-Екібастұз ТӨК жақындығынан қышқыл жаңбыр жауу ықтималдығы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары - жоқ.

Қорықтық нысандар:

а) қазір бар - жоқ;

ә) ұсынылатын - Чаны көлінің оңтүстігіндегі орманды дала және су - батпақты алқаптарды қамтитын Утичье ландшафттық қорықшасы. Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері: - құстар - сұнқылдақ аққу, сұр тырна, тарғақ.

13. Құлынды құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу) провинциясы Батыс Сібір ойпатының оңтүстік шетімен Алтайдың батыс етегінің қиылысында орналасқан (т.д. 130-200 м). Тегіс төбелі жазықтар мезозой- кайназойдың сазтасты жыныстарынан құрылған, төрттік аллювиальді құм мен қиыршық таспен жабылған.

Климаты: қаңтардың орташа температурасы -18ӘС, шілденің орташа температурасы +21 С. Атмосфералық жауын-шашын мөлшері 240-260 мм.

Өзен желісі жоқ. Құрамы жеңіл саз тасты және құм тасты күңгірт- қызғылт топырақ басым. Табиғи өсімдігі - бетегелі-тырыскен дала - сақталмаған. Көне аллювиальді құмдарда далаланған парктік қарағайлы ормандар кездеседі. Олар Батыс Алтай лёссті үстірттің кескілейтін ескі өзен аңғарларында орналасқан.

Табиги ресурстары мен экономикасы.

Құлынды даласының бұрынғы тың жерлерінде тәлімі жер өңдеу (бидай өсіру).

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - жер бедерінің аз тілімденуі, қарағайлы сирек орманның болуы;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - құрамы саздақты-құмдақты топырақтардың басымдығы және олардың дефляцияға бейімділігі. Қайталанып тұратын құрғақшылық. Ауыспалы егіс ережелерін сақтамау нәтижесінде болатын топырақ эрозиясы, қарағайлы ормандарды кесу, орман өрттері.

Қазіргі экологиялық жаздайы. Экологиялық шиеленісу деңгейі - қолайлы.

Экологиялық шиеленіс көздері - күшті жел эрозиясы мен тегіс жыртылу салдарынан топырақтың құнарсыздануы. Соңғы жылдары өзен жағалауындағы қарағайлы ормандардың азаюы. Ауыспалы егіс, ауыспалы жайылым, қарағайлы ормандарды сақтау, топырақты қорғау үшін орман алқаптарын отырғызу қажет.

Экологиялық шиеленісу аймақтары

Ертістің шығыс жағалауындағы құмды төбелердегі қарағайлы орман жолақтары (ұзындық бойы созылған) орман өрттері мен ретсіз ағаш дайындаудан зардап шегуде, олардың жойылу қаупі бар. Қорықтық нысандар: а) қазіргі бар - жоқ;

ә) ұсынылатын - Бесқарағай қорығы. Ертіс өзенінің жайылымдық террасаларындағы қарағайлық орман жолақтарын қалпына келтіру және қорғау.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері:

- құстар - сұр тырна, ақбас тырна.

14. Көкшетау дала (шаруышылық жер өңдеу-рекреациялық) провинциясы

Көкшетау қыратында (салыстырмалы биіктігі 250-450 м) орналасқан. Ұсақ шоқылы қыраттар аралдық аласа таулар мас-сивтерімен кездеседі (Көкше тауы, т.д. 947 м). Көкшетау қыраты архей мен протерезойдың метаморфизацияланған тау жыныстары: гнейстер, кварциттер, кристалл шақпақ тастардан тұрады. Төменгі палеозойдың эффузивті - шөгінділер қабаты жиі кездеседі. Аталған тау жыныстары гранитті интрузиялармен жарылған. Жер бедері - ұсақ шоқылы - аласа таулы, көптеген аңғарлармен, сайлармен тілімденген.

Өзен желісі Есіл өзені алабына жатады, елеулі өзендері - Иманбұрлық, Аққанбұрлық, т.б. Барлық өзендер қар суымен, ыза суларымен қоректенеді, жазда қатты қайырлайды, бірақ кеппейді, себебі жарықтық сулармен қоректенеді. Провинцияда тектоникалық қазан шұңқырларды алып жатқан көлдер көп. Әйгілі көлдері - Имантау, Зеренді, Шортанды, Үлкен және Кіші Шабақты, Бурабай.

Климаты: Көкшетау қыратының тосқауылдық-орографиялық әсеріне байланысты. Қаңтардың орташа температурасы -16-17 С, шілденікі +18+19° С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 мм. Қолайлы климаттық жағдайына байланысты Көкшетау қыратындағы орман қоршаған дала ішіндегі арал секілді. Аласа таулар шоқыларында қарағайлы-қайыңды орман, ал граниттер шығып жатқан жерде қарағайлы ормандар өседі. Таулар етегінде кәдімгі қара топырақтағы әр түрлі шөптесінді қызыл селеулі дала дамыған (көп бөлігі жыртылған).

Табиги ресурстары мен экономикасы.

Көкшетау қыратында полиметалл рудалары, алтын, уран кен орындары бар, олар интрузивті тау жыныстарына сәйкес. Кәдімгі қаратопырақтар - бағалы жыртуға қолайлы алқап. Дегенмен, Көкшетау провинциясының негізгі мәні - тынығу. Бұл Қазақстанның республикалық денсаулық орталығы.

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - қоршаған далаға қарағанда жауын-шашынның молдығы, қалың қабатты құнарлы топырағы, сумен жақсы қамтамасыз етілуі;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін - табиғи жоғары радиоактивті фон (атқылаған тау жыныстарындағы радондық аномалиялар), шоқы беткейлеріндегі топырақтың қалың еместігі және қиыршық тастың болуы, орташа тілімденген жер бедері жағдайындағы су эрозиясы.

Қазіргі экологиялық жагдайы - қанағаттанарлық.

Экологиялық шиеленісу көздері - Көкшетаудың солтүстігіндегі кейбір аудандардағы радонның табиғи жоғарылығы. Алтын және уран кеніштерінің өнеркәсіптік үйінділері (өндіру жүргізілмейді). Жыртылатын топырақтың құнарлылығының азаюы. Тұрмыстық-шаруашылық мақсатта шектен тыс пайдалану салдарынан көлдердің деңгейінің төмендеуі мен жоғалуы. Ормандардың сиреуі және жиі болатын орман өрттері. Ғажап тұщы көлдердің шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сулармен ластануы.

Экологиялық шиеленісу аймақтары:

  1. Көкшетау урбоөнеркәсіптік аймақ. Көкшетау қаласын қамтиды, қоршаған ортасының экологиялық жағдайының деңгейі - қанағаттанарлық. Экологиялық бұзылулар қала ішіндегі Қопа көлінің өнеркәсіптік-тұрмыстық ақаба сулармен ластануына байланысты.
  2. Степняк - Мақы кен өндіру аймағы. Алтын өндіру өнеркәсібінің (Васильков кен орны) кеніштері мен аршыма тау жыныстары үйінділері. Жер бедерінің біртұтастығының бұзылуы, жергілікті су орындарының ластануы, жерді рекультивациялау қажеттігі.

Қорықтық нысандар:

а) қазіргі бар -

  • Көкшетау ұлттық табиғи паркі. Көкшетау қыратының жиі «Қазақстан Швейцариясың аталатын ең әдемі бөлігін алып жатыр (т.д. 947 м). Үлкен және кіші Шабақты, Бурабай, Шортанды т.б. көлдерін қамтиды. Экзотикалық жартастары («Жұм-бақтасң, «Оқжетпесң, т.б.) бар гранит тауларда қарағайлы ормандар, қайыңды сирек ормандар бар. Таулы-орманды, көлдік ландшафттардың көптігімен сипатталады;
  • Еменді зоологиялық қорықшасы - Көкшетау қыратының оңтүстік шеті: қарағайлы және қайыңды ормандар, бұлан, елік, еуропалық бұғы, құстарды қорғау;
  • Бұланды зоологиялық қорықшасы - Көкшетау таулы орман массивінің оңтүстік шеті: елік, қоян, құстарды қорғау;
  • Бүркітті ботаникалық қорықшасы - Көкшетау тауларының солтүстік шеті (Бүркітті тауы т.д. 372 м). Астық тұқымдасты - әр түрлі шөптесінді даланың фрагментін сақтау;
  • Зеренді зоологиялық қорықшасы - Зеренді көлі жаға-лауындағы қарағайлы, қайыңды ормандар: бұлан, елік, қоян, тиінді қорғау;

ә) ұсынылатын - Бурабай табиғи денсаулық кешені, Көкшетау ұлттық табиғи паркін және Көкшетау қыратының басқа да бірқатар таулы шоқылы, көлді-орманды алқаптарын қамтиды.

Фауна мен флораның жоғалып бара жатқан түрлері:

  • сүтқоректілер - қазақстандық арқары, орман сусары;

- құстар - алакөз сүңгүір, қара тұрпан, ақбас үйрек, бүркіт, сұр тырна, тарғақ.

15. Атбасар құрғақ дала (шаруашылық жер өңдеу) провинциясы

Көкшетау тауларының оңтүстігіндегі Есіл өзені аңғарымен Атбасар еңіс жазығын қамтиды. Теңіз тектоникалық ойпатының (деңгейі 150-260 м. абс.), солтүстік шетіне қарай төмендейтін жонды жазықтар басым. Палеозойдың эффузивті-шөгінді жыныстарынан құрылып, неоген-төрттік борпылдақ шөгінділермен жабылған.

Гидрографиялық желісі - Жыланды, Қайрақты, Колутон т.б. суы аз салаларымен бірге Есіл өзенінен тұрады. Барлық өзендердің қоректенуі қар- ыза типті, суының өте аздығымен сипатталады.

Климаты құрғақ, қаңтардың орташа температурасы - 18,5ӘС шілденікі +20,5ӘС, жауын-шашынның жылдық мөлшері 300 мм. Гумусы аз оңтүстік карбонатты қара топырақтар басым, барлығы жыртылған. Табиғи өсімдігі - әр түрлі шөптесінді-селеулі-қызыл селеулі және бетегелі-селеулі дала - аңғарлы-сайлы жер бедерінде ғана сақталған.

Табиги ресурстары мен экономикасы

Жыртуға қолайлы жоғары сапалы топырақтар (жыртылған). Кентау өнеркәсібі дамыған: алтын өндіру, сирек металдар рудасын өңдеу (Степногорск қаласы).

Экологиялық табиғи факторлар:

а) экологиялық шиеленісуді тежейтін - су эрозиясына қолайсыз жер бедерінің аса тілімденбеуі;

ә) экологиялық шиеленісуді күшейтетін жердің жыртылу дәрежесінің жоғарылығы, табиғи далалық өсімдіктің жоқтығы, механикалық құрамы жеңіл топырақтардың басымдылығы, топырақтың қарашіріктен арылуы (гумуссыздануының) өсуі, жел эрозиясы.

Қазіргі экологиялық жаздайы.

Экологиялық шиеленісу деңгейі - қанағаттанарлық.

Экологиялық шиеленісу көздері

Кен өндіру және химия өнеркәсібі:


Информация о работе Лекция по "Географии"