Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 12:29, дипломная работа
ХХІ ғасыр мұнай ғасыры деп аталатыны белгілі. Мұнай мен газ – энергияның негізгі көзі және химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. Дүние жүзінің экономикасында мұнай-газ саласы негізгі рөл атқарады. Осы шикізаттан түскен табыстардың арқасында еліміздің экономикасы жақсаруда.
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ҰҒЗ) жұмыстары қолданбалы геофизиканың саласы болып табылады, мұнда заманауи физикалық әдістер ұңғымадан алынған қималарды геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың қорларының көздерін табу және бағалау, кенорындарын өңдеу барысы және ұңғымалардың техникалық жағдайы туралы ақпараттарды алу үшін пайдаланылады.
Кіріспе 5
1 АУДАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 7
1.1 Жалпы мәлімет 7
1.2 Қиманың литологиялық - стратиграфиялық сипаттамасы 9
1.3 Тектоника 14
1.4 Мұнайгаздылығы 16
1.4.1 Мұнай және газ қоры 22
1.4.2 Қабаттан мұнай қорын алуды талдау 23
2 АУДАНДАҒЫ ТАУЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ 25
2.1 Сазды минералдардың жалпы құрамының кеуектілікке және
өткізгіштікке әсері 26
2.1.1 Кеуектілік параметрінің тәуелділігі 26
2.1.2 Суқанықтылыққа тәуелді параметр 27
2.2 Қалдық су сипаттамасы 28
2.3 Капиллярлы қысым қисықтары 29
3 КОЛЛЕКТОР ТҮРІ ЖӘНЕ КОЛЛЕКТОРЛАРДЫҢ ӨТКІЗГІШТІК СЫЙЫМДЫЛЫҚ КЕУЕКТІЛІГІНІҢ ШЕКТІК МӘНДЕРІ 30
3.1 Керн бойынша жыныс коллекторлардың сыйымдылық қасиеттері 31
4 ҰГЗ КЕШЕНІ, ӨЛШЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛЫНЫҢ САПАСЫ 34
4.1 ҰГЗ жұмыстарының әдістері мен шаралары 36
4.1.1 Әдеттегі зондтармен тау жыныстарының көрінетін салыстырмалы кедергісін зерттеу(КС) 36
4.1.2 Өзіндік поляризацияның потенциал әдісі (ПС) 38 4.1.3 Кавернометрия (ДС) 40
4.1.4 Гамма- каротаж (ГК) 40
4.1.5 Нейтронды гамма каротаж (НГК) 41
4.1.6 Индукциялық каротаж (ИК) 43
4.1.7 Бүйірлік каротаж (БК) 45
4.1.8 Акустикалық каротаж (АК) 47
4.2 Зерттеу кешені 48
4.2.1 Расходометрия 48
4.2.2 Термометрия 50
4.2.3 Резистивиметрия 51
4.2.4 Влагометрия 52
4.2.5 Радиометрия 52
4.2.6 Барометрия 53
4.2.7 Акустикалық дауыс өлшегіш 54
4.3 Ұңғымада жүргізілген ҰГЗ көлемі 55
4.4 ҰГЗ жүргізудің техникасы мен технологиясы 56
4.5 Зерттеу мәліметтерінің сапасы 57
5 ҰҢҒЫМАДАҒЫ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ 58
5.1 Геофизикалық параметрлерді анықтау 58
5.2 Коллекторларды бөліп шығару және олардың нәтижелі қалыңдығын бақылау 58
5.3 Өнімді объектілердің коллекторлық қасиеттері 60
5.4 Қанығу сипаттамасын анықтау 61
5.5 Саздылық, кеуектілік коэффициентін анықтау әдістемесі 62
5.5.1 Саздылықты анықтау 62
5.5.2 Кеуектілік коэффициентін анықтау 65
5.5.3 Мұнайгазқанықтылық коэффициентін анықтау 67
6 АЛЫНҒАН ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ
НӘТИЖЕЛЕРІ 69
6.1 Құмкөл кенорнының геологиялық үлгі түзілімі 69
6.2 Торды таңдау және құрылымдық сұлбасын салу 69
6.3 Қорытынды нәтижелері 70
7 ЖҰМЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯСЫ 71
7.1 Құмкөл мұнай-газ кенорнын эксплуатациялау барысындағы геофизикалық әдістер кешенін ұйымдастырылуы кезіндегі еңбек жағдайын талдау 71
7.1.1 Демалыс және еңбек жағдайы 71
7.1.2 Арнайы киім мен қорғаныс жағдайы 71
7.1.3 Техника қауіпсіздігі 72
7.1.4 Өртке қарсы іс-шаралар 75
7.2 Қоршаған ортаны қорғау 76
Қорытынды 77
Диплом жұмысының графикалық бөлімдері 78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79
Жоғарғы даул жанама свитасы K1nc1dl2 төменгі және ортаңғы бөліктерінде құмтастық және сазды қызыл түсті жыныс байламдарының қабатшалануымен берілген, ал жоғарғы бөлігінде сазбен. Таужыныстардың қалыңдығы 170 тен 241 м ге дейін өзгереді.Даул свитасының жасы неоком ретінде анықталған. Апт-алб шөгінділері K1a-al2 даул свитасына шаюмен жалғасқан және қарачетау свитасына біріккен. Ол сұр түсті гравелит қабатшаларымен әлсіз цементтелген құмтаспен берілген, ал жоғарғы бөлігінде жалпы қалыңдығы 250-350м болатын саздармен берілген. Таужыныстар көміртектелген өсімдік қалдықтарымен күшті қаныққан. Шөгінділер теңіз жағалау жағдайларында, гумидті климат жағдайларында түзілген.Свита жасы апт-ортаңғы алб фораминефер анықтаулары негізінде жатады.
Қызылқиын свитасы K1-2alb3-s альб-сеноман шөгінділерін біріктіруші ретінде қарачетау свитасына шөгеді және сазды алевролитпен және қалыңдығы 87-185 болатын құм және құмтас қабатшалары бар сазбен қосылған.Жыныс генезисі аллювиалды деллювиалды.
Жоғарғы бордың шөгінділері сенон жоғары ярусымен, тұран ярусымен берілген. Тұран ярусының төменгі бөлігі қызылқиын свитасына балапан свитасы k2t-v шөгеді, ол сұр жасыл құм және жұқа беткейлі қабатшалармен қосылған. Бұл гумидті климат жағдайына тән генезис. Свита қалыңдығы шамамен 82-150м аралығында өзгереді. Жоғары жатқан сенон - тұран шөгінділері шайыа өту арқылы балапан свитасына шөгеді және құм және саздардың кезек қабаттасуымен берілген. Көптеген ұңғымаларда палеоген уақытынан бұрынғы жоғарғы сенонның шайылып кеткендігі байқалады. Жоғарғы бор шөгінділердің жалпы қалыңдығы шамамен 229-378 м аралығында өзгереді. Дәуірі теңіз фаунасы, микрофаундар негізінде анықталған.
Палеогендік жүйе Pg
Палеоген жүйесінің шөгінділері палеоцен-төменгі эоценом ретінде берілген және шайып өту арқылы жоғарғы бордың әртүрлі беткейіна шөгеді және теңіз генезисінің кварц-глауконитті құмдар қабатшаларымен және қара - сұр саздармен қосылған.Қалыңдығы 15 тен 56 м ге дейін өзгереді.
Неоген төрттік шөгінділер N-Q
Плиоцен, төрттік шөгінділер шайылу арқылы палеоген жүйесіне шөгеді және құммен, саздақ және құмайттармен қосылған, қалыңдығы 10м ден аспайтын, аридті климат жағдайында шөккен.
1.3 Тектоника
Құмкөл кенорны Ащысай жүйесінің орталық бөлігінде , Тұран тақтасының солтүстік шығыс бөлігінің оңтүстік торғай ойысында орналасқан. Соңғы жылдарда жүргізілген III1 және II ar беткейлері бойынша 3D сейсмобарлаудан алынған мәліметтерге кешенді интерпретация жұмыстар нәтижесінде және кенорынның солтүстік бөлігін бұрғылау арқылы, ауданның геологиялық құрылымы нақтыланды, негізінен құрылымның аз зерттелгені - шет бөлігі.
Қазіргі уақытта бұрғылау және 3D-сейсмотүсірілімнің интерпретация нәтижелері арқылы кенорынның өнімді беткейінің геологиялық құрылымын білуге, жатыстардың геометриясын және мұнай- газ қорын жоғары категориялары бойынша бағалауға мүмкіндік береді.
Ю-I өнімді беткейдің жабыны бізге бранхиантиклиналды қатпарды береді. Ол солтүстік батыс жіңішке және оңтүстік шығыс кең аумағы бар солтүстік батысқа қарай созылған құрылымда екі жарылымдық бұзылыстар байқалады.Өзі сияқты солтүстік батыс созылым анықталған.
Ғ1 бұзылысы аралығы 7 км, амплитудасы 10м, солтүстік батыс шеті көтерілімін қиындатады және оңтүстік батысқа күрт төмен түседі.
Ғ2 бұзылысы аралығы 9 км, құрылымды шығыстан шектейді және шығысқа қарай күрт түсу сипаттамасы бар. Бұзылыстың максималды амплитудасы 20 м оңтүстік жағынан солтүстікке қарай біртіндеп азаяды. Құрылымның оңтүстік шет бөлігінде 3028,3020,247,2003,2008 ұңғымалар ауданында сейсмотүсірулер арқасында бірнеше аз амплитудалы локальді бұзылыстар карталанды, олар Ғ1 бұзылысы сияқты құрылымдық бейнесіне, мұнай және газдық дөңестерге және түзілу процесіне әсер етпейді.
М-I беткейі жабыны бойынша тұйықталған 990 изогипсінің көтерлімінің өлшемі 14,5x4,0 км және амплитудасы 50м дей. Құрылым юра көтерілімі сияқты созылымнан тұрады.
Мұнда II ar беткейі бойынша салынған карта бұрғылау мәліметтері бойынша тұрғызылған құрылымдық картамен сәйкес келеді.Ғ1 бұзылысы бор таужыныстар кешенінде де байқалады, ал құрылымның шығыс қанаты флексурамен күрделенген, F2 бұзылысының тектоникалық сәйкестілігінде. Құрылымдық түзілімдерді қатар қою арқылы байқайтынымыз, тереңдеген сайын нақтылығы, өлшемі және көтерілім амплитудасы ұлғаяды.
3- сурет. Тектоникалық сұлба
1.4 Мұнайгаздылығы
Құмкөл кенорнынының қимасында алты өнімді беткей анықталған: оның екеуі М-I және М-II бор шөгінділеріне саналады, (даул свитасы,неоком үстіңгі қабаты, арысқұм беткейі ), үшеуі - Ю-I, Ю-II және Ю-III жоғарғы юра шөгінділерінде табылған (кумкөл свитасы) және бір өнімді беткей Ю-IV ортаңғы юра шөгінділеріне тән.
Игерімді ұңғымалар қимасында өнімді беткейлерді ерекшелеу үшін және қабаттық нақты корреляцияның әр беткей шегінде өнімді қалыңдықтардың шамасында бөліну үлгісі қолданылды. 1987 жылы дайындалған барлау және қор есептеу бойынша.
Игерімділік ұңғымалар бойынша геолого - геофизикалық материалдарының шығуы, қабат коллекторлардың бірігуі және жайылу сипатының зерттелуімен болды
Барлық өнімді беткейлер өте жоғары жайылу коэффициентіне ие екені белгілі болды. Ал М-I және М-I беткейлері кеңінен жайылған.
Мына бөлімде анықталған көміртектердің шөгу жатысы сипаттамасы келтірілген, газмұнайлық және сумұнайлық контакттардың орналасуы негізделген. Себебі бұл жұмыста мұнай және газдың бастапқы қорлары есептеліп жатыр, ГНК мен ВНК ны негізге алғанда таңдау тәжірибеге және барлау ұңғымаларындағы ҰГЗ ға берілетін. Сонымен қатар, игерімділік ұңғымаларға да.
Кенорнында мұнай барлау, (оңтүстік аудан) 05.1990 жылдан бастап, және бір жылдан кейін 05.1991 жылдары әрбір өңделетін үш обьектіде мұнай алу (добыча) сәйкесінше 20,18,15 ұңғымаларында табиғи режимде жүрді. Мұнай қорын серпімді суқысым режимінда активті түрде таңдау және контур шекарасынан тыс активті болуы ВНК ның контур зонасында көтерілуіне әкеліп соғады. Ұңғымалар қатарында ҰГЗ кешені мәліметтеріне қарап, суға қаныққан коллекторлары шығарылды. Ол кенорындағы барлауға ВНК дан жоғарыны енгізгеннен кейін,бір жыл немесе бір жарым жылдан кейін бұрғыланған ұңғымалар. Оны көтерілім нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Үлгі ретінде коллектордың ҰГЗ мәліметтері бойынша қанығу сипатын, ауданның оңтүстік және солтүстік бөлігіндегі М беткейінің ұңғымаларынан қарауға болады
132, 133, 3, 134, 1019, 1018, 3010, 1017, 12
ұңғымалары орналасқан ауданда
ВНК -983 м белгісінде болатын,
су-мұнай зонасында орналасқан 12ші
іздеу ұңғыма бойынша
Mұнай беретін контурдың ішкі жағында орналасқан 1019 ұңғыманың ВНК сы -983 м, ал сол уақытта бұрғыланған, бірақ контурдың сырт жағына қарай орналасқан 3010 ұңғыманың ВНК сы -981 м болды. Бұдан да жоғары ВНК 1017 ұңғымада байқалды. ( -980 м ге дейін). 12 ұңғымаға қарағанда 1017 ұңғыманың мұнай беру қарқындылығы жоғары.
1078, 1079, 1085-1089 ші барлау ұңғымалары 2001 - 2002 жылдары эксплуатацияға жіберілді. Бұл ұңғымаларда мұнайға қаныққан коллекторлар -986-988 м белгісіне дейін жайғасқан. 2003 жылдың соңы мен 2004 жылдың басында 1074 и 1059 ші ұңғымалар бұрғыланды,олар мұнай беретін контурға жақын орналасқан.1-1,5 жылда барланатын ұңғымаларда ВНК мәні жоғарылады, осы ұңғымалардың суға қаныққан коллекторларында жағдай бұрынғысына қарағанда жоғары. 1074 те -984,3 м, ал 1059 ұңғымада -982,2 м.Бұл келтірілген мысалдар бізге соңғы жылдарда ВНК ның көтерілімін көрсетеді.
М-I Беткейі. Саз байламының және сазды карбонатты алевролиттердің қалыңдығы 170 м болатын сенімді флюидо тірек болады. Ол М-I өнімді беткейінің үстіне жатады. Беткейдің орташа жалпы қалыңдығы 17,6 м ге тең. Беткейта орташа 4 қабат коллекторға дейін кездеседі. (бөліну коэффициенті 4,2 ге тең). Негізінен көп ұңғымаларда беткейдің әр бөлігіне тиесілі бір бір коллектордан кездеседі. Ерекшеленген максималды қабат коллектор саны 11 болды. Ол 1087, 1089, 1098 ұңғымаларда кездескен. Аудан бойынша қабат коллекторлар повсеместно орналасқан, (жайылу коэффициенті 1 ге тең). Құмтастық коэффициенті 0,65. М-I Беткейі бойынша, нәтижелі мұнайқанықтылық қабат қалыңдығы – 8,1 м, ал минималды мәнде 0,6 ( 2051 ұңғыма), максималдыда 18,6 м ( 2116 ұңғыма)
М-I Беткейінде мұнай жатуын жеті ұңғыма бойынша тәжірибе жүргізу арқылы анықталған: 3, 7, 9, 23, 24, 32, 40.
Құрылымның солтүстік бөлігінде мұнай алу белгілері төмен, 32, 40, 1125 ұңғымаларда -989,5, -985,2, -985,3 м.
Бұл нәтижелер ҰГЗ материалдары бойынша бағаланған коллекторлардың қанығу сипатымен сәйкес келеді. Сонымен, 32 ұңғымасында ВНК -990,3 м белгісінде, ал суға қаныққан 1125 ұңғымасындағы коллектор -991,0 м белгісінен басталады. Құрылымның солтүстік бөлігінде ВНК -986-991 м белгісі аралығында өзгеріп отырады.
Құрылымның оңтүстік бөлігінде ВНК мәні ең жоғарғы мұнай сынамалары бойынша -982,8, -981,7, -980,9, -980,8 м белгілерінде 1011, 7, 1004, 1009 ұңғымаларында алынды.
Су алынған болса да ең жоғарғы белгілер 986,6, -986,7 м де 1001 және 1011 ұңғымаларда алынды. Су мұнай контакті (ВНК) -983-984 м аралықта қабылданды, себебі ҰГЗ бойынша да суға қаныққан коллекторлар -982,7, -983,1, -984,5 м аралықта 1004, 7, 12 ұңғымаларда көрсетті.
Құрылымның батыс бөлігінде мұнай алу белгілері төмен көрсеткішке ие: -981,6, -986,8, -980,2 м аралықта 3018, 1076, 1046 шы ұңғымаларда. ҰГЗ бойынша, суға қаныққан коллекторлар -982,8, -986,1 м де 3018 және 1060 ұңғымада болады. Бірақ, ұңғымада ҰГЗ бойынша коллектордың қанығу сипаты мынадай: солтүстікке қарай ауысқан сайын, ВНК төмендейді осы бағыт бойынша. Келтірілген мына мәліметтер батыс бөлігі үшін ВНК ны -983-992 м аралықта қабылдауға мүмкіндік береді.
Құрылымның шығыс бағытында мұнай -983,9 м белгісіне дейін 1008 ұңғымада алынды. Осы ұңғымаларда және 23 ұңғымада су алынды, сәйкесінше -985,3 и -984,4 м аралықтан бастап, ҰГЗ 1008, 2103, 23 ұңғыма мәліметіне ұқсайды, мұндағы суға қаныққан коллекторлардың жабыны 984,5, -986,0, -986,0 м белгісінен басталады.
Орта бөлік үшін ВНК -983-985 м аралық бөлігінде қабылдайды.
Сонымен, жалпы алғанда М-I беткейінде ВНК -983 до -992 м аралықта ауысып тұрады.
Мұнай жатысы резервуар типі бойынша қабаттық сводовая. Оның өлшемі 14 х 5 км. Жатыс тереңдігі 48,7 м.
М-II Беткейі алдыңғысынан саздық байламының 20 м ге дейін жетуімен ерекшеленеді. Беткей қалыңдығы максималды 94,7.м ге жетеді, орташа 70 м ге тең.
Беткей көп бөлінумен (расчленение) сипатталады. (бөліну коэффициенті 7). 1035 ұңғымада ерекшекленген қабат коллектор максималды бөлінуі 15 ке тең. Құмтастың коэффициенті 0,756 ке тең. Шашырау коэффициенті 1 ге тең.
Нәтижелі мұнайқанықтылық қалыңдығы 0,6 дан 16,2 м ге дейін өзгереді, орташа 7,2 м.
М-II беткейіне, ВНК мәні сынау және ҰГЗ нәтижелеріне сүйеніп негізделеді.
Ең төмен мұнай алу белгілері 6 (шығыс) және 1040 (батыс) ұңғымаларда -998,9 және -997,8 м белгісімен тіркелген. 3 (оңтүстік) және 23 (солтүстік) ұңғымасынан абсолюттік белгісі -999,0 және 999,4 м болатын қабаттық су алынды. 3033 (батыс), 302 (оңтүстік), 6 и 10 (шығыс) ұңғымаларында ҰГЗ өңдеу нәтижелері бойынша ВНК -997,1 м, -999,3 м аралықта тіркелді. 136 (оңт батыс), 233 (оңтүстік), 2102 (солтүстік-батыс), 3061 (солт-батыс), 3064 (солт-шығыс) ұңғымаларында су қанықтылық қабаттар -993,7 м, -993,6 м, -995,1 м, -993,9 м, -995,1 м абсолюттік белгілерімен ерекшеленеді.
Келтірілген сынамалау және ҰГЗ мәліметтер негізінде ВНК -993,0 -999,0 м абсолюттік белгілерде қабылданды.
Мұнай жатысы табиғи резервуар типі бойынша массивті. Өлшемдері 5,3 х 2,9 км, биіктік– 24,9 м.
Ю-I Беткейі М-II беткейінен саздық байлам қалыңдығының 100 м ге дейін жетуімен ерекшеленеді. Беткейдің орташа жалпы қалыңдығы 14 м, 2126 ұңғымасында 27,6 м максималды сәнге дейін барады. Оның шегінде орташа төрт қабат коллектор бөлінеді. Көптеген ұңғымаларда бір бір қабат коллектордан бөлінеді, ал 2114 ұңғымада бөлінген қабат коллектор саны 16ға жетеді. Бөліну коэффициенті 3,9 ға тең, шашырау коэффициенті 0,99, құмтастық коэффициенті 0,552 ке тең. Беткеймен мұнай газ жатысы байланысты. Ол кенорнында ең үлкен мұнайгаздылық алаңын алып жатыр.
Нәтижелі газға қаныққан қалыңдық 0,6 м ден 14,7 м аралығында өзгеріп тұр және орташа 6,8 м ге тең. Нәтижелі мұнай қаныққан қалыңдық орташа 6,6 м ге тең. Жатыстың газдық бөлігі 103 ұңғымамен ашылған.
ГНК алдыңғы есептеулерде жабын бойынша қабылданған болатын. Сынамалау кезінде 9 ұңғымада қабаттың мұнай ағымы -1111,5 м белгісінде алынды. Бұл ГНК жағдайы барланатын 2077, 2080 ұңғымаларында сынамалау бойынша бекітілген. Сынамалау нәтижелері анализі және ұңғыма нәтижелері ГНК ның баяғы -1111,5 м белгісінде қалуын жөн көрді.
Алдыңғы зеттеулермен салыстырғанда, ВНК жағдайы бөлек аумақтарда нақтыланды. Ең аз мұнай батыста 2119 және 2209 ұңғымаларында -1198,9 и -1201,6 м белгісінде алынды, ал ең жоғарғы су коллекторды өзіндік сынамалауда 32 (солтүстік ) ұңғымада -1197,7 м белгісінде алынды. ҰГЗ өңдеулері бойынша 2005 және 2029 (оңт), 2119 (батыс), 40 (солт-шығыс) ұңғымаларында қабаттар өнімді -1197,1, -1198,5, -1198,9, -1197,0 м белгілерінде сипатталады.