Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Ardana медицина саласындағы маркетинг.docx

— 1.01 Мб (Скачать файл)

 қазіргі  заманғы технологияларды пайдаланып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердің  туа біткен және тұқым қуалайтын  ауруларын диагностикалаудың скринингтік  бағдарламаларын жетілдіру;        

 ғылыми  дәлелді медицина негізінде әзірленген  акушерия, неонатология және педиатрия  бойынша (дамудың туа біткен аномалияларын  қосқанда) емдеу мен диагностикалаудың  хаттамаларын және ДДҰ халықаралық  стандарттарын енгізу;        

 денсаулықты  және толыққанды өсуді, дамуды  және аурулардың профилактикасын  қамтамасыз етуге арналған ДДҰ-ның  халықаралық стандарттарына сәйкес  БМСК деңгейінде ерте жастағы  балаларды (дамудың туа біткен  аномалиялары бар балаларды қосқанда) антеналдық күтуді және қадағалауды  жетілдіру;        

 АБДС  ұйымдарының қызметінде сапаны  үздіксіз арттырудың қазіргі  заманғы әдістемесін әзірлеу  және енгізу;

АБДС қызметі ұйымдарында медициналық көмектің мониторингі, бағалау және сабақтастық тетіктерін жетілдіру;

ДДҰ-ның енгізілген тиімді технологияларына сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және акушериялық және балалар стационарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ-ның енгізілген тиімді технологияларына сәйкес қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру;

отбасында ерте жастағы балалардың өсуі мен дамуына оңтайлы күтімді  қамтамасыз ету жөнінде халықтың білімдерін арттыру;

мектеп жасындағы балаларға, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді жақсарту;

медициналық көмекті психологиялық қолдаумен, жасөспірімдердің құпиялылықпен және құқықтық консультациясымен ұштастыратын  жасөспірімдер қызметін дамыту;

АБДС қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру;

2) халықаралық  стандарттарға сәйкес ұрпақты  болу денсаулығын нығайту жөнінде  тиімді тәсілдерді әзірлеу және  енгізу:

отбасын жоспарлау, оның ішінде әйелдерді гравид алды (жүктілікке дейін) дайындау, отбасын жоспарлау жөніндегі ұлттық нұсқауды (ДДҰ нұсқауы негізінде) әзірлеуді қамтитын қауіпсіз ана болуы, жасөспірімдер мен жастардың қауіпсіз жыныстық тәрбиесі жөнінде қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін құру және БМСК-ның медициналық персоналды және мамандандырылған көмектің барлық деңгейін отбасын жоспарлау жөніндегі консультация беру дағдыларына оқыту;

дәлелді медицина негізінде ұрпақты болу жүйесі аурулары профилактикасының, диагностикалау мен емдеудің, андрологияны дамытуды қосқанда (ерлер денсаулығын нығайту), тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу;

денсаулықтың гендерлік көрсеткіштерін статистикалық есепке алуды жетілдіру. 

2. Аурудың, оның  ішінде мүгедектіктің  профилактикасы жүйесін скринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру  төмендегілерді болжайды:

1) профилактикалық  тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсілдерді әзірлеу  және енгізу:

халықтың нысаналы топтары үшін жыл сайын жалпы халық санының кемінде 30%-ын қамти отырып ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;         

 БМСК  деңгейінде СӨС-ті ынталандыру  тетіктерін әзірлеу және енгізу;

2) профилактикалық  іс-шаралардың қолжетімділігін және  сапасын қамтамасыз ету:        

 дәрігерге  дейінгі (SCORE) және дәрігерлік скринингтің  халықаралық тиімді әдістемелерін  енгізу;         

 нысаналы  топтардың ерекшеліктеріне сәйкес  профилактикалық тексеруді жүргізудің  хаттамалары мен стандарттарын  әзірлеу және енгізу;        

 БМСК  мамандарын профилактика және  скрининг мәселелері бойынша  оқыта отырып, амбулаториялық-емхана  ұйымдарын экспресс диагностикаға  арналған аспаптармен жарақтандыру;

3) диспансерлік  байқау үшін халықаралық стандарттарды  және тиімді тәсілдерді енгізу:         

 дәлелді  медицинаға негізделген диспансерлік  байқау жүргізудің хаттамалары  мен стандарттарын әзірлеу және  енгізу;        

 созылмалы  ауруы бар науқастарға, оның ішінде  мүгедектерге  (ересектер мен балалар) диспансерлік бақылау әдістемесін жетілдіру;

4) профилактикалық  іс-шаралардың тиімділігін бағалау  жүйесін енгізу:        

 өткізілетін  профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін  бағалаудың нысаналы индикаторлар  жүйесін әзірлеу және енгізу;        

 шығындардың  тиімділігін бағалау жүйесін  енгізу және әзірлеу. 

3. Негізгі  әлеуметтік мәні бар аурулар  мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды жетілдіру;

1. диагностикалау мен емдеудің кешенді бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамалары мен әдістемелерін енгізу;         

 ТМККК  шеңберінде көрсетілетін медициналық  қызметтің тізбесін кезең-кезеңімен  кеңейту;

ТМККК-ге енгізілген дәрілік заттардың тізбесін кеңейту;

негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды  әзірлеу және енгізу;

денсаулық сақтау жүйесіне арнайы әлеуметтік жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгізу;        

 әлеуметтік  мәні бар аурулармен ауыратын  пациенттердің мониторингін жетілдіру  және мемлекеттік органдардың  аталған науқастар контингентін, оның ішінде мүгедектерді емдеудегі  іс-қимылын үйлестіру;

аталған науқастар контингентінің бірыңғай ақпараттық базасын құру;

2. негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды оңалтуды жетілдіру:         

 негізгі  әлеуметтік мәні бар аурулармен  ауыратын пациенттерді, оның ішінде  мүгедектерді оңалтудың халықаралық  стандарттарын және әдістемелерін  енгізу (медициналық, әлеуметтік, психологиялық  оңалту);        

 науқастарды  оңалту бойынша өткізілетін іс-шаралардың  тиімділігін көрсететін мақсатты  индикаторларды  әзірлеу және енгізу;

3. науқастарға паллиативті көмек көрсетуді жетілдіру:         

 паллиативті  көмек көрсетуді және мейірбикелік  күтімді қажет ететін науқастарды  емдеу стандарттарын және хаттамаларын  халықаралық талаптарға сәйкес  әзірлеу;

дәрігерлер мен орта медицина персоналына және әлеуметтік қызметкерлерге арналған паллиативті  көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу. 

4. Егде жастағы  адамдарға көрсетілетін медициналық  көмекті (геронтологиялық және гериатриялық  көмек) жетілдіру:

егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық  мына аспектілерін кешенді шешу, ол мыналарды қамтиды:

нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру;

дәлелді медицина негізінде егде және кәрілік жасындағы пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру;  

медицина персоналына, оның ішінде ұйым деңгейін ескере отырып әлеуметтік қызметкерлері үшін біліктілік стандарттарын, жүктеме нормативтерін әзірлеу;

геронтологиялық және гериатриялық көмектің тиімділігін бағалау (индикаторлар) жүйесін әзірлеу және енгізу.

 

5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық  қызметті жетілдіру 

 

Бағдарламаның шеңберінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту, қызмет стандарттарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қазіргі заманғы халықаралық талаптарға және кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестіру бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін жетілдіру және одан әрі енгізу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды айқындау бойынша шұғыл зерттеулер енгізу бойынша іс-шаралар жалғасатын болады.

Халыққа профилактикалық егулер жүргізудің ұлттық күнтізбесін одан әрі жетілдіру жалғасатын болады, оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізіледі.

Бағдарламаның шеңберінде тамақ өнімдерінің, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін зертханалық бақылаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді жүйесі құрылатын болады. Инфекциялық ауруларды, оның ішінде аса қауіпті инфекцияларды жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында диагностикалаудың сапасын арттыру үшін аймақтық вирусологиялық зертханалар және конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желісі ұйымдастырылатын болады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында инновациялық жобалар мен әдістер енгізу жоспарлануда.  

Мақсаты: халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.         

 Негізгі міндеттер:

1) мемлекеттік  санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау  жүйесін басқаруды жетілдіру.

2) мемлекеттік  санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың  тиімділігін арттыру.

3) санитариялық-эпидемиологиялық  қызметтің инновациялық бағыттылығын  дамыту. 

Нәтижелер көрсеткіштері:

100 мың адамға шаққанда  обамен сырқаттанушылықты кемінде  
0,03-тен аспайтын деңгейде ұстау;

100 мың адамға шаққанда  қызылшамен сырқаттанушылықты  
0,08-0,1 деңгейде ұстау;

жіті В вирусты гепатитімен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 3,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 3,4-ке дейін төмендету  
(2009 ж. – 5,4);

жіті А вирусты гепатитімен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 39,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 39,2-ге дейін төмендету (2009 ж. – 67,0);

балаларды пневмококкоктық инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтуды 2013 жылға қарай 62,5%-ға, 2015 жылға  қарай 95%-ға дейін ұлғайту; 

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтері органдарының жоспарлы тексерулерінің санын жыл сайын 2%-ға төмендету, 2015 жылы – 256 100 тексеру. 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

1. Мемлекеттік  санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау  жүйесін басқаруды жетілдіру  шеңберінде мыналар көзделеді:

көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын  оңтайландыруды жүргізу;

қалалық және аудандық деңгейдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет  ұйымдарын  оңтайландыру жүргізу;

жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін одан әрі енгізу және дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;

кеден одағының талаптарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында қызметтің стандарттарын үйлестіру;

стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкес келтіру (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер);

қызметті стандарттау тетіктерін жетілдіру (әзірлеу, бекіту, мониторинг, енгізу, тиімділікті бағалау).  

2. Мемлекеттік  санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау  тиімділігін арттыру мақсатында  мыналар жоспарланып отыр:        

1) инфекциялық  ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, ол мыналарды көздейді:

денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне инфекциялық бақылау жүйесінің халықаралық стандарттарын бірлесе отырып енгізу;

эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізу алгоритмдерін және инфекциялық аурулар (оқыстан өршулер) мен улану жағдайларын халықаралық стандарттар негізінде тексеру алгоритмдерін жетілдіру;

егу күнтізбесіне пневмококк  инфекциясына қарсы балаларға вакцина егуді енгізу;         

 жұмыс  істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық  сараптама орталықтарының базасында  конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын  диагностикалау бойынша 5 аймақтық  вирусолоиялық зертхана және  мамандандырылған зертханалар желісін  ұйымдастыру; 

 

2) инфекциялық  емес ауруларды бақылау жүйесін  жетілдіру, ол мыналарды қамтиды:

Халықтың кәсіптік ауруларының мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру;

кәсіптік патологиялық қызметті одан әрі дамыту;

Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы