Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 16:43, курсовая работа
Әр түрлі елдердің жеңіл автомобильдермен қамтылуының орташа деңгейі 1000 адамға 50-ден 200-ге дейін барады. Кез келген елдің автомобильденуінің шекті деңгейін болжау қиын, алайда халықтың моторлагну дәрежесі өсуде.
Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.
Бет
Кіріспе
7
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
8
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы
8
Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы
16
ТКС жіктелуі мен қызметі
16
Дилерлік станциялар
19
Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі.
22
Бастапқы деректерді негіздеу
22
Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі
24
ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі
26
Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу
27
Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі
29
Орындар санының есебі
32
Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі
35
Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау
37
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
39
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
40
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
41
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау
42
ТКС құрылымы
44
Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты
45
Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы
48
Конструкторлық бөлім
53
Арбалардың құрылымына шолу
53
Ось есебі
57
Пісіріп жалғау
59
Электрмен пісіру
59
Технологиялық карта
61
Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау
64
Бөлшектеу және жинау жұмыстары
66
Өрт қауіпсіздігі
67
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері
68
Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау
68
Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу
69
Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі
71
Стендте әзірлеу шығындарын есептеу
71
Қолданылған әдебиеттер
2.10-*****
Жабдықтардың тығыздығының ұсынылатын коэффициенттері
№№ п/п |
Өндірістік аймақтары, цехтар, бөлімшелер,г |
Тығыздық коэффициенті |
1 |
Слесарлы-механикалық,мысты, аккумулятолы, электротехникалық,қоректендіру жүйесінің аспаптарын жөндеу, жапсырма. |
3…4 |
2 |
Агрегатты, шиномонтажды, құралжабдықтарды жөндеу |
3,5….4,5 |
3 |
Пісіру, қаңылтырлы, арматурлы, ТК және АЖ аймақтары |
4…5 |
4 |
Серіппелі-ұсталық |
4,5…5,5 |
5 |
Қойма бөлмелері |
2,5 |
Ауданның есептелген өлшемі ұсынылатын арақашықтықты есепке алынған жоспардағы жабдықтардың нақты орналасуымен анықталады.
Аудандарды есептеу мен жабдықтардың орналасуын нақтылау бойынша қортындылар өндірістік бөлмелердің аудандарының қорытынды кестесінде көрсетілуі керек.
2.10 Қоймалар мен тұрақтардың аудандарын есептеу
Қала ТКС үшін қойма бөлмелері әрбір 1000 кешенді күтім көрсетілген автомобильдердің қоймасының меншікті ауданы бойынша анықталады: қордағы бөліктердің қоймасы үшін -32м², агрегаттар мен түйіндер-12, эксплуатациялық материалдар-6, шина-8, лак бояғыш материалдар мен химикаттар-4, майлағыш материалдар-6, оттегі мен көмірқышқыл газ үшін-4м².
Қызмет көрсету мерзімінде автомобильдерден алынған автоқосалқы бөлшектерді сақтауға арналған қойманың ауданы бір жұмыс орнына 1,6м² есебімен алынады. Автомобиль иесіне сатылатын ұсақ бөлшектерт мен автоқосалқы бөлшектерді сақтауға арналған аудан қордағы бөлмелер қоймасының ауданының 10% өлшемімен алынады.
ТКС істен шыққан аккумуляторлық батареяларда қабылдауды ұйымдастыру кезінде оларды сақтауға арналған қойманың ауданы 1000 комплексті қызмет көрсетілетін автомобильге 0,5 м² есебімен алынады.
Жол ТКС үшін қордағы бөлшектер мен материалдар қоймасының ауданы бір жұмыс орнына 5-7 м² есебінің үлкейтілген нормаларымен анықталады.
АТКС жобалауында тәжірибенің болуына байланысты техникалық бөлмелердің ауданы 5-10% есептен, ал қойма - өндірістік бөлмелер ауданының 7-10%-ы есебінен алынуы мүмкін.
Бір жұмысшыға келетін әкімшілік-тұрмыстық бөлмелердің ауданы станция өлшеміне байланысты шамамен мынаны құрайды: кеңсе бөлмелері үшін - 6-8м², тұрмыстық үін - 2-4м².
Клиенттерге қызмет көрсету бөлмесінің ауданы (клиенттік, автомобильдерді сату, автоқосалқы бөлшектер, запас бөлшектері, т.б.) станция өлшеміне және тапсырыс берушінің нақты шарттарына байланысты жеке орнатылады.
Басқада бірдей жағдайларда бұл бөлмелердің ауданы бір уақытта бар клиенттердің санына байланысты болады. Қала станциясы үшін ауданы 9-12м² есебінен алынатын бөлмелер қарастырылады (жол станциялары үшін бір жұмыс орнына – 6-8 м²), ал автоқосалқы бөлшектер мен запас бөлшектерді сатуға арналған бөлшектер – клиенттік ауданның 30% -ін құрайды.
2.11 Технологиялық жабдықтардың қажеттіліктерін анықтау
Технологиялық жабдыққа станционарлық және тасымалы станоктар, стендтар, аспаптар, құрылғылар мен өндірістік инвентарь (шеберүстелдер, сөрелер, үстелдер, шкафтар, т.б.) кәсіпорынның өндірістік үрдісін қамтамасыз етуге қажетті. Технологиялық жабдық өндірісте атқаратын қызметіне байланысты негізгі (станок, демонтаждық-монтаждық және т.б.), жиынтық, көтерме-байқау және көтерме транспорттық, ортақ қызметті (шеберүстелдер, сөрелер, т.б.) және қоймалық болып бөлінеді.
Технологиялық жабдықтың тізімі сертификаттық талаптарды сақтай отырып орындалатын станцияның қызмет түріне байланысты орнатылады.
Қазіргі жабдықтың саны жұмыстың еңбекөнімділігіне және жабдықтың жұмыс уақытының қорына немесе оның қолдану дәрежесі мен өндірілуіне байланысты анықталады.
Негізгі жабдық бірлігінің саны:
, (2.22)
мұндағы, - берілген топ немесе қызмет түрі бойынша жылдық жұмыс көлемі,, адам-сағ.;
- жұмыс орнының жылдық уақыт қоры (жабдық бірлігі), сағ.;
- берілген жабдық түрінде бір уақытта жұмыс жасайтын жұмысшылар саны;
- бір жылдағы жұмыс күнінің саны;
- жұмыс ауысымының ұзақтығы, сағ.;
С - жұмыс ауысымының саны;
- жабдықтың уақыты бойынша қолдану коэффициенті, = 0,75-0,90.
Ортақ қызметті жабдықтар (шеберүстелдер) осы жабдықты қолданатын жұмысшылар саны бойынша есептеледі.
Егер жабдық периодты қолданылып және бір ауысымды толық жүктелмесе, онда ол жабдық табелі бойынша жинақтамамен орындалады (карбюраторлы, аккумуляторлық және электротехникалық цехтар үшін).
Қойма жабдықтары қойма қорының көлемі мен номенклатурасы бойынша анықталады. Өндірілуі мен қолдану мерзіміндегі жүктелуіне байланысты қолданылатын жабдықтың санын есептеуге болады.
Жабдықтың қолдану дәрежесі мен өндірілуіне байланысты механикаландырылған жуу қондырғысының санын анықтауға болады:
,
,
Мұндағы, - тәулігіне жуылатын автомобильдер саны; - жууға түскен автомобильдердің қалыпты еместігін ескеретінкоэффициент;
- жуу қондырғысының өнімділігі, авт./сағ.;
Т - бір тәуліктегі қондырғының жұмыс ұзақтығы, сағ.;
- қондырғының жұмыс уақытын қолдану коэффициенті.
Технологиялық жабдықты таңдау кезінде мыналарды ескеру керек:
2.12 Эксплуатациялық
ресурстарға қажеттілікті
Кәсіпорындағы өндірістік, қойма және администраторлық-тұрмыстық орындарда ішкі климаттық жағдайларға байланыссыз қызметкерлердің және құрал жабдықтардың жұмыс жасауына қалыпты жағдай жасалуы тиіс. Ол үшін орнатылған нормаларға сәйкес ТҚКС қалыпты температурамен қамтамасыз ететін жылумен қамту жүйесі жабдықталады.
Өндірістік оындар орталықтанған сумен немесе бумен жылытылуы мүмкін. Сумен жылыту ауа температурасының қалыптылығын қамтамасыз етеді. Жылыту жүйесі бөлмедегі ауаның бірқалыпты жылуын,жергілікті реттеу мен сөндіруді, пайдаланудағы қолайлылықты, сонымен қатар жөндеу үшін қол жетерлік жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.
Жылу энергиясында жылыту үшін жылдық қажеттілік , Q, кДж, ТҚКС жекеленген ғимараттарының жылдық қажеттіліктерін жинақтаумен анықталады:
, (2.24)
Мундағы, , -өндірістік және қосалқы ғимараттардың сыртқы көлемі, ;
, -өндірістік және ғимараттарды жылыту үшін кеткен салыстырмалы сағаттағы жылу сиымдылығы, кДжч/1000 м3 (көмекші ғимараттар үшін 50-55 мың,сыртқы көлеммен қосқандағы өндірістік үшін 70 мың м3 дейін -84-67 мың, 70 мың м3 жоғары болса – 67025 мың кДж-ч/1000 м3;
, -сыртқы ауа температурасын ескеретін түзету коэффициенті:
,
Өндірістік процесстерді механикаландыру деңгейі ОНТП сәйкес: жинау-жуу жұмыстары үшін – 30-40%, толық көлемдегі техникалық қызмет көрсету үшін – 25-30%, ағымдағы жөндеу үшін – 20-25% аз болмау қажет.қол еңбегімен айналысатын жұмысшылардың үлесі 30-40% аспауы қажет.
3. ТКС құрылымы
ТКС техникалық үрдісті ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында барлық посттар белгілі бір индекстерге ие. Мысалы:
3.6
/ \
бөлімше белгісі пост түрі белгісі
ТКС өндірістік бөлімшелері (2.1-сурет) келесідей көрсеткіштермен белгіленеді:
1 — қабылдау мен беру бөлімшесі (жалғыз-ақ пост 1.3);
2 — жуу бөлімшесі (2.2—негізгі пост, 2.3 — көмекші кептіру посты);
3 — диагностикалау бөлімшесі (3.4,3.5,3.6);
4— ТК бөлімшесі (
5— АЖ бөлімі (5.1,5.0 посты);
6— майлау бөлімі (6.0 посты);
7— жөндеу және аккумуляторлық батарейяларды зарядтау бөлімі (7.0 посты);
8— электржабдықтары мен аспаптарды жөндеу бөлімі (8.0 посты);
9— қоректендіру жүйесі аспаптарын жөндеу бөлімі (9.0 посты);
10— агрегаттық-механикалық бөлім (10.0 посты);
11— шиномонтаждық бөлім (11.0 посты);
12— моторлық-агрегаттық бөлім (12.0 посты);
13— шанақты бөлім (13.1,13.2,13.0 посттары);
14— бояу бөлімі ( 14.1,14.2,14.3 бөлімшелері).
Пост түрлерінің белгілері:
0 — автомобильді күту орны;
1 — техникалық көлік- көтергіш жабдықтары бар жұмыс орны;
2 — еден үстілік жұмыс орны;
3 — көмекші пост;
4 — тежеуішті тексеруге арналған стендпен жұмыс орны;
5 — доңғалақ қондырғысының
бұрышын реттеу мен тексеруге
арналған станционарлық
6 — жарықтандырумен жабдығын,
сонымен қатар қозғалтқышпен
олардың жүйесін тексеруге
Кіші өлшемдегі әмбебап немесе немесе мамандандырылған станциялардың посттары мен өндірістік бөлімдердің номенклатурасы жоғарыда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін, бірақ индекстау принципі сақталады.
Мамандандырылған бөлімдерге бекітілген автомобиль күту орындары шартты сипатқа ие, өйткені қарастырылып отырған мамандандырылған жұмыс түрлерінің көп бөлігі посттан тыс және автомобиль кез-келген жұмыс постында не күту орнында болған жағдайда орындалады. Автомобиль күту орындарының мамандандырылған бөлімдерге шартты бекітілуінің негізінде олардың осы посттарға біршама жақындату принципі қойылған.
3.1 Негізгі
аймақтар мен бөлімшелердің
Автомобильді қабылдау-беру бөлімшесі келесідей жұмыстарды орындайды:
Автомобильді қабылдау және беру кезінде диагностикалық жабдықты қолдану орынды. Техникалық үрдісті ұйымдастыру өндірістік бағдарламаға, ауданға және бөлімше жабдығына байланысты.
Жинау-жуу жұмыстарының бөлімі автомобиль шанағының салонын жинау, қозғалтқышты, автомобильді жуу, кептіру және шанақты полировкалау үшін арналған. Қазіргі заманғы ТКС, ережеге сай бұл жұмыстарды орындайтын бөлімдер қажетті жабдықтармен және су тазартқыш құрылғымен қамтамасыз етілген. Техникалық үрдісті ұйымдастыру өндірістік бағдарламаға, ауданға және бөлімше жабдығына байланысты.
Диагностикалау бөлімі автомобильдің техникалық жағдайын, оның агрегаттары мен механизмдерін өңдеусіз анықтау үшін арналған. Диагностикалау ТК және жөндеудің технологиялық элементі болып саналады, сонымен қатар бақылау жұмыстарын орындаудағы негізгі әдіс. Диагностикалау автомобильді пайдаланудағы жоғарғы сенімділікті , өндірістік еңбекті көбейтуді және АЖ, қосалқы бөлшектерге шығынды азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Диагностикалау бөліміндегі посттардың саны, құралмен жабдықталғандығы, толымдылық схемасы, сонымен қатар мамандануы және өзара кооперациясы өндірістің көлемі мен сипаты және ұйымдастыру әдісімен анықталады.
ТК бөлімшесі автомобильді техникалық ақаусыз жағдайда ұстап тұруға және сенімді, қауіпсіз әрі үнемді пайдалануға бағытталған профилактикалық жұмыстар кешенін өткізуге арналған. ТҚК түріне қарамастан диагностикалық, реттегіш, майлау және шиналық жұмыстарды қажетті технологиялық құралмен жабдықталған жұмыс посттарында орындайды, ал кешенді немесе мамандандырылған жұмыстарды ТКС өндірістік бағдарламасының және ұйымдастыру әдісінің көлеміне байланысты іске асырады. ТК мен АЖ жұмыстарының орындалу технологиясы ұқсас жағдайда, олар бір постта әртүрлі өндірістік бөлімшелердің мамандарымен орындалады.
Информация о работе Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері